Н. А. Назарбаев бейбітшілік кіндігі



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата10.01.2020
өлшемі1,36 Mb.
#55673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
20141107043550bieibitshilik kindighi n a nazarbaiev
Le Chatelier's Principle - Chromate-Dichromate - C12-4-07, 10-сынып, 10-сынып, 10-сынып, 10-сынып, Кыскаша кобейту формулалары

ЯДРОЛЫҚ ƏЗƏЗІЛ
Аймақтық астам держава ма, əлде Бейбітшілік аумағы ма?
Тарих  айғақ,  алғашқы  жарылғыш  зат  Қытайда  селитра  қабаттары
жатқан  өңірде  пайда  болған.  Күкірт  пен  ағаш  көмірі  қоспасының
жарылғыш  қасиеті  Көк  Тəңірі  астындағы  империяда  əлдеқашан,  сонау
біздің  дəуірімізге  дейін-ақ  белгілі  болған.  Сол  кездің  өзінде  Ван  Гу  деген
қытай ғалымы оқ-дəрі зымырандарынан тұратын двигателі бар ракетаплан
жасапты  дейді,  рас  ол  ұшыру  кезінде-ақ  жарылып  кеткен.  Осы  заман
тілімен айтсақ, біздің дəуірімізге дейін-ақ Қытай жерінде зымыран қуралдар
белгілі болған.
Қалай  болғанда  да,  оқ-дəрі  бүкіл  əлемге  таралды.  Оқ-дəрі,  от
қарудың оқталатын жарылғыш заты ретінде таралған алғашқы елдердің бірі
17

-  Үндістан.  Веда  қолжазбаларында  көрші  кінəздіктердің  раджалары
арасындағы  бір  шайқаста  от  қару  қолданылғаны  айтылады.  Алайда  сол
заман  өлшемімен  сумдық  қару  болған  ол  Үндістанға  сіңе  қоймады.  Оның
негізгі  себебі,  тегінде,  Үндістанның  əскери  касталары  мен  сословие
арасында рыцарлық ерліктің ізгі дəстүрлері күшті да- мығаны болса керек.
Үндістан тайпаларының ерекше рыцарлық қа- сиеттерін Александр
Македонский өзі айтады. Ол жең- ген билеушілердің ішінде оған бəрінен де
жанқияр  қарсылық  көрсеткен  үнді  раджасы  Пор  болғаны  тегін  емес.  Бұл
Гефасистегі  атақты  шайқаста  болған,  онда  Македония  фалангасы  үнді
пілдерімен  жəне  темір  арбалар-  мен  жан  беріп,  жан  алысар  шайқасқа
түскен.
Көне  дүниенің  көрнекті  зерттеушісі,  профессор  Ф.Шахермайер
жазғандай: “...бүл адамзат тарихындағы ең тамаша үрыс болды”. Жеңілген
раджаның  мойымас  рухы  мен  келбеті  Александрға  қатты  эсер  еткені
сонша, ол Порды жеңілген үнді жерлеріне өзінің уəзірі етіп тағайындады.
Туабітті  ізгілік  пен  зорлық  жасамаудың  табиғи  рухы  үнді
жауынгерлерінің  адал  жекпе-жекке  түспей  адамды  қалай  өлтіруге
болатынын  түсінуіне  мүмкіндік  бермеді.  Сондықтан  “əскери”  нүсқаулар
мен
аманаттарда
жауынгерлердің
ерекше
лас
оқ-дəрілі
қаруды
пайдалануына  тыйым  салынды,  өйткені  оның  көмегімен  жай  ғана  пенде
рыцарьды өлтіре алатын (“Батыр бір оқтық” дейді қазақ мəтелі), ал рыцарь
дəстүр  бойынша  өзінің  жауынгерлік  шеберлігі  мен  рухының  күштілігін
ашық жекпе-жекте көрсетуге тиіс болатын.
Бірте-бірте  оқдəрілі  қару  осылай  қолданудан  шығып  қалды.  Сөйтіп
үнді  халқының  табиғи  ізгілігі  мен  шынайы  бейбітшілігі  оның  өз
тарихының  өн  бойындағы  өзара  соғыстарда  жаппай  қантөгістерге,
адамдардың көптеп қырылуына жол бермеді.
Шетелдіктердің  басып  кіруіне  байланысты  біршама  қиындықтарға
қарамастан,
оқдəрілі
қару
иеленбеу,
тарих
көрсеткеніндей,
оны
иеленгеннен гөрі əлдеқайда жақсы жемісін берді.
Дегенмен  бүгінгі  күнге  оралайық.  Адамзат  тарихының  жүздеген,
мыңдаған  жылдары  өткеніне  қарамастан,  біздің  алдымызда  сол  бір  иелену
немесе иеленбеудеген қиын дилемма əлі детүр. Біз, қазақстандықтар, бұған
тəуелсіздігіміз  бен  мемлекеттілігіміздің  қаз  түру  жылдарында  тап  болдық.
Былайша  айтқанда,  бетпебет  келдік.  Халық  жəне  ядролық  қару,  мемлекет
жəне  ядролық  статус,  бейбітшілік  жəне  жаугершілік,  болашақ  қауіпсіздік
жəне  тұрақты  қатер,  бейбітшілік  орнату  жəне  соғысқа  дайындалу.
Осылардың қайсысын таңдағанымыз жөн?
18

Өткенімізге  көз  салсам,  ядролық  қарудан  бас  Тарту  туралы  тарихи
шешім  қабылдау  қажеттігін  түсіну  алдында  бас  қатырар  күмəндарға,
ұзынсонар  пікір  алы-  суларға,  барынша  əр  қилы  деңгейде  өткен
келіссөздерге  толы  күндер  есіме  түседі.  Осынау  күрмеуі  қиын,  əрі
заманалық оқиғаның төңірегінде шын мəнінде тартысты оқиғалар өрістеді.
Қазақстан  ядролық  держава  болуы  керек  пе  деген  дау  төңірегінде
ішкі
саяси
ағымдардың,
азаматтық
позициялардың,
стратегиялық
дүниетанымның,
кейде
тіпті,
біздің
қоғамдағы
пайдакүнемділік
мүдделердің  бар  спектрі  көрінді.  Бірақ  бірте-бірте  “қарсылардың”  да,
“жақтастардың” да орасан мол болғанына қара- мастан, табандап жылжып,
бірден-бір  дұрыс  шешім  -  Қазақстан  Республикасы  мен  Орталық  Азия
ядролық қарудан азат аймақ болуға тиіс деген шешім дүниеге келді.
Сол  жылдары  қоғамымызда  Қазақстан  ядролық  қаруын  сақтап
қалуға тиіс деген адамдар болды жəне олар аз да емес еді. Баспасөзде тіпті
ядролық  қару  иелену  мəселесі  жөнінде  Қазақстан  қоғамы  қақжарылды
деген материалдар да пайда болды.
Ахуалдың  жай-жапсарын  айқындай  кету  үшін  айтайын,  дау  болды,
бірақ  қақ  жарылу  болған  жоқ.  Ел  азаматтарының  “өз  пікірі  болуына”
тыйым салуға ешкімнің хақысы жоқ. Қаруды жақтау жекелеген біреулердің
ғана  позициясы  еді,  сондықтан  жұрттың  басым  көпшілігі  ядролық  қаруды
сынауға  да,  оны  иеленуге  де  үзілді-кесілді  қарсы  болғанын  дəлелдеп
жатудың қажеті болмас деп ойлаймын.
Əу бастан-ақ біз иеленбеу идеясын қолдануға бейім едік, сейте тұра,
ядролық  қаруды  сақтап  қалуды  жақтайтын  “қазақстандық  қырғиларға”
қарсы қудалау ұйымдастыру ойымызға кіріп-шыққан да жоқ. Ең алдымен,
бул  халықтың  атом  қаруына  үзілді-кесілді  қарсы  екендігі  анық
болғандығынан еді.
Қазақстан  аумағында  қандай  желеумен  болса  да  ядролық  қаруды
қалдыру  керектігін  кейбір  саясаттанушылар,  сарапшылар,  бірқатар
əскерилер, жекелеген қоғамдық қозғалыстар, соның ішінде, “Азат”, “Алаш”
қозғалыстары  мен  бірқатар  басқа  қоғамдық  бірлестіктердің  белсенділері
төтесінен  мəлімдеді.  Пікірталас  баспасөздедежүріпжатты.  Мысалға,  əскери
қызметшілердің  бірінің,  Қарулы  Күштер  подполковнигінің  “Казахстанская
правда”  газетінде  жарияланған  пікірі  мынадай:  “Тежеу  қаруынсыз  (бул
жағдайда ондай нəрсе ядролық қару) қалып, біз əр текті авантюристер үшін
есігімізді  шалқасынан  ашып  тастаймыз.  Біздің  шекараларымыздың
қауіпсіздігіне  қазір  кім  кепілдік  бере  алады?  Əлде  шынында  да  біздің
қорғауға  татырлық  ештеңеміз  жоқ  па?  Ядролық  қарусыз  біз  Кувейттен
19

күштіміз  бе?...”  Немесе  белгілі  саясаттанушы-  ның,  сол  кезде  Қазақстанда
ядролық  проблематика  жөнінде  бірінен  соң  бірі  өтіп  жатқан  халықаралық
кон- ференцияда айтылған, сол уақыт үшін əбден тəн, мынадай бір пікірін
алыңыз:  “...Қазақстан  аумағында  ядролық  қарудың  болуы  белгілі  бір
дəрежеде... тұрақтандырғыш уақытша фактор болып табылады, өйткені дəл
осы  уақытқа  дейін  Қазақстан  Республикасында  іс  жүзінде  мызғымастық
пен  аумақтық  тұтастықтың  кепілдігі  тым  аз”.  Рас,  артынша,  “сол
кепілдіктер берілген бойда... республика ең əуелі осынау ядролық қарудан
арылуға тырысады” дейді.
Мына  пікірге  де  ден  қойыңыз:  “Қазақстан  аумағын-  да  ядролық
қарудың  болуын,  бір  кезде  Құдай  Адамға  айтқан:  “мінеки,  Адам,  мынау  -
Хауа,  өзіңе  жар  таң-  да”  дегені  секілді  басы  ашық  нəрседей  қабылдаған
жөн, демек оған ешқандай балама жоқ”.
Ядролық  қару  иелену  қажеттігі  жөніндегі  “Марс  мүриттерінің”
пікірлерін  бажайлай  келіп,  мына  бір  нəрсені  байқадым:  ядролық  статусқа
анық білдірілген сөзсіз қолдау бəрібір жоқ екен. Пікірлер негізінен əлдебір
ескертулермен  айтылатын.  Ешкімге  өкпе-назсызақ,  аздаған  кекесінмен
былай дей аламын: олар кептерлер ұясына бір қырғи кіріп алғандай, не бір
кептер қырғи ұясына байқамай кіріп кеткендей болып көрінетін.
“Қырғилар қосынының11 барлық уəждерін санамалап, шетінен тізіп
келтіріп  жатудың  қажеті  де  жоқ  секілді.  Тұтас  алғанда,  ядролық  қаруды
сақтап  қалу  жөніндегі  “дəлелдердің”  бəрі  мен  төменде  жинақтап  берген
уəждерге саятын.
Ең  алдымен  жəне  бұл  ядролық  қаруды  сақтап  қалу  жақтастарының
басты  уəжі,  тегінде  мынадайтын  -  таяуда  ғана  тəуелсіздік  алған  Қазақстан
өз егемендігін сақтап қалудың қандай да бір кепілдіктеріне ие болуға тиіс.
Осыған байланысты, олардың пікірі бойынша, ядролық қару иелену, біздің
жас республикамыздың кез келген дұшпанын тежеп ұстаудың құралы бола
алар еді.
Екі  полярлық  тайталастың  аяқталуына  байланысты  дүниеде
туындаған  ахуал  мүлдем  бұлдыр,  болжап  болмайтындай  еді.  Бұрынғы
дұшпандар  мен  бақталастар  дəл  сол  күйінде  қалды  ма?  Бұрынғы  үлкенді-
кішілі  “бауырлар”  жас,  əлі  буыны  бекімеген  мемлекеттің  тіршілігінің  өзіне
қауіп  төндіретін  хас  дұшпандарға  айналмай  ма?  Орташа  мерзімді  немесе
ұзақ  мерзімді  болашақта  бұрынғы  кеңестік  республикалар  арасында  өзара
аумақтық  талаптардың  тізбекті  реакциясы  басталып  кетпей  ме?  Ақыр
аяғында  Қазақстан  Орталық  Азияда  өздерінің  стратегиялық  мүмкіндіктері
бар аса қуатты екі ядролық державамен шектеседі.
20

Осынау əрі-сəрі жағдайда жас Қазақстан армиясы- ның əлсіздігі зор
қауіп төндіретін еді.
КСРО  ыдырағаннан  кейін  республика  аумағында  əскери  күштің
негізі бұрынғы кеңестік Орта Азия əскери округінің əскери бөлімдері еді.
Сол  кезде  Қазақстан  Қарулы  Күштерінің  жалпы  саны  40  мыңдай
əскери  қызметші  болды,  бірақ  олардың  техникамен  жарақталуы  кісі
қызығарлықтай емес еді.
Қазақстан  армиясының  қаруы  көбіне  саудасы  біткен,  моральдық
жағынан
ескірген
техника
болатын.
Əскери
бөлімдердіңжалпы
жауынгерлік  қабілеті  нашар  еді,  бұл  моральдық  факторлармен  (тағдырдың
жазмышымен  Орта  Азия  əскери  округіне  тап  болған  офицерлердің
көпшілігі  өзі  ант  берген  Кеңес  Одағының  ыдырап  кетуіне  байланысты
моральдық  тірек  таппай  қалғанды)  де,  Қазақстанның  өзінде  əскери
құрылыс тəжірибесінің жоқтығымен де түсіндіріле алатын.
Біздің  жауынгер  бабаларымыз  “  Жау  жоқ  деме,  жар  астында,  бөрі
жоқ деме, бөрік астында” деген екен.
Осынау  нақылға  сүйене  отырып,  сондай-ақ  біздің  аймақтағы
оқиғалардың  одан  əрі  өрбуінің  мүлдем  əрісəрілігін  көре  отырып,  ядролық
қаруды сақтап қалудың жақтастары былай деп санады: Қазақстан ядролық
статус-квоны  сақтап  қалып,  ғаламдықта,  аймақтықта  деңгейде  саяси
мүдделердің əбден айқындалуын күте түруға тиіс.
Қазақстан  егемендігіне  нақты  немесетіпті  болжамды  түрде  қатер
төндіретін
жағдай
туындай
қалса,
“ядролық
шоқпары”
бар
республикамыздың Қарулы Күштері салыстырмалы түрде дəрменсіз болған
күнде  де,  іс  жүзінде  кез  келген  ықтимал  қарсыластың  аптығын  басуға
жеткілікті “уəжі” болады деді олар.
Бұл  орайда,  ядролық  қаруды  сақтап  қалудың  жақ-  тастары
“парасатты  да  жеткілікті  иелену”  дейтін  принципті  насихаттады:
“Иеленудің  өзі  үшін  иелену  керек.  Ядролық  боеголовкалар  мен  жеткізу
құралда- рының санына қарамау керек, ең бастысы - ядролық статус”.
Уəж  ретінде,  Қазақстан  қаласа,  ядролық  қаруды  сақтап  қалуға
байланысты экономикалық шығындарды оп-оңай катере алады деген тезис
көлденең  тартылды.  Айталық,  мысалы,  жоғарыда  атап  өткеніміздей,
Қазақстанның ядролық əлуетін мыңнан астам ядролық заряд құрады. Бірақ
аймақта үстем болу үшін оның саны емес, негізінен сапасы мықты болсын.
Ядролық  əлует  көлемі  емес,  соның  болуының  өзі  жетіп  жатыр.  Нарықтық
экономика  жағдайында  1216ядролық  боеголовканы  устап  отыру,  оның
үстіне тұракты жауынгерлік əзірлікте ұстау тиімсіз.
21

Алайда  басқа  бір,  əлдекайда  үнемді  де  парасатты  нұсканы  іске
асыруға  əбден  болар  еді.  Ядролық  арсеналды  қалдыру  немесе  одан  арылу
емес,  оны  айтарлықтай  қысқартсақ.  Мысалы,  20-50  ядролық  боеголовка
қалдырсақ  жетеді.  Жеткізу  қуралдарының  жөні  де  солай  -  республиканың
бүкіл  зымырандық-авиациялық  кешенінен  бір-екі  мықты  бөлімше
қалдырсақ, ұпайымыз түгел.
Өзіміздің  бір  “қырғиымыздың”  бұл  жөнінде  əзілдеп  былай  дегені
есімде:  ядролық  қару  гомеопатиялық  дəрідəрмек  секілді,  тым  аз
“дозасының” өзі айтарлықтай үрейлі тежеуге айнала алады.
Экономикалық  жағынан  да,  ұйымдастыру  жағынан  да  Қазақстан
республика  аумағында  қалған  тактикалық  ядролық  күштерді  қолда  ұстап,
бақылай  алатын  еді.  Əрине  шығын  орасан  болады.  Толыққанды  бір
зымырандық  дивизияны  ұстап  туру  сол  кезде  Қазақстанның  барлық
Қарулы  Күштерін  ұстап  туру  шығынымен  бірдей  болатын.  Бірақ
қорғанысқа жумсалатын шығын республиканың жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ)
бір  пайыздайын  ғана  құрайтын.  Демек  тағы  бір  пайыз  қоссақ,  аздап
“тартып” жесек болғаны, болашағымыз берік қой!
Кейінірек біз қазақстандық “атом түймесі” бар өзіміздің тактикалық
ядролық  күштеріміздің  опера-тивок  командованиесін  қура  алар  едік,  ерте
хабарлау жүйесін жасай алар едік, ал экономика өскеннен кейін - ядролық
арсеналымызды молайта да алар едік.
Ядролық  əлуетті  ұстап  отыруға  жумсалатын  қар-  жы  шығынын
азайтудың  бір  жолы  оны  эксперименттік  ядролық  жарылыста р арқылы
жаңғыртып, жаңартудан бас тарту екені белгілі. Ядролық сынақтардан бас
Тарту  мүмкіндігі  туралы  кезінде  академик  А.Д.Сахаров  тұжырып  айтқан
болатын:  “Бұл  -  жалған  уəждің  ең  соңғы  нүктесі.  Біз  ядролық  қаруды
сақтаудың  барлық  жағдайын  шын  ядролық  жарылыс  жасамай-ақ,  осынау
соңғы  сəтті  -  ядролық  жарылыс  сəтін  алып  тастап,  бүкіл  жүйені  жумыс
істеткізіп  тексере  аламыз.  Муны  істеуге  мүмкіндік  беретін,  бақылауды
мүмкін  ететін  əдістер  бар.  Ядролық  жарылыстың  ақтық  кезеңі,  егер  біз
ядролық отынды енжар затпен алмастырсақ, тексеруді қажет етпейді”.
Əрине  ядролық  əлует  пен  жеткізу  құралдарын  сақтау  жөнінде
көрсетілетін  қызметтің  едəуір  зор  кешені  қажет  болатын  (мылтықты  да
оқтын-оқтын майлап оты-РУ керек), бірақ ядролық полигондарды жарамды
қалпында устап, онда атом қаруын сынаудың қажеті жоқ еді.
Демек  жаңғыртпай,  көбейтпейақ,  азғана  ядролық  қару  ұстауға
экономикадағы қолайсыз ахуалға қарамастан, Қазақстан Республикасының
шамасы жететін еді.
22

Ядролық  статусты  қызғыштай  қорушылардың  ойы  бойынша,
мұндай  статус-квоны  едəуір  узақ  уақыт,  кем  легенде  10-20  жыл  устап
туруға  болатын.  Осы  мерзім  ішінде  Казахстан  жеріндегі  ядролық  кару
проблемасын бір жақты етуге əбден болады.
Қазақстанда  оң-солына  қарамай,  ядролық  қарудың  көлемі  жағынан
төртінші арсеналына ие болу, республикамызды əлемдік астам державалар
санатына  сүйреп  шығады  дейтін  қайраткерлер  де  табылды.  Тіпті
Қазақстанның  Қарулы  Күштерін  əлемдегі  алғашқы  орындарға  шығарудың
орасан жоспарлары да жасалыл жатты.
...Құдіретті  Қазақстан  ядролық  қаруы  жоқ,  біздің  қамқорлығымызға
мұқтаж,  көптеген  елдерді  паналатудың  орталығына  автоматты  түрде
айналады.  Бізбен  келіссөз  жүргізу  үшін  ядролық  қаруы  бар  елдердің  мем-
лекет қайраткерлері кезеккетұрады...;
Құрметті  оқырман,  есіңізге  ештеңе  түсе  қойған  жоқ  па?  Иə,  сіздікі
жөн. Тұп-тура “ядролық Нью-Васюки”.
Енді  бір  сарапшылар,  ықтимал  сыртқы  саяси  пайда  табудан
дəмеленіп,  əлемдік  қоғамдастық  тарапынан  біздің  ядролық  статусымызға
“дағдылану əсерін” көкке көтерді.
Олардың  ойынша,  иелену  қажеттігі  ядролық  қару-  дың  қолда
болуынан  гөрі,  ядролық  держава  статусынан  туындайтын  еді.  Осынау
статус  қандай  да  бір  жан-  жалды  ахуалдарды  реттеуде  толып  жатқан  көзір
берер  еді,  “ядролық  турақтылық”  негізінде  ядролық  шатыр  астына  күрделі
қаржыны  ағылтып,  экономикалық  ын-  тымақтастықтың  кеңеюіне
жəрдемдесер  еді  делінді.  Таяу  көршілер  мен  халықаралық  қоғамдастық
белгілі  бір  түсінбестік  пен  саяси  қысым  кезеңінен  кейін,  республиканың
ядролық  статусын  Қазақстан  Қарулы  Күштерінің  етене  бөлігі  ретінде
амалсыз мойындар еді деді олар.
Ғылыми  ортадағы  бірқатар  қоғам  қайраткерлері  ядролық  кешенді
сақтап  қалу  қажеттігін  ғылыми-техникалық  əлуетті  сақтап,  іргелі  жəне
қолданбалы  ғылымды  дамыта  берудің  факторы  ретінде  қарастырды.
Негіздеме  “пеш  ішінен  гүл  өседі”  принципі  бойынша  жасалды.  Бұл  былай
ғой, - деді олар, - Қазақстан жерінде ядролық кешеннің əскери қурамы ғана
емес,  атом  энергетикасын  дамытып,  жұмыс  істеудің  негізінде  жатқан
орасан  зор  инфрақурылымы  қалды.  Бұл  дегеніңіз  табиғи  уранның  орасан
зор  қоры,  ғылы-  ми-зерттеу  реакторлары,  энергоресурстарды  алып,  оны
өзгертудің  осынау  болашағы  зор  саласында  аса  білікті  мамандардың
жеткілікті мол тобы.
Ядролық  арсеналды  сақтап  қалумен  бірге  біз  атом  энергетикасы
23

саласында ғылыми жəне техникалық əзірлемелердің өте жоғары деңгейіне
қол  жеткізу  мүмкіндігіне  ие  болар  едік.  Атап  айтқанда,  Семей  яд-  ролық
полигонында радиоактивті отынмен жұмыс істейтін двигательдерді əзірлеу
жумысы  жүргізіліп  жатыр,  біз  оны  əлемдік  ғылыми  қоғамдастықты  тарта
отырып, жалғастыра алар едік. Осылай да осылай...
Ашық  осалдықтарына  қарамастан,  бұл  уəждерде  толып  жатқан
əуезді еліктіру болатын.
Дегенмен  ядролық  қаруды  сақтап  қалудың  жақтастарынікі  жөн
еместін.  Жен  болмайтыны,  ядролық  кару  иеленудің  барлық  пайдасы,
ядролық  қаруға  ие  болу  михрабына  Қазакстан  жасаған  қүрбандықтардың
бəрін  еске  алсак,  сағымдай  ғайып  болады.  Еліміз,  тегінде,  ядролық
сынақтардың  дозақ  отына  жұмыр  жердің  кез  келген  нүктесінен  көбірек
күйген  болар.  Халқымыз  бен  жерімізді  ядролық  жарылыстармен  қүрта
беруге біздің ешқандай хақымыз жоқ еді.
Ядролық  қаруды  сақтап  қалуды  жақтаушылардың  жөнсіздігі
мынадан  да  еді:  ядролық  қару  иелену  тəуелсіз  жас  мемлекетке  пайдадан
гөрі, көбірек зиян тигізетін еді.
Гəп  ядролық  қаруды  өзінде  қалдырса,  Қазақстанның  мойнына
түсетін  орасан  материалдық  шығында  да  емес,  гəп  оның  Орталық  Азия
аймағы үшін де, бүкіл ғаламдық қауіпсіздік жүйесі үшін де маза бермейтін
геосаяси зардаптарында.
Қазақстанның  атом  арсеналын  сақтап  қалуы  ондаған  жылдар  бойы
əупірімдеп  қалыптасып  келе  жатқан  ядролық  қару  таратпау  жүйесін
бүлдірер  еді,  республикаға  барынша  кесірлі  саяси  зардаптарын  тигізуі
мүмкін еді.
Бірақ  олардың  ең  басты  қатесі  ядролық  қаруды  Қазақстан
қауіпсіздігі  болашағының  кепілі  деп  санағаны  болатын.  “Ықтимал
душпанды” тежеу əдісімен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принципі
ретінде жанталаса жарыса қаруланудан көрінетін өзімшілдік көзқарас 1990
жылдардың  басында  болашағы  баянсыз  екенін  əбденақ  көрсетіп  алғанды.
Адамзаттың  тарихы,  ең  алдымен,  көптеген  ғасырлар  барысында  толып
жатқан соғыстарды бастан өткерген Еуропа тарихы “бейбітшілікті қаласаң -
соғысқа  дайындал”  принципі  бойынша  мемлекет  қауіпсіздігін  қамтамасыз
ету бұдан былай мүмкін еместігін көрсетті.
Əскери  əлуетті  еселей  беру  енді  мемлекеттің  қауіпсіздігін
қамтамасыз  ете  алмайтындығын,  қайта  турақсыздандыру  факторы
екендігін практика көрсетіп отыр. Сондықтан ядролық қаруды сақтап қалу
біз үшін Қазақстан азаматтарын соның аманаты етумен бірдей еді.
24

Ядролық  қарудан  бас  тарту  туралы  шешім  қабылдағанда  біз  нақ
осындай ойларды басшылыққа алған едік.
Ядролық қарудан бас тарту —
тəуелсіз Қазақстан халқының еркі
Жер шыңғырып жаткан кез...
Өз  шекараларын  кең-байтақ  Еуразия  кеңістігіне  созып  жіберген
Кеңес  Одағының  орасан  географиялық  картасында  кəсібі  мен  тағдыры  əр
түрлі адамдар күн кешіп, жұмыс істеп жатқан қала-нүктелер жыпырлайды.
Бұл-бейбіт  қалалардың,  аудан  орталықтарының,  əкімшілік  бірліктерінің
картасы.  Бірақ  мұндай  карта-  ларда  көрсетілмеген  қалалар  да  бар.  Бұл
олардың  тым  кішкентайлығынан,  тым  елеусіздігінен  емес.  Олардың
көрсетілмегені  сол  қалалардың  əскери-өнеркəсіптік  кешен  дейтін  өзіндік
бір мемлекет ішіндегі мемлекетке тиесілі болғандығынан еді.
Осынау  елес-қалалар  тек  карталарда  көрсетілмей  ғана  қойған  жоқ.
Кеңес Одағының жай жұртының іс жүзінде көпшілігі олардың баржоғынан
мүлдем бейхабар болатын. Сол қалалардың түрғындары басқа бір жерлерге
аттап  басқанда  “Арзамастанбыз”  дейтін,  іс  жүзінде  “Арзамас  -  16-да”
түратын.  “Челябіденбіз”  дейтін,  іс  жүзінде  “Челябі  -  7-де”  туып,  сонда
өскен, сонда жүмыс істеген. Осылай жалғаса береді.
1947  жылы  21  тамызда  КСРО  үкіметі  арнайы  қаулысымен  тағы  бір
сондай құпия қала құру туралы  шешім қабылдап, оған “Семей - 21”  деген
жасырын  ат  берді.  Қала  əскери-өнеркəсіптік  кешеннің  мүлдем  жаңа
құрылымына - ядролық сынақ полигонына толық қызмет етуге тиіс болды.
Алға  қойылған  міндеттің  бұрын-соңды  көз  көрмеген  құрамы  ескеріле
отырып,  ядролық  сынақ  полигонына  оған  жақын  жайылымдар,
шабындықтар,  таулы  қыраттар  есебінен  18  мың  шаршы  километрдей  жер
бөліп берілді.
* * *
Көптен  бері  бір  байқағаным,  халық  бостандық  пен  тəуелсіздікке
жетер  жолында  неғұрлым  көбірек  тар  жол,  тайғақ  кешуден  өтсе,  оның
өзгелер
қасіретіне
жаны
ашып,
бірге
қиналу
сезімі
көбірек
болады.Қазақтардың  “біреудің  қиналысын  сезгің  келсе,  жаның  бірге
ауырсын” дейтіні тегін емес.
Жүздеп саналатын ядролық жəне термоядролық жара салған Жұмыр
Жердің  бүкіл  қиналысын,  оның  орнына  өзіңді  қоймай,  болған  нəрсенің
бəріне Жер көзімен қарауға тырыспай, түсіне алармысың...
Ежелгі  Шыңғыс  даласы.  Қазақ  ұлтының  ар-ожданына  айналған
алыптарды  əлдилеген  дала...  Ұлы  Абай,  Шəкəрім  Құдайбердіұлы,  Мұхтар
25

Əуезов.  Заманында  шекара  мен  қашықтық  дегенді  білмеген  дала
кемеңгерлігі мен адамзат рухының кіндігі болған жер.
Біздің мемлекеттігіміздің бір бастауы осы арада. Абылай хан билеген
даланың бір пұшпағы да осында...
Қурай  бастаған  ақ  селеу  мен  байтақ  даланың  ми-  мырт  өмірін
ұрпақтан  ұрпақ  ауысып,  абыр-сабыр  көз  алдында  өткізіп  келе  жатқан,
қазықтай қаздиған сар- шұнақтар. Сонау көк зеңгірде өзек жалғар жемтігін
көздеп  қалқыған  дала  бүркіттері.  Бəбісек  алшаңдай  басады,  дала
кенгурулері  -  қосаяқтар  секектейді.  Уақыт  ізін  сала  алмаған  сортаңдар,
арагідік  сақталып  қалған  көлдер,  Дегелең  мен  Жаңғызтау  жоталары,  бір
жерлерде  тау  деп  те  аталатын  төбешіктер.  Қатпар-қат-  пар  Шыңғыс
тауларына төбеден қарайтын Хан шыңы. Көшпелі өмірдің бар құпиясы мен
Еуразияның  ұланбайтақ  кеңістігінде  əлдеқашан  болған  оқиғалар  сілемін
бауырына басқан Жер. Жанында жұмбақ Алтай мен ежелгі Баянауыл.
Осынау адырлы даламен бір кездері қазақ жерлерін жаулап алу үшін
ойрат жоңғарлардың ұрпақтары өтіп жатты, қатыгез қолбасшылар Сүбедей
баһадүр  мен  Жебе  ноянның  түмендері  батысқа  ағылды.  Дүниені
тітіркендіргендер  Ұлы  Құрылтайға  асығып  бара  жатты,  қазақ  руларының
атақты  батырлары  мен  қарапа-  йым  сарбаздары  қан  төкті,  тілі  бірде  бал,
бірде біз ақындар аңыздарды жырлап, ақ сақалды кемеңгер билер төрелігін
беріп жүрді.
Өз тарихындағы оқиғалардың тау суындай көшкінінен қалжыраған,
онда  өмір  сүрген  адамдардың  орасан  зор  қайғысы  мен  азабын,  қасіретін
бойына  жинап  алып,  қазақ  жері  -  Семей  өңірі  ұзақ  тыныс  алуға  беттеп,
тынымсыз  бабалардың  ежелгі  рухы  ұзақ  жыл-  дарғы  қалғудан  қайта
оянуын күткендей, ауыр бір ұйқыға кеткендей еді...
Шынында  да  жер  оянды.  Оны  оятқан  жүздеген  ауыр  жүк
машиналары  мен  шынжыр  табан  тіркемелер,  нəлді  етіктер  мен  резина
ұлтандардың дүрсілі еді. Дала құлақ тосып, елегізе тыңдап жатты. Ұйқыға
кеткен өмірді қайта тірілтіп, оятатын осы адамдар ма? Ереуіл аттың күмбір-
күмбір кісінегені мен алдаспандардың шақ- шағы тағы да қайта естілер ме
екен?  Жас  сарбаздың  есер  айқайы  мен  қылқұйрық  туын  қолдан  түсірген
жаралы батырдың жан дауысы тағы да у-шуға бөлер ме екен?
Жоқ, сайын далада аламан шайқастың жаңғырығы, “Сүйінші, жауды
жеңдік!”  деген  шаттық  үні  естілмейді.  Тегінде,  бұлар  бейбіт  мақсатпен
келген болар. Тек темірден тау тұрғызып, үстіне ауыр металл табыт қойды:
əлдебір ұлы батырға соңғы тағзым жасауға жи- налған ғой шамасы. Жер де,
даланың ұлдары да бір күрсініп алып, өзінің күйбең тірлігіне қайта кірісті.
26

1949  жылғы  29  тамызда  тұп-тура  таңғы  сағат  жетіде  көз  ілеспес
жылдамдықпен  ұлғайып  бара  жатқан  отты  доп  кенеттен  Жер  денесіне
қомағай  қадалып,  оны  шарпып  өтті  де,  дəл  бір  Күн  орнына  күн  болғысы
келгендей  аспанға  көтеріле  берді.  Жер  оқыстан  қатты  ауырсынып,
шыңғырып  жіберді.  Отты  шардан  соң,  сұрапыл  қуат  пен  көз  қарықтырар
сəуле  бас  айналдырып  жібергендей  бір  сəтте  жалмаған  жер  қабағының
ыстық күлі мен иісі көкке көтеріле берді. Жер лыпасының өртең исі қолқа
атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел əп-сəтте жан-жаққа таратып,
көз  көріп,  қүлақ  естімеген,  аяуды  білмейтін  жау  жақындап  қалғанын
жеткізгендей  болды.  Орасан  зор,  бірақ  көзге  көрінбейтін  сыпырғы  естен
танған  тіршілік  иелері  мен  ештеңені  түсінбеген  өсімдікті  жер  бетінен  бір
демде  жұлып  алып,  талай-талай  шақырымға  серпіп  тастаған-  дай  еді.
Ертегінің  сұмдық  Айдаһары  жер  қойнауынан  кенет  шығып,  оның  денесін
орасан от тілімен жалмап кеткендей еді.
Таяу жерлердегі сирек ауылдар мен бірлі-жарым хуторларда тұратын
адамдар  дір  ете  түскен  жер  мен  жарты  аспанды  алып  кеткен  от-жалынға
таңырқап, үйлерінен жүгіріп шығып, көкжиекке үн-түнсіз, демін ішіне ала
қарап тұрды, ал онда адамның ойы мен тəжірибесіне еш сыймайтын екінші
күн жарқ етіп, қайта сөніп бара жатты.
Бəрі  бітті...  Жалғыз  түп  шөп  қалмаған,  түтігіп  қарайып  кеткен
даланың тұл жамылғысы. Жаңа жұмыртқа жарған балапандай, қайда, неге
баратынын  білмей-  тіндей  əлтек-тəлтек  басқан  соқыр  бүркіттер.  Жан
тəсілім
алдында
жанталасқан
тышқандардың,
қарсақ-
тардың,
қасқырлардың,  түнде  ғана  тынымсыз  жорт-  қан  кесірткелердің  денесі.
Олардың  жанталасынан  кімге  қаратып  айтылғаны  белгісіз  “Неліктен...?”
деген үнсіз сұрақ сезілетіндей. Ал зəресі ұшып, аңырған адамдар “Ол не?”
деген  сұраққа  жауап  таба  алмай,  беймəлім  құрсаудан  босана  алмай  тұр.
Бұрын-соңды  көрмеген  бүл  құбылыс,  оларды  үн-түнсіз  қатып  қалуға
мəжбүр  етті,  олар  өздері  де  байқамай,  дала  өрістері  мен  тау  бөктерлерінің
бүрынғы шешек атқан, гүл жай- наған рақат күндеріне, бəлкім, енді қайтып
оралуы кəдік күндеріне тағзым еткендей еді.
Жаңадан  келгендер  бұл  тозақты  Семей  ядролық  сынақ  полигоны
ретінде  белгілі  №2  оқу  полигонында  РДС-1  (зымырандық  көрсеткіш
снаряд)  плутоний  заря-  дын  жер  бетінде  сынақтан  өткізу  жарылысы  деп
атады.
Бұл КСРО-да туңғыш атом бомбасының жарылуы еді.
Полигонда  жаңа  тажалды  жұлдыздың  тууын  Лав-рентий  Берия,
Сергей  Курчатов,  əскери  бастықтар  мен  атақты  ғалымдар,  Кеңестік  атом
27

бомбасының  толып  жатқан  идеологиялық,  идеялық  жəне  техникалық  ата-
лары тасадан бақылап тұрды.
Ядролық  жарылыстың  сұрапыл  картинасын  бақылап  тұрған  тұста
осынау  адамдар  не  ойлады  екен?  Ядро-  лық  сынақтардың  болашақ
зардаптарын ойлады ма
екен солар? Оның Қазақстанға не сақтағанын ойлады ма екен?
Тегінде, ойламай тұра алмаған болуы керек.
Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген
сұрақтың жауабын табуға өзім де тырысып көрген едім.
Сол  кезде  бұл  өңір  Кеңес  Одағының  адам  ең  аз  қоныстанған,
сонымен  бірге  негізгі  коммуникация  желілерінен  оншалықты  қашық  емес
аймағы  еді  деген  сөзді  естігенде,  мен:  тек  осы  себептермен  ғана
құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек еді деп сұраймын.
Темір  жолдың  екі  жүз  километрін  үнемдеуден  гөрі,  жалғыз  да  болса,
адамның  өмірі  арзан  бағаланғаны  ма?  Егер  осылай  “үнемшіл”  болсақ,
инсаният туралы сөз ету əурешілік емес пе?!
Кеңес Одағында мүлдем адам тұрмайтын ондаған жерлер болды, ал
кей жерлерге, айта беретініміздей, адам аяғы баспаған еді. Тіпті радиусында
500 километр келетін, мүлдем адам тұрмайтын жер таңдап алуға болмас па
еді?  Бірақ  бірнеше  жүз  мың  адам  тұратын  облыс  орталығынан  жүз  елу-ақ
километр жерді таңдау мүлдем жен емес.
Мен сынақ орнына жапсарлас толып жатқан ауыл- дар мен кенттер
туралы айтпай-ак қояйын.
Алайда  екінші  дүниежүзілік  соғыс  аяқталғаннан  кейін,  кеңестік
басшылық əскери саладағы өзінің ең басты міндеті АҚШ-тың атом қаруына
монополиясын  жою  деп  санады.  Осынау  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін
қисапсыз көп материал жəне адам ресурстары жұмылдырылды.
Бүгінде  мен  өз  халқын  өзінен-өзі  орны  толып  оты-  ратын  арзан
шикізат  деп  санауға  үйренген  өкімет  үшін  жүздеген  мың  адам  өмірі  түкке
де  тұрмағанын  түсінемін.  1930  жылдардың  жазалау  өртінде  тап  өзінің
миллиондаған  азаматтарын  қырып  жіберген  өкіметтің  бірнеше  жүз  мың
адамның  өмірі  мен  денсаулығын  ешқашан  күйттеп  жатпайтыны  айдан
анық.  Іс  жүзінде  олар  мемлекеттің  əскери-саяси  мүддесіне  бола  саналы
түрде қүрбан етілді.
Шығыс Қазақстанда тұрған адамдар ядролық сынақтар нəтижесінде
қандай зардап шекті деңіз?
Тұңғыш  атомдық  жарылыстың  радиоактивті  өнімдері  аймақтың
барлық елді мекендерін жауып қал- ды. Көрші қонған əскери объектіде не
28

болып жатқаны туралы титімдей де түсінігі жоқ жақындағы ауылдар- дың
түрғындары радиациялық сəуленің сұмдық доза- сын алды. Халыққа сынақ
туралы ескертілмеген де еді.
Кейінірек  əскерилер  мұның  бəрін  радиацияның  адам  организміне
зиянды  əсері  алғашқыда  жете  ба-  ғаланбады  деп  ақтауға  тырысты.  Олар
полигонда  жұмыс  істейтін  ғалымдар  мен  əскерилердің  өзі  ядролық
жарылыс  кіндігінде  пайда  болған  қазаншұңқырда  тікелей  зерттеулер  мен
өлшеулер  жүргізді;  радиоактивті  заттармен  болған  техниканы  пайдаланды
деген  желеу  келтіреді.  Кейін  сол  адамдардың  көпшілігі  бұның  ақысын  өз
өмірімен  төледі.  Алайда  ондай  ақталу  өз  денсаулығынан  айырылып  қана
қоймай,  өз  наукасын  балалары  мен  немерелеріне  жұқтырған  адамдарды
қанағаттандыра алар ма.
Ядролық  жарылыстар  туралы  халыққа  1953  жылдан  бастап  ғана
ескертіле  бастады.  “Кешегі  соғыс  амалы  бойынша”  соғысып  жүрген
əскерилер қорғаныштың қарадүрсін жүйесін қабылдады, онда адамдар мен
малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды
қарабайыр  қорғаныш  объектілеріне  -  орларға  немесё  кепелерге  жасыру
көзделді.  Алайда  жарылыстан  кейін  адамдар  радиациядан  былғанған
жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет