«Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыру жолдары.
Ажғалиева Самал Тулегеновна
Айдархан орта жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Жаңажол ауылы
Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу-әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты.
ҚР Президентінің Жолдауынан
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.
Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес.
Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.
Мемлекет басшысы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі -жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, -деген болатын.Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Мемлекет басшысы: «Қазақ тілі үш тілдің бірігуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, бастысы, негізгісі, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады» деп сендірді.
Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арттыратын бірден- бір тетігі дей келе, жаһандалуға бейімделуді, замана көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт- ғұрпымызды сақтап қала аламыз,- деді.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» -- деп Қадір ағамыз айтқандай, қазақ тілін білу -- бұл өзің өмір сүріп отырған мемлекеттің халқын, тілін құрметтеу болып табылса, орыс, ағылшын тілін білу арқылы заман көшіне ілесе аласың. Бүгінде елімізде мемлекеттік тілді меңгерген ересектердін үлесі басым. Бұл – Тәуелсіздіктің жетістігі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға, 2020 жылға қарай 95 пайызға жеткізуді міндеттеді. Жолдауда 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін қазақстандықтардың саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс екендігін айтты.
Тіл мәселесі- күрделі мәселе. Ал шет тілін үйрену- қиын да қызық жұмыс.
Шет тілін үйренуде ана тілінің құдіреті ерекше. Осы орайда менің тіл маманы ретіндегі мақсатым- өз тіліңді, салт- дәстүріңді, мәдениетіңді үлгі ете отырып, өзге елдің тілін, мәдениетін үйрену және қадірлеу, оның қажеттілігін түсіндіру.
Оқушының тереңде, тиянақты білім алуына жауапты адам мұғалім болса, оның өз білімін жеткізетін бірден- бір жолы- сабақ.
Өзім жүргізетін пән бойынша оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін дәріс беретін топтарда оқу және жазу арқылы «Сыни тұрғыдан ойлау» әдістерін күнделікті сабақ жоспарымен енгізіп келемін. Мысалы: «Венн диаграммасы», «Топтастыр», «Кубизм», «Ой толғанысы» және т.б әдістер.Осы аталған әдістерді сабақ пен тақырыптың ерекшелігіне қарай лайықтап қолданамын. Олар оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуын, ой жинақтауын қамтамасыз етеді және оқушының шығармашылық дарынын көрсетеді.
Кубизм әдісі.The method of Cubism.
Оқушыларға жаңа тақырыппен өз бетімен танысу мақсатында қызығушылықты ояту әдісін енгізе отырып,мәтінді оқып,аударуға мүмкіндік бердім.Бұл әдіс оқушылардың мәтінді аудара отырып,ол адам туралы білуге құштарлығын оятады.
Қызығушылықты ояту әдісі.The method of becoming interested.
Топтастыру әдісінде мәтіннің мәнін білдіретін сөздер мен сөз тіркестері жекелеп, белгілі бір ретпен сатылаған түрде графикалық бейнелеу жүктеледі.Оқушылардың ойлары қабаттаспай,сатыланып белгілі бір ретпен орналастырылады.Мысалы: «Роберд Кох» деген кезде көз алдыңа не елестейді? What do see when you hear the word “ R.Koch” ? Алдымен әр оқушы өз ойын дәптерге жазады,жұппен,топпен талдайды,әр топтан бірнеше сөздер тақтаға жазып,соңынан оны топтайды.
Топтастыру әдісі. The method of grouping.
Топтастыру әдісі бойынша жазылған әрбір сөзден сөйлем құрастыра отырып,негізгі ойлардың есте қалуына көмектеседі.
Эссе жазу.Free writing. Эссе жазу әдісі арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға болады.
Ой толғаныс әдісі бойынша сабақ үстінде оқушылардың тақырып бойынша білімін тексеруге,бірінің білмегенін,екіншісі толықтырып,көпшіл болуға тәрбиелеуге,оқушының мәтіні туралы нені білетіні мен нені білгенін анықтауға көмектеседі.
Ой толғаныс әдісі. The method of thinking.
Мағынаны тану әдісі оқушылардың бір деректі нақты шешуге бағыт береді.Мысалы туберкулез ауруы туралы өздерінің білгендерін ортаға салып талқылайды.
Мағынаны тану әдісі. The method of learning meaning.
Осы аталған әртүрлі әдістерді қажетіне сай орынды,тиімді пайдалану оқытушы шеберлігімен байланысты.Бұл әдістердің ұтымды қолданылуы мынадай нәтежие береді:топтағы оқушылар бір-бірімен қатынас жасайды;басқаларды тануға,кез-келген жауапқа сыйластықпен,түсіністікпен қарайды;
өз бетінше ізденеді;сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі жоғарылайды;
оқушылар бір-бірінің ой-пікіріне сын көзбен қарай отырып, жаңа тың идеялар пайда болады;
өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге үйренеді.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Лексикалық ойындар. Мысалы, 3 сыныпта сан есімдерді өткен кезде «Сандар» ойыны ойналады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаның оң және сол жағына бірдей сандар жазылады. Мен сандарды бірінен кейін бірін айтып отырамын, ойыншылар сол сандарды тез тауып, сызып тастап отырады. Тапырманы бірінші орындаған топ жеңіске жетеді. Ойын нәтижесінде балалардың сан есім туралы білімі қаншалықты меңгергені тексеріледі.
Грамматикалық ойындар. Мысалы, «Қимылдарды көрсету» ойынын қарастырайық. Ойыншылар жұп болып бірнеше топқа бөлінеді. Бір ойыншы мимикамен немесе понтомима мен бір қимылды көрсетеді, ал екіншісі етістіктерді қолдана отырып, бұл қимылды түсіндіру керек. Мұндай ойындар нәтижесінде көбінесе, етістіктерді ауызша сөйлеуге тез қолдануға дағдыланады.
Жалпы ағылшын тілін үйрену 8 жастан басталғаны жөн. Балалардың ойлау іс-әрекеті мектепке дейінгі ойлау тәрізді, сондықтан оқыту процесінде көрнекіліктерді көп пайдалануды, абстрактілі тілдік ұғымдарды енгізуді талап етеді. 12 жылдық білім беру бағдарламасына өту үшін ағылшын тілінің курсындағы мақсат және міндеттерді сапалы тұрғыда өзгертілу, жеке тұлғаның тілдік жұйесінің дамуына бағытталған.
Төменде СТО стратегиясын қолдану арқылы өткізілген сабақ жоспарымды ұсынғым келіп отыр. Сабақ тақырыбы: «Уильям Шекспир».
Lesson Plan 1. Organization moment. 2.Evocation.Warm up activity.1.Simon says. 2.Brainstorming.3.Making up association.
1916
Play writer
W. Shakespeare
1564
history
King Leer
Romeo and Juliet
Stratford-upon-Avon
Hamlet
4.Time table. Biography
RWST- стратегиялары арқылы ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын тиімді әдіс- тәсілдер
Қызығушылықты Мағынаны Ой-толғаныс
ояту кезеңі тану кезеңі кезеңі
Warm up activity Reading Writing Warm up
5.Simon says. strategies strategies activity
6.Molecue atoms. 1.Jigsaw 1.Author’s 1.Simon
7.Clap your strategies chair says.
hands for 2.Corners 2.Molecule
Nonfiction 3.RAFT atoms.
2.Preview 4.Exchange 3.Clap your
3.K-W-L opinions
4.Content-
contextual 5.Essay
clues
To get knowledge New position of object To create new ways in
evaluating English
language
Балаларға қай тілді үйретуде болмасын, алдымен, тіл үйренуге деген қызығушылығын тудыра отырып, сол тілге тән дыбыстарды, сондай- ақ жеңіл- желпі сөздерді дұрыс айтуға үйретіп, сөйлеу тілін қалыптастыруды басты мақсат етіп қойған жөн. Бұл мақсатқа жету үшін тіл үйретуші маман, мұғалім, оқытуды ойынмен қатар жүргізу арқылы қосымша міндеттерді жүзеге асыруы тиіс. Атап айтқанда:
-Сөздік қорын молайту, түрлі заттардың атын айтқызу;
-Арнайы көрнекі құралмен және сөзбен ауызша ойнайтын ойын түрлері мен шарттарын белгілеу;
-Ерекше дыбысқа қатысты ойын- жаттығулар, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең жинақтары арқылы есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру;
-Балаларды мұғалімнің қазақ, орыс, шет тілінде айтқан сөздерін, нұсқауларын түсіне білуге үйрету.
Қазақ тілі «Тіл туралы Заңда» көрсетілгендей, мемлекетіміз аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі қызметінде, яғни қоғам өмірінің бар белесінде үстемдік етуі тиіс. Қоғамның сөйлеу тілін мәдениетті сөйлейтін, қазақ тілінің көркемдігін ескере отырып сөйлейтіндей дәрежеге жеткізу, оған көпшілікті жұмылдыру басты міндет болып отыр.
"Қазақстан - 2050" страгеиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз.
Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту.
Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді.Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге аыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе.
Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне,ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.
Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз.Сіздер біздің саясатымыз туралы-2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер.Бұл үшін қазір барлық жағдай жасалған.
Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды.Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады.Бұл-егер бала биыл мектепке барса,енді он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз.
Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде.
Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп,кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.
Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз-туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі.
Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса,қазір 11 миллионға жетіп,65% - дан асты.Қазақтың саны 4 миллионға артты.Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса,тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді.
Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады.Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес,алдымен өзін қамшылауы тиіс.Тағы да қайталап айтайын:қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады.
Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз.
Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек.
Орыс тілін білу-біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі.Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де,шет елдерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз.
Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек.қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады
Қорыта келгенде, “Тілдердің үш тұғырлылығы” бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл – қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады.
Мұғалім ретінде айтарым: жас ұрпаққа тіл тарихын, сөз өнерін сол тілді жасаушы, қолданушы халық тарихымен байланыстыра отырып, білім беруді негізгі нысанаға алған жөн. Өйткені, халқымыздың тарихи шежіресі де, рухани өміріміздің үні де-тіл.
Қазақстан Республикасының «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасында» көрсетілген мақсаттардың бірі-тіл мәдениетін жетілдіру. Дамыған тіл мәдениеті сатысына көтерілу мақсатына жету міндеттерінің бірі-қоғамның тіл мәдениетін дамыту.
Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Сондықтан да, елімізде “Үш тұғырлы тіл” мәдени бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылатын болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Тәуелсіздік белестері» Н.Назарбаев. 2003ж.
«Ұстаз» журналы. 2010,2011,2012ж.
«Бағдарлы мектеп» 2008,2011ж.
«12 жылдық білім» 2006, 2010ж.
Жолдаулар:
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 2007жылғы.
«Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 2010ж.
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» 2011ж.
«Қазақстан-2050»стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 2012ж.
Достарыңызбен бөлісу: |