Кеңес дәуіріндегі қазақ өнері мен мәдениеті Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы



Дата20.06.2018
өлшемі21,15 Kb.
#43772
Кеңес дәуіріндегі қазақ өнері мен мәдениеті
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы

Кеңес өкіметінің орнауы коммунистік идеологияға сай шығармашылыққа өріс ашты. Орынборда, Алматыда, Ақмолада, Семейде, Петропавлда, Оралда, Қостанайда және Қазақстанның басқа да қалаларында клубтар, халық үйлері пайда болды. Қазақ және орыс тілдерінде хор, драма, әдебиет үйірмелері, халық театрлары ұйымдастырылды. Ұлттық әскери құрамалар мәдени-бұқаралық жұмыстың орталығына айналды. Халықтық музыка зерттеле бастады. Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып,“Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі” деген жинақтар жариялады. 1925жылы Парижде дүниежүзілік халықтар көрмесінде ұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында — Одақ халықтарының атынан қатысып, екінші орынға ие болды.1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды. Оның бастауында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков,Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов т.б тұрды. Театрды дарынды драмашы, режиссер Жұмат Шанин басқарды. Сахнада қойылған алғашқы шығарма М.Әуезовтың “Еңлік Кебек” пьесасы болатын. Театр өмірінде Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, М.Әуезов пен Л.Соболевтің “Абай пьесаларының қойылуы” үлкен оқиға болды. Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н.Гогольдің “Үйлену” мен “Ревизорын”, В.Шекспирдің “Оттелосын” сахнаға шығарды. Қазақстан үкіметі осындай атаулы табыстары үшін1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді. 1930 жылдары Семейде, Ақтөбеде, Шымкенте, Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды.1933жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды.


Қазақстан кино өнері

Кино өнері 1930 жылдардан бастау алды. “Шығыскино” тресінің Алматы бөлімшесі болды. Ол қазақ даласында бірқатар деректі және дыбыссыз көркем фильмдер түсірді.1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды. 1938 жылы “Ленфильм” қазақтың бірінші дыбысты фильмі — “Амангелді” картинасын жасап шығарды. Бұл фильмінде қазақ елінде Кеңес үкіметін орнату жолындағы еңбекшілердің ерлікке толы күресі бейнеленеді. 1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды. 1934 жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды. 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды. Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуді өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп, толысқанын көрсетті. Онкүндікте “ Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді. Әйгілі әнші Күләш Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді.

Жергілікті ұста,шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петрапаволдағы, Көкшетаудағы (1986ж) көрмелерде жұртқа таныстырылды. ХХ-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары Орт. Киностудиялардан Қазақстан өміріне аталған көркем фильмдер шықты. 1942 ж. «Мосфильм» және «Ленфильм» қосылып, Орталық біріккен киностудия (ОБКС-ЦОКС) деген атпен жұмыс істейді. Ұлттық кино өнері шеберлерінің Эйзенштейн, Пудовкин, Райзман, Бошаль, Вертов сынды орыс кино қайраткерлерімен шығармашылық бірлікте болуы қазақ киносының жаңа белеске көтерілуіне үлкен жәрдем тигізді. Қазақ халқының өмірін бейнелейтін фильмдер туды.
Қазақ музыка өнері

Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер-Тарғын», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» опералары, Ғ.Жұбанованың «Еңлік Кебек», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» балеттері, «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек» спектакльдері, Б.Аманжолдың «Еңлік Кебек» фортепианолық циклы, Ж.Жексембекованың «Қыз Жібекке симфониялық алым» (дань) және тағы да басқалары. Аталған шығармаларда негізін құраған эпостың өзі әртүрлі қамтылған. Себебі, әр жанр шамалы өзгерістер енгізсе де өз жанрлық заңдылықтарын сақтап қалады. Және мұндай қойылымдарда шығарманың авторы эпостың мазмұнын толық пайдаланбай, тек басты проблеманы, нақты ситуацияны алады. Кейде тіпті эпоста аса мән берілмейтін психологиялық сәттер опера, балет және спектакльдерде күрделендіріліп, басқа қырларынан танылады. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ежелден келе жатқанын және оның күміс көмей, жезтаңдай әнші, бармағы майысқан күйші болғанын тарихшыларымыз орынды сөз еткен. Өнердің халыққа кең тараған түрінің бірі ән мен аспаптық музыканың өткен заманда қай бағытта дамығанына шолу жасау, бүгінгі өмір жастарымызға рухани тәрбие беруде зор мәні бар екенін білеміз. Қазақ музыка мәдениетінің қайраткерлері классикалық , халықтың мәдени мұралардың барлығын игере, халық шығармашылығының сарқылмас қазынасын түгел пайдалана отырып, өз шығармаларында көркем өнердегі шынайы, өмірлік мазмұнды жырлайды.


Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту, шығармашылық өнерімен ХІХ-ғасырдың ортасы мен екінші жартысында қазақ халқының арасынан шыққан өнер тарландарымыз тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар ақын күйшілеріміз аз емес. Олар: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т.б. көптеген ұлы күйшілерімізді айта аламыз. Қазақ халқының ән-музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан әнші композиторларымыз Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре Қашаубаев сияқты ұлы әншілерімізді мақтан етіп айта аламыз.

ХІХ-шы ғасырдың соңы мен ХХ-шы ғасырдың басында халықтың әнші композиторларының туындылары пайда бола бастады. Ондағы негізгі тақырып үстем таптың зорлық-зомбылығы, теңдік іздеген шаруалардың арман тілегі өзек болды. Қазан төңкерісінен кейін ұлттық музыка мәдениеті қайта туып өркендеді. Ол даму жолында халықтың бай ұлттық музыка шығармаларымен қатар, орыс және шетел классиктері дәстүрін кеңінен пайдаланды. Қазақстанда музыкалық қоғам өмірі жанданып, музыка көркемөнерпаздар үйірмелері мен хор ұжымдары ашылды. Музыка фольклорын жазып алу және оны зерттеу жұмыстары жүргізілді. Затаевич халық ән-күйлерінң жинағын құрастырып шығарды. Әншілердің, ақындардың, музыканттардың өнер сайысы алғаш рет 1919 жылы Верныйда қолдауын тапты. Халық музыкалық шығармашылығының жаңа жанрлары, музыкалық аспаптары сүйемелімен хор орындау қалыптасты. Орындаушылық өнердің түрі көбейді. 1934 жылы Алматы қаласында Бүкіл Қазақстандық халық өнерпаздарының бірінші слеті өтіп, оның артынша ҚазЦИК атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі (1944 жылдан Құрманғазы атындағы) ұйымдастырылды. 1935 жылы құрамында хор ұжымы ұлт аспаптар оркестрі би ансамблімен әншілер тобы бар Қазақ филармониясы ашылды. 1933 жылы Алматыда музыкалық студия ашылып, 1934 жылы Қазақтың музыкалық театры болып қайта құрылды. Музыкалық спектакльдерге әншілер: К.Байсейітова, Ж.Жандарбекова, Қ.Байсейтов, М.Ержанов, т.б. қатысты. 1934 жылы қазақ халық эпосы негізінде жазылған қазақтың тұңғыш операсы Брусиловскийдің «Қыз Жібек», одан кейін «Жалбыр» (1935ж.) мен «Ер Тарғын» (1937ж.) қойылды. 30-40 жж. Қазақтың көпшілік әндері, романстары, хор музыкасы қалыптасты. 1939 жылы Қазақтан композиторлар одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1942 жылы Брусиловскийдің Кеңес жау-фашист басқыншыларына қарсы «Гвардия алға» операсының қойылуы музыка өміріндегі елеулі табыстардың бірі болып табылды. 1944 жылы Алматыда қазақ консерваториясы ашылды. Соғыстан кейін қаһармандық-ерлік тақырыбына арналған жаңа опералар туды. Брусиловский мен Төлебаевтың «Аманкелді» операсы, халық композиторы Біржан Қожағұл жайындағы Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы елеулі оқиға болды. XX ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің А. Жұбанов қомақты үлес қоспаған, өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырмаған саласы кемде-кем.


Театр

ХХ ғасырдың 1 жартысында Қазақстан мүсін, графика, театр, кино, музыка және т.б. өнердің жетекші салалары дамыды. Өнердің дамуына халық бұқарасы да зор үлес қосып отырды. 20-30 жылдары Қазақстанда төл кәсіби өнерпаздар өсіп жетілді. Өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекеттерінің өзіне тән ерекшеліктері мен дараланатын формалар ежелден қалыптасқан. Көркемдік образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді: мүсін, көркем әдебиет, театр, кино өнері өмір құбылыстарын тікелей бейнелесе, музыка, би, сәулет өнері оларды суретшілердің ішкі идеялық-сезімдік толғаныстар арқылы береді.


Қорытынды

Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ халқының көзін ашып, бірқатар маңызды істер атқарылды. Кеңес билік құрған алғашқы онжылдықтарда КСРО-дағы сияқты Қазақстанда да бұқараның мәдени деңгейін арттыру саласында да қомақты жетістіктерге қол жеткізді.


ХХ ғасырдың басында қазақ өнерінің қалыптасуы қазақ тарихында елеулі орын алды. Қазақтың музыка, театр, би өнерлері жан-жақты дамыды. Мәдени-ағарту мекемелері мен бұқаралық кітапханалар, клуб мекемелері желісі кеңейе түсті. Қазақ халқы өзінің өнерін бүкіл әлемге паш етті.

http://bigox.kz/kenes-dauirindegi-kazak-oneri-men-madenieti/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет