Сабақтың мақсаты: Қадыр Мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу



Дата31.12.2019
өлшемі45,37 Kb.
#54048
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев "Ана" өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  1. Қадыр Мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу;

  2. Ақынның «Ана» өлеңінің мазмұнын аша отырып, оқушылардың анаға деген мейірімін ояту;

  3. Эстетикалық бағалау қабілетін дамыта отырып, тиянақты, жүйелі сөйлей білуге баулу, ойлау дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың әдіс -тәсілдері: сын-тұрғысынан ойлау технологиясының

элементтері,баяндау, сұрақ-жауап



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың көрнекіліктері: слайд, кестелер

І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, түгендеу;

ә) Оқушылардың дайындығын тексеру;

б ) Оқушыларды ана бойындағы қасиеттер әріптер бойынша топқа бөлу.

І топ «Мейірім» тобы

ІІ топ «Ізгілік» тобы

ІІІ топ «Кішіпейіл» тобы

II Оқығанның көңілі тетік, сөзі майда

Үй тапсырмасын сұрау

Сәкен Жүнісовтің «Ақырғы бәйге» романынан үзінді

1-топ Шығарманың басты тақырыбы қандай?

2-топ Әңгімедегі кейіпкерлерді ата?

3-топ Жоқтау дегеніміз не? Мәтінде Ақанның Құлагер

мен қоштасқан жоқтау сарыны қай жерде кездесті?



Ой шақыру "Ана" тақырыбында кішігірім бейне баян көрсетіледі.

  • Өмірдегі ең қымбат адам кім?

  • Неліктен ең қымбат адам дейміз?

  • Ана туралы қандай шығармаларды білеміз?

Олай болса балалар, біз бүгін қандай тақырып өтеміз деп ойлайсыздар?

Топтастыру стратегиясы

мейірімді шапағатшы тәрбие беруші

қамқоршы Ана өмір сыйлаған жан

ақылшы


ІІІ Жаңа тақырып

Слайдтан ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалынады.

Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысы, Жымпиты кентінде дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, ақиық ақын. Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.

Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.

Ақынның «Ана» өлеңін мәнерлеп оқу

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,



Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді.

ІV “Ойлы болсаң озып көр” (топтық жұмыс)

І топ Өлеңді мәнерлеп оқу.

ІІ топ Өлеңнен әдеби- теориялық ұғымдар табу.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды-метафора

Бар-жоқ –антоним сөз

ІІІ топ Өлеңді құрылысына қарай талдау.

Алғашқы дәм, /ол да сендік /сүт еді,/-а,3бунақ,11 буын.

Ақ сүт берген/ қашанда үміт /күтеді,/-а,3бунақ,12 буын.

Отанымның/ өзі сенен /басталып./-б,3бунақ,11 буын.

Жауларыма /жеткен жерден /бітеді./-а,3бунақ,11буын.


Бұл өлең 3 шумақты, шумақ төрт тармақтан, әр тармақ үш бунақтан, он бір-он екі  буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасымен құрылған(а,а,б,а).

V.Шығармашылық жұмыс

1-топ Өз аналарына арнап өлең шығару.

2-топ “Анама хат” /сырласу хаты/

3-топ Ана бойындағы ең асыл қасиеттерді топтастыр.

VI Cабақты бекіту.

Тоқсан ауыз сөздің түйіні

Шығарманың тақырыбы : «Ана» өлеңі

Жанр түрі : өлең (поэзия)

Идеясы :Баланың анаға деген махаббаты

Тәрбиелік мәні: Әрқашанда біз анамызды, сыйлап құрметтеуіміз керек.

VII Қорытындылау

Ақын да туған анадан,


Батыр да туған анадан. Пайғамбарымыз Мұхаммед
Ананы құрмет санаған.
Анаға мәңгі борыштар Дүниедегі бар адам.

«Жүректен жүрекке» 
Оқушылар сабақтан алған түйінді ойын, тілегін, ұсынысын жазу. 


Үй тапсырмасын беру.

Ақын өмірі жайында қосымша мәліметтер ізденіп оқу.

«Ана» өлеңін жаттау.

Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли «Ана»өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Қадыр Мырза Әли өмірі мен «Ана»өлеңінің мазмұнын оқушыларға меңгерту.

Дамытушылық:өз бетінше  ана  ұғымы туралы кең  ауқымды ой айтуын қалыптастыру.

Тәрбиелік: күнделікті өмірде ананың, әйел азаматшалардың   қоғамдағы  рөлінің маңыздылығын білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Топтау  стратегиясы,  өлең шығару.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивтік тақта,ақын портреті,үнтаспа,жыр жинақтары.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,тарих.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі. «Жылы сезім»(оқушылар шеңбер құру арқылы бірін-бірі оқыған шығармаларындағы жағымды кейіпкерлерге ұқсатып,атап айту)

2.Үй тапсырмасын сұрау.Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге» романы бойынша «Бәйге жарысы» туралы эссе жазу.

3.Өткен тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар.

 1)Күреңбай  сыншы «Мынау бір  пырақ  екен»  дегенде,  ол  Құлагердің  қандай  сипаттарына  сүйеніп  айтты.

2)Ат  үстінде  неше  түрлі  өнер  көрсетіп,  сырнай  тартып  жүрген  бала  кім?

3)Мөңкеге  Ақан неге «Байқа  бала  Құлагерді  тым  қыспа, шаң  қаптырып  топ  ортасына,  ыққа  түсе  көрме,  жел  жағында  отыр» деді?



4.«Ой шақыру»  (Қ.Мырза Әлінің «Қазақ осы» әні қосылып тұрады. Тақтадан ақын портреті көрсетіледі.)

-Оқушылар,сендерге  ән таныс па?


-Бұл кімнің өлеңі? Ақын туралы не білеміз?
-Қандай өлеңдерін білесіздер? Оймызды ауызша білдіреміз. 
(Балалардың жауабы тыңдалады.)-Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да жерлес ақынымыз, халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығы мен өлеңдеріне арналмақ.

   5.Жаңа білімді меңгерту.  Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. Қаз МУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.



1. Ақынның «Ана» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең

дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.   

Жауларыма жеткен жерден бітеді.

2.Өлең мазмұнын түсіндіру.

3.Әдебиет  теориясынан білім беру.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды-метафора

Ақ сүт-эпитпет

4.Өлең құрылысына қарай талдау.
Алғашқы дәм, /ол да сендік /сүт еді,/-а,3бунақ,11 буын.

Ақ сүт берген/ қашанда үміт /күтеді,/-а,3бунақ,12 буын.

Отанымның/ өзі сенен /басталып./-б,3бунақ,11 буын.

Жауларыма /жеткен жерден /бітеді./-а,3бунақ,11буын.


Бұл өлең 3 шумақты, шумақ төрт тармақтан, әр тармақ үш бунақтан, он бір-он екі  буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасымен құрылған(а,а,б,а).

5.Топтық  жұмыс.(оқушыларды екі топқа бөлу)

1-топ.Ана тақырыбында мақал-мәтел жазу.

2-топ.Ана тақырыбында нақыл,қанатты сөздер жазу.

6.Шығармашылықпен жұмыс.(Оқушылар «ана»тақырыбында өлең шығарады )

Оқушы:


Ана деген өмірдің мәні ғой,

Баға жетпес құндылығы,сәні ғой.

Қадірлеңдер,бағалаңдар ананы,

Мейірімге бөлеген ол баршаны.

Оқушы:

Ана деген өмірімнің тірегі,



Тек «бала» деп соғып тұрар жүрегі.

Ана сүтін бәрің татып көрдіңдер,

Баласының қамын ойлап жүреді.

6.Жаңа білімді бекіту.“РАФТ” әдісі. (Өтілген тақырып бойынша) 
Білемін.Қадыр Мырза Әлидің ақын екендігін.

 Нені білдім? Ақын  өмірі мен «Ана»өлеңінің мазмұнын.

Нені білгім келеді?Қадыр Мырза Әлидің отбасы туралы.
7.Үйге тапсырма беру. Ақын өмірін оқу,«Ана» өлеңін жаттау,эссе жазу.

8.Қорытынды.Бағалау.

Просмотр содержимого документа Қ.Мырза Әлі "Ана" өлеңі



Ана керек! О, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда, Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін Ананы!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет