28)ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұлт мүддесін қорғаушылар С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымдары.
Патшалық Ресей тұсында отарлау саясатына қарсы шығып, азаттық, дербестік үшін, ұлттық бірлік үшін күрескен ұлт зиялылары «сепаратистер», «Пантюркистер» ретінде қуғындалса, қазан төңкерісінде жеңіске жеткен большевиктердің басқыншылығы боса көктеген шақта Қазақстанды Одақтан бөліп әкетуді көздеген «буржуазиялық ұлтшылдар» атанды. Кеңестік мекемелерде қызметте болған Ж.Мыңбаев, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов сынды ұлт зиялыларының жаңа толқынында да «Буржуазиялық ұлтшылдар» ізбасарлары, «жікшілдер», «ұлтшылдар» деген сияқты негізсіз айыптаулар тағылды, осы саясатты нәтижелі жүргізу үшін ұлттық ерекшелік, ұлттық дербестік туралы түсініктерден біржола безіндіру мақсатында шүбәлі болса да, шындықтың өзі деп көрсеткен нақты шаралар атқарылды. Кеңестік тоталитарлық жүйе ұлт басындағы халық мүддесі үшін күрескен ұлттарды «жіктердің көсемдері» етіп, соның негізінде түрлі «шылықтарды» ойлап шығарды.
Солардың бірі – Сәдуақасовшылдық. «Сәдуақасовшылдық» - қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) ұстанған ұлттық позицияға байланысты «партиға қарсы» деп танылған. Қазақстандағы большевиктік шолақ белсенділердің ойлап шығарған ағымы. Басшы қызметте өзіндік пікірі бар, ерекше талантымен ерекшеленген адамдарды жала жауып қуғындап, өзінің жеке дара билігін орнату мақсатында Ф.И.Голощекин осы «Сәдуақасовшылдыққа» және тағы басқа «шылдықтарға» саяси астар беріп, өз пайдасына шебер пайдалана білді. Ұзақ уақыт бойы С.Садуақасов есіміне алашорда ұлшылдары тобына жақын оңшыл оппортунистік идеяны уағыздаушы, Коммунистік партия ішіндегі буржуазия тыңшысы, жеке меншік пен байдың мүддесін көздеуші, партияның жерге орналастыру, байларды тәркілеу, ұжымдастыру мен индустрияландыруларына қарсы болды деген негізсіз айыптаулар тақты.
Келесі қазақ ұлтының көрнекті қайраткері Сұлтанбек Қожановқа «Қожановшылдық» атауы берілді. С.Қожанов 1925 жылы республикамыздың ұлттық-территориялық жағынан межеленгенге дейін де бірқатар жауапты қызметтер атқарып, Түркістан республикасының ішкі істер халық комиссары, Ағарту Халық комиссары, «Ақжол» газетінің редакторы қызметінде болды. Түркістан Кеңестері мен Түркістан Коммунистік партиясының барлық съезідеріне, РК(б)П-ның Х және ХІІ съездеріне делегат болып, қай мінберден де ойлы ұсыныстарымен, қай істе де ұйымдастырушылық қабілетімен көрінді. Астананы Ақмешітке көшіруде үлкен еңбек сіңірді.
1920 жылдардағы ірі саяси тұлғалардың бірі Сейтқали Меңдешев те осындай негізсіз айыптау құрбанына айналды. 1920-1925 жылдары Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы болған оның есімі Ф.Голощекин билігі тұсынан бері «меңдешевшілдік» деген «жікпен» байланысты айыпталып келді. Ф.Голощекин оны «солшылдардың көсемі» деп санады. Сондықтан да 1929 жылға дейін «меңдешевшілдікті» айыптау белсенді көріне қоймады. 1925-1928 жылдары партия ішіндегі басты қауіп «оңшыл» ағым деп орталықта Бухаринге, Қазақстанда С.Садуақасов пен С.Қожановқа Ж.Мыңбаевқа қарсы науқан қызу жүрген болатын. Жалау Мыңбаев қазақ халқының мүддесіне қайшы келетін Кеңес өкіметінің солақай саясатын сынға алып, балама жол ұсынған С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақұлы, т.б. тобында болды. 1926 жылы 25 қаңтарда Қазақстан өлкелік комитетінің пленумында бұл топқа ұлтшылдар деп айып тағылып, қатал сынға ұшырады. Ф.Голощекиннің тапсырмасымен БК(б)П қазақ өлкелік комитетінің бақылау комиссиясы Мыңбаевтың үстінен іс қозғады. Мыңбаев ұлтшыл атанып, сынға ұшырады.
Достарыңызбен бөлісу: |