Мамандығы:Қазақ филологиясы Тексерген: Тымболова Алтынай Алматы 2022 жыл Жоспар Кіріспе



бет5/6
Дата14.02.2022
өлшемі85,09 Kb.
#131706
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚамызановаМұханбетияр МӨЖ
Қамызанова "менің қалам, Қазақстан тарихы (1) (1)
Қорытынды
Қорыта келгенде, қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында жатталып қалған «Ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымнан қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «Астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деген ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтылса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да жөн жосығын оны дәмді етіп әзірлеудің көзін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де өздерінің мырзалық, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру, ел дәулеті мен қарым-қабілетін, түсінігін танытуды да қазақ кең дастархан арқылы, яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы ретте, тағам берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда ұстанған. Сырттан кісілер елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап бағасын берген. Демек, ұлт мәдниетінде тамақ, дәм татқызу – экономикалық, дипломатиялық және тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған.
Ас, тағам дайындау қазақ әйелдеріне жүктелген. Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындаумен бірге қыста да, жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс-тәсілдері мен жолдарын таба білген. Бұл қағидаларды әйелдер ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп отырған. Қазақтың құқықтық заңында да ас пен тамақ ақиқат пен адалдық кепілі ретінде қолданылады. Мысалы, ант берген адам «имандай шыным» деп Құран ұстап, нан жеген. Бұл Құранды –Алла сөзі деп, нанды – касиетті ас деп ардақтаудан шыққан. Асқа байланысты халықтың сыбағасы, абысын асы, қонақасы, қалжа, құйрық - бауыр асату, қымызмұрындық, т.б. көптеген ғажайып салт-дәстүрлері қалыптасқан. Салт-дәстүрлерінен басқа түрлі ұғымдар, тыйымдар, ырымдар, аңыздар, әңгіме, ертегілер, мақал-мәтелдер де өте көп.
Мал шаруашылығына негізделген қазақтардың тұрмысы олардың ішетін тамақтарынан өте айқын көрінеді. Негізгі тамақтары ет-сүт өнімдері болды. Кезінде А.И. Левшин де: «Қазақтың атқаратын барлық міндеттері мен қоғамдық катынастары осы кәсіпке негізделген. Сондықтан да олар бұл кәсіпке аса тәжірибелі. Малды күтіп бағуға ерекше машықтанған, мол тәжірибе жинаған. Олар рухани жан дүниесінде де тамаша дәстүрлер қалыптастырған», – деп жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет