БӨЖ
Тақырыбы: Тәңіршілдік: мәні мен маңызы.
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Тәңір және тәңіршілдік ұғымы
- Тәңіршілдік сенімі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ЖОСПАР
Кіріспе
Тәңіршілдік наным-сенімі тек түркі халықтардың, соның ішінде қазақ халқының төл діни-сенімк емес. Бұл – ежелгі барлық қауымдардың ортақ нанымы. Мұндай сенімдер барлық құрлықтарда, әсіресе, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Солтүстік Азия және Аустралиядағы бейсауат қауымдарда көне замандардан белгілі болған. Дүние жаратылғанда алғашқы тіл ол түрік тілі болған деп есептелінеді. Ежелгі Египет пен Шумер мәдениетін солтүстіктен келген адамдар жасаған. Нақты бірақ белгісіз. Олардың тілдері геналогиясында түркизмдер аса бай. Олардың құдайларының аты Египетте - ҚҰР болса, Шумерде - Тең ҚҰР (Дингир), ал түрік халықтарында - ТӘҢІР. Яғни бәрін тең жаратушы деген мағына. Әлем бойынша ТӘҢІР атауына байланысты жер аттары дүние жүзіне аса кең таралған. Ұлы бабамыз Қорқыт ата шынында "ҚҰР ҚҰТ" ата. Яғни Тәңірқұты деген сөз.
Тәңір және тәңіршілдік ұғымы
- Ежелгі және қазіргі түріктер арасында Тәңір ұғымының түрлі формалары бар: Тәңірі, Тангара, Тангрі, Танри, Тангре, Тегри, Тингир, Тенкри, Тери, Тер, Туре. Тәңір сөзі көне түркі тілінен шыққан:Тенк ("таң сәрі") немесе Тан ("таң"). Сонымен қатар, Стефан Георгтің болжауынша, түрікше "Тәңірі" сөзі түптеп келгенде Прото-Енисейдің "жоғары құдірет" сөзінен келіп шыққан.
- Тәңіршілдік (немесе тенгризм, тенгрианизм) — дәстүрлі түркілік дүниетаным бастауындағы монотеизмдік еркін ілімдік, метафизикалық сенім үлгісі болып, оны ежелгі заманда және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер, және кейбір осызамандық халықтар мен тұлғалар ұстанады. Тәңіршілдік сенімі көне түркі халықтарының, Ғұндардың, Болғарлардың, моңғолдардың, маньчжур және мадяр халықтарының ұлттық мәдениеті мен болмысына терең ықпал еткен тарихи сенім болды, Көктүрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Дунай және Еділ Болғарлары, Моңғол империясы, Шығыс Түркия (Хазария) қатарлылардың мемлекеттік діні болды. ІХ ғ түркілердің әйгілі туындысы «Ырық бітік» кітабында "Тәңірі - Түрік Тәңірісі" (Түріктердің Құдайы) ретінде аталған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, империялық деңгейде Тәңіршілдік әсіресе ХІІ - ХІІІ ғасырларда монотеизмдік сенім/дін ретінде ұстанылған; қазіргі Тәңіршілдердің көбі оны монотеизмдік деп санайды.
Орхон-Енисей ескерткіштерінің Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк тас есекрткіштерінде "Тәңірідей Тәңріден жаралған" деп басталады, әрі "Төбеңнен Тәңірі баспаса, астыңнан қара жер айырылмаса, түркі халқы төріңе кім шыға алады, тәбәрігіңді кім жырта алады" деген сөздер бар.Аббас халифатының елшісі Ибн Фадлан Хғ басында оғыздарға жасаған саяхатында “түріктердің қиын-қыстау кезеңде 'Бір Тәңірі' деп, басын көкке қаратып мінажат ететінін" айтқан. Әртүрлі дін адамдарын пікірталасқа шақырған Мөңке хан: "…Біз тек Бір Тәңіріні медет етеміз" деген ұстанымын еуропалық миссионер-саяхатшылар Марко Поло, Джованни Плано Карпини, Вильгельм Рубрук жазып қалдырған. «Тәңір» ұғымы Шумер сына жазуларында, сондай-ақ ғұндар мәдениетінде “Зингир” (қазақта “зеңгір” сөзі бар) түрінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |