Орындаған: Турланова Жадыра



Дата15.12.2023
өлшемі24,28 Kb.
#197260
Байланысты:
Турланова срсп 11


Срсп 11
Ұлттық руханият


Баймахан С
Орындаған:Турланова Жадыра
Тақырып: Фольклордыңтанымдық, эстетикалық және утилитарлық (қолданбалы) қызметі.

Мифтік фольклор (мифофольклор) – фольклордың ең бай, күрделі саласы. Мифофольклор – мифтік сана мен ойлау-жүйесінің, мифтік таным мен наным-сенімнің фольклор нұсқаларында кездесіп, олардың астарында көркемделген форма мен мазмұнды пішінде көрініс табуы.Мифологиялық фольклор дегеніміз – табиғат объектілері мен құбылыстарын, адамзаттық болмыс пен бітім мәселесін, уақыт пен кеңістік шеңберіндегі адамның өмір-тіршілігін мифтік, діни-танымдық және иррационалдық мәнде түсіндіріп, сол таным-көкжиекті белгілі бір көркемдік арнаға түсіріп немесе өз белгілерін белгілі бір фольклор жанрына тиемелдететін тұтасқан жүйелі «туынды» болып келетін ауыз әдебиетінің ерекше саласы. Мифология мен мифофольклор – егіз ұғым, қатар құбылыс. Өйткені бірінен кейін бірі жалғасып, «созылмалы» түрде келіп, олардың қосындысының жігі білінбей кететін болғандықтан, мифофольклор жанрында таза мифтік түсінік айқын және нақтылы көрінеді. Мифтен бастау алып, одан әрі ол түсінік фольклорға айна-қатесіз түскен кезде, тіпті ара-жігін ажырата алмай қалатын сәттер болуы мүмкін. Фольклордың өзінде мифтік сана, ежелгі наным-сенім «бұзылмаған» таза күйінде сақталып тұратын болғандықтан, өз қасиетін фольклорда жалғастырады. Бірақ мифофольклордың мифологиядан айырмашылығы көркемдік өлшем мен қалыпты пішіннің орнықты болуында. Ұлттық форманы өн бойына фольклор сол таным, наным-сенімдердің арқасында көрсете алады. Сол мақсатпен де мифофольклорда ұлттық поэтика жоғары деңгейде «жұмыс» жасап тұрады. Осы ретте М.Тілеужановтың: «Фольклордың ұлттық поэтикасы осылармен шектелінбейді. Образ бүкіл тұтас тұлғасымен, жасалу жолдарымен қоса қаралғанда ғана ұлттық болады. ...Фольклорлық стиль, поэтика дегендер – жақын ұғымдар», - деген пікіріне сүйенсек, фольклордың халықтығы оның экстратанымдық сипатына негізделеді. Сол секілді фольклордың саласы мифофольклор өз арнасына бірнеше танымдық сфераны жинақтайды. Сонда мифофольклор – синкретті жанр, ол поэтика, стиль, образ, типология, эстетика секілді ұғымдардың тоғысында пайда болады дейміз.


Мифологияның жанрлық ізденістеріне ең бірінші мифті және оған қатысты мифтік кеңістік, мифтік уақыт, мифтік дәстүр мен мифтік сюжет, мифтік кейіпкерлер жатады. Ал осылардан барып мифология өз арнасында тек мифпен ғана шектесіп, сонымен қатарлас өмір сүрмейді. Біз оны танымдық көкжиектен, атап айтсақ, діни, халықтық наным-сенімнен, этнографиялық-ғұрыптық нышандардан теріп аламыз. Мифологияның объектісі – миф ақыры соңында символ мәнінде келуі мүмкін. Бірақ бұл жерден мифтердің бәрі символға айналып кетеді деген ұғым тумасқа керек. Сол себепті ғалымдардың айтатын бірінші әрқашан да миф, екінші символ жүреді дейтіні сондықтан. Көріп отырғанымыздай, мифология тек мифтерде ғана көрініс бермей, халықтық болмыс пен ұлттық рух қатар жүретін белгі-бернелерде болады. 
Қазақ мифологиясы жасап қалыптасқаннан бері, бүгінгі күні кейбір нәрселер символ түрінде көрініс береді дедік. Символика белгілі бір түсті, кеңістікті, уақытты, былайша айтсақ, тұтас бір жүйені заттандырып, модельге айналдырады. 
Қазақ мифологиясы – шеті-қиыры жоқ, түпсіз терең тұңғиыққа бойлаған әлем, кеңістікті дүние. Қазақ мифі типологиялық сипаты жағынан әлем халықтарында, әсіресе, түркі елдерінде кездесетін мифтерге ұқсас. Тәңір, Ұмай, Бабай Түкті Шашты Әзиз, Еміре, қырық шілтен, үббе т.б. кейіпкерлердің әралуан нұсқада түркі халықтарының көпшілігінің мифологиясынан ұшырасуы – Түркі қағанат қалыптаспаған бағзы заманаларда-ақ ортақ танымдық кеңістік болғандығының айғағы. Тәңірлік діннің, тәңірлік танымның таралуы, оның қазақ дүниетанымында кеңінен орын алуы сол түркілік діннің халық арасында нық, берік сақталуында, сенім-нанымдардың тапжылмай ретімен жетуінде. Қазақ мифологиясы - өзіндік диалектикалық-логикалық жүйеге ие синкретті жанр. Халықтық таным мен сана, ойлау мен пайымдау жиынтығы, ұлттық талғам мен зерде тоғысқан арна ел жадына сіңісіп, символикалық не логикалық тәсілге айналады. Мифопоэтикалық ойлау жүйесіне сәйкес, халықтық таным мен болмыс қай өнер түрінде болмасын, бейнеленеді. С.Қондыбайша айтсақ: «Киелі Қазақтың Мәңгі елі – реалды географияда емес, біздің санамыз бен түйсігімізде, яғни әрбір қазақтың ішінде орналасқан, әбден тұмшаланып, шаң басып, танылмай жатқан «ішкі елімізде». Міне, мифология – осындай кеңістікті қайтадан танып білуге жол ашып беретін кілттердің ішіндегі негізгісі. Қазіргімізді, өздеріміздің кім екенімізді (яғни, мұсылмандығымызды) естен шығармай, өткен заманның ұмыт болған қабаттарының бетін аршып алуға, естен шыққан Рухты, Киені, Ділді, Танымды еске түсіруге мүмкіндік беретін әдіс те – осы мифология».
Қазақ фольклоры – әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Фольклор – әрі танымдық, әрі эстетикалық қызмет атқарады. Фольклор тәрбиелік мақсатта да пайдаланылады. Сонымен бірге фольклордың утилитарлық (қолданбалы) функциясы да бар, яғни ол белгілі бір жағдайда тұрмыстық қажетті өтейді. Фольклордың ең маңызды функциясы — эстетикалық жэне сейілдік. (Әлбетте, қажет болғанда идеологиялық міндет те атқарады). Фольклор қызметінің мұншалықгы көп болуы, бір жағынан, оның синкреттілігінен туындаса, екінші жағынан, әр жанрдың әр дэуірде эр түрлі міндет атқаруына жэне фольклорлық шығармалардың орындалу мақсатына байланысты. Утилитарлық жэне тәрбиелік мақсат көздеген фольклорлық шығармалардың көркемдік сапасы эстетикалық және сейілдік функция атқаратын туындылардың поэтикалық деңгейінен төменірек болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет