Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстрары орындағАН: Сейлхат Шамшиддин,Юлдашева Одина



Дата28.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#133663
Байланысты:
соғыстан кейінгі қалпына келтірулер
10 кл СОР 1 нұсқа, Ðåôåðàò Òà?ûðûáû Áîëìûñ æ?íå ñàíà. Îðûíäà?àí Á?øêåí À. Á

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды медицина университеті

Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстрары

ОРЫНДАҒАН:Сейлхат Шамшиддин,Юлдашева Одина

ТЕКСЕРГЕН:Абдрахманова Кәмшат

Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.

  • II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды . 

Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру

  • Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді. 
  • 1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді. 

Өндірістің дамуы

  • Өнеркәсіптің жандануы өте қиын жағдайда өтті. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары кеңес адамдарының еңбегі оның еңбегінен айтарлықтай ерекшеленбеді . Тұрақты тапшылығын өнімдерін, еңбек пен тұрмыстың аса ауыр жағдайлары, сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің жоғары деңгейі халыққа көптен күткен әлемнің енді ғана келіп, өмір сүруімен түсіндірілді.

Төртінші бесжылдық құрылыстары

  • 1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты. 

Төртінші бесжылдық құрылыстары


Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.

Ауыл шаруашылығы 


Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б. 
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды.
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды. 
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті. 

Әскери-өнеркәсіптік кешен 

  • Өнеркәсіпті қалпына келтіру кезеңі 5 жылдан аз уақытты құрады. Осы уақыт аралығында қалпына келтіру жұмыстары әскери-өнеркәсіптік кешендіде қамтыды.
  • КСРО экономикасының әскери бағыттылығы Қазақстан аумағында көптеген әскери, бактериологиялық, химиялық және ғарыш полигондарының құрылысына алып келді. Қазақстанда әскери базалар мен стратегиялық маңызы бар сынақ полигондары салынды. Арал теңізіндегі Возрождение аралында бактериологиялық қару-жарақ полигоны салынды. Қазақстанда әскери базалар мен стратегиялық маңызы бар сынақ полигондары болды. Солтүстік Қазақстан мен Семей облысында әлемдегі ең ауыр құрлықаралық баллистикалық зымырандар орналастырылды

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!!

,



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет