2.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


)Ұлттық әскери құрамалардың ұйымдастырылуы. Ұлы Отан соғысы майдандарына қазақстандықтардың қатысуы



бет36/64
Дата10.04.2022
өлшемі204,1 Kb.
#138695
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
Байланысты:
Документ (39) 3

38)Ұлттық әскери құрамалардың ұйымдастырылуы. Ұлы Отан соғысы майдандарына қазақстандықтардың қатысуы.

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1.1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2.1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.




39.Қазақстандықтардың майдандардағы қимылдарға және партизан қозғалыстарына қатысуы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың әскери ерліктері.
Соғыс жылдарының өзінде-ақ кеңестік партизандардың əскери əрекеттеріне қысқаша шолуларды Б. Волин, П.К. Пономаренко, Р. Сидельский жасаған. «Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының тарихы» атты көлемді ғылыми еңбектің алтыншы томында жау тылындағы кеңес халқының ерлігі, коммунистік партияның ұйымдастырушылық рөлі көрсетіледі. Партизандық қозғалыстың маңызды қорытындылары Л.Н. Бычковтың «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандар қозғалысы», «Советские партизаны (из истории партизанского движения в годы Великой Отечественной войны)» атты еңбектерінде берілген [1; 10]. Қазақстандықтардың партизандар қозғалысына қатысуы туралы Қазақ КСР кеңестік дəуірдегі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы дамуы туралы жазылған бірқатар ұжымдық еңбектерде қысқаша сипаттамалар келтірілген. Бұл бағытта маңызды жұмысты партизандық қозғалысқа қатысушылардың өздері жасаған. Олар партизандар туралы естеліктер мен əңгімелер, күнделіктер, деректік повестер жазған. Мəселен, Т. Жангелдиннің «Партизан күнделігі», «Жолданбаған хаттар», «Партизандық жорық», Қ.Қайсеновтың «Партизан соқпақтары», «Жау тылында», тағы басқа да еңбектерді айтуға болады.1941 жылы 18 шілдеде БКП (б) ОК «Неміс əскерінің тылында күресті ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда ерекше айтылатын міндет герман жаулаушылары үшін адам төзгісіз жағдай жасау, олардың байланыстарын үзіп, əскери техникаларын істен шығару, барлық іс- шараларын жүзеге асыруға жол бермеу, басқыншылар мен оларды қолдаушылардың көзін жою, атты жəне жаяу əскер партизандық бөлімдерді, диверсиондық жəне атқыштар топтарын құруға барынша көмектесу, басып алынған территорияларда жауға қарсы барлық жұмыстарды басқару үшін большевиктік астыртын ұйымдардың желісін құру болдыҚазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болды.1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды.1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды.1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет