Өтілген тақырыпты пысықтау.
І тапсырма: Сұрақ-жауап.
Көмірсутектілердің жіктелуі.
Қаныққан көмірсутектерге нелер жатады?
Қанықпаған көмірсутерлерге нелер жатады?
Алкандар дегеніміз не? Оның жалпы формуласы қандай?
Гомологтар дегеніміз не?
Гомологтық айырым дегеніміз не?
Алкандардың бірінші мүшесін атаңыз?
Алкандар табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі?
Алкандардың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар?
Алкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуы?
Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстардың ішінен:С2Н6,С3Н8,С8Н10,С6Н6,СН2СІ2 СНСІ3, С4Н10,С8Н16,С9Н20 , СН3ОН алкандардың формулаларын теріп жазып, оларды атаңыздар.
Өткен материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға тест сұрақтары беріледі.
Қосымша 1
ІІ тапсырма:Кесте толтыру.
Алкандардың радикалдары туралы кестені толтырыңыздар
Қосымша 2
ІІI тапсырма:Кесте толтыру
Органикалық химияда формулалардың бірнеше түрі пайдаланады. Сәйкес бағаналарға ататалған алкандардың формулаларын жазып кестені толтырыңыздар
Қосымша 3
ІV тапсырма:
Есептер жинағынан тапсырмалар
1. Егер жағуға 246,4л оттек жұмсалған болса, жанған пропанның (қ.ж) көлемі (л)?
2. Массасы 60 г этан жанғанда түзілетін көміртек (IV) оксидінің зат мөлшері?
3. Шығымы 86 % болса, 30 г көміртектен алынатын метанның көлемі (қ.ж)?
Сыныппен жұмыс
ІІ. Жаңа тақырыпты талқылау. Сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады. Жаңа тақырыпты түсіндіріп, Bilimland сайтынан видеолар көрсетіледі.
І тапсырма: Қосылыстардың қайсысы алкендер екенін көрсетіңіздер.
ІІ тапсырма:Әрбір алкеннің құрылымдық формуласын атауымен байланыстырыңыз.
ІІI тапсырма: Алкендерді атаңыздар.
IV тапсырма: Алкендердің гомологтың қатарындағы алғашқы төрт мүшесінің құрылымын дұрыс тәртіппен орналастырыңыз.
V тапсырма: Алкендер изомериясы және номенклатурасы бойынша тапсырмалар беріледі:
а)С5Н12 (5 изомер); ә)С4Н8 (3 изомер) көмірсутектері үшін формулаларды жазып, жүйелік номенклатура бойынша атау керек.
ә)Мына көмірсутектердің структуралық формулаларын жазу керек:а) 3,4-диметил-3-гексен; ә) 2-метил-3-этил-2-пентен; б) 2,5-диметил-3-гексен; в)2,5-диметил-2-гексен; г)2,3-диметил-1-пентен. Қай көмірсутекте геометриялық изомер болады?
|