Кіріспе Негізгі бөлім Тәңір және тәңіршілдік ұғымы Тәңіршілдік сенімі



бет2/2
Дата26.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#145215
1   2
Байланысты:
бөж
Емтихан сурактары 2022-23 Жедел жардем, Анафилактический шок, Қан жасалу-1 асс
Тәңір және тәңіршілдік ұғымы
Тәңіршілдік сенімі бойынша, Тәңірі – барша болмыстың арғы құдіретті киесі, әрі негізі. Қазақта "иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар" деген терең мағыналы сөз бар. Ұлы Тәңірдің “Көк, Ұлы, Нұр”, т.б. сипаттары биіктікті, тұтастықты білдіреді. Тәңір өзін медет етушілердің соғыста жеңуіне де, өмірде өзіне тән өмір жолын тауып, мағыналы, мәнді, табысты, салиқалы, салуалы ғұмыр кешуіне де, биік орын мен мансапқа көтерілуіне де, сондай-ақ халықтардың өркендеп, өсуіне де жол ашады. Ғалам - Тәңірінің кітабы; Тәңіріні түсіну - сол ғаламды тану мен түсіну арқылы іске асады; Тәңірі сүйген кісі болу - сол ғаламда биік мақсаттарға талпына алу арқылы іске асады. Тәңірі ешкімді алаламайды, тек ол берген ерік-жігер мен зердені дұрыс қолдана алу-алмау адамдардың әртүрлі деңгейде болуын белгілейді. Дәстүрлі түркілік дүниетаным бойынша күйзеліске ұшырау - халықтың рухани азғындап, өз тамырынан азып, қабілетсіз жалқау, надан және арсыз болғаны үшін Тәңірі оларға жіберген жазасы болып саналады.
Тәңіршілдік сенімі
Л.Н. Гумилев ежелгі қытайлықтарда түрік ұғымындағымен бірдей көк тәңір нанымы болғанын растайды. Көне Қытай, Мысыр, Рим, Месопотамия елдерінде көк тәңір туралы нанымдардың болғандығын, аталмыш елдердің патшаларының атағы көбіне «Көктің ұлы», «Күннің ұлы», «Аспанның перзенті» боп аталғандығын «Древние тюрки» атты еңбегінде дәлелдейді. Ғалымдар көк тәңірі туралы нанымды тәңірлер және тәңірсымақтар туралы культтерден бұрын болған ең тұрпайы наным деп бағалайды және мұндай тұрпайы сенім ең шалғай құрлықтарда да болғандығы ғылыми ақиқат.
«Тәңірі сенімі», «Көк тәңірі» немесе «Тәңірлік дүниетаным» бұл – бар, қалыптасқан мәдени құндылық. Біз бұны жоққа шығара алмаймыз және мәдени құндылық ретінде құрметпен қарауымыз керек.
Қорытынды
Тәңіршілдіктің Құдайдан келді дейтін кітабы, не пайғамбары, не нақты діни рәсім формасы жоқ, ол сенушінің өз логикасы бойынша киелі бір құдіретті бар деп есептеуіне және соны медет етуіне негізделген еркін сенім болып, ол көбіне философия, ғылым, дербес сыни ойлауға сай ілімдік мазмұнда көрініс табады.Түркі халықтарының ешбірі «Біздің ұлттық дініміз, ата-баба дініміз тәңіршілдік» деп ұрандап жатқан жоқ."Тәңіршілдік-тенгрианство"деген сөз ол жаңадан, 19 ғасырда орыс миссионерлерінің енгізген ұғымы.Қазіргі тәңіршілер Ресей империясының исламды емес, тәңіршілдікті енгізу әрекетін жасағанын жасыру үшін "Ресейимпериясы қазақ даласына 19 ғасырда исламды енгізіп таратқан" дейді.Тәңіршілдікті енгізудегі түпкі мақсат Ресей боданына кірген халықтарды исламдінінен ажыратып, християн дініне кіргізіп, орыстандыру болды.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы С.М. Мәшімбаев өзінің монографиясында осыны нақты тарихи фактілермен дәлелдейді. Мысалы,миссионер Николай Ильминский 1860 жылы патша үкіметіне жазған құпия баянхатында: «Қазақтарға «сендер мұсылман емессіңдер, сендердің діндерің басқа, ата-бабаң тәңір дінің ұстанған» деп түсіндіру қажет, бұл ұғым толық орныққан жағдайда оларды христиан дініне кіргізу оңай болады» деп түсіндірген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  • Орхон-Енисей ескерткіштері: https://ikaz.info/orhon-enisej-eskertkishteri
  • «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  • www.wikipedia.org веб-сайты
  • www.baribar.kz ақпараттар порталы.
  • www.stud.kz сайты

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет