Н. А. Назарбаев бейбітшілік кіндігі



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата10.01.2020
өлшемі1,36 Mb.
#55673
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
20141107043550bieibitshilik kindighi n a nazarbaiev
Le Chatelier's Principle - Chromate-Dichromate - C12-4-07, 10-сынып, 10-сынып, 10-сынып, 10-сынып, Кыскаша кобейту формулалары

Тежеу: айма ты  тыйым
Қазіргі  кезде  əлемдік  ахуалға  едəуір  мықты  ықпал  етіп,  аймақтық
деңгейдегі  геосаяси  болмысты  көп  жағынан  айқындайтын  көптеген  елдер
дүниежүзілік  аренаны  бақылауда  ұстап,  реттеудің  маңызды  процесінен
сырт қалдырылған болып шықты.
Дүние өзара қарым-қатынасын «ядролық» немесе күш негізіне емес,
сенім мен хабарлау ауанын жасау негізіне құру қажеттігін бірте-бірте түсіне
бастады.  Бірақ  «күш»  компонентінен  айырылғысы  келмеу  бұл  процесті
күрт тежеді.
Əлемдік  саясат  саласында  жиырмасыншы  ғасырдың  соңғы
онжылдығының  барысында  (не  басында)  болған  ғаламдық  өзгерістерді
ескерместен  ахуалдың  бұлай  дамуы  көптеген  дамыған  жəне  дамып  келе
жатқан  елдерді  қанағаттандыра  алмайтыны  мүлдем  айқын  еді.  Осынау
жəне  басқа  бірқатар  себептер  жаңа  шындықтың  —  көп  полярлық
полиядролық дүниенің орнауына алып келді.
Полиядролықты  қымсынбай  көрсету  дүниежүзілік  қоғамдастық
тарапынан толып жатқан əділетті сын нысанына айналды. «Өзара тұрақты
паритет»
пен
толыққанды
тежеудің
орныққан
жүйесі
ядролық
қатынастардың жаңа сапалық деңгейін бойына сіңіре алмады.
150

Сөйте тұра, үшінші дүниенің жаңа ядролық державаларының атына
айтылған  сыни  сипаттағы  айыптаулардың,  менің  ойымша,  «бумеранг
қасиеті»  бар.  Амал  нешік,  ірі  ядролық  державалар  жаңа  «күш
орталықтарын»  халықаралық  аренада  кезінде  өздері  күшейткен  қауіп
турасында сынай бастады.
Атап  айтқанда,  менің  ойымша,  жаңа  ядролық  елдерді  тежеу
стратегиясының  ешқандай  мəдениетін  білмейді,  мұның  өзі  ядролық  өртті
қалай  сөндіруді  білмеуге  бастайды  деп  айыптау  мүлдем  орынсыз  да  оғаш
нəрсе. Қызбалық, əсіресе ядролық қызбалық əлбетте ядролық шоқпар үйіру
саясатын сөзсіз қасіретті зардаптарға жетелейді.
Бірақ  тежеу  мəдениетінің  ықтимал  бола  қоймауы  тіпті  де
жазмыштық сипатта емес. Буған соңғы жарты ғасырда біздің көзіміз əбден
жетті. Бүгінде ядролық қаруды таратпау туралы шарттың «Үлкен бестігіне»
енетін ядролық «пионерлердің» өзінде ядролық қаружарақ эволюциясының
бастапқы  кезеңінде  тежеудің  жеткілікті  пысықталған  мектебі  немесе
мəдениеті болмағанды. Ол сабырсыздықтың толып жатқан белестерін артқа
тастап, бірте-бірте қалыптасты, əлі де қалыптасып келеді.
Ол-ол  ма,  ресми  ядролық  державалардың  көбісі  атом  қаруының
пайда  болып,  оны  қару-жарақ  санатына  қосқанға  дейін  мүлдем  басқа
əскери  тұжырымдамалық  көзқарастар  мен  категорияларды  басшылыққа
алғанды  жəне  қолданбау  мен  амалсыз  пацифизмнің  «қыр-сыры»  жайында
дəйек-тұрақсыз  бірдеңелерді  ғана  білетін,  өйткені  ондай  ұғымның  өзі
жоқтұғын.
Мұның  тапжылтпас  айғағы  —  ірі  ядролық  держава-  лардың
«тротилдік»  тарихы.  Екінші  дүниежүзілік  сотысына,  бомба  жасалғанға
дейін,  батыстық  əскери  ой  идеялық  атасы  Карл  Фон  Клаузевиц  болтан
«қирату  стратегиясын»  nip  тұтатын.  Бұл  стратегияны  мінсіз  жүзеге  асыру
танк  генерал-полковнигі  Х.Гудерианның  маңдайына  жазылыпты.  Ол  екі
географиялық  нүкте  арасындаты  қашықтықты  қысқа  да  қиратқыш  темір
сына көмегімен жүріп өтуге болады деп білетін.
Сына сынамен шығады. XX ғасыр теоретиктері Клаузевиц теориясы
өткен ғасырдың теориясы ғана емес, өткен ғасырдың өзі екенін түсіне білді.
Ядролық қаруға ие болу кезеңінде батыстық əскери доктриналардың
негізгі  құрамдас  бөлігі  сөзсіз  болатын  соққы  жəне  орны  толмас  нұқсан
келтіру  мүмкіндігі  болды.  Жетекші  батыс  елдерінің  ядролық  қарудың
жауынгерлік  қуатын  сұмдық  ұлғайтуға  бағытталған  прагматикалық
саясатының мағынасы да осында. «Өзара кепілді жойып жіберу» ұғымына
негізделген  үрейлендіретін  тежеу  тұжырымдамасы  едəуір  қарапайым
151

алғышартқа:  жауды  құртудан  гөрі,  өзін-өзі  сақтап  қалу  сезімі  əлдеқайда
артық деген алғышартқа сүйенеді. Осынау алғышарт шабуылдаушының да,
қорғанушының  да  амалсыз  пацифизмнің  негізінде  жатыр:  басып  кіруге
болмайды (кенеттен жасалған соққы), шабуылдың (алдын ала соққы) алдын
алу да қауіпті.
Бірақ  ядролық  қарудың  тужырымдамалық  теориясының  одан  əрі
дамуының  жəне  жаппай  қырып-жою  қаруының  қазіргі  рөлін  ой  елегінен
өткізудің  нəтижесінде  стратегиялық  ой  мазмұны  Батыстан  Шығысқа
ойысты.
Ядролық
қарым-қатынас
өрісіне
тікелей
араласпау
немесе
«пиғылмен  яғни  ниетпен  жеңу»  тұжырымдама-  сы  көктеп  енді,  ал  оның
идеялық  атасы  біздің  дəуірімізге  дейін  өмір  сүрген  Қытай  қолбасшысы  əрі
ойшылы Сунь Цзы болатын.
Тежеудің  шығыстық  тұжырымдамасының  негізінде,  саны  мен
сапасына  қарамастан,  ядролық  қарудың  болуының  өзі  тежеудің  қажетті  де
жеткілікті шарты деген алғышарт жатыр...
Мұның үстіне, «Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға
тиіс» немесе «Ядролық қару сынауға жаппай тыйым салу жөніндегі шартқа
бағынуға  тиіс»  деген  уəждер  мен  дəлелдерді  мүлдем  қабылдауға
болмайтынын,  оның  қауіпті  екенін  ескеру  қажет.  Əлемдік  ядролық
державалардың  адамзат  қауіпсіздігі  алдындағы  борышы  жаңа  ядролық
дүниенің қарызынан əлдеқайда жоғары. Ірі ядролық мемлекеттер міне отыз
жыл бойы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың шеңберінде дүниені
ядролық қарудан құтқаруға тиіс еді. Бірақ олай болған жоқ. Болтаны басқа:
ядролық қару əлдеқашан құртылуға тиіс зат болудан қалды, тек оған, амал
қанша, уақыт жетпей жатыр.
Ядролық  қару  халықаралық  қатынастарда  халықаралық  саясат  пен
уəждердің  құралына  айналды.  Халықаралық  қатынастар  жүйесі  əлдебір
сəтте  төңкеріліп  түсті:  ядролық  қару  дүние  үшін  емес,  дүние  —  ядролық
кару  үшін.  Ол  саясаттан  аулақтап,  одан  тəуелсіз  күйге  жетті.  Атом  каруы
көптен бері ірі державаларға қызмет етпейді, олар сол қаруға қызмет етеді.
Халықаралық  қатынастардағы  салмақ  өлшемі  бушельдер  мен  баррельдер
емес, килотонналар мен мегатонналар.
Күш балансынан ядролық жеткіліктілікке...
Шынында да, халықаралық қатынастардың ядролық деңгейдегі даму
қисыны  іс  жүзінде  ядролық  жанталаса  қарулану  мəнінің  өзгеруіне  алып
келді.  Дəлірек  айтсақ,  КСРО-ның  ыдырауына  дейінгі  жанталаса  қарулану
механизмі  қисын,  парасат  атаулыға  кереғар  эрекет  етті.  Астам
152

державалардың  əрқайсысы  басқа  астам  державаны  сан  жағынан  да,  сапа
жағынан  да  басып  озуға  тырысты.  Астам  державалардың  екеуі  де
дұшпанынан
қалып
қоймауға
тырысып,
əскери
ядролық
технологиялардағы əрбір жетістікке бірден төл жетістіктерімен жауап беріп
отырды.
Нəтижесінде қышыма тілдің қотырына айналған ахуал қалыптасты:
АҚШ  пен  КСРО  бірін-бірі  талай  ондаған  рет  тып-типыл  жойып  жібере
алатын  еді.  Жанталаса,  жарыса  қарулануды  астам  державалардың  екі
кереғар  қосынды:  НАТО  мен  Варшава  шартын  құраған  сан-сапалық
одақтастарының  болуы  да  қамшылай  түскені  бесенеден  белгілі.
Стратегиялық  жоспарларда  оларды  да  ескеріп,  ядролық  бақылау  астында
ұстау  керек  еді.  Соған  қарамастан  кісі  күлерлік  ахуал  қалыптасты.  «Куш
балансы» тұжырымдамасы көпе-көрінеу анахронизмге алып келді: екі ұлы
державаның  ғаламат  қаражаты  мен  адами  ресурстары  душпанның  əскери
күшін  талай  рет  қуртуға  ғана  емес,  мемлекеттің  өзін  талай  рет  қуртып
жіберуге  ысырап  етілді.  Іс  жүзінде  тұтас  континенттерді  құртып  жіберуге
жумылдырылды.  Ядролық  қару-жарақпен  есуастық  жанталаса  қарула-  ну
кей-кейде
Зенонның
белгілі
тəмсілін
еске
салатын.
Қиынды
қиюластыратын  софистфилософ  Зенон  былай  дейтін:  жүйріктің  тасбақаны
ешқашан  қуып  жете  алмайтынының  себебі,  жүйрік  салыстырмалы  түрде
қаншама  көп  қашықтықты  жүгіріп  өткенімен,  сол  уақыт  ішінде  тасбақа
қандай  да  бір  жолды  ілбіп  өтеді.  Тіпті  таяқ  тастам  жер  болсын.  Осылай
шексіз  жалғаса  береді.  Нəтижесінде  жүйрік  принципінде  тасбақаны  қуып
жете  де  алмайды,  озып  кете  де  алмайды.  Демек  Мұндайда  кімнің  тасбақа,
кімнің жүйрік екенінің маңызы шамалы. Маңыздысы, АҚШ пен КСРО-ның
осы  жарысты  шексіз,  бір-біріне  жете  де  алмай,  оза  да  алмай  жалғастыра
беретіндігі.
Жалпы алғанда, əскери стратегиялық ой, қалай болғанда да, тежеуші
немесе  тыныштан-  дыратын  фактор  стимулы  куш  балансы  емес,  тиісті
ескерту жəне жеткізу құралдары бар ядролық қарудың болуының өзі деген
байламға келді.
Сунь
Цзының
«пиғылмен
жеңуіне»
негізделген
тежеу
тұжырымдамасы  ҚХР  мен  Францияның  ядролық  стратегияларындағы  «ең
аз жеткілікті тежеу» тұрінде мінсіз жүзеге асты. Бесенеден белгілі, тежеудің
əбден  жеткілікті  əлуеті  ретіндегі  ядролық  қару  туралы  ой  көптен  бері
айтылып  келе  жатқанымен,  тек  қазір,  көп  полярлық  дүниеде  күш
балансына
емес,
ядролық
жеткіліктілікке
негізделген
тежеу
тұжырымдамасы нақты іске асты.
153

Менің
ойымша,
қазіргі
дүниедегі
ядролық
қарусыздану
тұжырымдамасының негізінің өзінде нақ осынау қарапайым ой жатуға тиіс
секілді.  Қарусыздануға  жетелейтін  себеп  ядролық  паритет  немесе  баланс
деңгейін  «төмендетуге»  үмтылыс  емес,  атом  қаруының  болуының  өзі,
оның  саны  мен  сапасына  қарамастан,  ықтимал  душпанды  мəжбүрлік
пацифизмге  итермелейтін  қажетті  де  жеткілікті  шарт  болып  табылатынын
жай ғана түсініп, түйсіну болуға тиіс.
Мұнан  дəл  осындай  жолмен  ядролық  өзара  тəуелділік  проблемасы
едəуір жеңілдейді деген қарапайым тұжырым туындайды. Мəжбүрлік өзара
ядролық  байланыс  жаппай  да  толық  қарусыздануда  тежеуші  фактор  рөлін
атқаратыны даусыз.
Тежеуден əмбебаптыққа...
Егер  ядролық  шабуыл  атом  қаруын  таратудың  өзіндік  бір  пошымы
екенін  ескермесек,  ғаламдық  жəне  аймақтық  ядролық  қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жүйесі ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың
ең  басты  кемістігін  атап  көрсетуге  болады.  Шартта  депозитарий-елдер
тарапынан  ядролық  қаруы  жоқ  елдерге  қандай  да  бір  ядролық  қауіпсіздік
кепілдіктерін  беру  көзделмеген,  ол-ол  ма,  кепілдік  ұғымы  (МАГАТЭ
кепілдіктерінен  басқа),  мəмілелік  əмбебаптық  шарты  мұндай  кепілдіктерді
айқын  емес,  бірақ  белгілі  бір  по-  шымда  ескеретіндігіне  қарамастан,
Таратпау туралы шарт құрылымына мүлдем кірмей қалған.
Сондықтан
Шарттың
елеулі
кемшілігі
ядролық
қауіпсіздік
кепілдіктері  жүйесі  халықаралық  ғаламдық  жəне  аймақтық  қауіпсіздіктің
құрамдас бөлігі болып табылмайтындығынан көрінеді.
Ядролық  кепілдіктер  не  БҰҰ-ның  тиісті  қарарлары  тұрінде,  не
арнайы  келісімдер  мен  уағдаластықтар  тұрінде  ғана  болады.  Қазақстан
жөнінде  нақ  осылай  болып,  ол  жетекші  ядролық  державалар  тарапынан
қауіпсіздік кепілдіктерін арнайы Келісім негізінде алды.
Кепілдіктердің  болмауы  ядролық  қарудың  жаңа  рөлі  мен  оның
техникалық  жетілдірілуі  ауанында  ерекше  қауіпті.  Қазіргі  заманғы  атом
қаруы  —  1945  жылғы  үлгідегі  жай  ғана  «көне»  құрылғы  емес,  ол  талай-
талай  міндеттерді  шешетін  сан  тұрлі  атомдық  жəне  термо-  ядролық
қарудың  тұтас  бір  ансамблі.  Ол  барынша  əр  тұрлі  пошымдар  мен
қасиеттерге,  кейде  мүлдем  оқыс,  төтенше  мамандандырылған  қасиеттерге
ие  болып,  ұдайы  эволюцияланып,  өзгеріп  отырады.  Бəлкім,  бар-  лық
ахуалдар мен барлық жағдайларда өзін «ең жақсы» жағынан көрсете алуға
əзірленетін елдердің өзі емес, нақ ядролық қару болар. Айталық, аймақтық
154

деңгейде дүниені кезекті ғаламдық қайта бөлу тусында.
Мұның  үстіне  ядролық  қару  эволюциясы  қазіргі  сəтке  қалыптасқан
халықаралық  қатынастар  сипатына  оп-оңай  үйлесе  кететінін  аңғару  тіпті
қиын емес.
Қанеки, төтенше қарапайымдатылған жəне хронологиялық жағынан
көбіне  реттілік  сақтала  қоймаған,  бірақ  ядролық  қарудың  эволюциясының
өзі  мен  оның  халықаралық  құндылықтар  жүйесімен  өзара  байланысының
аса  тəн  ұқсастығын  елестетуге  тырысып  көрелік:  адамзатты  құтқару  —
қуаты  аз  тұңғыш  атом  бомбасы;  тайталастың  туындауы  —  екінші  атом
бомбасы;  жарыс  —  сутегі  бомбасы;  қатынастардың  шиеленісуі  —  аса
қуатты термоядролық бомба; бейбіт қатар өмір сүру — сутегі зарядтарының
қуатын  кеміту;  қырғи  қабақ  соғыстың  шырқау  шыңы  —  нейтрондық
бомба;  келіссөздер  процесі  —  сапаның  əлсіреуі;  қос  полярлықтың
төмендеуі  —  ішінара  жою;  көп  полярлық  дүние  —  селективті  ядролық
бомбалар,  мининьюктер,  ядролық  қуатпен  іске  қосылатын  сəулелі  қару,
атом-  дық  пенетраторлар,  дыбыстан  жылдам  ядролық  шрапнель,  таза
термоядролық бомба. Солай жалғаса береді...
Селективтілік,  таңдампаздық,  ядролық  қару  қуатының  едəуір
кемітілуі  жене  оны  «экзотика»,  «ерекшелік»  жағына  бұрып  əкету  ядролық
қару  жөнінде  ол  егестің  қай  деңгейінде  болсын  кəдімгі  стратегиялық,
тактикалық  міндеттерді  шешуге  арналған  жай  қару  деп  қабылдайтын
жалған эсер туғызады. Мұндағы ең қауіпті нəрсе — оны қолдану жөніндегі
психологиялық кедергінің жойылуы.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін бір қоғам қайраткерінен екінші
дүниежүзілік  соғыс  қашан  болады  деп  сұрағанда  жиырма  жылдан  кейін,
бірінші  дүниежүзілік  соғыстың  сұмдықтарын  білмейтін  жаңа  ұрпақ  өсіп
шыққанда деген екен. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, соғыс дегеннің
не  екенін  білмейтін  екі  урпақ  өсіп  шықты.  Хиросима  мен  Нагасаки
трагедия-  сынан  кейін  де  соншама  уақыт  өтті.  Жаппай  жойылып  кету
қатері санадан ядролық қаруды қолданбау жəне оған дағдылану эффектінің
қалыптасу қатерімен ығыс- тырылып шығаруда.
Ядролық  қарудың  бір  ізге  түсірілуі  мен  əмбебаптығының  қаупі
неден  көрінеді?  Мақсатты  ядролық  тежеу  стратегиясы  бірте-бірте
кеңейтілген  тежеу  стратегиясына  жене  тежеу  стратегиясы  бірте-бірте
неғұрлым төмен қурамдас бөліктерге айналатындығынан көрінеді.
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  аяқталғаннан  кейін  ірі  ядролық
державалар  қатысқан  барлық  толып  жатқан  жанжалдарда,  əдетте  ядролық
қаруды  қолдаудың  тіпті  болжамдық  мүмкіндігі  де  қарастырылған  жоқ.
155

Шектеулі  жанжалдарда  қандай  да  бір  ядролық  астам  державаның
одақтасына  қарсы  агрессия  жасаған  мемлекеттер  олардың  тарапынан
сонысынан артық соққы беріледі деп қорыққан жоқ.
Тіпті,  егер  шектеулі  жанжалға  ядролық  держава  тікелей  жəне
жанама  қатысқан  күнде  де,  сол  жанжалдағы  ахуалға  қарамастан,  атом
қаруын  қолдану  туралы  əңгіме  болудың  өзі  мүмкін  емес  деген  пікір  үнсіз
қабылданды.  Біз  əрине  ықтимал  пайдаланудың  болжалды  нұсқаларын
қарастырып  отырғанымыз  жоқ.  Солтүстік  Корея  44-ендіктен  əрі  қарай
өткенде,  АҚШ-  тың  Сеул  алдындағы  одақтастық  міндеттемелерін  біле
отырып,  ядролық  жауап  соққы  бола  қалады  деп  тіпті  де  қауіптенген  жоқ.
Ойын  ережесі  солай  болатын:  эрекет  қарсы  əрекетке  тең  болуға  тиіс.
Мұның үстіне ядролық тыл да дайын тұрған еді.
Бірақ ядролық қару эволюциясы тоқталған жоқ. Стратегиялық қару
жиынтық  қуаты  мен  жеткізу  құралдары  жағынан  неғұрлым  тиімді  бола
түсті. Ал тактикалық ядролық қару тек едəуір жетілдіріліп қана қойған жоқ,
өзінің қолданылу өрісін де едəуір кеңейтті.
Сапалы  өзгерістер  қалыптасты:  ол  қарапайым  қару-жарақтың
белсенді құрамдас бөлігіне айналды. Тек континентаралық баллистикалық
жəне қанатты зымырандар, сүңгуір қайықтар мен шахталық кешендер ғана
емес,  əдеттегі  жойғыш  ұшақтар  мен  тіпті  зеңбіректер  де  ядролық  қаруды
жеткізу құралдарына айналды. Тактикалық атом қаруын орналастыру өрісі
əмбебап сипатқа ие болды.
Ядролық
боезарядтардың
континентаралық
баллистикалық
зымырандардан
жаяу
əскерлердің
ұзақтан
ататын
зеңбіректерінің
снарядтарына  көшірілуімен  байланысты  орын  ауыстыруы  ірі  ядролық
державалар жүргізуі мүмкін шектеулі соғыстардың сипаты туралы түсінікті
мүлдем  өзгертеді.  Дел  осы  арада,  менің  ойымша,  тежеу  құралы  ретіндегі
атом қаруының жаңа категориясы туындайды.
Ядролық  қарудың  стратегиялық  жəне  тактикалық  міндеті  ықтимал
«өзара  кепілді  қырып-жоюды»  тежеу  емес,  дұшпанды,  оның  ядролық
қарулы  немесе  ядролық  қарусыз  статусына  қарамастан,  жаппай  немесе
«түпкілікті ескерту» болып шығады.
Жаппай  ескерту  өте  оңай  түсініледі  —  бұл  ықтимал  агрессордың
əдеттегі қару-жарақты немесе атом қаруын пайдаланатындығын күтпей-ақ,
баллистикалық  зымыранмен,  зеңбірек  снарядымен  немесе  тасталған
бомбамен кепілді ядролық қарсы соққы берілуі сөзсіз болатын ахуал.
Мұныңыз  сай  келе  қоймайтын  шабуылға  əрқашан  жəне  барлық
жағдайда
лайықты
жауап
қуаты
жоғары
не
төмен
атомдық
156

мамандандырылған немесе экзотикалық боезарядпен беріледі деген сөз.
Бұл  тенденция  бір  үлкен  «қызыл  түймені»  ондаған,  тіпті,  бəлкім
жүздеген  шағын  «қызыл  түймелерге»  бөлшектеп  жіберу  пиғылынан
көрінеді.  Сөйтіп  оларды  басшылықтың  неғұрлым  төменгі  деңгейіне,
тактикалық мақсаттағы бөлімдерге беру ниетінен көрінеді. Онда оперативті
жағдайға  жəне  жүктелген  əскери  міндетке  орай,  командирлер  қурамы
қуаты аз тактикалық ядролық кару қолдану туралы мəселені дербес шешеді.
Мұнан шығатын қорытынды, кəдімгі қару-жарақ құралдарын қуаты
аз ядролық боеголовкалармен жарақтандыру автоматты түрде: егер əлдебір
себептермен  ядролық  мемлекет  тгпті  ең  төмен  деңгейдегі  жəне  қандай
болсын  елге  қарсы  жанжалға  тартылса,  ерте  ме,  кеш  пе  ядролық  қару
пайдаланылмай  қоймайды  деген  сөз  болып  шығады.  Соғыста  ереже  бола
бермейді,  сондықтан  көптеген  əскербасылар  шешуші  сəтте  дұшпанға
ядролық соққы беріп, сол арқылы өз жеңісін қамтамасыз ету ниетіне төтеп
бере алмайды ғой деп ойлаймын.
Бұл
ықтимал
қолданудың
барлық
пошымдарына:
дұшпан
мемлекеттің аумағын жаппай талқандаудан бастап, əдеттегі урыс алаңында
шоғырланған  дұшпанға  «хирургиялық»  соққы  беруге  дейінгі  түрлеріне
қатысты. Үлкеннен кішіге, жол беруге болмайтын нəрседен ойына келгенін
істеуге  дейін  —  атом  қаруы  эволюция-  сының,  оның  əмбебаптығының
салдары осындай.
Ядролық  қаруды  қолдану  аясы  кеңейе  түсуі  мүмкін.  Еске  түсірелік,
қос  полярлық  дүниеде  стратегиялық  тужырымдамаларда  ядролық  қаруды
тек  негізгі  ықти-  мал  дұшпанға  қарсы  қолдану  көзделетін.  Қазіргі  кез-  де
ядролық қару қолдану аясы бірнеше рет кеңейді. Мұндай қолдану аясы, ең
кемінде, үшеу.
Бірінші, негізгі epic — «əскери» атомды негізгі «ықтимал дұшпанға»
қарсы қолдану, əлбетте, қала береді.
Екіншісі  —  «үшінші  дүниенің»  бірқатар  елдері,  олар  не  ядролық
кеудемсоқтығын  байқатып  отыр,  не  қазір-  дің  өзінде  ядролық  державаға
айналды,  не  сыртқы  жағдай  өзгергенде  өздерінің  бұрынғы  атомдық
жобаларын оп-оңай қайта қолға ала алады.
Бірінші  жағдайда  ядролық  қаруды  не  қуатты  ескер-  ту  соққысын
беру, не ядролық объектілерді ядролық қарумен жою схемасымен ескертуші
не күн ілгері шара ретінде пайдалану көзделеді.
Екінші  жағдайда  «үшінші  дүние»  ядролық  держава-  сымен  жанжал
ахуалында  тактикалық  ядролық  қаруды  шектеулі  аумақта  бір  немесе
бірнеше рет қолдану көзделеді.
157

Ақыр  аяғында  үшіншісі  —  ядролық  қаруды  беймемлекеттік
субъектілерге  қарсы  қолданудың  қауіпті  мүмкіндігі  пайда  болады.  Олар
кімнің аумағында екеніне қарамастан. Айталық, экстремистік топ өте ірі
террористік  акт  жасайды.  Залал  шеккен  ел  өзіне  «ауыр  нұқсан»
келтірілді деп есептесе, ол тактикалық ядролық қарудың бір тұрін қолдана
отырып,  оқшау  немесе  топтық  катер  көзін  кепілдікпен  жойып  жіберу
мақсатымен  жауап  соқкы  беруі  мүмкін.  Тіпті,  террористік  катер  көзі
баспана тапқан аумақтың үкіметін ескертпестен-ақ соқкы беруі мүмкін.
Осылай,  орасан  зор  қауіп  туындап,  ол  ядролық  қару  колданыла  ма,
жоқ  па  деген  парадигма  бойынша  ықтимал  агрессордың  беймəлімділігі
факторының  жойылып  кетуінен  көрінеді.  Əдеттегі  қаруды  атомдандыру
жүйесі,  сайып  келгенде,  мынаған  апарып  соқтырады:  ядролық  қаруы  жоқ
мемлекеттер  оны  қолдану  тұрғысындағы  ұрыстық  барлау  жүргізу
пиғылына  да  ие  бола  алмайды.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  С.Хусейннің  1990
жылғы  агрессиясын  Ирактың  «шартты  дұшпанының»  жауап  қадамы
қандай болатынын байқау максатындағы ұрыстық барлау деп қарастыруға
болады. Хусейннің өзі, əлбетте, Парсы шығанағындағы жанжалды оданəрі
күшейткен жағдайда өзіне қарсы атом бомбасының колданылу мүмкіндігін
жоқка  шығарған  жоқ.  Бірақ  бұл  жағдайда  да  беймəлімділік  факторы  қала
берді.
Əдеттегі  қаруды  атомдандыру  тура  мағынасындағы  беймəлімділік
факторын  толық  жояды.  Ал  қару  таңдаудың  аймақтық  кұкығы  болтан
жағдайда, «атомдык» жауап немесе күн ілгері соққы бірден, сөзсіз беріледі.
Қазір  «оқшау»  деңгейдегі  ядролық  тежеу  тұжырымдамасының
накты  іске  асуы  жақсы  ма,  жаман  ба  деп  ой  толғауда  мəн  жоқ.  Бірақ
«жазалау»,  «ескерту»  немесе  «зиянсыздандыру»  шарасы  ретінде  əмбебап
тактикалық  атом  қаруын  іске  қосу  ықтималдығы  сан  есе  арта  түсетіндігі
даусыз.
Тежеу  стратегиясы  бірте-бірте  аймақтық,  топтық  жəне  оқшау
деңгейлерде  ядролық  қаруды  «ішінара  іске  қосу  арқылы  тежеу
стратегиясына» қарай ойысып келеді.
Сонымен  тежеу  факторы  кезінде  стратегиялық  ядролық  қару-
жарақпен  қамтамасыз  етіліп  отырды.  «Ішінара  қолдану»,  өз  кезегінде  аса
дəл  ядролық  қаруды  бір  мезгілде  немесе  белгілі  нəтижесімен  пайдалану
арқылы  қамтамасыз  етіледі,  олар:  қуаты  бірнеше  тонна  тротилдік
эквивалентке  тең,  нысанаға  лазермен  бағытталатын  прециздік  ядролық
боеголовкалар  тұрпатындағы  қуаты  аз  зарядтар,  диаметрлік  бомбалар,
радиожиіліктегі  бомбалар,  қандауырлық  боезарядтар  жəне  əлі  де  бар
158

ядролық фауна мен флораның көптеген басқа өкілдері.
Мұның мағынасы біреу ғана: қауіп дегеніңіз оны іздейтін жерде ғана
емес, оны қай жер іздесе, сол жерден төнетін қауіп те күшті.
Қос полярлықтан қос полярлыққа
Белгілі
геостратегиялық
тұжырымдамаларда
қозғалатын
мəселелердің  тереңдігіне,  олардың  авторларының  ғылыми  біліміне  құрмет
көрсете отырып, мынаны атап өтуге тиіспін: өкінішке қарай, олардың бəрі
не дүниенің құрып кетуі туралы болжамдармен, не ол болжамдарды теріске
шығарумен шектеледі.
Ол  болжамдардың  дені  былай  болып  келеді:  əлдебір  астам  держава
əлдебір  саясаттанушы  талдаушының  айтқанынан  шықпаса,  астам  держава
күйінде қала береді яғни егер басқа бір держава оңға емес, солға қарайтын
болса  немесе  басқа  бір  саясаттанушы-талдаушының  сөзіне  қулақ  асатын
болса,  онда  астам  держава  болудан  қалады  жəне  де  əңгіме  көбінекөп  тіпті
талдау  деңгейінің  өзіне  де  қатысты  болмайды,  мысалы:  «Егер  А  жəне  Б
елдері  бір-бірімен  дос  болып  алса,  С  елінің  ол  аймақтағы  күні  қараң.  Ал
егер  олар  бір-бірімен  араздаса  қалса,  онда  аймақта  үш  қабырғасы  бірдей
АБС үшбұрышын қалыптастыруға болады». Бұлғана емес.
Теориялық  жағынан  тереңдеп  кетсек,  кейбір  тал-  даушы-
футурологтар
өз
болжамдарын
логикаға
емес,
кофе
шəмбесіне
негіздейтіндей  болып  көрінеді.  Пікірі  болашақ  қатерлі  шындықпен
кездейсоқ үйлесе кететін «теоретик» дұрыс та, улы да болып шыға келеді.
Ядролық  стратегия  мен  тактиканың  кейбір  тұжырымдамалық
теорияларында  абсурдизмнің  ерекше  жоғары  деңгейіне  «қол  жеткен».
Ғылым сыңайлы теориялық түзілімдердің қалың қатпарларына қарамастан,
бұл арада ядролық түйінді қисынды да, қисынсыз да шешудің тұрен
түспеген қалың қабаты жатыр.
Мысалға,  «төзуге  болатын  нүқсан»  ұғымын  алайық.  Егер  сөз
қауызынан  арылсақ,  «төзуге  болатын  нүқсан»  ұғымының  мағынасы
мынадай:  азаматтық  жəне  əскери  шығындардың  «төзуге  болатын»  немесе
«төзгісіз»  дəрежесі  күні  бұрын  бағаланған  ядролық  жанжалда  біздің
стратегиялық тұрғыдан жеңіп шығатынымыз мүлдем күмəнсыз, өйткені біз
дүшпанға  қарағанда  көбірек  жеңіп  шығамыз.  Айталық,  100  миллионнан
«төзуге  болатын  нүқсан»  тұсында  40  миллиондай  адам  қалады,  ал  біз
болсақ  душпанға  «төзгісіз  нүқсан»  келтіреміз,  шартты  дүшпанның  100
миллион  халқынан  10-ақ  миллионы  қалады.  Ядролық  соғысты  бастай
беруге болар?
Айталық,  ядролық  қару-жарағы  мүлдем  əлсіз  мемлекетпен  жанжал
159

нəтижесінде,  астанаға  жалғыз  ғана  ойдағыдай  жауап  соққы  берілді  делік.
Астананың  жойылып,  оның  көп  миллиондық  халқының  қырылып  кетуін
«төзуге  болатын  нүқсан»  деп  санауға  бола  ма?  Сол  астананың
тұрғындарын  шағын  ядролық  соғыс  мүмкіндігі  жағдайында,  бұл  əбден-ақ
төзуге  болатын  нүқсан  деп  тыныштандырғысы  келетін  стратегке  тіпті  де
жаным аши қоймас еді.
Əрине  геостратегиялық  жəне  геосаяси  факторлар  толып  жатыр,
олардың  қаншасын  қалауыңша  келтіре  аласыз,  бірақ  соған  қарамастан,  бір
пайымдау  ғана  дəлелдеуді  қажет  етпейді:  ядролықстратегиялықжəне
тактикалық тұжырымдамалар дейтіннің бəрі — парасатты қорлау жəне түп-
түгелімен казуистика. Бірақ
Адамзат  тағдыры  соя  казуистикаға  тəуелді.  «Төзуге  болатын
нұқсан»  мен  миллиондаған  бейбіт  адамдар  тым  əр  тұрлі  категорияларға
жатпай ма?
Бақытымызға  қарай,  мемлекет  басшылары  өз  саясатында  алжасқан
теориялық  пиғылдарды  емес,  ең  алдымен,  практикалық  пиғылдарды
басшылыққа  алады.  Олар  дүние  ең  қалың,  түгел  мойындалған
монографиядан  əлдеқайда  күрделі  екенін  жəне  «Game  over»  белгісінен
кейін  (Алла  кешірсін,  ол  ядролық  соғыс  белгісі  болып  жүрмесін)  саяси
ойынды  қайтадан,  уақыттың  нөлдік  кезеңінен  бастау  мүмкін  болмай
қалады.
Мұның  бəрі,  əрине  шарттылық.  Алайда  ғаламдық  жəне  аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету режимін- дегі тенденциялар турасында кейбір
ескертпелер жа- сау қажет нəрсе.
* * *
Теориялық  тілектер  сыңарезу  болмыстың  тегеурінімен  күл-талқан
болып жатады. Осынау болмыстың көрінуі жаңа шындықтың туындауынан
— ресми ядролық державалар мен Қосылмау қозғалысы ядролық елдерінен
құралған екі жүйеден тұратын көп полярлық дүниеден байқалады.
Бір  полярлық  көп  узамай  қаусай  бастайды,  өйткені  аймақтық
державалар  санының  өсуі  жəне  олардың  анық  тəуелсіз,  өзіндік  ерекшелігі
мол сыртқы саясаты тек бір ғана, мейлі ол ғаламдық болсын, астам держава
культінің  туындауына  септесе  қоймаса  керек.  Қандай  да  бір  аймақтық
астам  державаның  өсе  түскен  əскери  жəне  экономикалық  əлуеті  сол
аймақтағы  басқа  ірі  ядролық  державалардың  позицияларын  өз-өзінен
əлсіретеді. Аймақтық ядролық державалардың тұтас бір ансамблінің пайда
болуының  тізбекті  реакциясы  сөзсіз  олардың  басыңқы  ықпалы  мен  шексіз
160

беделі  ерте  ме,  кеш  пе  өздерінің  тікелей  ықпалы  шекарасына  дейін
тарылуына апарып соқтырады.
«Үлкен  бестіктің»  жиынтық  күш  əлуеті  жекелеген  аймақтық
державаның  тиісті  əлуетінен  əлдеқайда  көп  болған  немесе  жекелеген
аймақтың  блоктық  жиынтық  əскери  əлуетімен  тең  болған  күннің  өзінде
солай болып шығады.
Бірақ  жекелеген  елдердің  даму  серпіні  көрсетіп  отырғанындай,  бұл
уақытша  қубылыс,  əсіресе  қоғам-  ұлт  алдына  əскери  күшті  шектен  тыс
күшейту  міндеті  қойылғанда  солай  болады.  Нəтижесінде,  өз  ықпалын
жаппай тарату мүмкін еместігін түсіне отырып, жекелеген аймақтық «күш
орталықтары»,  ең  болмағанда,  нобайлап  болса  да,  əскери  паритетке  қол
жеткізу мүмкін нəрсе деп ойлап, осынау бұлдыр мақсатқа жету үшін тиісті
күш-жігер жұмсайтын болады.
Сөйтіп  халықаралық  құқық  тұрғысынан,  əлемдік  балансқа  ядролық
əлуетке  ие  елдердің  екі  катего-  риясының  болуы  есебінен  қолжетеді.
Біржағынан, бұл заң жүзінде де, іс жүзінде де ядролық қаруы жəне тиісінше
зымырандық-авиациялық кешені бар елдер жəне екінші жағынан, ядролық
əлуеті іс жүзінде бар бірқатар елдер.
Бірінші категорияға ядролық державалар — Таратпay туралы шартқа
қатысушы,  оның  инициаторы  болтан  елдер,  атап  айтқанда,  АҚШ,  Ресей
Федерациясы,  Қытай,  Франция  жəне  Ұлыбритания  жатады.  Яғни  заң
жүзінде де, іс жүзінде де ядролық қару бар (Шарт шеңберінде) елдер.
Екінші  категорияға  ядролық  қаруы  бар,  бірақ  Таратпау  туралы
шартқа  қатыспайтын  елдер,  атап  айтқанда:  Үндістан,  Пəкстан,  Израиль
жатады.  Яғни  ядролық  қаруы  болғандықтан,  Таратпау  туралы  шартқа
кереғар  тұратын  қосылмаған  елдер.  Болашақта  бұл  ядролық  блокқа
бірқатар  «табалдырықта»  турған  елдер,  мысалы,  Бразилия,  Солтүстік
Корея, Ирак, Иран жене т.б. елдер қосылуы мүмкін.
Қазір  булай  жіктеудің  шартты  екені  туралы  бақайшықтап  айтып
жатудың,  оның  үстіне  осы  екі  санатты  бір-біріне  қарсы  қоюға  тырысудың
қажеті  шамалы.  Əрине  бір  жағынан,  осынау  екі  блоктың:  «шартқа
қатысушылар»  мен  «қосылмағандардың»  ядролық  əлуеттері  салыстыруға
келмейтіні анық. Таяу уақытта қосылмаған блоктың ядролық əлуеті шартқа
қатысушы  блоктың  тиісті  əлуетіне  маңайлай  қоймас.  Қару-жарақтың
кəдімгі түрлеріне байланысты жағдай да солай.
* * *
Бірақ  мұның  бəрі,  қайталап  айтайын,  таяу  бола-  шақтағы  жағдай.
161

Арғы  болашақта  аталған  екі  блоктың:  Ядролық  қаруды  таратпау  туралы
шарттағы  жене  Қосылмау  қозғалысындағы  блоктардың  «ядролық»
əлуетіндегі  айырмашылық  едəуір  қысқаратын  ахуал  сөзсіз  туындайды.
Ядролық паритетке қол жеткізудегі елеулі факторлар мыналар болады:
1. Ядролық  қарудың  негізгі  иелері  —  АҚШ  пен  Ре-  сей
арасындағы  Стратегиялық  шабуыл  қаруын  (СШҚ-3)  шектеу  шарты
шеңберінде, ядролық қаруды шектеу жөніндегі процестің жалғастырылуы.
2. Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шарттың  ядро-  лық  қаруы
бар бір мүшесінің əлеуметтік-экономикалық сипаттағы себеппен бір жақты
ядролық қарусыздануы, сөйтіп ЯҚТШ ядролық əлеуетінің кемуі.
3. Таратпау  туралы  шартқа  қатысушы  елдердің  арасында,  олар
Шарттың негізгі принциптеріне бұлжытпай адал болған жағдайда, ядролық
экспансияны кеңейтудің мүмкін еместігі.
4. Жаңадан  туындаған  геосаяси  ахуал  ықпалымен  ЯҚТШ-ға
қатысушылардың бөлінуі, оның нəтижесінде жекелеген жеткілікті дамыған
елдер  тактикалық  ядро-  лық  каруға  ие  болу  кажет  деп  ұйғаруы  мүмкін,
мұның өзі олардың Шарттан автоматты түрде шығуына апарып соқтырады.
5. Қосылмау  қозғалысындағы  ядролық  қарудың  негізгі  иелері
Үндістан  мен  Пəкстан  арасында  аймақта  ядролық  жанталаса  каруланудың
жалғасуы.
6. Қазіргі
кезде
«табалдырықтағы»
жəне
«табалдырық
алдындағы»  елдер  санатында  жүрген,  Таратпау  туралы  шартпен
байланысты  емес  немесе  өзінің  болашағын  ЯҚТШ-ға  одан  əрі  мүше
болумен  байланыстырғысы  келмейтін  елдер  есебінен  жаңа  ядролық
державалардың пайда болуы.
7. ЯҚТШ
елдерінің
бірқатарының
табалдырық
деңгейіне
жақындауы.
Осы  тұрғыдан  алғанда  Таратпау  туралы  шарттың  өзінің  келесі
«мерзімсіз»  ұзартылуына  аман-есен  жетуі  екіталай  жəне  осы  заманғы
ахуалдың өзіндік бір анахронизмі, өткен ғасырдың реликті болып көрінеді.
Сөйтіп мынаны атап көрсетуге болады: бұрын қалыптасқан «НАТО
—  Варшава  шарты»  қос  полярлық  ядролық  тайталас  объективті  түрде
ЯҚТШ-ҚҚ  ядролық  тайталасымен  алмасады,  онда  ішкі  қарама-қайшылық-
тарды  қысқа  мерзімді  «көп  полярлық»  реттеу,  сандық  дисбаланс  жəне
айдан анық атомдық паритетнее бірте- бірте жету кешені болады.
Мұндай  жағдайда  жаппай  қарусыздану  процесі  біржола  демесек  те,
ұзақ уақытқа тежеледі. Блоктық тайталас психологиясы ұдайы қарусыздану
желкесіне  төнеді  де  тұрады,  өйткені  ірі  əскери-саяси  одақтар  мен  блоктар
162

бар  кезде  немесе  ондайлар  əбден  ықтимал  кезде  атомдық  əлуетті  нақты
қысқарту жəне ұжымдық ядролық қауіпсіздік мүмкін емес нəрсе.
* * *
Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шарттың  толық  əмбебаптығына
қол  жеткізуден  оның  «мерзімсіз  жəне  сөзсіз»  ұзартылуына  қарай  ойысу
ғаламдық жəне аймақтық қауіпсіздік режимін түбегейлі өзгертіп жіберді.
ЯҚТШ-ның  «мəңгілігі»  көз  жетер  болашақта  ядролық  қарудың
халықаралық саясатта қуатты да пəрменді құралы болуын тоқтатпайтынын
көрсетті.
Ядролық
қаруды
жетілдіру
процесін
таяудағы
болашақта
тоқтатудың мүмкін еместігі нақты көрсетілді.
1995 жылғы Конференцияда жарияланған əмбебаптық жағына қарай
ойысу көзге көрінерлік, сындарлы пошымға ие бола алмай-ақ қойды. Ол-ол
ма, Қосылмау қозғалысының кейбір елдерінің іс жүзіндегі ядролық статусы
мүлдем  еленбей  қалды.  «Мəңгілік»  шешім  əлемдік  аренада  даму  мен  жаңа
экономикалық  пропорциялардың  орнығуының  серпінді  процестері  1968
жылы  жасалған  ЯҚТШ-ның  консервативтік  құрылымымен  мүлдем
үйлеспейтіндігін анық көрсетті.
Бірақ  аймақтық  қауіпсіздіктің  күшінде  болатын  механизмы  оның
əмбебаптығынсыз қамтамасыз ету мүмкін емес. Қауіпсіздіктің нақ əмбебап
жүйесі  ғана  екі  қыры  бар  міндетті:  ғаламдық  жəне  аймақтық  қауіпсіздікті
қамтамасыз ету міндетін шеше алады.
Осынау  жағдайларды  ескере  отырып,  мынаны  атап  көрсетуге
болады:  ғаламдық  жəне  аймақтық  ядролық  қауіпсіздіктің  неғұрлым
пəрменді режимін қамтамасыз ету үшін Ядролық қаруды жаппай көлденең
жəне тік таратпау туралы жаңа əмбебап шарт жасау қажет.
Ол  əмбебаптық  принципіне  толық  сай  келетін,  жаңа  шындықтың
пайда  болуын  жəне  ядролық  қару  эволюциясын  ескеретін  Шарт  болуға
тиіс.
Тұжырымдамалық  жағынан  ондай  шарт  жаппай  жəне  сөзсіз
əмбебаптық  негізіне  құрылуға  тиіс.  Яғни  келіссөз  процесіне  барлық  елдер
түгелімен қамтылатын парасатты мəміле пошымы іске асырылуға тиісті.
Жаңа  Шарт  шеңберінде  ядролық  қаруды  қысқарту  паритеттік  емес,
пропорциялық  негізде  жүргізілуге  тиіс.  Қазіргі  заманғы  ядролық  қарудың
күші  мен  қуаты  сондай,  ғаламдық  қатер  оның  санында  емес,  ядролық
қарудың  болуының  өзінде.  Пропорциялық  схемада  тиісті  «ядролық
əлеуеті» бар барлық елдердің атом қаруы қысқартуға жатады.
163

Паритеттік қысқарту жағдайында қарудың жойылатын бөлігі бірдей
жəне оның тиісті жақтардағы санына тəуелді емес. Пропорциялық схемада
төмендететін  коэффициент  енгізіліп,  ядролық  қаруды  қысқарту  соған
сəйкес  жүргізіледі.  Айталық,  А  мемлекетіндегі  ядролық  кару  саны  1000,  Б
мемлекетінде — 500.
2-ге  тең  төмендететін  коэффициент  жағдайында  А  мемлекетінде
500,  Б  мемлекетінде  250  ядролық  қару  қалады.  Яғни  екі  ел  де  ядролық
қаруды сақтап қала- ды, бірақ ядролық. қаруы көп ел тиісінше оны көп қыс-
қартады.  Мундай  схема  сондай-ақ  тұрпатына  қарай  атом  қаруын  жеткізу
құралдарына да қатысты болады.
Бұл
орайда,
мұндай
схема
қолданылғанда,
қаржы-қаражат
тұрғысынан, ядролық қаруды жою жөніндегі шығынның əділ пропорциясы
сақталады.
Шартта  көлденең  жəне  тік  кеңейтудің  толымды  мағынасы  айқын
ұғымдары  болуға  тиіс  жəне  олар  сөзсіз  ЯҚТШ-ның  1  жəне  2-  баптары
секілді басыңқы баптар ретінде енгізілуге тиіс.
Көлденең  таратпау  ұғымы  айқын  да  даусыз  ядролық  таралудың
барлық  түрлеріне:  ядролық  қару  мен  қарулық  мəні  бар  бөлінгіш
материалдарды  беруге,  ядролық  қаруды  үшінші  елдерге  сатуға,  ядролық
қаруды  шарттық  негізде  беруге,  ядролық  қаруды  басқалардың  аумағына
орналастыруға, таратудың басқа пошымдарына тыйым салуға тиіс.
Тік тарату ұғымына ядролық қаруға ие мемлекеттер ядролық қаруды
жетілдірмеуге (сапалық тарату) жəне жиынтық қуатты ұлғайтпауға (сандық
тарату) міндеттенетінін қамтуға тиіс.
Өйткені  ядролық  қаруды  кез  келген,  барынша  дəлелденген  тік
тарату  сөз  жоқ  оның  көлденең  таратылуына  жетелейді.  Ағаш  жоғары
тырмысып  өседі,  бірақ  оның  діңі  мен  бұтақтары  барған  сайын  көп  жерді
бүркей бастайды.
Ядролық  қаруды  тік  жəне  көлденең  таратпау  туралы  жаңа  əмбебап
шарт  қабылдаудың  алғышарттары  ретінде  оны  даярлауға  дүние  жүзінің
барлық  мемлекеттерін  (ресми  жəне  бейресми  ядролық  елдерді  де,  ядролық
қарусыз елдерді де) тарту үшін парасат- ты мəмілелер табу қажет.
Ядролы   арусыз д ние  урылымы
XXI  ғасыр  дүниесі  көп  полярлық  дүниеге  айналды.  Көп  ядролық
дүниеге айналды. Ал ғаламдық жəне аймақтық қауіпсіздік жүйесі бұрынғы
күйінше қалды. Біз жаңа ғасырға ескіше ой жүйесінен арылмай аттадық.
164

«Түйеқұс»  саясаты  жəне  жиып-терген  «атомдық»  позициямызды
бергіміз келмеу бізді ядролық егестің жаңа, ғаламдық деңгейіне жетелейді.
Бірақ  ең  үлкен  қауіп  мынада:  біз  өз  күшімізді  ядролық  қарусыз  жол-  мен
жүруге емес, тайталастың жаңа айналымына да- ярлануға жұмсап келеміз.
Ядролық  жанжалдардың  болжамды  схемалары  аймақтық  жəне
шектеулі жанжалдарды шешудің стан- дартты схемаларына айналып кетті.
Егер  адамзатқа  қатал  сабақ  керек  болса,  соның  күні  тууының  нақты  қаупі
төніп  тур.  Бірақ  оның  қажеті  бар  ма?  Тек  қасіретті  тəжірибе  ғана  қимыл
нұсқауы болғаны ма? Олай болмас деп үміттенемін!
Таңдау  оншалық  көп  те  емес.  Не  сайып  келгенде  нақты  шынайы
жаппай  ядролық  қарусыздану,  не  ерте  ме,  кеш  пе  аймақтық,  содан  кейін
ғаламдық деңгейдегі ядролық Ақырзаман!
Ұжымдық  күш-жігер  əлеуеті  сарқылып  болған  жоқ.  Керісінше,
ғаламдық  жəне  аймақтық  жалпыға  бірдей  қауіпсіздік  режимін  жасау
процесіндегі  ең  утымды  жол  «күш»  ой  ағысын  жеңе  білуде  ғана  жатқан
жоқ.  Оның  негізінде  бесенеден  белгілі,  бірақ  ең  пəрменді  схема  Адам  мен
Адамзат  өмірі  бəрінен  де  қымбат  екендігі  жатыр.  Сан  рет  құртып  жіберу
емес, сенім, өзара түсіністік жəне бейбіт реттеу ауанын сан рет еселей түсу
қажет.
Əркім  Бұл  міндетті  өзінше  шешеді:  не  мақұл,  не  жоқ.  Не  қолдан
жасалған егес, не табиғи пацифизм.
Біздің  егеменді  республикамыз  Қазақстан  да  бұл  міндетті  өз
түсінігіне жəне ниетінің шынайылылығына сəйкес шешуде.
Бізде  ядролық  қарусыз  дүниені  орнатуға  бағытталған  өз  жолымыз
бар,  ол:  бейбіт  болашақ  жолындағы  нақты  қадамдар  жəне  өзара  сенім  мен
«мерзімсіз,  сөзсіз»  бейбіт  реттеу  тұжырымдамасы.  Қазақстан  ЯҚШТ
шеңберіндегі  халықаралық  ядролық  қатынастар  жүйесіндегі  жəне
халықаралық қауіпсіздік жүйесіндегі əлемдегі бірегей ел, онда бір мезгілде
ядролық  қару  иелену  құқығы  бар  жəне  сайте  тұра  оған  ие  болу  қуқығына
ие  емес!  Заманымыздың  жəне  бейбітшілік  пен  күш  қолданбау  пайдасына
жасалған саналы таңдаудың бір əнтектігі осындай.
Жаңа мыңжылдықтың басталуы - біздің тəуелсіздігіміздің он жылы.
Əлемнің көптеген мемлекеттерінің қаз тұруының көп ғасырлық жəне тіпті
мыңжылдық  классикалық  жолын  бойына  сіңірген  он  жылдық.  Уақытша
əрі-сəріліктің  он  жылы,  оның  барысында  біз  шаруашылықты  жүргізудің
толық  тоталитарлық  жүйесінен  көп  турпатты  экономикаға  дейінгі,  орасан
зор  ядролық  əлуеті  бар  елден  ядролық  қарудан  толық  ада  мемлекетке
дейінгі жолдан өттік.
165

Журт бұрынғы таптаурын ойлардан арылды, масылдық пиғылдарды
серпіп  тастады  жəне  демократиялық  құндылықтар  мен  институттарды
қалыптастырып,  дамыту  жолымен  жүріп  келе  жатқан  ашық  қоғамның
толыққанды мүшесі екендігін сезіне бастады.
Азаматтық  тыныштық  пен  қоғамдық  татулық  ғана  өзгерген  жоқ.
Біздің  дүниетанымымыздың  негізі  -  Қазақстан  аумағында  жанжалды
өрістету мүмкіндігінің
мүлдем  жоқтығы.  Бейбітшілік  пен  біздің  елде  жанжалдың  болмауы
мемлекеттік саясат дəрежесіне көтерілген.
Бейнелеп  айтқанда,  өз  басым  сыйлайтын  стратегтер  мен
саясаттанушы  ғалымдардың  ғаламдық  жəне  аймақтық  жанжалдар
жөніндегі  классикалық,  сондай-ақ  осы  заманғы  теорияларының  бірде-
бірінің  Казак-  стан  жерінде  жүзеге  аспағанына  шын  жүрегіммен
қуаныштымын.  Біздің  қазақстандық  дүниетанымымыз-  дың  ерекшелігі,
біздің халық ретіндегі кемеңгерлігіміз осында.
Қазақстанның  ядролық  қарулы  болуының  аты  шулы  нұсқасы
Қазақстан  ұлтының  бейбітшіл  де  салауатты  халық  ретіндегі  сана-сезімін
толығымен  құртып  бітіретін  еді.  Біздің  көне  ауыз  əдебиетіміздің  бір  ғана
кемшілігі  -  онда  болашақ  дүниенің  апокалипсистік  сценарийінің  елесі  де
жоқ...
Біздің сыртқы саясатымыз - еуразия суперконти- нентіндегі орталық
мемлекеттің  саясаты.  Бұл-  аумақ-  тық  қауіпсіздік  пен  сыртқы  қатердің
алдын алудың «үш сақиналы» саясаты.
Қауіпсіздіктің  бірінші  сақинасы  -  көп  векторлы  саясат,  соның
арқасында  Қазақстан  Республикасының  əлемнің  бірде-бір  еліне  ешқандай
өкпесі  жоқ  жəне  ол  сыртқы  мемлекеттер  тарапынан  қазір  бар  жəне  ықти-
мал талаптарды бейбіт реттеу саясатын ұдайы жүргізіп отырады.
Екінші  сақина  -  Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шартқа  қатысу,
соның  арқасында  біз  ядролық  қарусыз  мемлекет  ретінде  сыртқы  ядролық
қатер тарапынан төнетін қауіпсіздікке нақты кепілдіктеріміз бар.
Үшінші  сақина  -  өзіміздің  жеткілікті  əскери  əлеуетіміз  жəне
жапсарлас мемлекеттермен қорға- ныстық блоктар мен келісімдердің тұтас
бір кешеніне қатысу.
Біз  ядролық  сауыт-сайманымызды  өткен  ғасырда  қалдырдық.
Мемлекет пен этностың шын күші мен қуаты оларды жалпы жұртқа айбар
етуде  емес,  олар-  ды  «қолданбауда».  Бұл  біздің  мемлекеттілігіміздің,  ха-
лықтық кемеңгерлігіміздің жəне ақыр аяғында:
«ҰДАЙЫ БЕЙБІТШІЛІК - өлеуметтік-
166

экономикалық прогресс, негізгі, этносаралык,
татулык, салдары, ғаламдык, жəне
аймақ, тық. кірігу факторы"
деген ұлттық идеямыздың өзеп.
Үлттық
экономиканың
қаз
тұруының,
дəстұрлі
үлтаралық
татулықтың  жəне  басқа  елдермен  тату  көршілік,  өзара  пайдалы  қарым-
қатынастың  қажетті  элементі  ретінде  берік  те  іргелі  бейбітшіліксіз
мемлекеттің ба- қытты болашағы жоқ, болуы да мүмкін емес.
Эпилог
Өз  ғұмырымда  əлемнің  талай  түкпірін  көру,  əлемнің  сан  алуан
қиырларын шарлау бақытына ие болдым. Адам дүниенің аңызға айналған
барлық жеті ғажайы- бының тарихын білуі, бірақ ең басты да шын ғаламат-
ты:  дүниенің  сан  алуан  сырларын  білмеуі  мүмкін.  Ежелгі  дəстүрлер  мен
«технотрондық»  ландшафттың  ғажайып  астасуынан  таңғаларлықтай
тоқылған  қазіргі  Токио.  Нақ  бір  аквариумдағыдай  барлық  елдер  мен
халықтардың  өмірін  көруге  болатын  дулы  да  ала-қүла  Нью-Йорк.
Моцарттың  музыкалық  гармониясының  ма-  териалдық  іске  асуындай
көрінетін  Венаның  тамаша  панорамасы.  Тропика  күнінің  аптап  сағымына
бөлен-  ген  сан  əлпетті,  халық  қүжынаған  Дели.  Тіпті  де  сал-  қын  да
сабырлы  емес,  қайта  бояуы  мың  қүбылған,  ашық-жарқын  Лондон...
Қысқасы, бүкіл дүние алақа- ныңдағыдай...
Содан
бір
байқағаным:
көрікті
жерлер
мен
мəде-
ниет
ескерткіштерінің,  сарайлар  мен  қарапайым  бас-  паналардың,  жолдар  мен
алаңдардың,  тұрғын  үйлер  мен  қызмет  ғимараттарының  маңдай  алды  мен
аула-  ларының,  храмдар  мүнараларының,  телеорталықтар  мен  құрылыс
крандарының  осынау  алуан  көріністері  арасында  бір  ғана  нəрсе  -
дуылдасып  ойнап  жүрген,  ештеңені  ойлай  қоймайтын,  еркетотай  балалар
барлық  жерде  бірдей.  Əлі  проблемаларға  тап  болмаған,  дүниені  атом
секілді бөлінбейтін нəрсе деп білетін балалар.
Мен  жыл  сайынғы  міндетті  кездесулерден  баска,  көп  елді
аралаймын жəне күн сайын дерлік отандаста- рыммен кездесіп тұрамын, ал
каникулдар  кезінде  үздік  мектеп  оқушылары  Президент  сарайына
экскурсияға əкелінеді. Кейде мен балалардың табиғи мінез-құлқын алыстан
бақылай аламын.
Міне,  қазір  де,  резиденциямның  əсем  шарбағы  маңында  бір  топ
баланың бірдеңені ақылдасып жатқанын кабинетімнен көріп турмын.
Бəкене  бойлы  бір  бала,  тегінде,  сол  топтың  серкесі  болар,  аузы
167

аңқайып қалған басқаларына бірдеңені дəлелдеп жатқандай. Ақыр аяғында
басқаларды көндіре алмаған болуы керек, жолдастарынан бөлініп, қойнына
бірдеңені тықты да, шарбаққа қарай беттеді. Оны көзімен шығарып салған
басқалар  кенет  ұшып  тұрып,  жолдасын  күтпестен,  айқай  салып  тырқырай
жөнелді.  Батыл  баланың  жүзінен  толқынысы  білініп-ақ  тұр.  Қойнынан  ақ
түсті,  дөңгелек  бір  нəрсені  алып,  бала  оны  шарбақтан  асыра  лақтырды  да,
зыта жөнелді.
Бірақ заттың баяу, ұзамай ұшуына қарағанда оның тас та емес, тіпті
теннис  добы  да  еместігі  байқалып  тұрған.  «Барып  келші,  не  екен?»  деп,
қызметкер- лерімнің бірін жіберіп едім, көп ұзамай ол умаждалған бір парақ
қағаз  əкелді,  ішкі  бетіндегі  жазу  «Президентке!  «  деген  сөзбен  басталады
екен. Хатқа қол да қойылыпты, тек оның жеткізілу амалына ғана таңғалуға
болатын еді...
Дүние  иллюзиядан  айырылу  заңымен  өмір  сүріп,  өзін  сол  арқылы
таниды.  Əрқайсымыздың  осынау  шындық  елесімен  өз  дауымыз,  алдамшы
əсерлер билігінен құтылудың өмірбаянымызға қатысты драматургиясы бар.
Бірақ жағдайға қарай өзгеріп отыратын, субъективтілік жағынан қалауына
құлайтын  біздің  түйсігіміз  бізді  қаншалық  мазақ  еткенімен,  көзіміз
ашылатын күн бəрібір туады жəне де бұл күн қанша- лык, тез туса, «көрген
күніміз де, ойлаған ойымыз да бурые екен...» дегентəуба арқылы құтқарылу
мүмкіндігі  де  мол.  Бірақ  тағдыр  таразысының  табағында  дүниенің  бар
алтыны бақыт туралы көнермес ақиқаттардың: аман-сау, саналы еңбекпен,
жаратқанға  ма-  хаббатпен,  өзіңмен,  өзің  секілділермен  тату  өмір  сүру
секілді
ақиқаттар
сəулесімен
құнсызданып
біткенше,
біздің
ағаттықтарымыз  -  жалаң  аяқ  біреудің  сорына  шөп  арасында  умыт  қалған
қол  орақ  секілді  -  бір  адам-  ға  зиян  тигізіп  қана  қоймай,  бүкіл  адамзатты
ақсаңдауға  мəжбүр  етуі  мүмкін.  Мұның  үстіне,  американ  ядролық
бомбасының  атасы  Эдвард  Теллер  ызамен  əзілдегендей,  «адамдардың  өз
қателіктерінде таппайтыны жоқтығы соншалық, ол қателіктердің бəрін күні
бұрын ескеру мүмкін емес».
«Заманың  түлкі  болса,  тазы  боп  шал»  деген  қазақ  мəтелі  Мишель
Фуко  мен  Мартин  Хайдеггердің  гума-  нитарлық  «жаңалықтарынан»  көп
бұрын  дүниеге  келген,  жалпы  қазақ  фольклорында  жер  бетіндегі  өмірге
«дүние-жалған», «дүние-боқ», «алдамшы дүние» секілді қатаң анықтамалар
жетіп жатыр.
Бұл мағынада алғанда өзінің күнтізбелік шегінде «опат» болтан XX
ғасыр уақыт пен кеңістік арнасында
жылжып  өтіп  жатқан  тарихтан  гөрі,  кеңістік  пен  уақыттың
168

бейберекет  шашырандылығына  шекаралар  мен  терминдер,  ауқым  мен
бөлшектер  беріп,  оларды  жеміріп,  қақыратып  бітетін,  қайтадан  жасайтын,
адам  санасының  стохастикалық  гейзеріне  көбірек  ұқсайды.  Бірақ  бір
жұмбақ  мынадай:  парасат  «белсенді  еткен»  Тарихтың  бірбағыттылығына
кереғар,  «енжар»  Уақыт-  Кеңістік  өзінің  мағынасыз  жəне  ешқандай  пайда
көздемейтін,  бей-берекет  сенделісін  жалғастыра  беру  үшін,  былай
қарағанда,  талмау  жерден  шап  берген  қолдан  жылп  етіп  шығып  кету,
босанып алу үшін бəрін де істеуге ұмтылады, онысы сəтсіз де емес.
Осынау айланың арқасында ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысында ғаламдық
қоғамдастық  болмысқа  өз  қатынасының  екі  тұрінің:  шындықты
бейнелейтін  түсініктер  мен  шындықты  жасайтын  түсініктер  арасындағы
тұзаққа тағы түсті.
Көптеген  армандардан  озып  кеткен,  көбін  ақтай  да  алмаған  XX
ғасыр планета тарихында ядролық дəуірдің тұңғыш бетін ашты,  ал мұның
өзі  оның  қулық-  сумдыққа,  естен  тануға,  ерекше  оқиғаларға,  қулақ
естімеген оқиғаларға толы болғанын асқындыра түсті.
Бұл  оқиғалар  шектеулі,  аймақтық  немесе  ғаламдық  мəнімен
дараланады,  бірақ  нəтижелер  мəліметі  алғашқы  ядролық  ғасырдың  басты
мазмұндық  қасиетін  қорытуға  мүмкіндік  береді:  зат  пен  оның  орамы
арасындағы,  саяси  шындықтың  мəні  оның  сыртқы  көріністерінің
арасындағы жанжал оның негізгі өзегі мен серіппесіне айналды.
Кеңістіктік-уақыттық  былық  XX  ғасырда  да  тарихтың  менмен,
тəкəппар  «жасаушылары»  мен  «авторларын»  тағы  да  мазақ  етіп  кетті:
жүзжылдықтың  аяғына  қарай  оның  құмсағаты  кенет  аударылып  түсіп,
ондағы  «құм  түйіршіктері»  мүлдем,  ешкім  күтпеген  түрде  орналасты.
Осынау  аударылып  түскен  конфигурацияда  қубылыс  өзін  əу  бастан-ақ
қате,  қисынға  кереғар  устап,  бір  қиырдан  бір  қиырға  аунақшумен  болды.
Бірақ  шымылдық  біржола  жабылғанға  дейін  болып  жатқан  оқиғалардың
мəнін  əшкере  ететін,  қатысушы  адамдар  мен  жағдайдың  шын  мағынасын
ашып  беретін,  болған  өзгерістердің  сапасын  түсіндіретін  жəне  процесті
қалыпқа түсіру нобайын усынатын сол бір бетбұрыс болуға тиісті еді.
Егер қазіргі Жұмыр Жер өркениетін біз антроптық жəне техногендік
деп  сипаттасақ,  ал  оның  «бағдарламалық  кодын»,  «даусыз  миссиясын»
жəне  «аман  қалу  модусын»  адамзаттың  энергетикалық  ізденістерінен
қарастырсақ,  онда  XX  ғасырдың  басты  сюжеттік  өзегі,  барлық
нышандарына  қарағанда,  ядролық  материалдар  мен  технологияларды
ашып,  оларға  ие  болу  жолындағы  күрестің  жайы  мен  зардаптары  болып
шығады.
169

Ton  аралық,  оның  үстіне  өркениет  аралық  жанжалдар  жағдайында
«Біз  -  жақсымыз...»  деген  аңыз  əрбір  қоғамның  ішінде  қаһармандыққа
умтылысты  күшейтеді,  бірақ  оның  төтенше  ахуалдың  шырқау  шыңында
елеусіз бола кетіп, əсіресе «шекаралық», «жазмыштық» ахуал туғанға дейін
тотықұстай құлпырып кететін оқыс бір қасиеті бар.
Қос  полярлық  дүниенің  айқасы  да  батырлық-романтикалық
идеяларымен,  себептерімен  көзгетүсті.  Алайда  одан  батырлық  эпос  та,
рыцарьлық  роман  да  туындаған  жоқ.  Спектакльдің  аяғына  қарай
баһадүрлер  зымзия  жоғалып  кетті: əлде  жүз  шайыспай  мəмілелескен
болар,  əлде  сауыт-сайманын  сатып  жіберіп,  нан  мен  сауық  іздеген  тобыр
ішіне  сіңіп  кеткенболар.  Бəлкім,  абдырап  қалған  тарихшылар  «Тарихтың
соңын»  ертерек  жариялап  қойған  болар,  əйтеуір  жанрларды  уақытына  сай
алмастыру орнына, оларды бытыстырып жіберу нақ осы түста орын алды.
Кезінде Готфрид Германн: «Екі іс: лексикон мен грамматиканы жазу
-  бəрінен  қиын»  деген  екен  кемеңгерлікпен,  оның  осынау  өсиеті  тек
лингвистикаға  ғана  жүрмейді.  Осынау  жүктен  қорыққандардың  несібесі  -
кəдімгі азғындау, тілдегі мүкістік пен түсінбеу. Бүгіндері де «қырғи қабақ»
соғыстың,  тіпті  одан  арғы  көне,  тағылық  ахуалдардың  күні  өткен  фра-
зеологиясының «үлгілері» аттаған сайын кездеседі.
XXI  ғасыр  тұрғындарының  арасында  «Бейбітшілік  -  біздің  басты
жеңісіміз»  секілді  сөздер  қүлағына  май-  дай  жағатындар  жеткілікті.  Бұл
арада  гəп  алынған  білімнің  кінəраттығында  емес,  байқап  қараңыз,
бейбітшілікке  соғыс  арқылы  қол  жетеді,  ал  соғыс  дегеніңіз  бейбітшілікті
орнықтырудың  құралы  дегенге  саналы  сеніп,  ойсыз  қайталай  беруде.  Гəп
түндегі  түстердің  жылы  төсегінен  тұра  салып,  атқан  таңның  сыздауыт
самалына кеуде тосудан тайсақтауда.
«Сатылық»  кереғарлықтармен  «уақыттағы  тесіктер»  құбылысы
мынадан  да  көрінеді:  «табалдырықтағы»  жəне  «ядролық  клубтың»
сарыауыз  мүшесі  атанған  елдерде  өздерінің  жаңа  туған  зымыран-бомба
аталары  ұлттық  батырлар  ретінде  құрметтеліп  жатады,  ал  кексе  ядролық
елдерде, əсіресе атом апатынан зардап шеккен елдерде Клаузевицтің соғыс
-  саясаттың  жалғасы  деген  қағидасына  ере  берудің  қажетсіздігі  түсініле
бастады.
Бірақ  қатерді  азайту  жолына  түскен  мемлекет-  тердің  өзінде
«шыбын»  қағудан  қорланатын  «бүркіттер»  бар,  оларды  халық  тышқан
ұстамайтын мысықтарға оглодай ұқсатады.
Мұражайдан  қашып  шыққан  тулып  сияқты  көрінуден  ұялмай,
өздерінің қатып қалған көзқарастарын осы заманға таңуға тырысатындарға
170

«шығып бара жатып, дəуір есігін жаба кетіңіздер!» дейтін уақыт жетті.
Консервативтік  категориялармен  ойлап,  дүниені  ақ-  қара  бояумен
ғана  көрудің  Прокрустқа  лайық  мəнері  үлкен  саясаттан  əлі  де  аласталған
жоқ.  Саясаткер-  лердің,  дипломаттардың,  сарапшылардың,  журналис-
тердің  кəрі  де,  жас  та  тұтас  бір  армияларының  ең  жаңа  құбылыстарды,
фактілер  мен  үрдістерді  құны  əбден  кетіп,  лайланған  призма  арқылы
қарастыратынын  көру  ыңғайсыз-ақ.  Бұл  моральдық-психологиялық
климаттағы  түнекті  де  қоюлата  түседі,  онда  дауласушы  жақтар  қараса  да
көрмейді,  бірдеңені  айтады,  бірақ  сөйлемейді,  тыңдайды,  бірақ  естімейді,
жанасады, бірақ сезінбейді жəне олардың уəждері бір-біріне дарымайды.
Өзінің
ядролық
қарусыз
практикасымен
Қазақстан
саяси
пікірлесудің  ділгер  тиімді  құралын  жасап  қана  қойған  жоқ,  оның  кəдеге
жарайтынын  да  ойдағыдай  көрсетуде,  дегенмен  біз  ол  жолдың  басында
ғана тұрғанымыз анық.
Бұл  орайда  тұжырымдамалық  жəне  үлгі  ретіндегі  тартымдылық
мынада:  терістеуді  (күнделікті  өмірде  қирату,  шығын  жəне  ажал  деп
аталатын) терістей отырып, біз қазіргі дүние қандай болмауы керектігі
туралы  айтпаймыз  (бұл  үшін  ас  ішіп,  аяқ  босатудан  басқаны
білмейтін  саясатшылар  мен  көкмылжыңтаксистер  жеткілікті),  ол  қандай
болуы  керектігін  айтамыз  жəне  оны  өз  басымыздан  өткен  схемалармен,
бағдарлармен, эталондармен, өлшемдермен бекіте түсеміз.
Өз  кітаптарымның  бірінде  халқымның  тарихи  тағдыры  туралы  ой
толғай  келіп,  қазақ  ұлты  өзінің  өткен  тарихының  бірде-бір  беті  үшін
ұялмауға хақылы деп жазғаным бар. Тəуелсіз дамуымыздың 10 жылы өткен
бүгіндері мен Қазақстан Республикасының көп ұлтты халқының дүниенің
алдында ұялатын, қысылатын жəне ақталатын себебі жоқ дей аламын.
Біз  өзіміздің  ядролық  үрейімізден  арылдық  жəне  біздің  тараптан
қауіптенгендердің бəрін ондай үрейден арылттық.
Біз  өз  жерімізде,  өз  жүрегімізде  жəне  ойымызда  реализмге  орын
дайындап, елестен арылдық.
Біз  еліміздің  жаңа  ядролық  қарусыз  тарихын  жасадық  -  əлемдік
қатерден қалай биік тұрудың жаңа хикаяттық дəстұрін бастап бердік.
Бірақ  бұл  тарих  оны  тыңдайтын  да  талқылайтындар  шеңбері
болғанда,  сөз  өзінің  ғұмырын  ұжымдық  сана  мен  қызметте  жалғастыра
алғанда ғана толыққанды.
Ядролық қарусыз геосаяси риторика жаңарып келе жатқан дүниенің
бүкіл  үшінші  мыңжылдықтағы  қауіпсіздігін  бекітетін  материалдар  мен
аспаптар сомдалып, жинақтала беретін үстахана болуға əбден лайық.
171

Егер  сіз  өткеннің  бет-жүзін  көргіңіз  келсе,  археологиялық  қазба
орындары  мен  кітапханалар  тынышты-  ғына  асықпай-ақ  қойыңыз.  Біздің
өткеніміз біздің өз бойымыздағы ескі мен жаңаның күресінде, мəңгілік пен
бір сəттіліктің бəсекесінде жатыр.
Егер  сіз  болашақтың  бет-жүзін  көргіңіз  келсе,  футурологтарға
жүгінбей-ақ  қойыңыз.  Ол  терезеңіздің  тұсында  балалық  базарының  у-
шуымен  дуылдап  жүр.  Кейде  ол  сізге  хат  жазып,  белгі  беріп,  өзін  еске
салып  қояды  жəне  де  келешектің  дыбыстары  мен  əріптеріне  көңіл  қойып,
оның оңай да соны тілін үйрене бастау үшін азғана сабыр мен түйсік керек.
...Осынау  болашақпен  кездесу  сəтін  мен  батыл  бала  жазып,
резиденцияма  жеткізе  алған  хатын  оқыған  түста  бастан  өткіздім.  Оның
хатының құпиясын жария- лауға хақым жоқ, бірақ сізге бұл жас азаматтың
қиын  өмірлік  проблемаларды  тізіп  берген,  адасулар  мен  суықтықтан
арылмаған  ересектер  дүниесін  түзету  үмітіне  толы  жолдауы  екенін  айта
аламын...
Проблемалар мен түсінбестіктерден арыла отырып, өмір сүріп, еңбек
ету  əбден  қажет,  өйткені  басқаша  болса,  ол  өз  балалық  шағыңа  да
сатқындық болып шығады.
Біздің  болашағымыз  өз  қасымызда,  арманымыз  бен  біз  жөніндегі
мүңаюда өмір сүріп келеді жəне өзімізден басқа оны ешкім қорғай алмайды.
Оглавление
ПРОЛОГ
1-тарау
2-тарау
Эпилог
172

Document Outline

  • ПРОЛОГ
  • 1-тарау
  • 2-тарау
  • Эпилог


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет