2.Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру



бет1/52
Дата26.01.2022
өлшемі192,53 Kb.
#115003
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
ДИПЛОМ


Мазмұны

 

1.Қазіргі заман жағдайында «әлеуметтік педагог» мамандығының енгізілуінің әлеуметтік тарих контексті .........................................................................................3



2.Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру...................................................6

3.Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары............................................14

4.Білім беру мекемелері әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемесі.....................................................................................................................17

 5. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы......................................................18

6.Отбасын зерттеудің психологиялық-педагогикалық диагностика         түрлері:........................................................................................................................21

7.Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру мектептің әлеуметтік педагогы мен педагог-психолгының бірлескен жұмыстары.......................................................................24

8.Әлеуметтік-педагогикалық диагностика..............................................................26

9. Әлеуметтік педагогтың тәртібінде ауытқушылығы бар оқушылармен жұмысы.......................................................................................................................37

Қосымша А Әлеуметтік педагогтың іс-құжаттарын жүргізу................................45

Қосымша Ә Әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары...........................56

Қосымша Б «Терминологиялық қобдиша».............................................................60

 

Кіріспе

  Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция – әлеуметтік педагогика рөлінің артып отырантындығын көрсетіп отыр. Қоғамдық өмірдіңжан-жақты демократияландыруы  мен гуманизациялау процесінде сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың атмосферасын объективті  тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік – қоғамдық әрбиелеу құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді.

  1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметінің енгізілуі кездейсоқтық емес. Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды  мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының  жастар саясатының жзастар саясатының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар санасының тигізер әсері мол Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының  енгізілуі,  бүгінг таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге , зерттеу нәтижесінде түзету  жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Бұл жұмыстарын жүргізуге өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге тықпал етуге қажеттігінен туындап отыр. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар, бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетін, проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар тағдыры. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам  мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.  Болашақта әлеуметтік педагог мамандығы мұғалім мен медицина қызметкерлері секілді бұқаралық  сипатқа ие болады. Себебі қоғам үшін «әлеуметтік эпидемиямен» күрескеннен, «әлеуметтік аурулардың» алдын-алу әлдеқайда тиімді екендігі белгілі.

  Сонымен қатар әлеумтеттік педагогика ғылымының елімізде әлі қарыштап дами қоймаған шағында бүгінгі таңда білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтар жұмыс жүргізу барысында түрлі кедергілерге  ұшырап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру мекемелеріне республикалық трансферттен әлеуметтік педагогтардың штаттық бірліктері 2005 жылдан бері бөлінген. Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 602 әлеуметтік педагогтар еңбек етуде. Әлеуметтік педагогтардың жоғары педагогикалық білімі болғанымен, басым бөлігінің арнайы әлеуметтік – педагогикалық білімі жоқ. Бұл жағдай-республикамыздың барлық облыстарындағы жағдайға ұқсас. Себебі қазіргі таңда әлеуметтік педагогтарды дайындайтын орта арнаулы, жоғары оқу орындары жетіспейді. Кедергілердің бірі әлеуметтік педагогтардың жұмысына қажетті әдістемелік құралдырдың жетіспеушілігі . Бұл әдістемелік көмекші құрал жалпы білім беретін мекемелердегі әлеуметтік педагогтардың проблемасын зерттеу нәтижесі болып табылады. Әдістемелік құралда әлеуметтік  - педагогикалық жұмыстың  әдістемесі мен технологиясы, әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс әдістемесі, әрбір нақты мекеме жағдайына бейімдеуге келетін сыныптың, оқушының әлеуметтік паспорты, оқушының  әлеуметтік псапорты, оқушының отбасына мінездеме, әлеуметтік педагогтың қабырға бұрышы, т.б. үлгілері берілген. Сонымен қатар әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық жұмыстарға, түрлі балалар категориясымен жұмысының негізгі бағыттарына әлеуметтік педаготың педагог психолгпен бірлескен жұмыстарына, девианттық мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік педагогтардың жұмыстарына мән берілген.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет