Сот отырысының хаттамасын жүргізу ерекшеліктері (ҚР ҚІЖК 573-бап). Сот отырысының хаттамасы, ҚР ҚІЖК-нің 328-бабының талаптарына сәйкес, осы бапта көзделген ерекшеліктермен жүргізіледі.
Хаттамада сот отырысына шақырылған алқабиге кандидаттар кұрамының ата-тегі, және алқабилер алқасын құру барысы міндетті түрде көрсетіледі.
Төрағалық етушінің жүгінуі сот отырысының хаттамасына жазылады немесе оның мәтіні қылмыстық іс материалдарына тіркеліп, бұл туралы хаттамада көрсетіледі.
Сот отырысының хаттамасында соттың іс қарауының бүкіл барысы оның өтуінің дұрыстығын куәландыратындай етіп көрсетуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |