2.Үлгерімі төмен оқушыларыңмен жүргізілетін жұмысыңның смарт- мақсатын жаса



Дата24.01.2022
өлшемі13,49 Kb.
#113868
Байланысты:
22.04.2021. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.

1.Ақпаратты оқып таныс.

2.Үлгерімі төмен оқушыларыңмен жүргізілетін жұмысыңның смарт- мақсатын жаса.

3. Осы күнгі қмж мен слайдыңды, бейнесабағыңды жүкте


1981 жылыДжорджДоран (George T.Doran) енгізген SMART- аббревиатурасы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін сипаттайтын жиынтық сын есімдерге негізделген.
S – (Specific) арнайы,нақты

M – (Measurable) өлшемді

A – (Achievable )қолжетімді

R – (Realistiс) шынайы

T – (Timed )уақытқамөлшерленген.
SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған. «Smart» сөзін ағылшын тілінен қазақшалағанда ақылды, тіпті қу немесе тапқыр, епті деген мағынаны білдіреді.

1. Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты  емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз» деген мақсат?...

Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қаншауақыт (сағат,тәулік, ай,жыл  немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек.

2.Мақсат өлшенетін болу керек.  Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.

3.Мақсат қолдан келерлік болу керек.  Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат- қолдан келмейтін нәрсе.

4.Мақсат шынайы болу керек.  Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, елуге келгеннен соң «Мен космонавт (турист емес) болам» деген мақсат- бұл жаста қолжетпейтін жағдай.

5.Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек.

Мақсат қоюдың қарапайым өмірден алынған мысалы: Сыртта аяз, үйдің іші салқын болса, «Отын үйді жылыту керек» деген мақсат болады. Осы қойылған мақсат дұрыс па? Жоқ, себебі мақсат нақты емес, немен жылыту керек екенін айтылмаған. Ал SMART бойынша жүйелесек:

Мақсат: Ағашпен үйді жылыту.

Міндет:


1. Ағаштыкесу.

2. Үйге әкелу.



3. Отты тұтату, жағу.

Нәтиже: Үй жылынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет