Студенттердің жазба жұмыстарын жазудағы әдіснамалық нұсқаулықтар Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу бірқатар міндеттерді орындайды:
- студенттерді пән бойынша оқу және аранай ғылыми әдебиет іздеу мен таңдаға үйрету;
- оқытылатын пән бойынша орын алған мәселелер бойынша ғылыми мақалаларға сілтеме жасау дағдыларын қалыптастыру;
- реферат, доклад, баяндама және хабарлама дайындауды үйрену;
- семинар сабақтарында баяндамаларды қорғау тәжірибесін қалыптастыру;
- оқытылатын пәндер бойынша теоретикалық және практикалық білім мен дағдыларын кеңейту;
- студенттерді таңдаған жұмыс тақырыбы бойынша мәселелерді шешуге ынталандыру;
- студенттерді ақпаратты айту барысында теоретикалық шарт жүйесіне негізделіп, логикалық ретте және тәжірибемен келістірген мысалдарды келтіру түрінде айтуды үйрету.
ЭССЕ Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру