2.Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру


«Оқушының үйіне баруын тіркеу» журналы



бет50/52
Дата26.01.2022
өлшемі192,53 Kb.
#115003
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
ДИПЛОМ

«Оқушының үйіне баруын тіркеу» журналы

Күні

Оқушының аты-жөні

Мекен-жайы, тел

Кім қатысты

Қолы

 

 

 

 

 

 

 Отбасымен жұмыс кезеңдерін бақылап, отыруына кеңес беру журналы көмектеседі. Кеңес берудің толық сипаттамасы оқушының әлеуметтік паспортына ендіріледі, мұнда отқарлыған жұмыс туралы белгілегеді.



«Ата-анаға кеңес беру» журналы

Күні уақыты

Оқушының аты-жөні

Ата-анасының аты-жөні

Қай тақырыптан кеңес берілді

Ескертпе

Қолы

 

 

 

 

 

 

 

«Әлеуметтік қамтамасыз ету журналында қай отбасына және қай негізде әлеуметтік жеңілдіктер (жәрдем ақы, тегін тамақпен қамтамасыз ету) берілгені, оның орындалуы және қамтамасыз етілуі туралы белгіленеді».



«Әлеуметтік қамтамасыз ету» журналы

Күні

Оқушының аты-жөні

Проблемасы мүқтаждығы

Сұрақты реттеу(әлеуметтік қызыметтер)

Орындалу барысы, күні

 

 

 

 

 

 

15 қазан 2006 ж

 Асанов Мұрат

Баспанасында өрт болған:

1.Әлеуметтік қорғау ұйымдарын хабардар ету

Барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілді

 

 

 

2.Тиісті орындарға хат жазу.

27 қазан 2006 ж.

 

 

 

3.Ата-аналар комитетінің материялдық көмегі

 

 

 

 



 

Әлеуметтік педагогтың қабырға бұрышы

Әлеуметтік педагогтың жұмысы мен мазмұнын ашып берер жұмысының бір түрі қабырға бұрышы.

Кабинеттің пәндегі қабырға бұрышы: Әлеуметтік педагог жұмысына тікелей қатысатын педагогикалық ұжым, жеке отбасына арналған ақпараттар беріледі.

Қабырға бұрышына төмендегі мәліметтерді көрсетсе болады:



  • Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері (тірексызба арқылы берілсе тиімді болады.)

  • Әлеуметтік педагогтың жылдық және тоқсандық жоспары:

  • Мектептің тәрбие жоспары (немесе жеке бөлігі).

  • Әлеуметтік педагогтың басқа мекемелерімен бірлескен жоспары:ішкі қабырға бұрышында ауданның негізгі мекемелері мен олардың сымтетіктері көрсетілген кіші гірім картасын іліп қойған дұрыс;

  • Ата-аналар жиналысын өткізу жоспары және нұсқаулар:

Әлеуметтік педагогтың сыртқы қабырға бұрышының мазмұны оқушыға және оның ортасына бағытталған. Басқа мамандармен бірге отырып әлеуметтік педагог төмендегі ақпарраттарды дайындай алады:

Салауатты өмір салты проблемалары;

Аддиктивтік мінез-құлықтың алдын  алу, нашақорлық, зорлық-зомбылық, ойынға тәуелді болу проблемалар т.б.

Заңнамалармен таныстыру: оқушылар мен олардың ата-аналарына құқы мен міндеттері. Бала құқығы туралы Конвенция , Қ.Р. «бала құқығын қарғау туралы» Заңы, ҚР  «неке және отбасы туралы» Заңы, әлеуметтік жеңілдіктер, ҚР Қылмыстық кодекс және т.б.

Қабырға бұрышының тақырыбы ата-аналар жиналысының тақырыбы мен қиысуы мүмкін. Қабырға бұрышында оқушылар мен ата-аналармен кеңес және басқадай көмек бере алатын мекемелер мен мамандықтардың тізімі болғаны маңызды.

Мектептегі ата-аналр жиналысы тақырыптық сипат алуы керек, сынып жетекшісі тақырыпты әлеуметтік педагог пен психолгтың ұсынысы мен анықтауы мүмкін. Әр тоқсанның басында мұғалімдер бөлмесінде әр сыныпқа арналған ата-аналар жиналысының жуық тақырыбы көрсетілген ақпараттар берілуі тиіс.

                  Ата-аналар жиналысының  жуық тақырыптары.

1-сынып.

Тақырыбы: 1-сынып оқушыларының мектепте бейімделу проблемасы.

Мазмұны:  бастауыш сынып оқушылаымен жас ерекшеліктерін ( 1-сынып оқушылары ) , оқу жылы басталар кезеңіндегі бала психикасының бейімделу мүмкіндіктері бейімсделу процесіндегі ата-ана рөлі.

2-сынып.

Тақырыбы: баланың жеке ерекшеліктері.

Мазмұны:  баланың ішкі жан дүниесі, «жетістіктер аумағы», «шектаушілік аумағы» мінез құлқындағы ерекшеліктер, баланың жүрегіне жеке жол таба білу және ерекшелігін дамытуға көмектесу.

 

3-сынып.



Тақырыбы:бала өміріндегі отбасының маңыздылығы.

Мазмұны:  отбасы- баланың дамуы мен тәрбиесіндегі маңызды фактор, отбасының әлеуметтік қызметі; отбасындағы қарым-қатынас түрлері, оның баланың тұлғалық қарым-қатынасына әсер етуі 

4-сынып.

Тақырыбы: баланың рухани дүниесін дамыту.

Мазмұны:  баланың өзіндік сана-сезімі «Мен» бейнесі оның әлемге және адамдарға қатынасы; рухани дамуы-күнделікті тәжірибенің нәтижесі ретінде, мінез-құлық этикасын меңгеру жолдары; рухани дамуының психологиялық деңгейі аталған жасында жауапкершілік сезісін қалыптастырудың ерекшеліктері.

5-сынып.

Тақырыбы: Баланың құрбылырының арасында болуы

Мазмұны:  Бала ұжымы және оның тұлғалық дамуындағы орны, баланың ұжымдағы өзін-өзі сезінуіндегі проблемалары: ұлдар мен қыздар, баланы басқалардың мойындауы мен өзін-өзі іске асыруына қажеттілігі: басқалармен ынтымақтаса алу мүмкіндігін дамыту баланың құрбыларымен қарым-қатынасы.

6-сынып.

Тақырыбы:Отбасындағы жыныстық тәрбие

Мазмұны:  Отбасындағы жыныстық тәрбиені дұрысұйымдастырудың маңыздылығы, баланың жыныстық әлеуметтенуіндегі психологиялық ерекшеліктері, бала мен ата-ананың бірлесіп талқылауға ұсынатын тақырыптар.

7-сынып.

Тақырыбы:Темекі тартудың алдын алу.

Мазмұны:  Жас өспірім шақтағы темекі тартудың себептері мен зияны, «алғашқы темекі тарту» жағдайындағы ата-ананың позициясы; темекі тартудың алдын алу бойынша  ұсыныстар.

8-сынып.

Тақырыбы:Қазіргі кездегі жас өспірімнің «құндылық әлемі».

Мазмұны:  Баланың өмірлік қөұндылықтуралы түсінігін талдау; жас өспірімдердің өзіндік мәдениетімен танысу, жасөспірімдер фанатизмінің жағымсыз жақтары.

9-сынып.

Тақырыбы: Жасөспірімдер аддикциясы.

Мазмұны:  Баланың бойында аддиктивтік мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін себептер; үйге апорекциясы, ойын аддикциясы және т.б; оның алдын алу шаралары.

10-сынып.

Тақырыбы: Балалардың мектептен кейінгі білім алуы. 

Мазмұны:  Балалары мектепті бітіргеннен кейінгі білімін жалғастыру болашағы; түрлі білім беру мекемелеріне түсу жағдай мен мүмкіндіктері.

11-сынып.

Тақырыбы: Жоғары сынып оқушылардың кіруімен бейімделуіндегі проблемалары.

Мазмұны: Ересек балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктері; отбасы ішіндегі кризистің алдын алу.

Сынып жетекшісі сыныптың ерекшелігіне қарай бір тоқсыанға ата-аналар жиналысының тақырыбын таңдау, боанкты толтырыды.Әлеуметтік педагог өз қалауы немесе сынып жетекшісінің сұранысы бойынша, мектептің немесе басқа мекемелердің мамандарын тарта отырып, ата-аналар жиналысын өткізу дайындығына қатыса алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет