Ел болам десең-бесігіңді түзе!



Дата01.04.2020
өлшемі39,82 Kb.
#61326
Байланысты:
Ел болам десең,дайын мақала

Ел болам десең-бесігіңді түзе!

Қасиетті қара жер-бесігіміз киелі,

Қазақ жерін әрқашан бүкіл халқым сүйеді.

Айналайын құдіретіңнен туған менің мекенім,

Сен борлмасаң бір күні,қалай өмір сүрермін.

Иә,бесік киелі нәрсе.бесік десем көз алдыма,ең бірінші қара жер келеді.Жерің сенің тербетілген бесігің.Осы қара жер үшін қаншама қазақтың қаны төгілді.

Ал екінші өзімнің сәби кезімде тербетілген анамның бесігі елестейді.Баланың жүрегіне сезім,аналық махаббат,мейірім ұялататын қасиетті мүлік.Осы екі бесіктен нәр алған адам жаман болуы мүмкін емес.Жер ананың құшағында тербелсек,өз анамыздыі бесігінде тәрбие аламыз.Ананың ақ сүтімен бойымызға адалдық,пәктік,адамгершілік дариды.Өмір-көктем болса,ана-бүр жарған гүл.Осы көктеммен гүлдің өсіп,өнуіне жер-ана себепкер.Топырақ,ауа,ағаш,тау-тас жансыз болғанымен,адам өмірінің мәні іспеттес.

Жердің байлығын сақтау,болашақ ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз.Апырай,осыны халқым түсінсе екен деп ойланамын.ол үшін туған жерге,бесігіңе деген махаббат керек.Бір түйір тастың өзіндеүлкен мән бар.Өйткенде ол да қара жердің перзенті.Сен өмірден озғанда,сенің мәңгілік мекенің,қорғаның болады.Ел болам десең,алдымен қара жердің қадірін біл!Бір қарыс жердің қадірін,шет елде өссең білесің!

Ал енді ана бесігі құдіретті,қасеиетті де аңыз болар кереметтің бірі.Тек қана мүлік емес,ата-ана тәрбиесінің бастауы.Жылы,таза,балаға бесік жырын айтып беретін қазына.Б.Момышұлы кезінде:

«Бірінші,бесік жырын айтпаған анадан.екінші,ертегі білмеген әжеден,үшінші бір-бірімен қазақша сөйлесе алмайтын қазақтардан қорқамын»- деген екен.Сол қорқыныш бұл күнде шынымен жүзеге асуда.жалған махаббаттың құрбаны болған қыздар.баласын тастап кеткен келіндер, бесік жырын,ертегі білмейтін аналар.Ата-ананың мейірімін көрмеген,бесік жырын тыңдамаған ұрпақ көбеюде.Кейбір замандасыма көңлім толмайды.Бос уақытын текке өткізеді.Телефонға телмірген заман болды ғой.

Бесігімізді түзету-бүгінгі басты мәселе.тілімізді,дінімізді,ділімізді,салтымызды көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз.Әйтпесе,соқыр боп қалу-қаупі бар.Салт-дәстүрді білмеу,жеті атаны білмеу-сүйекке түскен таңбадай.Неге қазақи киімді күнделікті киіп жүрмеске.Біздің киіміміз тек наурызға арналған ба? Меніңше,тақиясын тастамайтын өзбектерден,шапанын тастамайтын тәжіктерден үлгі алу керек.

Әсіресе,менің жанымды ауыртатыны,көшеде сұлап жатқан әкелер.араққа тоып алып,төбелескен шешелер.Кіндігін ашып жүрген қыздар,намысты таптайтын жігіттер.Осыны жөнге салатын ақсақалдар қайда?Қазақ анасы қайда?

Қорыта айтқанда,бесігімізді түзеу-өз қолымызда.Жер-ана,ана-бесік!Егіз ұғымдар.Жер-сенің бесігің.жерден өнген ағаштан бесік жасаймыз.Ағаш-көкке таласып,аспанмен,ғаламмен тілдеседі.тамыры топырақпен үндеседі.Ертең барар жеріміз қара жер.Сондықтан жеріңді,бесігіңді түзе,ағайын!деп жар салғым келеді.

Адамдар керек! Намысын биік ойлаған,

Кір шалса мейлі шаттықтың жоқ қой керегі.

Жетімдер жылап,қыздарың қалса қор болып,

Өзге халықтар сыртыңнан сенің күледі.

Қыздардың ары –биік тұрсыншы басқадан,

Ертеңгі ұрпақ тарайды ғой солардан.

Жайқала өскен қызғалдақтардай құлпырсын.

Ана мен бала махаббатынан айналам!

Ел болам десең,бесігіңді түзет жарандар!

Еш жерде болмасан қатігездіктер,алаңдар.

Тал бесік пенен жер бесігімді аялап,



Жүріңдер деймін,ақ ниет,абзал адамдар!

Маңғыстау облысы.Маңғыстау ауданы.Жұмаева Әсемгүл.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.А.Меңдалыұлы мектебі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет