Тақырыбы: Ас-тағам атауларының этимологиясы мен зерттелуі
Орындағандар:Қамызанова Балжан
Мұханбетияр Аружан
Мамандығы:Қазақ филологиясы
Тексерген: Тымболова Алтынай
Алматы 2022 жыл
Жоспар Кіріспе .....................................................................................................................
Тағам атауларының зерттелу тарихынан ..........................................................
Көне аңыздар мен эпостардан бастау алған қазақтың табақ тарту әдебі ....
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиет .......................................................................................
Тағам атауларының зерттелу тарихынан Қазақ сөздерінің этимологиясында тағам атауларының орны бір бөлек. Қазақ ҳалқы тағамға қатты мән берген олар – «ас адамның арқауы», «ас тұрған жерде, ауру жоламайды», «ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады» деп емдік қасиеті мол ас әзірлеген.
Халықтық тағам лексикасы үй, киім терминдеріне қарағанда анағұрлым тұрақты болып келеді. Халықтық тағамдар лексемасы туыстас және көне түркі тектес халықтар мен тайпалардың, этникалық топтардың материалды мәдениеттерінің ұқсастығын да көрсетеді. Тағам атаулары неғұрлым көне болса, олардың мәдениеті соғұрлым жақын тартады. Тағам мәдениеті арқылы көне түркі халқының мал, егін шаруашылығымен, бау-бақшамен де айналысқанын танып білеміз. Қазақ елінің тағамы тек қана ет пен сүттен жасалмаған, түрлі шөп қоспаларынан да дайындалған. Құрттың сары суын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды. Түркілер тек қана мал шаруашылығымен ғана айналыспаған, қалада тұратын тұрғындары бау- бақшамен, егін шаруашылығымен айналысқан. Отырықшы шаруашылық жағдайында күй кешкен. Көне түркі халқы алдымен қоршаған ортаны таныған, табиғаттың мүмкіншілігін оқып, үйренген. Бала түркі алдымен тамағын ойлаған. Қамыс тамыры «сүйрік» пен «май қоғаны» да жеген. «Қарға тұяқ» аталатын шөл шөбінің тамырын да қазып жеген. Тауда өсетін, дәмі қышқылтым шөпті де сүйсініп жеген. Сүйірік – қамыстың адам жеуге жарайтын ақ түсті тамыр сабағын халық «борық» деп емес, «сүйрік» деп, анықтайды [1.56].
Ертедегі халықтардың көпшілігі азық бола алатын ағаш жемістерін немесе жеміс шырынын қорек еткен. Мысалы, гректер бұрынғы кезде қарағайдың жемістерін, солтүстіктегі удмурт және коми елдері жөкенің шырынын, Африка елдері кокос пальмасының жемістерін, сол сияқты басқа да европалықтар әртүрлі ағаштың шырынды жемістерін тамақ еткен. Қазірдің өзінде абхаз тілінде акакан сөзі «жаңғақ ағашы» мен «нан» деген екі мағынада қолданылса, солтүстіктегі коми тілінде ңінпу, удмурт тілінде ңің (нон) нан сөздері «жөке» және «нан» дегенді білдіреді. Сол сияқты парсыша нан, зырянша нáн, вотякша нáн, остякша нен, армянша нәкан деп қамырдан пісірілетін тағамды атайды. Көптеген тілдерде кездесетін мағынасы бір бұл сөздердің бір түбірден шығун мүмкін. И.Д. Дмитриевтің айтуынша, түркі тілдеріндегі нан сөзі парсы тілінен ауысқан, ал бұл сөздің ең түпкі шыққан ұясы грек тілі болуға тиіс, себебі ежелден гректер бұл сөзбен жеуге жарайтын ағаштың бір түрін атаған көрінеді. Арабша «дәм», «тағам» деген сөздің қазақша мағынасы – «ас», «тамақ». Дәмді жоғары тұтатын қазақ «дәм татып кет» деп жатады. Қастандық қылған кісіге «дәм атсын» дейді. Ас, «тамақ, дәм» көптеген түркі халқына ортақ атау болған. Қазақ «ас» деп: таңғы шай, түскі ас, кешкі ас, ал қонаққа беретін тағамды «қонақасы» деген. А. Жылқыбаеваның «Түркі тіліндегі ас, тағам сөзінің семантикалық өрісі» деген мақаласында: Э. В. Севортян ас сөзін көне ирандық лексемадан ауысқанын. Ас//аш сөзі өзінің бастауын басқа тілден алғанымен ең алдымен көзге түсетіні ол түркі тілі. Түркі тілдерінде ас сөзі түрлі мағына береді: орталық мағынасы: пысқан тамақ, тамақтану, палау (орта Азия), күріштен, жармақтан істелген тамақ, кеспе (ет), асылған ет; периферийлік мағынасы: тамакқа әзір емес дәнді-дақылдар, бидай, нан, әртүрлі араласқан тамақтың түрі, малға беретін жем, бау-бақша жемістерін атап көрсетеді.
Э.В. Севортяннің айтуынша ас//аш көне пехлевен тілінен ауысып түркі тілінде етістік атаулы омоним болған. Ол бірден атаудың аты мен етістіктің «тамақтану» және «жеу» мағынасын берген. Севортян жанама түрде болсын мынандай мысал келтіреді: ашіч аш + (и) ч «шөңке» деген тұрмыстық тұтынатын құрал мағынасында қолданылатынын айтады. Ас түбірінен туынды сөздер: аса, асату, астық, асқазан, асхана, асыра, асам, ашқарақ, (аскерне баш.), асар, һашар (ұйғ) ұжымдық көмек: үй тұрғызу, мал қырқу, мал сауу, егін жинау асаба, асадал, аскөк (укроп). Қазақтар ас қайыру, ішкен асын жерге қою, таспен атқанды аспен ат, асына карап қызын ал деген этнофразеологизмдерді бас басына атап өтеді [6. 31 -34].
Тіл білімінде тағам атауларына қатысты біршама ғылыми зерттеулер кездеседі. Оны хронологиялық тұрғыдан көрсеткенде 1977жылы С.Қасимановтың « Қазақтың ұлттық тағамдары» атты еңбегінен бастау алады деп көрсетеміз. Мұнда қазақтың ұлттық тағамдарының түрлері көрсетілген.
Аршыған жауқазындай аппақ болып.
Бұл күнде соның бәрі кетіп қалған (М.Ж. Көпеев).
Жауқазындай (жауқасындай) аршыған аппақ болып. Тау жуасын, қыр жуасын, тау сарымсағын, кеспеге турап та, шикі күйінде де жеген. Сазды жерде өсетін картоп тұқымдас жаужұмырды (буылтықты) қоламтаға көміп, пісіріп жейтін болған. Енді Қ. Жұбанов, Ә. Қайдар, Б. Қалиев пікірлеріне орай осы сөздерге тілдік талдау жасап көрелік. Айталық, жаужұмыр, жаубүйрек, жауқазын бұлар түбірлес сөздер. Түбір тұлғасы «жау». Жау - етістік, жау - зат есім. Жау сөзін зат есім тұрғысынан қарастырғанда «жау» логикалық жағынан келмейді. «Жаубүйрек» адамның организмі өзіне жау бола алмайды. Басқасын да солай қажетке жаратуға болады. Ал енді «жау» (жаңбыр) жаубүйрекке қатысы шамалы, демек, жауқазын мен жаужұмырдың түбір тұлғасы «жаумен» (жаңбыр) байланыстыруға болар еді, бірақ, бұл алдамшы түбір тұлғасы ғана. Оны мына зерттеулер дәлелдейді. О баста түріктер өзін танымай тұрып, қоршаған ортаны таныған. Ол: жаужумыр мен жауқазын материалдық қажетін өтеген. Логика бұны құптайды. «Жауқазын» мен «жаужұмырдың» түбірін қазып алып, тағам ретінде пайдаланған және емге қолданған. Демек, «май» алған. (Тобылғыны отқа қыздырып, әкем тырнағының сөгіліп кеткен көбесіне жағып отырғанын талай көргем). Бірақ, түрік «май» атын білмеген, оның орына «жақ» деген уәжін білген. Көзге көрінгені қимыл ғой. Атауы жылдар бойы тұрақталып, айтыла-айтыла «жаққа» айналған. Көне түркілер «жауды» «жақ» деген мәліметтер де жоқ емес. Осы «жақ» жылдар өте кейіннен «жау» ретінде түзілген де, алғашқы мағынасы «жақ» пен «май» ұмытылған. Сөзіміз дәлелді болу үшін былай айтып көрелік: «майбүйрек», «майжұмыр», «майқазын» логика жоққа шығармайды. Кейіннен май ұмай (отқа май салу т.б.) мифтік және салт-дәстүрлік өріс алғандығын көруге болады. Дәнді-дақыл түркі халқына таңсық болмаған. Көне мәліметтер, қазба жұмыстар ерте уақыттағы ыдыстарды тауып алғанда ішінде бидай, тары сақталғанын анықтаған. Демек, түркілер үшін бидай тағамның негізгі көзі болған. Қозы Баянның кеткен жерін айт деп шешесінің қолына ыстық бидайды уыстатып басады. Осындай ауыз әдебиетінде кездесетін тілдік деректер түркі жұртының материалды тұрмысынан елес береді. «Бидай деп айтшы!» – десе, сарттың «бидай» деуге тілі келмейді (М.Ж.Көпеев). Бидайдай желге ұшырып өміріңді; Бидайдың ағашынан жалғыз татсаң (М.Ж.Көпеев)[13. 21]. Біздің жыл санауымызға дейінгі мың жылдықтың орта шенінде, сонау қола дәуірінде өмір сүрген бабаларымыздың мекен-жайларының қалдықтарын зерттеген оқымыстылар олардың бидай, қара бидаймен қосатары өсіргенін дәлелдеп отыр – деп жазады («Қазақ әдебиеті» газеті, 1985). Б.Қалиевтің сөздігін де осы мақсатты ұсынған. Ш.Сейітова «Өсімдікке байланысуы тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы» деген еңбегінде аса қажетті өсімдіктердің бірі бидай, арпа, тары екендігін көрсетеді.
Революциядан бұрынғы заманда қыр елінің негізгі азығы малдың еті мен сүт болған. Ет пен сүттен сан алуан сапалы, дәмді, кенеулі тағамдар дайындаған. Қазақ үйінде қонақасылық еті бола тұрса да, құрметті қонақ келсе, оған арнап мал сояды. Көбіне қой сойылады. Тіпті қонақ санына қарай немесе өте құрметті адамға тай да, бие де сойылған. Қазақ салтында қойдың басын көбіне қадірлі қонаққа, беделді ақсақалдарға тартады. Малдың етін мүшелеп бұзып, әрбір мүше жілікті сыбаға ретінде сыйлап ұсынды. Бұл орайда халық дәстүрі мен салтын жіті білетін академик-жазушы Сәбит Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деп аталатын зерттеу кітабында былай деп жазған екен: «Қойдың бастан кейінгі қадірлі мүшесі – жамбас, жамбастан кейін кәрі жілік, одан кейін асықты жілік. Өзге мүшелері осыларға қосалқы». Жылқының ең қадірлі мүшесі – жая, одан кейінгісі қазы, қарта, жал деп санаған. «Жақсының жейтін асы – жая мен жал» деп басталатын өлең де бар. Мұнымен қатар халық арасында түрлі ырымдар мен дәстүрлер де болған. Мысалы: «Әкең өледі» деп тірі балаға бас ұстатпайды. «Былжыр» (жуас) боласың деп, миды жегізбейді. Асырап алған ұлға асық жілік ұстатады. Асқа, тойға қымыз апарған ыдысқа асықты, не кәрі жілікті салып қайтарады. Кәрі жілікті «қартайғанша отырады» деп қызға ұстатпайды. Қонаққа асқан етке мойын аталатын мүшені салмайды. Жас босанған әйелге «баланың мойны тез бекиді» деп ыстық мойын тістеткен. Ал «төс» аталатың мүше күйеу мен ұзатылған қыздың сыбағасы. Табақтың ішіне төс салынбаса күйеу өкпелеген. Сойған қойдың төсінен «төстік» алады. Оны тұздап отқа қақтайды да, «Құда» қонаққа бұрын татырады. Құдаға беретін себебі «Төсті төске тақасқан жақын болдық» деген ұғымды білдіреді. Ұзатылған қызға сүрленген төс беру де міндетті болып есептелген. Піскен еттен үй иесіне немесе құдаға алдымен асататыны бір тілім құйрық пен бауыр. Сондықтан құдаларды «құда дескен, құйрық-бауыр жескен» деп жақындастырады. Құйрық бауыр асату – қазақ халқында ежелден бері келе жатқан дәстүрлердің бірі. Осы күнге дейін ұл-қыздары шаңырақ құрып, қуанышқа кенелген әрбір отбасында бұл дәстүр орындалады. Дәстүрдің өзіне тән орындалу шарттары бар. Тойға келген құдаларға жасы үлкенінен бастап құйрық бауыр асатады. Ас – қойдың құйрық майы мен бауырынан дайындалады. Арнайы құдаларға арнап сойылған қойдың майы мен бауырды қонақтарға арнап пісіріп, жұқа тілімдеп кесіп әзірлейді. «Бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп құйрық бауырды қалыңдық пен күйеу жігіттің жеңгелері келген құдаларға әндетіп жүріп кезекпен өз қолдарымен асатады. Келген басқа қонақтар (мысалы, жігіт жақтың тойына келген қыздың туыстары) астан ауыз тиеді. Жеңгейлердің құйрық бауыр салынған табақшаларын бос қайтармас үшін, құйрық бауырдан дәм татқан әрбір қонақ оларға ырым жасап өз кәделерін береді. Құйрық бауыр асату құдалық, той кезінде жасалатын басты әрі маңызды дәстүрлердің бірі және ол тек қазаққа тән. Сондықтан да, халық арасында «құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» деген сөз қалған. Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген. Қой сойылғанда бас табаққа қойдың басы, жамбасы, асықты жілігі, сүбесі, белдемесі, бір білем құйрық пен бауыры салынады. Қойдың ішкі мүшелерінен бауырдан басқасы табаққа түспейді. Жалпы алғанда ішек-қарын, өкпе бауыр аталатын ішкі мүшелер үй иелерінің сыбағасы.