Хаттама Күні



Дата08.02.2022
өлшемі343,15 Kb.
#119206
Байланысты:
Хаттама1


Хаттама
Күні: 09.02.2018
Тақырып: «Сиқырлы орман»
Жүргізу формасы: тренинг
Сынып: 11а Қатысушы саны: 10
Шараның мақсаты: ҰБТ тапсырушы 11 - сынып оқушыларының бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез - құлық дамыту.
Барысы:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды.


I бөлім.Танысу
1 жаттығу. «Бүгінгі күнгі сәлемдесу».
Мақсаты: Оқушылардың өзара жақындасуына әрекет ету.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойымен бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді. Тілек мазмұны қысқаша болған дұрыс. Мысалы: Ақжол, бүгін мен саған сәттілік тілеймін! Қатысушылардың барлығы өз тілектерін білдірген соң, жаттығу туралы өз пікірлерін айтады.
2 Жаттығу «Сиқырлы ғажайып орман»
Мақсаты: Эмпатия мен сенім секілді сезімдерді жетілдіру.
Нұсқау: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз.
II. Негізгі бөлім.
3 жаттығу. «Мен жұлдызбын».
Мақсаты: Оқушылардың сенімді жүріс-тұрыстарының қалыптасуына ықпал ету және бір-біріне деген өзара жағымды сезім қалдыру.
Нұсқау: Әр қатысушы өзіне бір атақты адамды таңдап алады. Және оны басқа адамдарға таныстырады. Мысалы: «Мен еліміздегі атақты әншімін, менің әндерім көп, мен бірнеше байқаулардың жеңімпазымын». Қатысушылар жасырған адамды таба отырып, кезектесіп жалғастыра береді.
4 жаттығу "Бөлмедегі зат".
Мақсаты: Қатысушылардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату және қиындықтарға қаншалықты төзімді екендігін анықтау.
Өзіңіздің осы отырған бөлмені қарап шығыныз. Ең алдымен сіздің көзіңіз түскен бірінші элементті (зат) таңдаңыз. Енді осы затқа айналып, өзіңіз туралы айтып беріңіз. Мысалы: жаттығу тиімділігін арттыру мақсатында «Мен "Есік" ол - қатты есік сенімдімін, тік бұрышты ағаш, кейде жолда адамдарды алуға, бірақ мен мұны, олар жай ғана мені итеріп жатқан .....», тиісті пән ретінде сіздермен сөйлесіп Сіздің серіктес сұраңыз . Әріптес сіз айтқан сөздерді түсіндірмеуі керек. Сізге тек есік, Камин және т.б. сияқты сөйлесу керек. Мысалы: «Мен адамдарға жолда тұрғанда есікпін, олар мені итермелейді». - «Есік, адамдар сізді соққызған кезде не сезесіз?» «Мен ашуланамын, бірақ есікмін, сөйлей алмаймын, мен мұны істеуге рұқсат етемін». «Бұл нағыз нәрсе ме, және сіз жақсы сезіну үшін ештеңені өзгерткіңіз келмейді?»
5 Жаттығу «Лимон»жаттығуы
Мақсаты: Бұлшық еттің жиырылуын және босансуын басқару.
Нұсқау: Ыңғайланып отырыңдар: қолдарың тізелеріңе, алақандарың жоғарыда болсын. Иықтарың мен бастарың төмен түскен, босаңсыған, көздерің жұмулы. Сенің қолыңда лимон жатыр деп елестет. Оны жайлап қыс, лимонның сөлі шыққанша оны қыса түс. Қолыңды босансыт. Өз сезімдеріңді еске сақтаңдар. Енді лимон сенің сол қолыңда деп елестет. Жаттығуды қайтала, тағы да босаңсыт та, өз сезімдеріңді есте сақта. Енді жаттығуды екі қолыңмен бірдей жаса. Босаңсыт. Тыныштықта отыру рахатын сезін.
6 жаттығу «Сыйлық».
Мақсаты: жағымды эмоцияның тіркелуі.
Нұсқау: «Қазір мен сендерге топтағы әрбір қатысушыға сыйлық сыйлауды ұсынамын. Кімге не сыйлау керек екенін әркім өзі шешеді. Бірақ бір шарт бар: сыйлықты не екенін айтуға болмайды және өзіңнің істеген қызметіңді сендер тек қана жест, мимика, пантомимиканы қолдану керексіңдер. Кімге арналған сыйлық болса, сол адам түсіну керек не сыйлағанын?».
ІІІ.Кері байланыс
Қорытынды: Тренинг уақыты: 40 минут. Қатысушылар саны – 10. Тренингтің берілген мақсатқа сай қатысушылармен жұмыс жүргізілді. Қатысушылар тренингтің алғашқы бөлімі позитивті түрде басталды. Сол арқылы топта сыйластық, бір-біріне сенімділік атмосферасы қалыптасты. Келесі жаттығуларға деген қатысушылардың ынтасы жоғары болды. Ал негізгі бөлімдегі «Мен жұлдызбын» атты жаттығуында әр қатысушы өзін жеке индивид ретінде таныта білді. Яғни, өз бойындағы қабілеттерін осы жаттығу арқылы басқалармен бөлісті. Сол арқылы өзін жеке тұлға ретінде топқа таныстыра білді. Яғни, өз бойындағы артықшылықтар мен кемшіліктерге талдау жасады. «Лимон» жаттығуы ерік күшінің жоғарлануына және оқушыларға қыйындықтардан өтулеріне көмек тесетін жаттығу болып табылды. Жалпы осы тренинг арқылы әр қатысушы өзінің өткізілген тренингтік жұмыстан алған әсерін және пікірі арқылы баға берді. Бастапқы бөліммен салыстырғанда тренинг соңында оқушылардық көңіл-күйі анағұрлым жағары болды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет