Жа а Рубикон:
98
планетаны ауіпті н ктелері
Бетімен жіберілген оқиғалар əдетте ең нашар сценарий бойынша
өрбиді. Егер тоғанның бір жерінен су сыздықтаса, ақыр аяғында ол түп-
түгел опырылып түседі. Бүгінде ғаламдық жəне аймақтық ядролық
қауіпсіздік проблемасымен байланысты жалпы ахуал да сондай.
Егер қауіпсіздіктің қазіргі механизмдерін жетілдіруге байланысты
белгілі бір күш-жігерді өз сəтінде, дер кезінде қолданбай, бұл істі «бетімен»
жіберсек, ғаламдық қауіпсіздіктің осы заманғы жүйесі шытынап-шытынап
кетуі мүмкін. Егер профилактикалық жұмыс жүргізбесе немесе құрылымды
өзгертпесе, ұдайы бейбітшіл күш-жігер жұмсап отырмаса немесе жаңа
пошымдар мен жолдар іздемесе, онда қазіргі кездегі əлемдік қауіпсіздік
жүйесі, ең алдымен, аймақтық жан-жалдардың сапалық жағынан жаңа,
ядролық деңгейге көшу қатерінен туындайтын сыртқы жағдайлардың
қысымымен күрт құлап түсуі мүмкін.
Оңтүстік Азияда ядролық қару жасап, ашық сынау оқиғасы, сайып
келгенде, басқа «табалдырықта» турған мемлекеттерде оны өндіруді немесе
ғылыми əзірлеуді «заңдастырудың» бақылап болмайтын процесін туғызуы
мүмкін жəне де оны Таратпау туралы шартқа мүшелікке қарамастан жүруі
мүмкін.
Мəселен, 1995 жылға қарай əлемде атом бомбасын немесе кем
дегенде ядролық қурылғы жасай алатын 39 мемлекет болды. Ядролық
қаруды мемлекеттік саясат дəрежесіне көтеруге ұмтылатын жаңа жанжалды
нүктелер яғни орталықтар барған сайын туындап не жанданып келеді. Көп
полярлық дүние барған сайын анық нобайлана бастады, əлдебір
мемлекеттердің аймақтық деңгейдегі рөлі барған сайын айқындала түсуде.
Аймақтық
«ядролық
шоқпар»
дипломатиясына
негізделген
жаңа
«жапсарлас» жанжалды қатынастар, өзара қатынастың жаңа жүйесі
жасалып, сынақтан өткізілуде.
Осының бəрі əлемге ядролық қару таралуының дүниежүзілік
қоғамдастық бақылай алмайтын нақты қатері төнгендігін көрсетеді.
Бұл қатер бірін-бірі өзара толықтырып жатқан факторлар арқылы
сан есе күшейе түсуде.
Ең
алдымен,
мынаны
ескеру
қажет:
өздерінің
ядролық
кеудемсоқтығын ашық жариялаған Үндістан мен Пəкстаннан басқа, əлемде
ядролық қару өндіре бастау мүмкіндігі бар жəне баспасөзде оқта-текте
жарияланып қалатын ақпаратқа қарағанда, аса құпиялылық жағдайында
оны
əзірлеумен
айналыса
алатын,
«табалдырықта
тұр»
дейтін
мемлекеттердің саны бірталай.
99
«Табалдырықтағы» мемлекеттердің қатарында соңғы онжылдықта
бұқаралық ақпарат құралдарында Ирак, Солтүстік Корея, Иран, Израиль,
Оңтүстік Африка Республикасы бəрінен жиі аталады. Сонымен бірге
дүниеде, сондай-ак 20 шақты елдің атом бомбасы мен жаппай кырып-
жоятын баска да қаруды алып ұша алатын баллистикалық зымырандары
бар жəне де олардың көбісінің зымырандары 1000 километрден астам
қашықтыққа жете алады.
Əр кездерде Израильде ядролық кару жасалу мүмкіндігі жиі сөз
болып жүрді. Ислам елдерінің бірқатар сарапшыларының пікірі бойынша,
Тель-Авивте қазір белгілі бір мөлшерде ядролық арсенал немесе кем
дегенде атом бомбаларын өндіруге қажет компоненттер болуы мүмкін.
Сондай-ақ соңғы кезде Солтүстік Кореяда ядролық қару жасау
мүмкіндігі едəуір жиі тілге тиек болып жүр. Кейбір мамандар берген баға
бойынша, Пхеньянда кем дегенде қуаты орташа 6 ядролық боезаряд
жасауға жететін жоғары байытылған плутоний қоры бар. Осынау қарулық
плутоний тегінде Пхеньяннан солтүстікте жатқан Ионбьяндағы 25
мегаваттық жылу реакторында жасалуы мүмкін, ол бір салғанда 10
килограмдай жоғары байытылған плутоний өндіре алды. Мұның үстіне
Солтүстік Кореяда Сунчхонда, Пакчхонда жəне Синпхода табиғи уран
кенінің жүлгелері, оны тазарту зауыттары бар.
Зымырандық кешендер жасап, өндіру бағдарламасы тегінде
Солтүстік Кореяда сексенінші жылдары іске асырыла бастаған болуы керек.
Алайда бұл бағдарлама шеңберінде біршама нəтижеге Солтүстік Корея тек
тоқсаныншы жылдардың аяғында ғана қол жеткізе алды. 1998 жылы 29
мамырда «Нодон-1» сынақтан өткізілді, бұл - 1000 километрге дейін ұшып
жете алатын, «жер-жер» тұрпатындағы баллистикалық зымыран. Бұл
Солтүстік Кореяның атом бомбасын алып ұшатын туңғыш зымыраны еді.
Сондай-ақ Солтүстік Кореяда «Тепходон» бағдарламасының
шеңберінде ядролық зарядты 6 мың километрге жеткізе алатын
зымырандар кешені əзірленгені белгілі.
Кейбір
мамандардың
бағасы
бойынша,
Иран
Ислам
Республикасында да ядролық бомба жасау мүмкіндігі бар. Мұның үстіне,
сондай бағалардың кейбіреуі бойынша, 2010 жылға қарай Иран ядролық
қару алып ұшатын континентаралық зымыран жасай алады. Айтып-айтпай
не керек, 1998 жылғы 24 шілдеде 1200 километрге жете алатын «Шахаб-3»
зымыранын сынақтан өткізіп, Иран сол топшылауларды қуаттады.
Тағы бір «табалдырықта тұрған» мемлекет - ядролық кару иесі Ирак
деп саналады. Атап айтқанда, баспасөзде Бағдад 2004 жылға карай атом
100
бомбасын өндіру үшін қажет барлық компоненттерге ие болады деген қауіп
білдірілді. Əйтсе де Иракта бұл үшін техникалық мүмкіндіктер бар. Эр
кезде Ирак плутонийді бөліп алатын «Изис» қондырғысын, Тувайтха
шөлінде орналасқан, 93 пайыз байытылған уранмен жұмыс істейтін
зерттеушілік «Осирак» атом реакторын жəне Португалиядан, Бразилиядан,
Нигериядан бірнеше тонна табиғи уран сатып алды.
1988 жылы өзінің əскери ядролық бағдарламасы бар екенін ресми
түрде
мойындаған
Оңтүстік
Африка
Республикасында
бүгінде
сарапшылардың пікірі бойынша, ядролық қару жасаудың бүкіл қажетті
инфрақұрылымы бар. Бұл үшін мемлекетте бүкіл ғылыми-техникалық жəне
өнеркəсіптік база, соның ішінде, байытылған уран өндіру технологиясы
жеткілікті.
Мəселен, жетпісінші жылдардың басында ядролық технологияны
зерттеудегі елеулі ілгерілеу Валиндаба қаласында аса байытылған уран
өндіре алатын қондырғы жасауға мүмкіндік берді. Сөйтіп сексенінші
жылдардың басына қарай Оңтүстік Африка Республикасы континенттегі
тұңғыш жарылғыш атом құрылғысын жасай алды. Тіпті Калахари шөлінде
жер асты жарылыстарын жүргізу үшін ядролық сынақ полигоны да
салынды.
Нəтижесінде
Ядролық
қаруды
таратпау
жөніндегі
шартқа
қосылғанша, Оңтүстік Африка Республикасында ондаған ядролық боезаряд
жасауға əбден жететін аса байытылған қарулық уранның едəуір қоры
жинақталды. Мұның үстіне, оңтүстік африкалықтардың өнеркəсіптік
зымырандық əлуеті олардың қажет болса орта қашықтықта қолданылатын
баллистикалық зымырандар өндірісін жолға қоюына мүмкіндік беретін.
Басқа елдердегі тиісті ядролық жумыстар жөнінде мəліметтер бар.
Бұл Алжир, Сирия, Бразилия, Аргентина жене басқа көптеген елдерге
қатысты.
Жалпы алғанда, атом қаруын жасай алатын «табалдырықта тұрған»
мемлекеттердің болуы, олар тіпті қазіргі кезде өздерінің əскери ядролық
бағдарламаларын тоқтатып қойған күнде де, қауіпті тенденцияны -
ядролық қарудың планета аймақтарына таралып кету қатерінің əбден-ақ
нақты нобайлары бар екенін көрсетеді. Бұл орайда толып жатқан
жағдайлар
бар,
олардың
əрқайсысы
ядролық
қару
иеленуге
жəрдемдеспеген күннің өзінде, оның жолын едəуір жеңілдете алады.
* * *
Ядролық қарудың қырып-жою қуаты орасан зор болғанымен, қару-
101
жарақтың кəдімгі түрлерін жетілдіру процесі де тоқырап қалған жоқ.
Ядролық қаруда кепілді түрде қырып-жою факторы бірінші орында турса,
кəдімгі қару өзінің дəлдік, шоғырлылық жəне əмбебаптық секілді
жауынгерлік сипаттамаларын жетілдіре түсу жолымен жүріп келеді.
«Шөлдегі дауыл» операциясы мынаны көрсетті: осы заманғы қару мен
əскери техниканы пайдаланып, жауынгерлік қурамалар қарсыластың
əскери қуатын жусатып салуға, оның стратегиялық инфрақұрылымын
құртуға жəне дұшпан одан əрі қарсыласуға психологиялық қабілетінен
айырылатын деңгейге дейін моральдық жағынан жаныштауға байланысты
ауқымды операцияларды ойдағыдай, іс жүзінде шығынсыз жүргізе алады.
Мен, мысалы, «Шөлдегі дауыл» операциясының бұқаралық ақпарат
құралдарында қалай көрсетілгенін ұмытқан жоқпын. Парсы шығанағы
аймағынан репортаждарды көріп отырғанда кейде əскери қимылдар
дегеніңіз болмағандай, біз əншейін АҚШ пен НАТО-ның кезекті
маневрлері туралы егжей-тегжейлі репортаж ғана көріп отырғандай эсер
туатын: десантшылар мен танк бөлімшелері шел дала жағдайында қажетті
орынға жетіп, жауынгерлік қимылдар бағдарламасын пысықтап жатқандай,
жойғыштар мен бомбалағыштар шартты дұшпан аумағы əуесінде оқу-
жаттығу ұшыруларын өткізіп жатқандай көрінетін.
АҚШ
пен
НАТО-ның
əскери
техникасының
даусыз
артықшылықтары іс жүзінде мынадан көрінді: Ирактың əлдеқайда кеміс
қаруы өзінің толық күшін тіпті көрсете алмады. Бұл «атысу» емес, жау
объектілерін күн ілгері белгіленген дəлдікпен, қапысыз жоспарлы да
жүйелі құрту болатын.
Бірақ осындай аса дəл кəдімгі қаруды жасауға орасан зор қаржы, іс
жүзінде жүздеген миллиард доллар жұмсалған. Тіпті де барлық елдер осы
заманғы қару- жарақ жасауға соншалық қымбат құн төлей алмайтыны
бесенеден белгілі.
Оның үстіне, жаңа, соның ішінде, лазерлік технологияларды
пайдаланатын аса дəл қаруды тиімді қолдану, əскердің барлық тектері мен
бөлімдерінің, тіпті ғарыштық бөлімдерінің бірдей қимылдауынсыз мүмкін
емес.
Соның салдарынан дүниеде кереғар ахуал қалыптасты. Кəдімгі
қарудың ең осы заманғы түрлерінің қуны ядролық қару жасауға қажет
шығыннан асып түсті. Сондықтан да мынадай ахуал қалыптасуы мүмкін:
ядролық қару қүны арзан болғандықтан, технологиясы төмен басқа елдер
өздерінің əскери бағдарламаларын кəдімгі қару-жарақ тұрі мен əскери
техникасын жетілдіруге емес, ядролық қару сатып алуға немесе оны
102
жасауға құруы мүмкін.
Дамып келе жатқан жəне қосылмаған елдер қаружарақтың кəдімгі
түрлерінде озық елдерге жете алмайтынын анық сезіну, оларды ядролық
қару жолына түсуге мəжбүрлеуі мүмкін.
Бұл тұрғыдан алғанда мынаны атап өту қажет: қазіргі кезде ядролық
қару алу, осыдан небəрі 20-30 жыл бурынғыдай, асу бермес технологиялық
қиындық емес. Бүгінде технологиялардың даму деңгейі қандай да бір
елеулі ғылыми əлуеті бар кез келген мемлекеттің аса қарапайым ядролық
заряд конструкциялап, жасап алуына мүмкіндік береді.
Мұның үстіне, қазіргі дүниеде «ақылдың ағылуы» дейтін қубылыс
бар, ол құбылыс əскери ядролық технологиялары бар немесе бұрын оларды
əзірлеуге тартылған бірқатар елдердегі айтарлықтай экономикалық
қиындықтардан туындаған.
Осындай жағдайда əскери ядролық бағдарламалардың қиын
элементі небəрі бөлінетін материалдардың - аса байытылған уранның
немесе плутонийдің қажетті мөлшерін алу.
Алайда тіпті осы кедергі де қазіргі жағдайда алынбас асу емес.
Мысалы, сонау 1995 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы Б.Б.Гали Ядролық
қаруды
таратпау
жөніндегі
шартқа
қатысушы
мемлекеттер
конференциясында сөйлеген сөзінде «ядролық материалдар контрабандасы
қазір төніп тұрған қауіп қана емес, үрейлі шындық та болып отыр» деп
мойындауға мəжбүр болды. Өйткені тек 1996 жылы МАГАТЭ кепілдігі
шеңберінде ресми деңгейде 53,7 тоннадай плутоний алынғандығы, одан 2
мыңдай ядролық заряд жасауға болатыны; сəулеленген отында 528,2
плутоний, отындық құрылымдарда 4,5 тонна өңделген плутоний
болғандығы; 300-дей атом бомбасын жасауға жеткілікті аса байытылған
20,8 тонна уран алынғандығы; 48620 тонна аз байытылған уран; 105431
тонна табиғи уран мен торий алынғандығы тіркелді. Осынау бөлінетін
материалдардың болмағанда ең аз бөлігі мүдделі жақтар қолына түсіп
кетпейді дейтін басқа бір берік кепілдік бар ма?
Осындай жағдайда ядролық қару үшін қажет компоненттерді
мүдделі елдердің сатып алу қаупі туындайды.
Дүниеде байытылған уранды пайдаланатын атом реакторлары
толып
жатыр,
олар
еріксіз-ақ
атом
бомбасын
жасауға
қажет
компоненттердің жоғалу көзі болуы мүмкін. Бұған қазіргі кездегі ядролық
материалдар экспортын бақылаудың тым мінсіз емес жүйесі де жəрдемдесуі
мүмкін. Ядролық қарудың таралуын шектеуге тиіс дипломатиялық
механизмдер мен басқа да ықпал тетіктерін, соның ішінде, экономикалық
103
санкцияларды пайдалану да тиімді еместігін көрсетті, ал кейде тіпті
керісінше, «табалдырықта тұрған» мемлекеттерді ынталандыруы мүмкін
екендігін көрсетті.
Мысалы, ядролық қарудың таралуына жол бермеу мақсатымен
кезінде «ядролық мəміле» деген шара əзірленді. Оның мəні мынандай: ұлы
ядролық державалар ядролық қару жасау жолына түсіп, оны əшкере не
«құпия» сынауға əзірленіп, бұл саладағы əзірлікті белсене жүргізіп жатқан
елдерге айтарлықтай экономикалық немесе қаражаттық өтем беруге
міндеттенеді. Сөйтіп ядролық статусқа жету бағытындағы жұмыстарды
өтеу жолымен жетістіктерді көтермелеу процедурасы пайда болды.
Ядролық қарудың таралуына жəрдемдесетін тағы бір ғаламдық
фактор барлық жерде көрініп қалатын халықаралық қатынастар
тұрақсыздығы болып табылады.
Блоктық тайталастың доғарылуымен, амал қанша, дүние толық
тұрақты бола қойған жоқ. Бүгінде планетаның бірқатар аймақтарында
едəуір өткір саяси, экономикалық, этностық, діни қарама-қайшылықтар
сақталып, олар шектеулі қарулы қақтығыстарға дем беретін орта болып
отыр. Ондай жанжалды аймақтардың едəуір бөлігі тактикалық ядролық
қару қолданылуы ықтимал өңірлерге айналады.
Осының бəрінің үстіне, соңғы онжылдықтарда əр текті экстремистік
террорлық ұйымдардың қызметі жандана түсті, олардың мүдделері ядролық
қаруды қолға түсіргісі келетінін ашық айтады. Мысалы, халықаралық
террорист Усама бен Ладен бірде ядролық бомба жасауға қажет
компоненттерді сатып алу үшін бір жарым миллион доллар жұмсауға əзір
екенін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мəлімдеді.
Əскери атомға жеке адамдардың ие болуының нақты қаупі
туындады, ол қауіп күшейе түсуде, өйткені əлем жұртшылығында ядролық
қару өндіру мен оны өндіру үшін қажет компоненттер жасай алатын
ядролық объектілер қызметін бақылап отыратын нақты механизмдер жоқ.
Сонымен бірге соңғы кезде көптеген террористік топтар мен есірткі
картельдерінің іс жүзінде шектеусіз қаржылық мүмкіндіктері əбден-ақ
салиқалы əңгіме болып келеді, өйткені олар атом бомбасын немесе ядролық
қондырғы, мысалы фугас жасауға жетерлік бөлінетін материалдардың
қажетті мөлшері үшін мол қаржы жұмсай алады.
Осы арада айта кетуім керек, атом бомбасын жасау үшін ядролық
отын оншалық көп те керек емес. Мысалы, толық құнды ядролық заряд
жасауға 3-5 килограмм плутоний немесе аса байытылған 15-20 килограмм
уран жетіп жатыр.
104
Атом қаруына жеке адамның ие болуының салыстырмалы
«жеңілдігі»
мен
халықаралық
терроризмнің
ғаламдық
даму
тенденциясының қатар өрбуі, меніңше, ғаламдық жəне аймақтық ядролық
қауіпсіздікке төнген ең басты дерлік қатер.
А.Тойнби сөзімен айтсақ, жоғары технологиялық (атомдық)
деңгейдегі халықаралық терроризм адамзатқа басты қыр көрсету болып
табылады. Əсіресе «əдеттегі» терроризм ауқымының күрт улғаюына
байланысты солай болып отыр. Бүкіл əлемде соңғы 10 жыл ішінде əр тұрлі
террорист ұйымдар 935 террорлық эрекет жасап, оларда 260 мыңнан астам
адам қаза тапты.
Сондықтан XXI ғасырдың бүкіл бірінші жартысы кəдімгі қару-
жарағы бар, жаппай қырып-жоятын қаруға толық ие болуға ұмтылып
отырған терроризм белгісімен өтеді деуге негіз бар. Мұның үстіне жаңа
«жоғары технологиялық» терроризмнің жекелеген көріністері қылаң беріп
те қалды. Аум Синрикенің Токио метросындағы хайуандық «химиялық»
шабуылын еске түсіріңіз.
Өкінішке қарай, терроризмнің неғұрлым жоғары «технологиялық»
деңгейге көшуіне қазіргі дүниеде толып жатқан факторлар жəрдемдеседі.
Мысалы, аймақтық деңгейде мүдделер тартысының күрт ұлғаюы;
терроризмнің аса «пайдалылығы» (рентабельділігі демесек те); оның
геосаяси айлашарғы құралы ретінде кеңінен пайдаланылуы; тиімді де
түбегейлі саяси күрес амалы ретінде неғұрлым жоғары, мемлекеттік
деңгейге көтерілуі; ғаламдастыру салдарынан қосылған идеологиялық
жəне мəдени құндылықтардың шеттетілуінен террористік пиғылдардың
күшейе түсуі.
Мен, айталық, терроризмнің экзотикалық түрлері туралы сөз қозғап
та жатқаным жоқ, олар стандартты терроризмнен кем зиян келтірмейді,
кейде оның зияны артықтау да. Мысалы, ақпараттық немесе виртуал
терроризм.
Бұл арадағы қауіп - оның мүлде бақылауға алынбайтындығы.
Мысалға, айтсақ, химиялық, биологиялық жəне тіпті ядролық қаруды
«үйде» немесе «лабораторияда» жасау рецептерін виртуал кеңістікте
тарату. Əдеттегі қаруды да, «эдеттен тыс» қаруды да жасаудың басқа да
алгоритмдерін, принципті схемаларын, техникалық шешімдерін, тікелей
нусқауларын тарату. Ақпарат таратудың мұндай нысаны терроризмнің ең
қауіпті «шағын түрлерінің» немесе кем дегенде оның таралуына белсенді
жəрдемдесетін қауіпті қызмет пошымдарының бірі емес пе?
Қазір біз əр тұрлі экстремистік жəне террористік топтар қызметінің
105
ұлғаюына байланысты үрейлі оқиғаларды барған сайын көп көріп, көп
біліп отырмыз. Мəселен, атап айтқанда, ТМД-ның оңтүстік аудандарында
шиеленіс ұдайы сезіліп тұрады. Сондықтан планетаның əр тұрлі
бөліктеріндегі террористер қаруға осылай барған сайын көп ие болуға
тырысып отыр. Осынау жанталасқан умтылыс жаңа сапаға көшкенше,
солай бола бермек...
* * *
Жалпы алғанда, ядролық қару сынақтары, Азиядағы, оның ішінде,
Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздіктің ортақ əлуетін едəуір кеміткенін
атап айтуға болады. Менің ойымша, қауіпсіздік режимінің əлсіреуі көбіне-
көп үшінші ядролық дүниенің əшкере болу фактісімен, сөйтіп көп
полярлық
полиядролық
Дүниенің
туындауымен
байланысты.
Қауіпсіздіктің, əсіресе аймақтық деңгейдегі қауіпсіздіктің қатер астында
қалуының тағы бір ірі себебі - қазіргі көп полярлық болмыста ядролық
қарудың өзінің қосымша функцияларының немесе міндеттерінің туындауы.
Көп полярлық дəуірде мынадай қауіпті тенденция пайда болады:
ядролық қару тежеудің ғаламдық құралы болудан барған сайын қалып,
барған сайын аймақтық деңгейдегі дипломатияның калыпты құралының
айқын нысанына ие болып келеді. Тек тежеу функциясына ие болып кана
қоймайды, сонымен бірге көз жеткізудің жəне тікелей немесе жанама саяси
бопсаның уəжін күшейте түседі. Атом каруының бір басты функциясы
көптеген жекелеген бөліктерге бөлініп барады жəне ол бірте-бірте
аймақтық
деңгейдегі
жанжалдарды
нақты
шешу
үшін
тактикалықмақсаттағы көп функциялы қаруға айналып кетуі мүмкін.
Ядролық қару əмбебаптығының қауіптілігі оның шектеулі нысанда
болса да, барынша əр тұрлі проблемаларды: демаркация линиялары мен
аумақтың кімдікі екенінің даулылығы, мемлекеттің халықаралық аренадаты
рөлінің артуы, ішкі саяси жанжалдар, этностық проблемалар, терроризмнің,
экстремизмнің, сепаратизмнің нақты қатеріне қарсы алдын алу шаралары
секілді проблемаларды шешудің құралы деп қарастырыла алатындығында.
Сондықтан мынаны қадап айтуға болады: ядролық кару ғаламдық
саясат құралы болумен бірге, жаңа сапаға ие болды - ол аймақтық
деңгейдегі локалдық саясаттың да құралына айналды.
Шынында, АҚШ-тада, КСРО-да да жаппай кырып-жоятын қаруға
ие болатындай терең де жазмыштық қандай да бір дəлел болған жоқ.
Олардың кəдімгі қаруының жиынтық қуаты мен жеткілікті дамыған əскери
инфрақурылымы туындауы мүмкін проблемаларды шешуге, аймақтық та,
106
ғаламдық та деңгейдегі жанжалдарды тыюға əбден жеткілікті болатын.
Алғашқы кезеңде «шартты идеологиялық дұшпанды» жаппай жою
тұжырымдамасының дəрменсіз болғандығы соншалық, ол байыптап
қарастырылған да жоқ.
Стратегиялық, соның ішінде, əскери сипаттағы да жоспарлар
негізінен дұшпан мемлекетті жойып жіберуге жəне толық жеңуге құрылған
жоқ, басқа бір арнада өрбіп, əлеуметтік қатынастар жүйесін өз қалауына
қарай өзгерту мəселесіне бағдарланды.
Кеңес Одағы үшін бұл идея-фикс «əлемдік революция» формуласы
еді, ол шартты қарсыласты күшпен жаныштап, құртып жіберуді емес, оның
аумағында коммунистік режим орнатуды көздейтін. Қурама Штаттар
«американ өмір салты» мен демократиялық құндылықтардың жаппай,
даусыз жеңісіне бағдар ұстағанда да, «шартты дұшпанды» толық жойып
жіберудің əлдебір елеулі жоспарын жасаған емес-ті.
Ядролық қару ғаламдық тайталас дəуірінде, ең алдымен, бүкіл
адамзатқа қатер төндіретін құбылыстармен күрес құралы ретінде дүниеге
келді. Бірінші кезекте, əңгіме фашизм мен жаппай милитаризмнің катері
жайында еді. Бұл қатер нақты еді жəне əлеуметтік яғни таптық жіктеліске
қарамастан, баршаға қатысты болатын.
Бұл басты себеп немесе ғаламдық сипаттағы дəлел еді, ол «адамзат
үшін» ядролық қаруға ие болу қажеттігіне итермеледі.
Альберт Эйнштейн мен басқа да ғалымдар өз уəждерін фашизмнің
ғаламдық қаупімен, оның дүниежүзілік үстемдігінің орнауымен дəлелдеп,
Франклин Рузвельтті ядролық қару жасау жөніндегі бағдарламаны өрістету
туралы тарихи шешімін қабылдауға итермелеп бақты. Фашизм, милитаризм
жене ерекше ұлт идеялары түпкілікті талқандалғаннан кейін, ядролық қару
өзінің дүниеге келуін ақтап болып, енді бұдан былай да бола беруін ақтауға
тиіс болған ахуал туындады. Менің ойымша, нақ осы тарихи нүктеде
жаппай қырып-жоятын қаруға «өмір сүру», одан əрі бола беру құқығын
беру қажеттігі туралы қате де жазмыштық алғышарт дүниеге келді.
Күні кешелері ғана қаһарлы қару жасауды табандап талап еткен
ғалымдардың, енді оның пайда болуын қажет еткен себептердің
жойылуына байланысты оны сөзсіз құртуды үзілді-кесілді жақтағаны
тегіннен тегін емес қой. Бірақ ядролық қару қанды шеңгелін енді қайтып
ажыратпайтын болды, диюды шөлмекке қайта қуып тығу іс жүзінде мүмкін
болмай шықты. Ол мүлдем дербес пошымдарға ие болды, мұның үстіне
ядролық индульгенцияны ақтайтын пікірлер, негізінен ғаламдық сипаттағы
тұжырымдар табыла кетті.
107
Идеологиялық тұрғыдан алғанда қоғамның өмір сүруінің əлдебір
тəсілдерінің ғаламдық, тіпті жалпы адамзаттық қаупі болады деген ой
неғұрлым анық пошымдарға ие бола бастады. Батыстық саяси ой
коммунизмнің əлемдік қаупі бар деген идеяға тоқтады. Кеңестік идеологтар
империалистік қатер дейтіннің жалпы адамзатқа төнген қауіп екені туралы
əсерлі теорияларымен жауап қатты. Сөйтіп, «жау бейнесін» күллі адамзат
үшін кауіп деп көрсету нақ ақтаушы индульгенцияға айналып, ол ядролық
қарудың одан əрі бола беруін ақтап, оның ғұмырын сақтап қана қалған
жоқ, оның сапа жағынан да, сан жағынан да іс жүзінде кедергісіз өрби
беруіне жол ашты.
Міне осы арада, байқап қарасаңыз, қызық бір ахуал туындайды.
Қазіргі дүниеде аймақтық держава мəртебесіне ұмтылатын мемлекеттердің
өздерінің ядролық кеудемсоқтығын ғаламдық жəне жалпы адамзаттық
факторлармен ақтай алуы қиын. Айталық, Ирактың немесе Солтүстік
Кореяның лидерлері Кувейтті немесе Сеулді олардың өмір салты жəне
экономикалық даму ерекшеліктері бүкіл адамзатқа қатер төндіреді деп
айыптауын, соның негізінде біреудің «ядролық» сенім вотумын алуын
немесе тəуекелге барып, ұлттық ядролық бағдарламасын жүзеге асыра
бастауын елестетудің өзі қиын.
Сондықтан «табалдырықтағы» не «табалдырықтың алдындағы»
елдердің «ядролық» дəлелдері сөзсіз жаңа пошымдарға ие болады да, іс
жүзінде ішкі жəне аймақтық сипаттағы себептердің тұтас бір тобынан
құралады.
Дəл осы арада бір шегініс жасауға тиіспін. Мен ядролық «дəлел»
деген тіркесті текке пайдаланып отырған жоқпын. Мен оны амалсыз
қажеттілік деп емес, тек сұмдық қаруды иеленуге ұмтылыстың «шындық
кейіпті ақтауы» ғана деп қарастыруға бейіммін.
Өйткені ақыл-есі дұрыс əрбір адам, қалай болғанда да, нақты
проблемалар нақты көзқарасты, парасат пен жауапкершілікке негізделген
көзқарасты талап ететінін түсінеді.
Жанжалдарды күш қолданбай-ақ парасатты шешу дегеніміз
тараптардың əлдебір мəміле немесе оңтайлы шешім негізінде өзара
мүдделеріне қол жеткізуі. Ал ядролық қару өз сипаты жағынан
жанжалдарды шешу құралы бола алмайды, өйткені өзінің болмыс-
бітімімен-ақ ол проблеманың қойылуының өзін, сол мүдделердің туындау
көзінің өзін құртып жібереді. Сындарлылық дегенмен үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын ядролық қару, мүдде атаулыдан екі жақты да жұрдай қылып,
бір мезгілде бас көтертпес проблемалар тасқынын туғызады да, олар
108
жанжалдың не мүдделер қақтығысының туындау себептерінің өзін ұмытып
кетуге мəжбүр етеді.
Көп полярлық дүниенің ядролық статусының қауіптілігі де
ұғымдардың ақиқаттығын шатыстыруға болмайтындығында. Ядролық
қару əрі кеткенде ғаламдық немесе жалпы адамзаттық қатерді тежеудің тек
құралы қызметін ғана атқара алады жəне де қандай да бір хайуандық
идеологияның немесе барынша агрессияшыл режимнің дүрбелеңдік
көрінісіне байланысты қатерді ғана емес. Бұл адамның өзіне байланыссыз
адамзатқа төнетін қатерге де қатысты. Мысалы, атом қаруын қолданып
қана ауыздықтауға болатын сыртқы ғарыштық қатер немесе стихиялық
табиғи құбылыс. Қайталап айтайын, тек қана осы мақсаттар үшін.
Бірақ ядролық қаруға қосымша функциялар мен қасиеттер беру
ақымақтық қана емес, қисынсыз да нəрсе. Мұндай əрекеттің өзі де күллі
адамзатқа тікелей қатер болып табылады. Тіпті ядролық қаруды ғаламдық
немесе ауқымды емес, айталық, этностық, шекаралық немесе ішкі саяси
проблемаларды шешу үшін пайдаланудың ықтимал мүмкіндігі өз үйіңде
шыбын өлтіру үшін зеңбіректен атқан секілді қауіпті.
Ең бастысы, аймақтық деңгейде ядролық қарулану, оны пайдалану
ықтималдығын
бəлкім,
тіпті
жазмыштың
əміріндей
пайдалану
ықтималдығын күрт ұлғайтады. Бұл қос полярлық дəуір мен аймақтық
ядролық державалар дəуіріндегі ядролық қару ерекшеліктерінің түбегейлі
өзгешіліктеріне байланысты.
Осындай жағдайда блоктық тайталас кезінде жасалып, ірі ядролық
державалар арасындағы тепе- теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған
халықаралық ядролық қауіпсіздік жүйесі ядролық қарудың таралу процесін
шектеуге дəрменсіз болып шықты. Осыған байланысты оны жаңа геосаяси
шындықтарды ескере отырып жаңғырту қажеттігі əбден пісіп-жетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |