2бет 16 -27 б 2- бет 17- 28 б жауап жок


Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткен тәуелсіз Қазақстанның 7 жаһандық жетістігінің мәнін түсіндіріңіз



бет2/9
Дата23.12.2021
өлшемі98,5 Kb.
#128300
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
тариих
Фонетикалық құбылыстар, fizika emtihan suraktar , matematika 1var
14.Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткен тәуелсіз Қазақстанның 7 жаһандық жетістігінің мәнін түсіндіріңіз

1. Қуатты да табысты мемлекет

Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз.

Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің тұтастандырылған экономикалық кеңістігін құрдық. Елде өндірістік байланыстарды қайтадан орнықтырып, нығайттық. Бүгінде барлық өңірлер бір-бірімен ажырағысыз байланыста жұмыс істейді.

Билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесін жасаған тарихи маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық  Қазақстанды ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бермейді. Біздің еліміз  кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте  ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық ауқымдағы іс-шара – ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел екенін  айтсақ та жеткілікті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет