43.1946-1953 жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму. II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді.Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды.1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді.Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді. Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді.Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды. 1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды.Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты. Халықтың әлеуметтік жағдайы. Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды. Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды. Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны әлдеқайда жоғарылады. 1 млн. 403000-ға жетті. Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті.1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді.1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. 44. ХХ ғасырдың 40 ж. екінші жартысы -1950 жж. Қазақстандағы ғылым, мәдениет және білім беру.
Қазақстанда соғыстан кейін өнеркәсіп орындарының көбеюі, ауыл шаруашылығының дамуы шеберлігі жоғары мамандарды талап етті. Осы міндеттерді шешу мақсатында 1947 жылы қарашада «Қазақ КСР-де жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылдап, ол бойынша республикаға мектептер мен оқу орындарының құрылысына, оларды материалдық – техникалық базасын жабдықтауға қаржы бөлінді. Қазақстанға кәсіби мамандар жіберілді. 60 – мыңнан астам мамандар даярланды. Мектептерге мол қаржы бөлді. 1946 жылы – 85,6 млн сом бөлінсе, 1950 жылы – 146,5 млн сом бөлінді. Интернаттар жүйесі құрылып, 1953 жылы оларда 40 мыңдай бала оқыды. 1950 жылы білім беру жүйесінде жалпыға бірдей міндетті он жылдық білім алуға көшті. Кешкі және сырттай оқитын мектептер ашылды. 1950 жылы - 9088 мектепте 1 млн 143 мың оқушы оқыды. Соған қарамай кемшіліктер болды. Олар: оқу бөлмелері, оқулықтар жетіспеді. Әдебиетте даму жағдайында болды. 1947 жылы М.Әуезов өзінің «Абай» роман – эпопеясының екінші кітабын аяқтады. 1949 жылы оған бірінші дәрежелі КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. Замандастарының басынан өткен қиындықтары мен қуаныштары С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Ғ.Мүсіреповтің – «Қазақ солдаты» тағы басқа шығармаларымен поэзияларда көркемдік бейнесін тапты. Соған қарамастан 1951 жылы 31 маусымда «бірқатар жат ұғымдарды баяндайтын қазақ әдебиеті оқулықтарының басылымдарын алып тастауғы» бұйрық берілді. Осы жылы « Абай мектебі аталатын буржуазиялық объективтік тұжырымның ғылымға қарсы » екендігі жарияланды. Ұлы Абайдың есімінің аталуына тыйым салу қаупі пайда болды. Сондай – ақ «Ер – сайын», «Едіге», «Орақ пен Мамай», «Батыр Шора» сияқты шығармаларды басуға тыйым салынды. Қазақстан жазушыларының барлық шығармаларына қатаң бақылау орнатылды: цензура күшейді, Главлит атанған мекеме атқарды. Кез келген шығарманы шығару Главлит рұқсатымен ғана шығарылды. М.Әуезовтің Абай романы «ұлтышлдық пен байшылдық» мағынада жазылған деп, қайта жазылды.