«Әлемдік экономикалық дағдарыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.
Тақырып: Уолл-стриттің күйреу себептері мен салдары?
Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты?
Оқу мақсаты:
8.4.1.3 тарихи оқиғаларды талдау үшін «бағалы қағаздар нарығы», «акция»,
«алыпсатарлық», «қор биржасы», «несие», «банкроттық», «инфляция» ұғымдарын
пайдалану;
8.2.4.1 әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Дж. Кейнс
теориясының рөлін сипаттау;
8.3.1.3 фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы дүниежүзілік
экономикалық дағдарырыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіру (АҚШ, Франция,
Германия)
Бағалау критерийі: Білім алушы
Ұғымдарды пайдаланып экономикалық дағдарысты талдайды.
Әлемнің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Дж.Кейнс теориясының мәнін
түсіндіреді
Дүниежүзілік экономикалық дағдарырыстан шығудың түрлі жолдарын фактілерді,
процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы жіктейді.
Оқу дағдыларының деңгейі
Қолдану.
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырмалар:
1 тапсырма.Ұғымдарды пайдана отырып, дағдарыстың көріністерін жазыңыз.
2 тапсырма.Дж.Кейнс теориясына маңызына қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Кейнсшілдік ұғымын түсіндіріңіз?
2.АҚШ елінің мысалында Дж.Кейнс теориясының маңызын көрсетіңіз.
3 тапсырма.1929 – 1933 жж. әлемдік экономика дағдарысынан шығу жолдарына қатысты мәліметті жіктеңіз.
А. Германия, Италия, Жапония
В. АҚШ, Ұлыбритания
С. Франция, Испания (1936 жылға дейін)
Д.нарықтық қатынастарды жою,экономиканы шектен тыс орталықтандыру,экономиканы толық милитаризациялау
демократиядан бас тарту
Е.сыртқы сауданы, банктерді мемлекеттік бақылау
демократиялық антифашистік күштердің «Халық майданына» бірігуі ,әлеуметтік реформалар жүргізу
Ғ.жанама мемлекеттік реттеу,мұқтаж жандарға көмек бағдарламасы
салық жүйесін жетілдіру
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Ұғымдарды пайдаланып экономикалық дағдарысты талдайды
|
1
|
Инфляция ұғымын пайдана отырып, дағдарыстың көріністерін жазады.
|
1
|
Банкорттық ұғымын пайдана отырып, дағдарыстың көріністерін жазады.
|
1
|
Әлемнің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Дж.Кейнс теориясының мәнін
түсіндіреді
|
2
|
Кейнсшілдік ұғымын түсіндіреді.
|
1
|
АҚШ елінің мысалында Дж.Кейнс теориясының маңызын көрсетеді.
|
1
|
Дүниежүзілік экономикалық дағдарырыстан шығудың түрлі жолдарын фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы жіктейді.
|
3
|
Экономикалық дағдарыстан шығудың либералды реформистік бағытына қатысты елдерді белгілейді.
|
1
|
Экономикалық дағдарыстан шығудың либералды реформистік бағытына қатысты мәліметтерді жіктейді.
|
1
|
Экономикалық дағдарыстан шығудың социал-демократиялық бағытына қатысты елдерді белгілейді.
|
1
|
Экономикалық дағдарыстан шығудың социал-демократиялық бағытына қатысты мәліметтерді жіктейді.
|
1
|
Экономикалық дағдарыстан шығудың тоталитарлық бағытына қатысты елдерді белгілейді.
|
1
|
Экономикалық дағдарыстан шығудың тоталитарлық бағытына қатысты мәліметтерді жіктейді.
|
1
|
Жалпы балл
|
10
|
Жауаптары:
1.Дүниежүзі тарихы.Оқулық 8-9 сынып 1 бөлім.Алматы «Мектеп» 2019жыл. 112-113 беттер.
2.Дүниежүзі тарихы.Оқулық 8-9 сынып 1 бөлім.Алматы «Мектеп» 2019жыл. 115 беттер.
3.Дүниежүзі тарихы.Оқулық 8-9 сынып 1 бөлім.Алматы «Мектеп» 2019жыл. 123-128 беттер.
|