Н. А. Назарбаев бейбітшілік кіндігі



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата10.01.2020
өлшемі1,36 Mb.
#55673
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
20141107043550bieibitshilik kindighi n a nazarbaiev
Le Chatelier's Principle - Chromate-Dichromate - C12-4-07, 10-сынып, 10-сынып, 10-сынып, 10-сынып, Кыскаша кобейту формулалары

Оглавление
ПРОЛОГ
1-тарау
2-тарау
Эпилог
2

Н.А.НАЗАРБАЕВ
БЕЙБІТШІЛІК КІНДІГІ
XX  ғасыр.  Мұныңыз  -  Ғалам  бір  бөлшек  деп  танылған,  бірақ
бөлшектің  өзі  тұтас  бір  ғалам  болып  шыққан  заман.  Мұныңыз  -  адамзат
баласы атомның ғаламат тыныштығын тұңғыш рет мазалап, сол атом өзінің
ғылыми қиялдан күштірек екенін көрсеткен заман.
Ұйқысынан  оятылған  күш  өзінің  адами  əуестікті  тояттандыра  тын
дүниенің  қүйтымдай  бөлшегін  құрайтын  жай  ғана  нəрсе  емес,  əлдеқайда
үлкен нəрсе екенін танытты. Өзінің дүниеден жоғары, тыс тұрғанын, оның
тағдырын  адам  айқындамайтынын,  керісінше  оның  шексіз  энергиясы
адамзат тағдырын айқындайтынын дəлелдеді.
Адамдар  ядроның  энергиясын  басқаруды  үйреніп  алды,  бірақ  өзін
басқаруды  үйрене  алған  жоқ.  Адамдар  адамға  сенуден  қалды,  біракқ
ядролық күшке сеніп алды.
Алайда  “əскери”  атом  əлдеқашан-акқ  өз  ғұмырын  күйттеуде.  Оған
ие  болу  қиын,  жойып  жіберу  одан  да  қиын.  Онымен  көздеуге  болмайды,
өйткені  нысана  -  дəл  өзіңсің.  Оның  бетіне  тура  қарай  алмайсың,  өйткені
жанарында шексіз зұлымдық лапылдап түр. Оған сенуге болмайды, өйткені
оның саған сенімі -достық емес, құлдық. Адамның мұндай сенімінің ақыры
немен тынады? Адамзат өзіне деген сенімге қашан оралады?
Бүл  "ядролық”  құндылық  тарды  танудың  шегі  мен  оны  қайта
бағалаудың  рецептері  туралы  кітап  емес.  Бұл  кітап  -  күштің  парасатқа
өктемдігінің  күшейе  түскен  қатері  мен  адамзаттың  “ядролық"  қауіпсіздік
формуласын қинала іздестіруі туралы толғам-кітап.
Н. Назарбаев, Астана, 2001
ПРОЛОГ
СЕМСЕРЛЕР МЕН СОҚАЛАР
Эр  пенденің  ғұмырлық  талғажауы  өмірінің  алғашқы  жылдарының
тəжірибесі - балалық шағының ең бір əсерлі естеліктері. Олар кісінің есейе
түсуіне де, кейінгі етек жауып, ер жету кезеңдеріндегі қимылқарекеттеріне
де  барынша  терең  ізін  салады.  Сонау  бір  “ес  білмес  есер  шақтағы”
романтикалық,  тұңғыш  рет  тап  болған  түйсік-сезім  адамның  кеңістігін,
көкжиегін,  өз  “МЕНІНІҢ”  мүмкіндіктерін  нобайлайтын  өзіндік  бір
əлеуметтік  иммунитет  сыйлайды.  Осынау  балалық  шақ  əлемі  əр  қилы
белгілер,  түйсіктер,  бағдарлар  жолдап,  олар  қиын-қыстау  бір  сəтте  сені
3

теріс  ойлар  мен  əрекеттерден  сақтап  қалу  үшін,  адамдар  арасындағы
байланыстың  қожырауынан,  уақыттың  ыдырауынан  қорғап  қалу  үшін
періштенің үніндей күмбірлей жөнеледі.
Ғарыш кемесінің экипажы болсын, фирма қызметкерлерінің ұжымы
болсын,  ұлт  немесе  Жұмыр  Жер  тұрғындарының  бүкіл  қоғамдастығы,
əйтеуір  əрбір  социум  өзінің  бірлігін,  тұтастығы  мен  мұратын  сонау  бір
күндерде  бастан  өткен,  танылған  білім,  жасалған  таңдау  арқасында
жинақталған  жақсылық  пен  жамандық  туралы  ұжымдық  зердені
жоғалтпай,  қайта  еске  түсіріп  отырудың  арқасында  сақтайтын  секілді
болып көрінеді.
Əрбір  жаңа  ұрпақ  адамның  тарихи  эволюциясын  жұмырлап
қайталап қана қоймай, əкелер ұрпағынан сəл-пəл жетіле түсетіні рас болса,
осынау  жақсаруы  үшін  ол  ұрпақ  сол  эволюция  барысында  əзірленген
бұрынғы шешімдер тəжірибесін сын тұрғысынан бажайлап, жаңа хал-ахуал
мен  талаптар  дилеммасына  орай  бейімдеу,  қайта  ұйымдастыру  қабілетіне
қарыздар.
Балалық  шағымдағы  бір  оқиға  менің  өмірім  мен  тағдырыма  терең
бойлап  енгені  сонша,  сол  оқиғаны  мен  умытпай  жүрмін  бе,  əлде  жаныма
жалау болып жүрген сол оқиға ма - мұны бүгінгі күні тап басып айту қиын.
...Мен туардан көп бұрын-ақ біздің үйде əскери винтовка болыпты,
оны  əкем  Əбіштің  туыстарының  бірі  жазалаушы  отрядпен  бір  қақтығыста
олжалаған  екен.  Бұл  сонау  топалаңды  1916  жылы,  Ресей  империясының
қиырдағы  батысында  лапылдап  жатқан  соғыстың  қара  жұмысына
қазақтарды  қойдай  айдау  туралы  жарлыққа  қарсы  бұрқ  ете  қалған  қарулы
көтеріліс  тұсында  болыпты.  Бірақ  күш  тең  емес-тін:  қолға  іліккенімен
қаруланған  сарбаздарға  қарсы  жүйелі  армияның  мұздай  қаруланған
бөлімдері ат- танған-ды.
Демек  винтовка  біздің  үйде  жауынгерлік  олжа  не  руымыздың
ерлігінің  белгісі  ретінде  емес,  опат  болғандардың  көзі  ретінде  сақталғаны
ғой.
Бірде əжем Мырзабала: “Бүл мылтык, ағаларымызға ажал, бізге азап
болып  тиген.  Қайғы  жамап,  сарсылтқан  ғой.  Енді  сол  қасірет
балаларымыздың басына да келсін дейсіңдер ме? Кемеңгерліктің де,
кісіліктің  де  өлшемі  -  жамандықты  жаныңа  жолатпа-  ған.  Ал
жадымыз өзімізбен бірге кетер”, - депті.
Айтты  -  болды.  Қарумен  қоштасудың  көне  ырымын  жасап,  əкем
винтовканы өкіметке өткізеді, бірақ алты қырлы найзасын алып қалады.
Ауыл балалары еңбекке ерте араласады ғой. Бірде балапандарға көк
4

жұлуға  барған  менің  қос  алақанымның  осылып-осылып  кеткенін  (өсіп
тұрғанның  бəрі  жоңышқа  емес  қой)  көріп,  əжем:  “Жауды  жеңдік  қой,  енді
соғыс бола қоймас, ал аспап үйде кəдеге жарайды” дөп, сол темір найзадан
орақ жасауды бұйырды.
Шынында  да  сол  кезде  елде  өзіміздің  дө,  өзгенің  де  қару-жарағы
жетіп  артылатын.  Есесіне  кəдімгі  қайшы,  қалақ,  ине-жіп,  бұранда...
жетіспейтін.
Үйге жаңа туған айдай жалтыраған орақ та келіп, шаруаның баласы
менің тұңғыш қуралыма айналды.
Осыған  байланысты  əжем  көне  ұршығын  да  аямай,  мыс  таспасын
ажыратып  алып,  орағыма  can  істеді  де:  “Осының  иесі  өзіңсің.  Таза  үстап
жүр, көрінген жерде қалдырма", - деді. Сөйтіп сол жылы менің қолым əкем
ұстаған  металдың  салқын  жүзімен,  əжем  ұршығының  жып-жылы
ағашымен ұзарды.
Ойын  балалары  ауыл  төңірегінен  көне  замандардың  тат  басқан  жез
жебелерінен бастап, кешегі тапаншалардың қалдығын, бос гильзалар тауып
алып  жүретін.  Олжасын  кезеп,  “соғыс”  ойынын  ойнайтын.  Сондайда
винтовка  есіме  түсө  көтіп,  “неге  берді?",  найза  есіме  түсіп,  "  неге  орақ
жасады?” дөп үлкендерге өкпелейтінмін.
Сонда  да  болса,  орағымның  сабын  қысып  ұстап,  еркекпін  ғой  деп
ересектерге еріп, егінге барар едім, олардың əжуасына қарамай, егін орысар
едім. Содан кейін қарасу жағасында не көпене үстінде қиялыма ерік беріп,
кейде  жан-жағымды  қоршаған  көрінбес  жауды  жапырып  жататынмын.
Кескілескен  оңай  ма,  əбден  шаршап,  көзім  жұмылып,  қалғып  та  кетемін,
ондайда  кенет  төккен  нөсерден  не  құстардың  кешкі  қиқуынан  шошып
оянып, үйге қарай жүгіремін.
Қиял  қуып  жүрген  сəттерімнің  зауалын  құрдастарымның  бірі  мен
ұмытып  кеткен  ораққа  аяғын  орғы-  зып  алғанда  тарттым.  Шапшып  аққан
қанды,  зəресі  ұшқан  баланы  көріп,  мен  құрал  мен  қарудың  арасын-  дағы
шекара  соншалық  бұлдыр  екенін  тұңғыш  рет  ойлағандай  едім,  ал  “кос
максатты  материалдар  мен  технологиялар”  дегеннің  не  екенін  көп  кейін
білдім. Сол күннен бастап, əжемнің “Ие бол!” деген əмірі құлағымда қайта
жаңғырып, талай ойларым мен істеріме тізгін болғандай.
Үйге  оралсам,  тұнжыраған  жұрт  қаптап  жүр  екен.  “Əжең  аспанға
ушып кетті” деді маған олар.
Арада талай-талай жылдар өтті. Нью-Йоркке алғаш аяқ басқанымда,
Біріккен Үлттар Үйымының бағында Е.Вучетичтің атақты қола ұстасының
туын-  дысын  көрдім,  Иса  пайғамбардың  кітабынан  адамдар  “семсерінен
5

сока,  найзасынан  орак  жасайтын,  халықка  халық  семсер  сілтемейтін,
“соғысуды  кайтып  уйренбейтін”  заман  туралы  сөздерін  оқыдым.  Мені
адамдар сипаты мен тағдыры типологиясының əмбебаптығы, оларда орын
мен заман өзгешелігіне
қарамастан,
жақсылыққа,
өркендеуге,
тыныштыққа,
зорлық
жасамауға ұмтылыс басым екені таңғалдырған уақыт та келді.
Кейінірек,
байырқаған
жасымда
отандастарым
мен
замандастарымнан  олардың  отбасы,  ошақ  қасы  əңгімелерін  көп  естідім,
сөйтсем, олардың басынан өткендері менікіне ғажап ұқсас болып шығады.
Əрине  егжей-тегжейінде,  оқиға  ауанында  өзгешеліктер  де  болады.
Дегенмен сол бір алыста қалған жəйт талай рет еске оралып, қиын-қыстау
сəттерде  ‘‘неге  берді?"  деген  сұрақты  өкінішпен  қайталаған  сəттер  де  аз
болған  жоқ  жəне  де  БҰҰ-ның  штаб-пəтерінде  əрбір  рет  болған  сайын,
балалық  шағымның  осынау  бір  инсаниятты  базарлығын  жан-тəніммен
балбырап есіме аламын.
“Адам  тек  жаралу  сəтін  ғана  қайталайды.  Оның  діни  күнтізбесі  бір
жылдың  ішіндегі  əлімсақтан  бергі  барлық  космогониялық  сəттерді  атап
өтеді”.  2000  жылдың  берекелі  күзінің  шуақты  бір  күнінде  Казакстан
Республикасының  делегациясына  бас  болып,  бұрынғы  бүкіл  тарихта
болмаған  Мыңжылдық  Саммитіне  қатысу  үшін  Америка  Қурама
Штаттары-  на  сапарға  шыққанда  ой  ағымымның  басты  өзегі  Клод-Леви
Стросс айтқан осы бір сөз болғандай еді.
Делегация мүшелерімен ұшақ ішінде кеңес өткізіп, көмекшілерімнің
Миллениум-Саммиттегі  бес  минуттік  “аса  қатаң”  регламент  туралы
сөздерін естіп, сөйлер сөзімді екшей түсу үшін, уақыт аз болса да, ойымды
барынша жеткізетіндей етуге оңаша қалдым.
Бұған  ұшақ  моторының  бірқалыпты  гүрілі  де,  Атлантиканың  ніл
түсті  суы  мен  зеңгір  аспаны  арасындағы  аэроғарыштық  жарасым  да,  кей-
кейде  көзге  шалынып  қалатын  балықшылар  шхуналары  да,  жолаушылар
лайнерлері  де,  жағалауға  қауіпсіз  жолды  қайырымды  сиқыршыдай  меңзеп
түратын қалт етпес маяктар да жағдай жасағандай еді...
Өзін  Біріккен  Ұлттарға  жатқызатын  əрбір  ел  Мил-  лениумға  өз
сыйын  -  заттай  немесе  рухани  сый-сияпатын  арнайды.  Өткен  жылдары
Қазақстан  да  ізгі  дəстүрге  ортақтасып,  БҰҰ  мен  бүкіл  адамзаттың  көз
алдына  1970  жылдардың  ғажап  археологиялық  олжа-  сының  дəл
көшірмесін  сыйға  тартқан  болатын.  Сол  кезден  бері  қупиясы  əлі  ашыла
қоймаған  “Алтын  адам”  бейбітшіліктің,  гүлдену  мен  ынтымақтастықтың
сақшысындай болып БҰҰ-ның бір бөлмесінде тұр.
6

Дегенмен  урпақтар  зердесінде  өшпейтін  басты  сыйын  адамзатқа
Қазақстан  өзін  де,  көршілерін  де  ядролық  қатер  қаупінен  арылту  арқылы
жасаған еді.
Уақыт  мақсатты,  басты  нəрсе  дегеніңізді  де  өзгертіп  отырады,  тіпті
ұлы  жетістіктер  мен  жаңалықтар  да  күнделікті  күйбеңге,  “бас  ауыртар”
істерге,  зəру  мəселелерге,  жаңа  күннің  жаңа  шаруаларына  орын  беріп,
бірте-бірте ұмытылып жатады.
...Бас  Ассамблея  залында  жердің  айналуына  орай  тиісті  уақытын
есептеп  туратын  Фуко  маятнигі  мен  күмбез  астында  жылына  екі-ақ  рет
сыңғырлайтын  жапонның  бейбітшілік  қоңырауының  үні  естілгенше
санаулы сағаттар ғана қалған еді.
Алдағы  сөзімнің  проблемалық  мəселе  қою  бөлігінде  ғаламдастыру
процесінің  теріс  тенденцияларын,  факторлары  мен  зардаптарын  сараптап,
Орталық  Азия  аймағындағы  туындап  бара  жатқан  про-  блемаларды
нобайлап,  БҰҰ-ның  Қауіпсіздік  кеңесінде  талқылаған  орынды  болар
Қазақстан ұсынысын ерекше бөліп қойдым.
“Талқыланатын  мəселелер  санатына  ядролық  қаруы  бар  кейбір
елдердің  тұрақты  тайталасы  байқалып  отыруына  байланысты  ядролық
қатердің таралу проблемасын енгізуге болар еді. Аймақтың бірқатар елдері
осы қаруға ие болу табалдырығында тұр.
КСРО  ыдырағаннан  кейін  Қазақстан  атом  қаруының  орасан  зор
əлуетіне ие болып қалды. Біздің ел осынау арсеналдан бас тартудың үлгісін
бірінші  болып  көрсетті.  Сондықтан  да  біз  бүгін  барлық  ядролық
державаларды  ядролық  қаруды  жою  жөнінде  нақты  қадамдар  жасауға
шақырамыз”.
БҰҰ  қабырғасында  ғана  емес,  Алла  тағаланың  өзінің  де,  бұл
жалғаннан  көшкен  жəне  бар  ғұмыры  алда  тұрған  барша  адамдардың  да
алдында осылай сөз саптауға толық хақым бар еді.
Өйткені  уақыт  пен  мыңжылдықтар  шекарасы  сəтінде  менің  ту
сыртымда  қайтадан  өркендей  бастаған  елімнің  өр  де  ащы  тағдыры  тұрған
болатын,  сумдық  ауыртпалықтарға,  шиеленісті  бетбұруларға  жəне  сол
күндердің  ғажап  елігулеріне  қарамастан,  Қазақстан  аумағындағы  ядролық
қарудың тағдырын шешудің бірден-бір дұрыс нұсқасын қабылдаған
Ақиқат пайдасына жасалған таңдау сəті тұрған еді.
Менің  басымнан  өткен  тарих,  найзадан  жасалған  орақ  ұстаған
баланың тарихы көптеген жылдар өткен соң, КСРО ыдырап, уақыттың өзі
сан  тарапқа  бастағаннан  кейін  тəуелсіздік  алған  Қазақстанның  ядролық
қарудан  өз  еркімен  бас  тарту  тарихында  ғажап  қайталанғаны  үшін  желеп-
7

жебеген тағдыры- ма өлшеусіз ризашылығымды қалай білдірмеспін.
2000 жылдың 6 қыркүйегі келді.
Жоғарыда  келтірілген  үзінді  менің  негізгі  сөзімнің  он  екіден  бір
бөлігін ғана алыпты.
Алайда  онда  көтерілген  проблема  -  əлі  күнге  дейін  қиялилық
қауызынан реализм дəнін сөзсіз тазалап алуды талап ететін тақырып.
Жəне  де  ол  —  бүкіл  Жер  бетіндегі  қалалар  мен  ауылдардағы,
көшелер  мен  алаңдардағы  балалардың  бетіне  олардың  нені  ойлайтынын,
күн  исі  сіңіп  күңсіген  бастарында  нендей  арман  жатқанын,  олар-  дың  өз
ғумырындағы басты таңдауларына балалық шағының қандай инсанияттық
белгілері  ықпал  ететінін  аңғару  үшін  тура  қараудың  тағы  бір  байыпты
ілігі...
Қазақстан
ядролық
қарудан
бас
тартты.
Уақыт
біздің
таңдауымыздың  кемеңгерлігін  қуаттады.  Бұл  жөнінде  бүкіл  адамзатқа
айтып беру керек те, қажет те жəне мұны сөз иесінің өзінен білген абзал.
Осынау  ақ  жарылып,  сыр  айтар  кітап  осылай  туды.  Муны  мен  сыр
бөлісер əңгімеге, қарусыздануға жəне өткен ғасыр өз мұрагеріне қалдырған
қатыгез  сый  туралы  азды-көпті  ойланатындарды  ынтымақтастыққа
бүкпесіз шақыруға балаймын.
8

1-тарау
ҚАЗАҚСТАН: ЯДРОЛЫҚ КАРУСЫЗ БОЛАШАҚҚА
АСТАМ ДЕРЖАВАНЫҢ БӨЛІНУІ: төртінші ядролық əлует
“Қантөгіс” соғысы да, “қырғи қабақ” соғысы да əлемдік құбылысқа
айналып  кете  берген  қарқыны  құмбыл  XX  ғасыр  адамзаттың  тарихына
ешқашан  бітіспес,  басы  піспес  жүйелердің  ауқымы  мен  құрал-  дары
жағынан  бұрын-соңды  болып  көрмеген  блоктык  тайталастың  заманы
болып енді. Бұл қару-жарақтың дегені жүрген заман-ды: ғасырдың бірінші,
“қантөгіс” жартысында “тротил” дəуірлесе, екінші, “қырғи қабақ” жартысы
атом  бомбасының  тегеурінінен  түралады.  Осынау  келмеске  кеткен  ғасыр
зар-  даптарының  жаңғырығы  əлі  еңсесін  тіктеп  үлгермеген  болашақтың
барысында талай-талай естілуі де ғажап емес.
Алайда  ғаламдық  тайталас  ғұмыры  келесі  ғасырға  жетпей  үзілді.
Жиырмасыншы  ғасырдың  аяғы  адамзат  тарихындағы  соңғы  империяның
жантəсіліміне байланысты дүрілдеген геосаяси дүрлікпелермен атап өтілді.
Ішкі  саяси  проблемалардың  айтарлықтай  ауыртпалығынан  еңсесін
көтере алмаған Кеңес Одағы жансебіл жарыса қаруланудың қыспағына да
төтеп  бере  алмай,  жаһаннамға  жөнелді.  Бүл  орайда  1990  жылдардың  əу
басындағы  кеңестік  дəуірден  кейінгі  кеңістік  картинасын  отағасы  ойда
жоқта  үзіліп  кеткен  отбасына  ұқсатуға  əбден  болатын  еді.  Мұндайда  тірі
тірегінен  оқыс  айырылған  балалардың  марқұмды  ақтық  сапарына
аттандырып  салудың  парызымен  де,  қалған  мұра  мен  қарызын  бөлісудің
қамы- мен де басы қатады ғой.
Ата-ананың жасырып жиған-тергенінің бетін ашу мұнан да сұмдық
еді.  КСРО-ның  ыдырап  кетуі  тəуелсіздікке  енді  ие  болған  мемлекеттердің
алдына бірқатар республикалардың аумағына жасырылған орасан зор атом
қаруы  мен  оны  жеткізу  құралдарының  арсеналы  проблемасын  көлденең
тартты.
Осынау  ядролық  арсенал  мұрагерлерінің  бірі  Қазақстан  еді.
Республиканың  алдында  осынау  қаруды  қайтсек  екен  деген  күрделі  сұрақ
тұрды.
“Қарғайын  десем  -  жалғызым,  қарғамайын  десем  -  жалмауызым”
дейді қазақ мəтелі. Тоқсаныншы жылдар басының бұлғақ пен беймəлімдік
боқырауына толы ауанында Қазақстан ядролық держава бола ма, болмай ма
деген  күрделі  сұрақ  баршаның  назарын  аударып,  айтыс-тартыс  алапатын
туғызды.  Біздің  күні  ертеңгі  ғана  емес,  бұлдыр  болашағымыздың  қандай
болатыны осынау проблеманың қалай шешілмегіне тəуелді еді.
Кейінірек қабылданған басы бүтін дұрыс шешімге жетер жол күмəн
9

мен  күдіктің,  уəждер  мен  қарсы  уəждің  солық  басқызбас  тартысына,  “қол
көтермес шоқпарды белге байлап не керектің” төңірегіндегі дау-дамайдың
айқай-уйқайына толы болды.
КСРО ыдырап кеткеннен кейін Қазақстан жерінде қаншалық қуатты
да қаһарлы ядролық əлует қалғанын бүгіннің өзінде тап басып, табандатып
айтар ауыз кемде-кем.
Стратегиялық  жəне  тактикалық  ядролық  қару  жөніндегі  тиянақты
ақпарат бүгін таңда да мыстан кемпірдің аяр күлкісі секілді: “ядролық” апан
мен мұндалап-ақ тұр, арғы жағындағы алапат сыры беймəлім. Мұнда да дəл
солай. Біз əдетте Қазақстан аумағындағы ядролық боеголовкалар санын тап
басып,  дөп  айтамыз,  бірақ  олардың  жалпы  қуаты  жөнінде  тіс  жармаймыз,
оны  бөгдежүрт  нобайлап,  долбарлап  қана  бағалай  алады.  Алайда  бүгінде
сол құпияның шымылдығын сəл-пəл туре түсуге болады ғой деймін.
1991  жылдың  басына  қарай  Қазақстан  аумағында  жаппай  қырып-
жоятын
қарудың
орасан
арсеналы
болды,
ол
континентаралық
баллистикалық  зымырандарға  арналған  1216  ядролық  боеголовкалар  мен
ауыр бомбалағыштарға арналған ядролық зарядтарды қамтитын. Қазақстан
аумағындағы  ядролық.  стратегиялық  күштер  кешені  жаппай  қырып-
жоюдың  ядролық  зарядтарды  діттеген  жеріне  жеткізудің  алуан  түрі,  ең
заманалық құралдары болатын.
Елдің
қиыр-қиырында,
бір-бірінен
недəуір
қашық
тықта
стратегиялық, көп нысаналы бомбалағыштардын авиациялық базалары мен
бөлініп-бөлініп  кететін  ядролық  боеголовкалары  бар  континентаралық
баллис
тикалық зымырандардың шахталық ұшырғыш қондыр- ғылары жайғасты.
Қазақстанның  қақ  ортасында,  Ақмола  облысында  Стратегиялық
мақсаттағы  зымырандық  əскерлердің  (СМЗƏ)  38-дивизиясы  орналасты.
Дивизия  құрамында  жер  бетіндегі  бөлімшелерден  басқа,  қолдап,
қамтамасыз  ету  қызметтері,  сондай-ақ  60-қа  жуық  шахталық  ұшырғыш
қондырғылар  болып,  олардың  жұмысын  сегіз  əмбебап  командалық  пункт
үйлестіріп отырды.
Тағы  бір  толыққанды  жауынгерлік  стратегиялық  зымырандар
кешені,  57-зымырандық  дивизия  Шығыс  Қазақстан  облысына  жайғасып,
дəл  сондай  “стандартты  жиынтықтан”  -  60-қа  жуық  ұшырғыш
қондырғылар мен сегіз əмбебап командалық пункттен құралды.
Елдің  оңтүстігінде,  Қызылорда  облысында  14  шахтадан  тұратын
ұшырғыш  қондырғылар  кешені  орналас-ты.  Мұнан  басқа  Семей  ядролық
полигоны  өңіріндегі  Балапан  қойнауында  баллистикалық  ядролық  зымы-
10

рандарға арналған тағы 12 шахталық ұшырғыш қондырғылартұрды.
Шахталық  кешен  деңгейінде  жауынгерлік  кезекшілікті  əмбебап
командалық  пункт  дейтіндер  атқарды.  Ол  орналасқан  жер  астындағы
арнайы  бункер,  басқару  орталығының  бұйрығымен,  зымырандарды  жедел
аттандырып  салатын  автономды  жүйе  болатын.  Арнайы  табло-
транспаранттарда  шифрланған  бұйрық-  тардан  бастап,  ушыруға  кірісу
кодтарына дейінгі жұмыс үшін қажет ақпарат жазылып туратын.
Кезекшінің  көз  алдында  қаптаған  цифрлар  болатын.  Стратегиялық
нысананың  атауы  да  арнайы  кодпен  жасырылатын.  Сондықтан
командалық  пункттің  кезекші  офицерлері  ұшыруға  бұйрық,  оған  кірісудің
кодын алған күннің өзінде, зымыранның қайда ушып кеткенін тіпті де біле
алмайтын.
Орталықтың  бұйрығы  қайткенде  де  орындалуға  тиіс  болатын,
сондықтанұшыру  режимін  қайталаудың  тұтас  бір  шаралар  кешені  бар  еді.
Тіпті  континентаралық  баллистикалық  зымырандарды  ұшыруға  арналған
барлық  электронды  аспаптар  мен  жабдықтар  істен  шықты  деп  ойша
топшылағанның  өзінде,  зымырандар  дивизияларында  автономды  ұшыру
немесе  “ажалмандар  командасы”  дейтін  бөлімшелер  болатын.  Оның
міндетіне  қажет  болған  жағдайда  шахталық  кешен  ішіне  барынша  тезірек
еніп,  континентаралық  баллистикалық  зымыранның  бірден  ұшырылуын
қолмен жүзеге асыру жататын.
Бұл орыннан тез кетуге санаулы секундтар ғана бөлінетін. Атомдық
Апокалипсис  тақырыбына  арналған  фильм-бестселлердің  қаһармандары
ғана  зымыранның  аттандырылу  сəтінде  шахталық  кешен  ішінде  болып,
содан  кейін  саунадан  жаңа  шыққандай  аспайсаспай  жүре  береді.  Ал
шындығында  қауіпсіз  жерге  жету  үшін  бес  минутыңның  өзі  аздық  етуі
мүмкін еді.
Стратегиялық  мақсаттағы  зымырандар  əскері  (СМЗƏ)  бүрынғы
КСРО-ның əскери жайсаңдары секілді еді. Бүл əскер қүрамына қабылдану
өте  қиын  болса,  шығу  мүмкін  еместі.  Болашақ  ықтимал  ядролық
жанжалдың  қорытындысы  соларға,  тек  соларға  тəуелді  деп  саналды.  Мен
СМЗƏ  əскери  училищелерін  бітіріп,  жауынгерлік  кезекшілік  атқа-  рып
жүрген,  бейнелеп  айтқанда,  сұк  саусағын  “қызыл”  түймеде  ұстаған
офицерлермен  кездескенмін.  Тіпті  де  асырып  айтпайақ,  стратегиялық
мақсаттағы  зымырандар  əскерінде  ең  батыл  да  сабырлы  адамдар  қызмет
аткарды  дей  аламын.  СМЗƏ  офицерлері  мен  солдаттарының,  олардың
сабырлылығы мен ерекше жауапкершілігінің арқасында осыбір жылдардың
өн бойында біз осынау сұмдык кару жанында бейбіт өмір сүрдік, ал бұл кез
11

келген сəтте “ықтимал дұшпан” дейтінге ғана емес, өзімізге де катер болып
шыға келуі мүмкін еді.
Жалпы  алғанда,  Қазакстанда  жер  бетінде  орналас-  тырылған
континентаралық  баллистикалық  зымыран-  дарды  ұшыратын  148
шахталық қондырғы шоғырлан- дырылды. Осынау шахталарда тұптура 104
континентаралық баллистикалық Р-36М УТТХ зымырандары (батыста СС-
18  деп  аталады)  орналастырылды.  Осынау  əрбір  зымыран  онға  дейін
бөлініп  кететін,  əрқайсысы  бір  нысанаға  ұмтылатын  боеголовкалармен
жаракталды. СС-18 зымырандары 7,6 тонна салмақ алып ұшып, радиусы 12
мың километрдей жерді тас-талқан ете алатын.
Тұрмыстық  аспаптарда  паспорт,  колдану  ережелері,  кепілді  жұмыс
істеу  мерзімі  көрсетілетін  талондар  болатынына  біз  үйреніп  кеттік  қой.
Сырт  көзге  қаншалық  оқыс  көрінгенмен,  үшып  шығып,  түтас  бір
қалаларды  жермен  жексен  етуге  дəрмені  жететін  осынау  ядролық
монстрлардың  да  паспорты,  кепілді  мерзімі  болатын.  Олардан,  мысалы,
əлпеті сүмдық металл цилиндрдің РС-20 деп аталатынын, ол он жыл бойы
үдайы  “жауынгерлік  қызмет-  те”  тұратынын  білуге  болар  еді.  Бұл
мерзімнен  кейін,  бейнелеп  айтқанда,  “көзім  жоқ,  тиіп  кетсем  сөзім  жоқ”
боп шыға келеді...
Континентаралық  баллистикалық  Р-36М  УТТХ  зы-  мыраны  өзінің
техникалық  сипаттары  мен  жайпағыш  факторы  бойынша  өзіне  ұқсас
зымырандарды  шеніне  ілестірмейтін  жеткізу  құралы  ретінде  Гиннес
рекордтар кітабына енгізілді.
Қысқасы,  континентаралық  баллистикалық  зымырандар  арасында
элем  чемпионы  болатын.  Батыста  оның  “Ібіліс”  атануы  көп  нəрсені
аңғартатын еді.
Қазақстан  аумағында  орналастырылған,  бөлініп-  бөлініп  кететін
ядролық  боеголовкалары  бар  осынау  баллистикалық  зымырандарда
шынында  да  сумдық  бір  сұрапыл  бар  еді.  Ол  тіпті  өзінің  көлемімен  де
еңсеңді езетін. Мысалы, өз басым ұзындығы 34, жуандығы 3 метр болатын
“Ібілістің”  орасан  зор  тұрпатына  көзім  түскенде,  денем  дір  ете  қалатын.
Оның кімді, нені көздегеніне қарамастан, осы дүниеде болуыменақ осынау
зымырандар  жұмыр  жердің  барлық  адамдарының  бойына  беймазалық  пен
үрей сіңіріп, оның иелерінің өзіне қорқыныш үялататын, өйткені кез келген
сəтте ібіліс секілді олардың өзін  билеп алуы мүмкін- ді. Сондықтан да  сол
кезде,  1990  жылдардың  басында  біздің  алдымызды  техникалық  қана  емес,
жалпы  адам-  заттық  мəселе  кескестеді:  баршаға  үрей  үйіре  беру  керек,  не
“Ібілістің”  тағы  бір  армиясының  қатерлі  көлеңкесінен  адамды  азат  ету
12

керек.
Семей қаласы төңірегінде орналасқан, қүрамында АС-15 атты үзак.
қашықтыққа  жіберілетін  қанатты  ядролық  зымырандармен  жарақтанған,
үзаққа үша алатын ТУ-95МС6 (батысша айтқанда “Bear-Нб”) атты 27 ауыр
стратегиялық бомбалағыш жəне сол секілді ТУ-95МС16 (“Bear - Н16”) атты
13  бомбалағыш  бар  79-  авиациялық  дивизияның  қуаты  да  солардан  кем
болмайтын.
Осынау стратегиялық “аюлардың” үшу үзақтығы 8,3 мың километр
еді.  Атынан-ақ  байқалып  түрғандай  ТУ-  95МС6  бомбалағыштары  алтыға
дейін  ядролық  боеголовкалары  бар  қанатты  зымыран,  ТУ-95МС16  он
алтыға дейін зымыран алып үша алатын.
Əрине  бəрін  де  салыстырып  қарағанда  білесің.  1216  ядролық
боеголовкасы  болған  Қазақстанның  ядролық  арсеналының  қуатын  анық
елестету  үшін  ядролық  қаруы  бар  бірқатар  басқа  мемлекеттердің  атом
қаруы бойынша деректерін келтіре кетейін.
Мысалы,  1995  жылға,  яғни  Қазақстаннан  ядролық  кару  алып  кету
аяқталған  жылға  қарай,  Үлыбританияда  шамамен  264-тен  296-ға  дейін
атомдық  боеголовка  болды,  олар  GR-1  “Торнадо”  бомбалағыштары  мен
сүңгуір  қайықтардың  АЗ-ТК  “Поларис”  жене  D-5  “Трайдент-2”
баллистикалық зымырандарында орналастырылды. Зарядтардың қуаты 40-
тан 400 килотон- наға дейін болды.
Француз  республикасында  80  килотоннадан  1  мегатоннаға  дейін
қуаты  бар  512  ядролық  заряд  болып,  олармен  “Мираж  IVP”,  “Мираж-
2000Н”  ушақтары,  “Супер-Этандар”  атты  палубалық  ушақтар  жене  S3D,
“Га- дес” жене М-4А/В баллистикалық зымырандары жарақталды.
Қытай  Халық  Республикасының  арсеналында  200  килотоннадан  5
мегатоннаға  дейінгі  қуаты  бар  284  атом  бомбасы  болып,  осынау  қару-
жарақпен  В-5,  В-6,  А-5  стратегиялық  бомбалағыштары  мен  шахталар-  дан
ұшырылатын  CSS-2,  CSS-3,  CSS-4,  CSS-6  жəне  CSS-N-3  баллистикалық
зымырандар жарақталды.
Сонымен  кейбір  басқа  ядролық  державалармен  салыстырғанда,
Қазақстан  аумағында  қиратқыш  əлуеті  жағынан  орасан  зор  ядролық
арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы
Кеңес  Одағының  барлық  ықтимал  душпандарының  аса  маңызды
стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп
артылатын.  Бул  қару-  ды  қолдану  миллиондаған  халқы  бар  мыңнан  астам
қаланы,  ол  былай  тұрсын,  тұтас  бір  мемлекеттерді,  тіпті  континенттерді
жермен-жексен етуге мүмкіндік беретін.
13

Қазақстан  стратегиялық  қаружарақ  пөн  оны  жеткізу  құралдары
орналастырылған  жай  ғана  орын  болған  жоқ.  Біздің  елде  жайласқан
сұмдық  əскеритехникалық  əлует  қуаты  жағынан  тұтас  бір  индустрия,
өзіндік бір “мемлекет ішіндегі мемлекет” еді.
Өзінің  көлік  паркі  (қару  жеткізудің  зымырандық-  авиациялық
қуралдары),  коммуникация  құралдары  (радиолокациялық  станциялар  мен
армия байланысы жүйелері), жер асты қалалары (жерде орналастырылатын
континентаралық  баллистикалық  зымырандарға  арналған  шахталық
кешендер),  əкімшілігі  (оперативті-командалық  пункттер),  өнеркəсібі  (уран
кеніштері  мен  бастапқы  байыту  зауыттары),  зерттеу  мекемелері  (ядролық
полигондар,
реакторлар,
əскери
мақсаттағы
ғылыми-зерттеу
лабораториялары)  бар  “мемлекет  ішіндегі  мемлекеттің”  өз  “азаматтары”
даатомдық жəне термоядролық боеголовкалары болды.
КСРО-ның  ыдырауы  нəтижесінде  Қазақстан  толық  əскери  ядролық
циклды:  ядролық  қаруды  сынау,  жаңғырту  жəне  өндіру  циклын  жүзеге
асыру мүмкіндігін алды.
Қазақстанда ядролық полигондардың тутас бір кешені болды, оларда
əр  түрлі  кезеңдерде  атом  қаруы  мен  оны  жеткізудің  зымырандық-
авиациялық құралдарының алуан түрлері сынақтан өткізілді.
“Суға  батпайтын  авионосец”  деп  аталатын  кейбір  аралдар  жөнінде
қолданылатын  сөз  бар  екенін  білетін  боларсыздар?  Біздің  жердегі  ядролық
жəне  зымырандық-ядролық  полигондардың  санын  ескерсек,  бүкіл
Қазақстан “ядролық полигон” болыптыау деген ойға амалсыз тірелесің.
Сол  ядролық  сынақ  полигондарының  бірі  -  Семей  полигоны  Кеңес
Одағының  аса  маңызды  стратегиялық  объектісі  болды.  Осынау
полигонның  кемел  инфра-  құрылымы  Курчатов  қаласын  (Семей-21),
реакторлар  кешенін,  “Балапан”,  “Г”  (Дегелеңдегі  сейсмокешен),  “Ш”
(“Тəжірибелік алаң” дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да усақ
тəжірибелік алаңдарды қамтыды. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы Семей
ядролық  полигонының  осынау  тəжірибелік  алаңдарында  456  ядролық
жарылыс  жасалды.  Осынау  сынақтар  атом  қаруының  қиратқыш  қаруын
айтарлықтай  арттыруға  ғана  емес,  оның  жаңа  түрлерін  де  жасауға
мүмкіндік берді.
Бірақ  осынау  “бейбіт”  сынақтар  əкелген  қисынсыз  сүмдықтарды
білген  кезде,  ядролық  қаруды  жетілдіре  түсу  кімге,  неліктен  қажет  болды
екен  деп  еріксіз  ойға  қаласың.  Жалғыз  бомбамен  Жер  бетінен  бір
қаланыжоқ  етіп  жіберу,  тағы  да  он  рет  бомбалап,  тып-типыл  ету  үшін  бе?
Қаланы  ғана  емес,  бүкіл  елді,  тіпті  біраз  “жетілдіріп”,  түтас  континентті
14

қүртып  жіберу  үшін  бе?  Бəлкім,  ядролық  қаруды  жетілдіре  түсіп,  ақыр
аяғында  барынша  жетілдірілген  бомбамен,  баршаның  проблемасын  бірақ
шешіп, салған жерден Жүмыр Жерді тасталқан ету үшін болар?
Мейманасы  тасығандардың,  біз  бүл  бомбаны  текке  жетілдірмеппіз,
енді
ол
адамдарды
ғана
қырып-жойып,
материалдық-техникалық
құндылықтарды  сақтап  калады  деген  сөздерін  естігенде,  мен  амалсыз
ядролық  кару  сынағына  қарсы  шығатындар,  бəлкім,  бұл  дүниеде  əлдебір
нəрселерді  терең  түсіне  бермейтін  шығар  деген  ойға  қаламын.Адамзаттың
өзін-өзі  тануы  мен  ол  жеткен  “оңдырмай  кырып-жою  технологиясы”
деңгейінің  арасында  əйтсе  де  орасан  бір  кереғарлық  жатқаны  байқалады.
Соған қарап шоқпарын ала үмтылған австралопитектің сезімін түсінгендей
боласың.  Ядролық  шоқпарды  белге  байлағандардың  сезімі  дəл  сондай
болғаны  ма?  Айтпакшы,  жапондар  “караоке”  мен  қалтаға  салып  жүретін
электрон  хайуандарды  ғана  емес,  “жан  тыншытар”  бөлмелерді  де  ойлап
тапты. Мүндай бөлмеге кіріп келесің де, манекенді соғып жібересің, ыдыс-
аяқты  сындырасың,  бір-екі  орындыкты  қиратасың,  содан  жаның  жай
тауып,  бейбіт  бір  ойға  беріліп  сыртқа  шығасың.  Шынында  да  көмектеседі
екен деген сөз бар! Сондыктан электронды ойындар өшпенділікті өршітіп,
зорлық-зомбылықты əспеттейді деген пікір естігенде, мен оншалық сене де
коймай- мын. Бəлкім, осынау ойындардың көпшілігінің “сюжет тіні" болып
келетін  əділет  үшін  зорлық  қылуды  елестету  жаныңды  біршама  жай
таптырып, өшпенділікті өршітпей, қайта “басқа арнаға” бүратын болар.
Өшпенділікті  кенересінен  асырмағың  келсе,  оны  нақты  болмыстан
гөрі, ойдағы ойынмен істеген абзал.
Сондықтан
да
мен
“саппастардың”
ядролық
жəне
сутегі
бомбаларының
жарылысын
компьютерде
бейнелеуге
деген
əсіре
құштарлығы  сумдық  шындыққа  айналмай,  бірте-бірте  əскерилердің  келіп-
кетері  жоқ  ойынына  айналар  деп  шын  үміттенем.  Қалауыңша  ойнай  бер,
бірақ біздің мазамызды алма дегендей.
* * *
Стратегиялық  жəне  тактикалық  ядролық  арсеналдан,  ядролық  қару
сыналып  келген  полигондардан  тыс  республикамызда  ядролық  қарудың
белсенді  компоненттерін  өндіретін  қажетті  инфрақұрылым  мен  ресурстық
база да болды.
Қазақстан  қойнауында  табиғи  уранның  дүниежүзілік  зерттелген
қорының  25  пайызы  бар,  байытыл-  ғаннан  кейін  оны  ядролық
энергетикалық реакторлардың отыны ретінде ғана емес, атом қаруын жасау
үшін де пайдалануға болады. Біз Кеңес Одағының атом қондырғылары мен
15

объектілеріне  арналған  ядролық  отынның  85  пайызын  қамтамасыз  етіп
келдік.  Ал  түтас  алғанда,  қазіргі  кездеуран  кенін  өндірудің  дүниежүзілік
көлемінің 5 пайызы біздің республика еншісінде.
1990  жылдардың  басында  Қазақстанда  ядролық  қару  жасап,
жаңғыртудың  бүкіл  қажетті  ғылыми-зерттеу  базасы  да  болды.  Алматыда
аймақтағы  ең  ірі  ядролық  физика  институты  жұмыс  істеп,  онда  жеткілікті
деңгейде жоғары білікті де дарынды ядрошы ғалымдар шоғырланды. Онда
ғылымды  бəрінен  көп  қажет  ететін  осы  саланың  мамандары  жұмыс  істеді,
əлі де жұмыс істеп жүр.
Қазақстан  аумағында  болған  тұтас  бір  ядролық  реакторлар  кешені
ғылыми-техникалық  жəне  əскери  мақсатта  жүмыс  істеді.  Ақтаудағы
шапшаң  нейтрондарға  негізделген  бірегей  БН-350  реакторы  дүние  жүзіне
мəлім.  Алматы  ядролық  физика  институтында  қуаты  10  МВэ  болатын
ВВЭР-К  реакторында  белсенді  зерттеулер  жүргізілуде,  онда  36  пайызға
дейін  байытылған  отын  пайдаланылады.  Мұның  үстіне  Семей  реакторлар
кешені - “Байкал” объектісі болды, оның құрамына IVG-1M тұрпатындағы
реактор, сумей сал- қындатылатын, аса байытылған реакторлық отынымен
жұмыс  істеген  импульсті  графит  реактор  IGR,  аз  байытылған  уран
отынымен  жұмыс  істейтін,  газбен  салқындатылатын  RA  зерттеушілік
реакторы енді.
Қазақстанда  уранды  өңдеп,  бастапқы  байыту  жүргізілетін  ірі
кəсіпорындар бар. Мысалы, Үлбі металлургия комбинатының негізгі өнімі -
атом  реакторларына  арнап  аз  байытылған  ураннан  жасалған  отындық
таблеткалар.
Кеңес  Одағында  табиғи  уранды  аса  байытып,  қарулық  деңгейге
дейін  жеткізетін  зауыттар  Ресейде  болды.  Алайда  Қазақстан  ядролық
мемлекет  болып  қалуды  ұйғарды  деп  ойша  байлам  жасаған  күнде,  тиісті
технологиясы
болған
біз
бірнеше
жылдан
кейін-ақ,
сол
Үлбі
комбинатының өзінде аса байытылған уран шығара алатын едік.
Мұның үстіне, КСРО ыдырап кеткеннен кейін Казакстан аумағында
атом бомбасын жасауға жарайтын байытылған уранның жеткілікті мөлшері
қалды.  Тек  Үлбі  комбинатының  өзінде  600  килограмдай  аса  байытылған
карулық  уран  болды.  Будан  оннан  астам  ядролық  бомба  жасауға  болатын
еді.  Кейіннен  Қазақстан  Республикасы  мен  АҚШ  арасындағы  арнайы
келісім бойынша “Сапфир” жобасының шеңберінде осынау аса байытылған
уран американ жеріне, Делавер штатындағы Доверге, содан кейін Теннеси
штатындағы Оак-Риджге жеткізілді.
Қазақстанда ядролық қару жасау үшін пайдалануға жарайтын белгілі
16

бір  база  да  болды.  Мысалы,  Семей  полигонында  бұрын  ядролық  бомба
құрастырылған  аса  құпия  объект  бар  еді:  əдетте  атом  зарядтары
бөлшектеліп  жеткізілетін  де,  арнайы  құрастыру  желісінде  бір  схемаға
біріктірілетін.
Сонымен Қазакстанда төл ядролық қару жасау үшін қажет ғылыми-
зерттеу, өндіру жəне тіпті өндірістік инфракұрылымның бəрі дерлік болды.
Сондықтан  халықаралық  сарапшылар  Қазақстанда  болған  ядролық  əлуетті
талдай
келіп,
республикамызға
ядролық
державалардың
əлемдік
рейтингінде  АҚШ-тан,  Ресейден,  Украинадан  кейін  төртінші  орын
бергенде қателескен жоқ.
1990  жылдардың  басында  тағдыр  бізге  бірегей  бір  мүмкіндік  -
тəуелсіздік  алған  бойда  “саяси  беймəлімділіктен”  əлемдік  маңызы  бар
ядролық держава
санатына  қосыла  кету  мүмкіндігін  бергендей  еді.  Егер  əскери  қисын
арнасында  ойласақ,  біз  мұндай  мүмкіндікті  уыстан  шығармау  керек  деген
қорытындыға келер едік.
Тек бедел қуалап ядролық қаруды сақтай отырып, біз салған жерден
əлемнің
стратегиялық
державаларының
бестігіне
кірер
едік
те,
басымдығымызды  малданып,  тағдырды  уысымызда  ұстағандай  көрінер
едік, оқтын-оқтын ажал себетін ядролық арсеналымыздың қуатын көрсетіп
отырар едік.
Бірақ  ешқандай  да  ішкі  есептер  мен  сыртқы  жағ-  дай  бізді  осынау
“ядролық”  жолға  түсіре  алмас  еді.  Бүгін  де,  он  жылдай  уақыт  өткен  кезде
де,  өзіміз  сол  тұста  қабылдаған  шешімнің  тарихи  маңыздылығына  барған
сайын көзім жете түскен секілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет