11-сыныпқа арналған психологиялық тренинг-сабақ



Дата08.09.2017
өлшемі16,6 Kb.
#30009

11-сыныпқа арналған психологиялық тренинг-сабақ


11 - сыныпқа арналған психологиялық тренинг - сабақ
Қатысушылар: 11 - сынып оқушылары
Тренинг - сабақтың мақсаты: ҰБТ тапсырушы 11 - сынып оқушыларының бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез - құлық дамыту.

1 - жаттығу.


Мақсаты: Психологиялық қысымнан арылту.
Барлық оқушылар шеңбер бойына тұрып, көздерімізді жұмамыз, өз түйсігіңізбен, ойымызбен іштей бір - бірлеріңе, әр қатысушыға сәлем жолдаймыз. Енді көзімізді ашып, барлығымызбен қол алысып шығамыз. Әркім өз есімін айтып, өзіне мінездеме береді. Өзіне берген мінездемесі тест тапсырғанда немесе емтиханда өзіне қолдау көрсететіндей болуы керек.

2 - жаттығу. «Оқуда кездесетін кедергілерді жеңу»


Мақсаты: Оқуда кездесетін кедергілерді жеңу және кедергіден шығу жолдары.
Қатысушылар қолдарын тесесінің үстіне қойып, ыңғайланып отырады. (баяу әуен ойнап тұрады) оқушылар көздерін жұмып, 3 рет терең дем алып, демімізді сыртқа шығарып, денемізді бос ұстаймыз.
Көз алдымызға елестетеміз, Сендер бір кісілік жолмен қалың ну орманда келе жатып, қандай да бір кедергіге тап болдыңдар. Ол кедергіні жан дүниеңмен сезінуің керек, ол кедергі қандай, не нәрсе? Сендерге кедергі жасап тұрған не? Мұқият қарап, жақынырақ танысуға, білуге тырысыңдар. Енді мұқият қарап болсаңдар осыдан өтуге сендерде 1 - ақ минут уақыт бар.

Кедергіден өтіп болсақ, жан - жағымызға мұқият қарап шығамыз. Осы кедергіден шығу кәзіргі жағдайларыңа қандай көмек немесе қолдау берді. Өз істеріңді мұқият түсінуге тырысыңдар, нақты не саған керек, нақты не саған көмектесе алады? Өз іс - әрекеттеріңді бақылаңдар, естеріңе сақтаңдар. Кедергіден қалай өткендеріңді естеріңе сақтап, жаңа бір қадаммен, құлшыныспен, жаңадан бір тәжірибемен артқа қайтуларыңа болады.

Рефлекция: қандай әсер алғандарыңмен шеңбер бойы айтып шығыңдар. Қандай кедергіге тап болдыңдар, ол не нәрсе, оны қалай жеңдің? Қолыңда қандай да бір зат болды ма? Немен шықтың?

3 - жаттығу. «Поезд» жаттығуы.


Мақсаты: оқушыларды сергіту, көңіл - күйлерін көтеру.
Шеңбер бойымен 1, 2 - ге саналамыз. 1нөмірлер - 1 шапалақ, 2 аяқпен топылдатады. 2 нөмірдегілер - 2 шапалақ, 1 аяқпен топылдатады. Поездің жүрісі, дыбысын шығарғанға дейін жаттығуды жасайды.

Психолог: - Адамның өз - өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне - өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат - мүддесіне жетуіне көмектеседі. Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктеріне мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет