8. "Қазақстан-2030" Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
15.Тәуелсіз Қазақстандағы экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең – 1991-1992 жылдар, екінші кезең – 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең – 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмаған-ды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан. – Егемен Қазақстан, 7.02.2008). Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық. Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль құрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де құрастыратын бес кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және басқа салалар серпінді дамуда. Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жұмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.
16.Егемен Қазақстан Республикасының демографиялық дамуы. Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды. Мыс., қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өсті. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кеміді, немістер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кеміген. Ираннан келген қазақтар Алматы, Оңтүстік Қазақтан және Маңғыстау облыстарына қоныстануды жөн көреді. Олар Моңғолиядан келген қазақтарға Қазақстанның қазіргі күрделі әлеуметтікэкономикалық ахуалына бейімділік танытуда. Мұндай жағдай Түркиядан келген қазақтарға да тән. 1989- 1999 жылдары республикаға Ираннан 2968 қазақ, Түркиядан 1755 қазақ қоныс тепті [6]. Қандастарымыздың өз атамекеніне оралуы заңды қүбылыс. Бірақ оралмандарды елдің әлеуметтікэкономикалық жағдайына бейімдеу өзекті мәселе күйінде қалуда. 1990-жылдардың басында «Қайт, қазақ еліңе!» деген ұранның көтерілуі асығыс болғандығын мойындауымыз керек. Оралмандардың елде жеткілікті деңгейде қолдаушылық таппай бірқатар қиындықтарды бастан кешіріп жатқандығы көпшілікке аян. Сонымен қатар Қазақстанға келуге тілек білдіріп отырған қандастарымыздың саны артып отырғанына қарамастан, оларға бөлінетін квота көлемінің жыл өткен сайын азая түсуі көңілге кірбің келтіруде. Өз тарихи отанынан оралушылар үшін 1993 жылы 10 мың отбасына (50 мың адамға) квота Моңғолиядан келуші қазақтардың саны бөлінсе, ол кейінгі жылдары қысқара түсіп, 1994 жылы 7 мың отбасына, 1995 жылы 5 мың отбасына, 1996 жылы 4 мың отбасына, 1997 және 1998 жылдары 3 мың отбасына, 1999 жылы 500 отбасына, 2000 жылы 600 отбасына ғана квота бөлінді. Кейінгі жылдары ғана квота көбейе түсті. Сонымен, Қазақстандағы қазіргі демографиялық ахуалға, шетелдердегі қазақтар мен оралмандар мәселелеріне қорытынды жасай келгенде, қазақтар қалай көбейеді деген сұрақ туындайды. Ол заңды да, себебі ұлан ғайыр жері бар, ал халқының саны бар болғаны 15 млн. ғана Қазақстан мемлекетінің әрбір шаршы километріне 5,5 адамнан келіп, әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарына жататыны үлкен ой және қатерлі күдік туғызады. Ұлттық қауіпсіздігімізді сақтап қалу және экономикамызды жаңа еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін, ел басымыз 2015 жылға дейін республика халқы санын 20 млн.-ға жеткізу қажеттігін баса айтып келеді.Міне сондықтан халықтың санын көбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи-демографиялық ғылым айқындаған екі жолды, табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды оң пайдалану керек. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға, әсіресе жаңа отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына өкімет тарапынан жан-жақты, нақтылы, тұрақты және жүйелі түрде қамқорлық, тікелей жәрдем ұйымдастырылуы қажет. Бұл жөнінде Кеңес заманындағы бай тәжірибені қайта жандандырып, кеңейтіп, байыта түсу, ол үшін мемлекеттік қор құрған да жөн. Ал сырттан келетін оң көшіқонға келсек, шетелдердегі қазақтарды елге қайтару үшін де мұнан да күрделі шаралар іске асса жөн болар еді. Мүмкіндігінше квотаны шектемей, егер оны алып тастауға болмаса, қазақтар тұрған шет мемлекеттермен дипломатиялық жолмен көші-қон үрдістерін жеңілдетіп, тездету, ал көшіп келгендер үшін барлық жағдайды жасау да керек. Шетелдердегі қазақтардың тек жартысын ғана осы 4-5 жылдың ішінде қабылдап алғанда, Қазақстан халқының, әсіресе қазақтардың саны күрт өсуге нақтылы мүмкіндік пайда болар еді. Қазақ халқына тарих берген осындай мүмкіндіктерді толық және уақытында пайдаланып, елдің санын көбейтіп, қатарын нығайта түсіп, өркениетті қауымда өз орнымызды алғанымыз жөн-ақ.
17.Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа дәстүрлі жолдауларындағы тарихи сабақтастық
18.»Мәңгілік ел»ұлттық идеясының мәні мен маңызы. Мәңгілік ел идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті… Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек? Деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Деп Елбасымыз атап көрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып табылады. Тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың ерен еңбегі жатыр. Тәуелсіздіктің бабаларымыздың сан ғасырғы арманымен келгенін Елбасымыз әрдайым қазіргі ұрпақтың есіне салып отырады: Мәңгілік Ел идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Ел тағдырының мәні азаттықтыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса, осы жолда қаншама алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Кешегі кеңестік кезеңде де ғасырларға созылған тарихы бар қазақ елін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерге тойтарыс беріліп, қазақ жері деген ұғымның сақталып қалу жолында ерен еңбектер атқарылды.Қазіргі кездегі жаһандану үдерісі, қолжетімді ақпараттар легі жастардың бойында ақпараттарды електен өткізе білу, теріс пиғылды идеологияларға қарсы тұра білетін иммунитетті қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені қазіргі таңда жат пиғылды ағымдардың ықпалына еріп, экстремистік әрекеттердің қатарын толықтырушылар осы жастар болып отырғаны белгілі. Жастардың мұндай әрекетке баруының басты себебі ретінде олардың білім, сауаттылық деңгейінің төмендігін айтуға болады. Экстремистік идеялар халықты өзінің ертеден келе жатқан бай рухани құндылықтары мен салт-дәстүрінен бас тартқыза отырып, мәдени, тарихи, рухани санасын жойып жіберуді көздейді. Мұндай идеология кез келген мемлекет секілді Қазақстан қоғамының да ішкі тұрақтылығына елеулі қатер төндіреді. Бұған қарсы тұра білудің жолы жастардың діни сауатын арттыру, оларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді бойларына сіңіріп, дәріптеу, оларды еліне, жеріне, дәстүріне, дініне жанашыр азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дəстүрлі ұлттық тəрбие мен рухани құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мəдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тəрбиелеу – алда тұрған басты міндеттердің бірі. Елбасымыз жариялаған Мәңгілік ел идеясының көздегені де осы болатын, яғни, төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету.Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Мемлекеттің осы бағытта атқарып жатқан ізгі жұмыстары аз емес, солардың бірі осы – Мәңгілік ел идеясы. Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаев Мәңгілік ел идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды. Мұндағы Біртектілік пен бірлік реформасында Мәңгілік ел патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының Үлкен ел – үлкен отбасы кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың Менің елім ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, Нұрлы болашақ ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты қадамдар жүзеге асыру көзделді.
19. .ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру»мақаласын зерделеу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген. Қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп, кезең-кезеңмен көшуі туралы жобасы тіліміздің дамуына жаңа импульс беріп, оны әлемдік кеңістікке шығаруға, сөйтіп халықты тілімізді толық меңгеруге ынталандыруға арналған. Ал 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшетін боламыз: осы уақыттан бастап барлық жазбаша дүниелер – БАҚ беттеріндегі жарияланымдардан бастап, кеңселік іс қағаздарын толтыруға дейін тек қана латын тілінде жүргізілетін болады. Оған дейін ақырын үйреніп, кириллицадан латынға біртіндеп өтетін боламыз. «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік беруге, білім сапасын арттыруға және ұлттың өзіндік сана-сезімі мен оның тілін дамытуға бағытталған. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық». Міне, осы шектіліктен арылу үшін, тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология саласы бойынша әлемнің ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару ұсынылып отыр. Бұл бағдарламаның нәтижесі 5-6 жылдан кейін – кітаптар студенттердің қолына тигеннен кейін өз жемісін бере бастайды, сол кезде отандық жоғары оқу орындарының түлектері халықаралық еңбек нарығында бәсекеге төтеп бере алатын болады деп күтілуде. «Қазақстанның 100 жаңа есімдері» атты жобасы еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі жастағы және әртүрлі ұлттардың өкілдері арасынан жоғары жетістіктерге жетіп, отандастарына үлгі боларлық тұлғаларды дүйім жұртқа таныстырады. Осы жобаға енетін 100 жаңа есім қазіргі Қазақстанның бетке ұстар бейнесі ретінде алынады.«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін шетелге таныстыру жүйесін қолға алуды көздейді. Шын мәнісінде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті мазмұндық жағынан да, қалыптық жағынан да ілгері дамытуға бағытталған. Осы орайда алдымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шетелдік қауым назарына ұсынылып, 2017 жылы 17–19 қазан күндері UNESCO-ның Париждегі штаб-пәтерінде онымен таныстыру рәсімі өткен болатын. Осы шара аясында шетелдік көрермен қазақстандық мәдениеттің әртүрлі бағыттарымен танысып, көптеген мәдени іс-шараларды тамашалады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы заманауи тәуекелдіктер мен жаһандық талаптарды ескере отырып, ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи әлемдегі басекелік қабілеттілігін арттыруға, ұлттық сәйкестікті сақтауға, азаматтардың мәдени білімін және сана-сезімінің жоғары екендігін дәріптеуге бағытталған. Міне, осы сапалардың барлығы қазақстандықтар сүйенетін негізге, тірекке айналуы тиіс. «Рухани жаңғырту» бағдарламасы қоғамды шоғырландыруға, зиялы қауым мен жастарды, барлық ұлт өкілдерін Елбасы жариялаған жарқын идеяның айналасына біріктіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық бағыттарын іске енгізу әлеуметтің, ғылыми-эксперттік қауымдастықтардың, азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың белсенді түрде атсалысуымен жүзеге асады
20.«100 жаңа есім-ел болашағы»жобасының мәні мен мақсаты. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап қолға алынған жобаның іріктеу жұмыстары бірнеше кезең негізінде жүзеге асырылды. Байқауға қатысушы үміткерлер қызмет саласы бойынша 6 санатқа бөлініп, топтастырылды. Арнайы іріктеу мен дауыс берудің қорытындысы бойынша 2112 үміткердің ішінен 102 жеңімпаз анықталды. Байқауда топ жарған көшбасшылар арасында: спорттан – 13, ғылымнан – 18, мәдениеттен – 10, медицинадан – 18, бизнестен – 13, қоғамдық саладан 30 адам «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатарын толықтырды. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. Елдегі меценеттар мен қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы тұлғалардың көпшілігі танымалдылыққа танытуға мән бермей жатады. Танымалдылықты артық дүние санайтын көптеген меценат тұлғалар өздерінің мерейлі істері үлкен бір ұрпақты тәрбиелеуге жететіндігін ескермейді. Адамгершілігі мол адамның қарапайым келетіндігі де белгілі. Алайда мұнда халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғаны жұрттың өзі ұсына алады. Қазірдің өзінде жүз есімді анықтау мақсатында әр өлкеде қызу ұсыныстар келіп түсуде. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың санатын сағат санап өсіп жатқандай. Республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаң тұлғалар жобаға ұсынылуда. Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында, елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін болады. Елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады. Әрбір адамның мақсаты бұл туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы екендігін сезіне алуы қажет.Мәселен, өнерімен әлемді тамсандырып жүрген 18 жастағы композитор Рахат-би Әбдісағиннің өмір жолы бұл ойымызға дәлел. Жас сазгер 13 жасында орта мектепті тәмамдап, қазір тарихы тереңнен тамыр алатын Римнің ең үздік өнер ордаларының бірінде докторантурада білім алып жатыр.
22.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары. 2016 жылы 31 наурызда Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммите әлемнің 51 елінен келген мемлекет басшылары мен премьер-министрлері алдында тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевт Жаһан жұртының назарын адамзат баласына қауіп төндіріп тұрған зауалдарға аудару үшін «Әлем. XXI ғасыр» атты манифес жариялады. Манифест бірден жаһан жұртының назарына ілініп, бейбітшілікке бастайтын бағдар деп қабылданды. Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болып, БҰҰ хатшылығының электрондық жүйесіне орналастырылды. Құжатқа БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші сессиясы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты ретінде А/70/818 және S/2016/317 тіркеу нөмірлері берілді. Манифест арқылы Қазақстан Президенті әлем мемлекеттерінің басшыларын ядролық қауіпсіздікті нығайтуға шақырып, адамзатты соғыстан құтқаруға үндеді. Президент әлемге жаһандық соғыстың қатері төніп тұрғанын атап көрсетіп, осыған дейін әлемде 15 мыңнан астам соғыс болғанын, адамзат әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткеріп отырғанын айтты. «Әлем төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады дей келе Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін» деп көрсетті. Елбасы халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие бола бастағанына назар аударып, ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндетін орындай алмай отырғанын айтты. Сонымен қатар ол жойқын қару террористердің қолына түссе, әлемде орны толмас апат орнайтынын тұспалдады. «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» Президенттің пайымынша, жетекші державалар арасындағы қарама-қайшылық ұзақ мерзімді текетіреске ұласып кетпес үшін адамзатқа осындай бағдарлама қажет. Ол соғыстың тамырына балта шабуға кепіл болуға тиіс. Елбасының сөзінше, «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» атты құжат 3 басты қағидатты нақты мазмұндау керек. «Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі жеңіледі. Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек», –Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттердің маңызы аса жоғары екенін тілге тие ете келіп, өлім себетін қаруларды ғарыш кеңістігіне, әлемдік мұхиттың бейтарап суларының түбіне, Арктикаға орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім қабылдау қажет деген байлам жасады. «Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңызды деп көрсетті. Елбасы Ауғанстан, Ирак, Йемен, Ливия, Сүрия мемлекеттеріндегі жанжалдарды сондай-ақ Палестина мен Израильдің текетіресін тоқтату, Корей түбегі мен Оңтүстік-Қытай теңізіндегі және Арктика ендігіндегі жарылыс қаупін азайту алдағы 10 жылда жаһан жұртының ортақ мәселесі болуы тиіс екенін айтты. Манифесте әскери блоктарға да қатысты сөз қозғады. Осыған қатысты Елбасы: «Әскери блоктарға БҰҰ туы астында мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы жаһандық коалициясын қарсы қою қажет», – деді. Осылай болғанда, яғни барлық мемлекеттер біріккен кезде әскери блокқа бөлшектенудің тамырына балта шабылады деп көрсетті. Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесі өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отырғанын айта келіп, адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет екенін жеткізді. Әлем қауымдастығы Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесін адамзаттың бейбіт өмір сүру жолындағы басты бағдар деп қабылдады және тыныштыққа тұтқа болатын табанды талап деп түсінді
23.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халақаралық тұрақтылық және бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі.
24.Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өтуінің маңызы. 2015 жыл – еліміздегі елеулі оқиғалар ауқымды түрде өткізілетін ерекше жыл болады. Осы орайда, Қазақ Хандығының құрылуына 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, сонымен қатар Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қамтылып отыр. Атап айтқанда, 2015 жылы Керей мен Жəнібек хандардың Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Осыған байланысты, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мəселе қаралды. Бұл мерейтой ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр. Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл толғанын дəлелдейтін тарихи еңбектердің бар. Сол тарихи еңбектердің ішінен қазақстандық тарихшы ғалымдардың Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу нəтижесінде Қазақ Хандығының құрылған жылы 1465 ж ыл деген қорытындысы басшылыққа алынды. Қазақ Хандығының 1465 жылы құрылғандығын Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбектері дəлелдеп отыр. Оның сөзін парсы тарихшылары жазып қалдырған еңбектер де дəлелдей түседі, жəне М.Х.Дулати өз зерттеулерінде қазақ хандығының мемлекеттік басқару құрылымдары өте жақсы дамығанын айтты. Ғалымның түсіндіруінше, Қазақ Хандығында мемлекетті басқарудың тиімді жүйесі болған. Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өту басты үш концептуалды негізде жүзеге асырылуда: · Патриоттық: қазақ халқының Отанына сүйіспеншілігі; · Ақпараттық: ғылымикөпшілік бағдарламаларды, ғылыми-танымдық Деректі фильмдерді, қазақ халқының жоғары мəдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы көркем фильмдер т үсіру; · Ғылыми: Қазақ Хандығының құрылуы бойынша зерделеу мəселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ж үргізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру. Сондай-ақ, мемлекетімізде «Мəңгілік ел» ұлт тарихына арналған деректі, көркем жəне анимациялық ф ильмдер сериясын түсіру қолға алынды
25.Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы. Қазіргі кездегі мемлекеттік билік күннен күнге халық санының өсіп-өнуіне үлкен назар аударуда. Адам санын есептеу мемлекетке өзінің əлеуметтік функцияларын атқару үшін қажет. Ол өз кезегінде барлық еңбек ресурстарын анықтайды, сонымен қатар, əлеуметтік даму саласында белгілі бір шешім қабылдау үшін жəне басқа мемлекеттің функцияларын орындау үшін негіз болып табылады. Халықтың демографиялық даму көрсеткішін білмей, елдің ұлттық құрамының қалай өзгергенін анықтау мүмкін емес. Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үрдістердің өзгеруімен, мемлекеттің де маңызды экономикалық, саяси, əлеуметтік жақтары өзгереді. Халықтың өсіп-өнуі оның өзгеруі, туылым, өлім, көші-қоны көрсеткіштерін дамуын қамтиды. Соңғы кездері біздің ел үшін адамдардың шекара арқылы қоныс аударуы, өздерінің тұрғылықты жерлерін ауыстыруы маңызды мəселе болды. Көші-қонын адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қарауға болады. Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады.Көші–қонның жағымды жақтарына қазіргі еліміздің басынан кешіріп жатқан экономикалық дағдарыстан шығуға ықпал жасайтын экономикалық белсенді адамдардың өсуін талап етеді. Мұндай көшіп-келушілердің көбісі жеке бизнеспен айналысуға ұмтылады. Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның мəліметтеріне сəйкес Қазақстан мемлекеті ең көп көші-қон үрдістері болатын мемлекеттер қатарына жатқызылған.Қазақстанның демографиялық мәселесі-қазақ қоғамының маңызды Мәселелерінің бірі. XX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет Халық санағы жүргізілген:1959,1970,1979,1989,1999жылдары. Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар Республика халқының 39,7%-ын ғана құрады. Қазақстандағы барлық Халық саны – 16млн 475 мың болса, оның 6млн 535 мыңы ғана қазақ Ұлты еді. Бұл көрсеткіш жерімізді мекеңдеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Қазақстанда өткен ғасырдағы 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басыңда экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады. Халық санының өсуі Өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмеңдеуі және өмір Сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90-жылдардан бастап жаппай миграция мен туу үдерісінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық Халқымыздан айырылдық. Бұрын, 1970-1980 жылдарда да Қазақстанға келушілерден кетушілердің саны басымырақ болғанымен, халықтың табиғи өсуі олардың орнын толықтырғандықтан, еліміздегі халық саны азаймай, едәуір өсіп отырған болатын. 1959 жылы 9,3 млн болса, 1970 – 1989 жылдар арасында 13 млн-нан 16 млн-ға дейін өсті. 90 жылдардан бастап күшті эмиграциялық қозғалыстың, яғни саны көбейген көшіп кетушілердің орнын халықтың қарқыны төмендеген табиғи өсуі толықтыра алмады. Қазақстандағы тұрғындар саны 1989-1992 жылдар аралығында 0,7%-ға өссе, кейінгі жылдарда күрт кеми бастады. 1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді.1991 – 1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді.1993жылы(Миграция департаментінің көрсеткіші бойынша) алыс шет елдерден 23мыңнан аса қазақ келген. Ресейден, Прибалтикадан, Украинадан, Закавказьеден, Тәжікстаннан 50мыңға жуық қазақ елге оралды.1991-1995 жылдардың арасыңда республикадан кеткендердің саны келгендерден 1 млн-ға жуық және жыл сайын өсіп отырды. Осы жылдары Қазақстанға көшіп келгендердің саны 2240,8 мың адам болса,кеткеңдері 32210, 3- тен асып кетті. Кетушілердің ұлттық-этникалық құрамы жағынан көбі орыстар – 52,3%, украиндар – 7,2%, белорусьтар1,4%.Алыс шетелге кетушілердің құрамында немістер – 78%, орыстар – 13%,украиндар – 3%, еврейлер мен гректер – әрқайсысы 1%-дан.Осындай миграциялық үдерістердің нәтижесінде республиканың ұлттық құрамыңда өзгерістер жүрді. Олардың ең бастысы өзінің Отаныңда, туған жерінде жарты ғасырдай азшылыққа айналып, талай демографиялық апаттарды басынан кешірген қазақтар көп ұлтты халықтың енді басым көпшілігіне айналды
26.Қазақстан халық ассамблеясының ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі.Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Ел бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың мақсаты, міндеттері мен принциптері Осы Доктринаның мақсаты қоғамдағы азаматтық сәйкестілік, патриотизм, рухани-мәдени қауымдастық, тұрақтылықты сақтау, этносаралық және конфессияаралық келісім негізінде Қазақстандағы ел бірлігін қамтамасыз етудің басымдықтары мен тетіктерін айқындау болып табылады. Ел бірлігі деп этностық қоғамдастықтардың біртұтас мемлекет құрамында өмір сүру бүтіндігі, ел азаматтарының өзін Қазақстан Республикасымен, қалыптасқан құндылықтар және мұраттар жүйесімен сәйкестендіруінің жоғарғы деңгейі түсініледі. Қазақстандық қоғамның ел бірлігінің негізі қазақстандықтардың басым көпшілігінің жанына жақын және қоғамды бірегей тұтастыққа ұйыстырушы құндылықтар ортақтығы болып табылады. Біздің ортақ тарихымыз қазақстандықтардың барлық ұрпағын біріктіруші бастау алар көзі және лайықты мақтаныш нысанасы болып табылады. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі кезеңде өз тағдырыңа еркін таңдау жасау, жаңа мемлекет құруға қатысты екеніңді сезіну, елдің және оның азаматтарының болашақ ұрпағының тағдырына бірлесе жауап беру Қазақстан халқының ортақ құндылықтарына айналды. Қазақстандықтарға барлық этнос, конфессиялар, әлеуметтік топтар өкілдерінің өмір сүру салтына, дәстүріне, сезімдеріне, пікірлеріне, идеялары мен сенім-нанымына төзімділіктің жоғары деңгейітән. Сонымен қатар, елдегі этностық мәдениеттердің саналуандылығы мен үндестігі барша қазақстандықтардың тұрақты кемелденуі мен дамуының қайнар көзі болып табылады. Қазақстандық қоғамда адамгершілік құндылықтар, үлкенді сыйлау, отбасы институтын құрметтеу, қонақжайлылық қасиеттері берік қалыптасқан. Осының бәрі әртүрлі этностық және діни ерекшелікке ие азаматтардың өзара түсіністігі мен достығын нығайтуға септігін тигізеді. Доктринада қойылған мақсаттарға жету үшін мемлекет пен қоғамның күшжігерін мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағыттау қажет: жалпықазақстандық сәйкестілікті нығайту, қазақстандық қоғамның негізін құрайтын құндылықтар бойынша келісімді қолдау; этносаралық, конфессияаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімді жүйесін қалыптастыру; Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілді дамыту; қазақстандық этностардың этномәдени, тілдік өзіндік ерекшелігін сақтау мен дамытуға жәрдемдесу; экстремизм және радикализм көріністеріне қарсы іс-әрекет ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға жол бермеу. Этносаралық саладағы мемлекет саясатының базалық нұсқауларының, қағидаттары мен бағдарларының жиынтығын білдіретін және ел бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған осы Доктринаны жүзеге асыру мынадай принциптер негізінде құрылады: нәсілдік, этностық ерекшелігіне, дінге, әлеуметтік топтар және қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі; әлеуметтік, нәсілдік, этностық, тілдік немесе діни ерекшелігіне қарамастан азаматтардың құқықтарын шектеудің кез-келген нысанына тыйым салу; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни алауыздықтар тудыруға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге бағытталған іс-әрекеттің жолын кесу; мемлекеттік тілге және оның қоғамдағы рөліне құрмет;ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, этностық мәдениеттер мен тілдерді дамытуға жәрдемдесу; әрбір азаматтың өзінің ұлттық, діни ерекшелігін айқындау және көрсету немесе көрсетпеу құқығы; қайшылықтар мен әлеуметтік дау-жанжалдарды уақытында және бейбіт жолмен шешу; Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығы және бөлінбестігі; Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін оның аумағынан тыс жерлерде қорғау, шетелде тұратын отандастарға ана тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауда және дамытуда, олардың тарихи Отанымен байланысын нығайтуда қолдау көрсету.
27.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылық және бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі. Кеңестік жүйеден шыңдалып шыққан Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, оның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшыға айналды. Ол – бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өз орнын алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы АҚШ конгрессмені Крис Кэннон былай деген еді: «Мен жас Қазақстанның дамуын үлкен ықылас қоя қадағалап жүрмін, 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағынан тәуелсіздік алған сәтінен бастап, бұл ел таңғаларлық саяси және экономикалық жаңғыруларды басынан кешірді. Қазақстан қарыштап алға басып келеді, әрі дұрыс бағытта келе жатыр. Қазақстан қалыптасты, бұған оның басшысы Н.Назарбаевтың сіңірген еңбегі үлкен. Мен Қазақстан табыстарының сәулетшісі Президент Н.Назарбаевтың саяси көрегендігін жоғары бағалаймын, ол айтылып жатқан сындарға қарамастан, елін қуатты экономикалық мемлекеттердің қатарына қосып, бұрынғыдан да ауқымды саяси реформалар жасауға кірісті». Біздің Елбасымыздың бүкіл еңбегі осы бірнеше жолда тамаша көрініс тапқан сияқты. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы экономикамен бірге білім және ғылым саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесі жаңа заманға лайық әрі халықаралық стандартқа сәйкес жетіліп келеді және оның отандық үлгісі қалыптасуда десек, мұнда Елбасы Н.Назарбаевтың инновациялық ой-тұжырымдары мен тікелей қамқорлығының маңызы зор болғанын атап өтуіміз қажет.
28.Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісім. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан соң жағдай түзеліп, діни өркениетті көзқарас демократиялық өзгерістердің бір бөлігіне айналды. 1992 жылы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының қабылдануы маңызды оқиға болды. Қазақстан Республикасындағы дін аясы бірқатар заңнамалық актілермен: Конституциямен, Азаматтық кодекспен, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңмен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Қазақ жері тарихи жағдайлармен ұлы өркениеттердің – ислам, христиан, буддизм, конфуциандық өркениеттерінің өзара іс-қимыл орнына айналды. Біздің шексіз кең байтақ даламыз өзіне алуан түрлі өркениет пен мәдениетті сіңірді. Сондықтан қазіргі полиэтностық және поликонфессиялы Қазақстан – ғасырлар бойғы рухани және мәдени дәстүрлердің мұрагері. Қазақстанда түрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі үшін қажетті құқықтық және ұйымдық жағдайлар жасалған, конфессияаралық қатынастарды үндестіруге бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптасты. Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, демократиялық және зайырлы мемлекет ретінде орнықтыра отырып, адамның дін бостандығы құқығының сақталуына үнемі көңіл бөліп отырады.Қазіргі таңда, Қазақстанда 45 діни конфессия жұмыс істейді. Республикада олардың тұрақты диалог негізінде бейбіт қатар өмір сүруіне жағдай жасалған. Мемлекет бұл процесте бастамашылық жасайды және қолдайды. Қазақстанның тәуелсіз дамуы жылдарындағы алғашқы қадамдардың бірі қазақстандықтардың дін бостандығына кепілдік беретін діни бірлестіктер туралы Заңның қабылдануы болды. «Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір» жобасы шеңберіндегі әлеуметтанушылық зерттеулердің мәліметтері азаматтардың діни наным мен дін бостандығы құқықтарының сақталуына респонденттердің 78,2% оң баға бергенін көрсетеді, бұл азаматтардың діни сенім бостандығының конституциялық құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттің қолданып жүрген шараларының дұрыстығын дәлелдейді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2 съезі өткізілді. Съезде “Әлемдік дәстүрлі діни сенімдер өркениеттер диалогында байланыстырушы буын бола алады және қазіргі әлемдік тәртіптің тірегін бұзуға тырысқан радикал бірлестіктердің теріс ықпалынан қоғамды қорғай алады” деп мойындалды.
29.Индустриялы инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы және нәтижелері. Қазақстанда ең алғашқы үдемелі индустрияландырудың қажеттілігі жөнінде ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев ««Қазақстан–2050» Стратегиясы. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жариялады. Бұл Жолдауға сəйкес, үдемелі индустрияландыру — бұл жаңа салаларды қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ экономиканың бəсекеге қабілеттілігін анықтайтын инновацияларды жəне жоғары технологияларды енгізу негізінде дəстүрлі салалардың дамуы [2]. Елімізде үдемелі индустрияландырудың тəжірибелік жүзеге асуы Қазақстан Республикасының 2010–2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын қабылдаудан басталды Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 40-тан астам əр түрлі бағдарламалар жасалды, соның ішінде екі арнайы бизнесті дамыту бойынша бағдарламалар — «Бизнестің жол картасы–2020» жəне «Өнімділік–2020». Үдемелі индустриялықинновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы жəне аталған бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары Қазақстанның барлық аймағының индустриялық-инновациялық дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. Тек қана индустрияландыру картасының аясында 12,1 трлн теңге шамасынан астам сомаға 927 жоба іске асады, осының нəтижесінде құрылыс кезеңінде 235 мың шамасында жəне пайдалану кезеңінде 195 мың шамасында жұмыс орындары пайда болады. Оның ішінде құны 7,5 млрд теңгеден астам шаманы құрайтын, жалпы сомасы 8,1 трлн теңге 48 аса ірі əлеуметтік маңызы бар жобалар республикалық картаға қосылды. Оларды жүзеге асыру 230 мыңнан астам жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік береді. Аймақтық картаның жалпы сомасы 4 трлн теңге 879 жобасын жүзеге асыру нəтижесінде шамамен 200 мың адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.
30.Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» және «Тәуелсіздік дәуірі» еңбектерінің негізгі қағидалары мен құндылығы Тәуелсіздік дәуірі еңбегі Елбасымыздың жүрек төріндегі толғаныстарынан шыққан бұл кітапты бәріміздің қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасының негізін қалаған Тұңғыш Президентіміздің өз қолымен жазылған Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық негіз бар, - дейді тұсаукесер рәсімін жүргізген Нұр Отан партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед. Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады. Сондай-ақ, кітапта қазақстандық даму үлгісінің табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдарымен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген.Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Нақтырақ айтқанда, Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар), Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар), Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000- 2010 жылдар), Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар) бөлімдері оқырман қауымның назарына ұсынылып отыр.Тарихи әділеттілік салтанаты, Тұғыры берік мемлекеттік құрылым, Басты құндылығымыз – бейбітшілікті қастерлей білдік, Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр, Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай…, Қияға көз тіккен Қазақстан барысы, Баянды болсын Бас қала!, Саяси тұрақтылықтың жемісі, Тәуелсіздік рухымызды шыңдады, Біз әлемдік дағдарыс сынағына төтеп бердік, Бұрын-соңды болмаған зияткерлік өрлеу және т.с.с. бөлімдерде еліміздің жарқын сәттері бүгешүгесіне дейін баяндалады. Тарих толқынында еңбегі Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған. Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған. Автор кітабында жаңа Қазақстан елін этномәдениетті мемлекет ретінде емес, бостандық, құқық және міндеттер теңдігі қағидаттарына негізделген азаматтық қоғам ретінде құруымыздың принципиалды түрде маңызды екендігіне назар аударады. Н.Назарбаевтың кітабі көбінесе ұлттық мәдениет, тарих мәселелеріне өткен және қазіргінің байланысына бағыттталған пайымдау нәтижесі болып табылады.Н. Назарбаев « Тарих толқынында» атап өткендей: «Қазақ гуманитарийлері үшін бүгінгі таңда ұлттық бірегейлік пен тарихтың қарқынды императивінің тығыз араласуының орасан зор өрісінде жол салудан гөрі өзекті міндеттер жоқ. Бұл тек саяси мәселе ғана емес, ғылыми мәселе». Мұнда біз автордың шығармашылығындағы көптеген жылдар бойы өзгеріссіз қалған бағытты көріп отырмыз, ол Қазақстанмен байланысты. Кез келген мәселені қарастыра отырып, Н. Назарбаев бірінші кезекте өз елінің өкілі, патриоты, қазақ халқының ұлы болып қалады. Сондықтан оның шығармашылығының басты тақырыбы – Қазақстан, оның өткені, қазіргі және болашақ даму жолдары деп батыл айтуға болады. «Тарих толқынында « кітабы еліміздің тарихын баяндайтын 8 тараудан тұрады: Ұлттық келбетті ұлықтайық Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы Мәдениет келешегі Алаш мұрасы және осы заман Ұлттық бірегейлік туралы Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағылымдары Тарихтың шеберлері және ұлттық зерде Елбасы өз кітабында Алаш зиялыларының іс-әрекетіне, сол заманда орын алған оқиғаларды сараптап, өз пікірін айқын баяндаған. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлт зиялыларының қоғам алдындағы жауапкершілігі, отансүйгіштігі мен биік мақсаттары – бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Олар біз үшін халық алдындағы адалдықтың, рухани кемелдіктің, ұлтжандылықтың үлгісі іспетті. Алаш қайраткерлері халықтың рухани және ұлттық санасын ояту жолын таңдап, қазақтың мемлекеттігі жолында аянбай тер төкті. Олар өзінің халқын азаттықта көруді армандап өтті. Алаштың ардақты ұлы Ә.Ермеков айтқандай, «Алаш партиясын құрудағы басты мақсат ол қазақ халқының болашақ тағдыры мен әлемнің озық мәдениетті елдерімен терезесі тең мемлекет құру болатын».Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында Алаш Орда қайраткерлерінің еңбегін: «ХХ ғасырдың басындағы ұлттың зиялылары қазақтың ұлттық идеясын құрастыру міндетін өз мойнына алып, ұлттық бірігу идеясын ұсынды. Бүгінгі таңда біздің отандық тарихымыздағы ұлттық саяси ұйымдардың құрылу құбылысы толығымен ұғынып қабылданған жоқ. Өз кезінде Алаш партиясының жетекшілері ұсынған көптеген ережелер, бүгінгі күнде де өз маңыздылығын жойған жоқ. Ол қазақ қоғамының біртіндеп трансформациялануын және қазіргі заман ағымына бейімделуін мақсат еткен отандық ұйым болған» деп сипаттаған
Достарыңызбен бөлісу: |