3 1-тарау. Жалпы орта мектептерде оқыту процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері


Кесте 6. оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің қалыптасқандығы деңгейлерінің сипаттамасы (мінездік компонент бойынша)



бет26/35
Дата08.03.2022
өлшемі0,69 Mb.
#134680
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
Диcc.Оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру

Кесте 6. оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің қалыптасқандығы деңгейлерінің сипаттамасы (мінездік компонент бойынша)



Деңгейлер

Деңгейлердің сипаттамасы

І (төменгі деңгей)

оқушы Қазақстандық патритизм туралы кейбір білімдерін ғана практикада қолдана алады. Іс-тәжірибеде Қазақстандық патриотизм құндылықтарын басшылыққа алатындығы айқын көрінбейді; қазақ халқының тілі,тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлеріне құрмет көрсетеді, бірақ бұл бағытта айқын іс-әрекеттерді орындай алмайды. Қазақстанның саяси рәміздері туралы білімдерін қолдан алмайды. Мінез-құлқында және іс-әрекетінде өзінің Отан тағдырына тәуелділігін сезінуін айқын көрсетпейді. Болашақ мамандығын меңгерудегі белсенділігі төмен. Азаматтық белсенділік сапалары айқын көрінбейді. Жеке мінез-құлқы, практикалық іс-әрекеттерімен патроттық сезімдерінің күшті екендігін көрсетпейді.

ІІ (орта деңгей)

оқушы Қазақстанның патриотизм туралы білімдерін кездейсоқ қолдана алады. Қазақ халқының тілі, салт-дәстүрлері, мәдениетіне құрмет көрсетеді. Бірақ патриоттық білімдерін практикада қолдану дербестігі жеткіліксіз. Мінез-құлқында және іс-әрекетте өзінің Отан тағдырына тәуелділігін жеткілікті сезінуін көрсетпейді. Болашақ мамандығын меңгеруге белсенділігі орташа. Мінез-құлқында және іс-әрекетте азаматтық белсенділік сапаларын кейбір ауытқулармен көрсетеді. Жалпы мінез-құлық пен іс-әрекетте өз Отанын өркендеу міндеттеріне қызмет етуге ұмтылысы байқалады.

ІІІ (жоғары деңней)

оқушы Қазақстанның патриотизм туралы білімдерін жүйелі түрде пайдалана алады. Қазақ халқының тілі, тарихы, мәдениетін, салт-дәстүрлерін жақсы меңгергендігін және практикада пайдалана алатындығын айқын көрсетеді. Іс-тәжірибеде Қазақстандық патриотизм құндылықтарына негізделетіндегі анық көрінеді. Мінез-құлқында және іс-әрекеттерінде Отан тағдырына өзін тәуелділігін сезінуін айқын байқалады. Болашақ мамандығын меңгеруге жоғары белсенділік көрсетеді. Азаматтық белсенділік сапалары айқын байқалады. Жеке мінез-құлқы, практикалық іс-әрекеттерімен өз Отанның өркендеу міндеттеріне қызмет етуін айқын көрсетеді.

Мектептің оқыту үрдісінде оқушылардың Отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың зерттеу барысында жасалынған жүйесін тексеру мақсатымен ұйымдастырылған педагогикалық эксперимент екі кезеңнен құралады:


Бірінші кезеңде анықтаушы эксперимент, онда мынандай міндеттерді шешу белгіленеді:

  1. Оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің мотивациялық компонентік қалыптасқандығын деңгейлерін бастапқы күйін талдау.

  2. Когнитивтік компонент бойынша оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің қалыптасқандығын алғашқы деңгейлерін анықтау.

  3. Мінездік компонент бойынша оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің қалыптасқандық деңгейлерінің алғашқы күйін анықтау.

Осы міндеттерді іске асыру үшін арнайы жасалынған диагностикалық құралдардан пайдаландық. Мотивациялық компонент бойынша оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру деңгейлерін анықтау үшін сапаның даму деңгейлері (Кесте 4) пайдаланылады. Арнайы анкета жасалынып, оған сәйкес оқушылардың қазақстандық патриотизм құндылықтарында болған қатынасы, кәсіптік-патриоттық бағыттағы білімдерге, өзіндік өмірге болған белсенді қарым-қатынасы қай деңгейде қалыптасқандығы белгіленеді. Анкета сұрақтарына ықтималды жауаптар ажыратылған деңгейлерге сәйкес тұжырымдалады. Мысалы, "Қазақстанды болашақта қалай көруді қалайсыз?", "Қазақстанды гүлденген, экономикалық сәтті мемлекет болуына өзіндік үлес қосуды өзіңіздің міндетіңіз деп білесіз ба?" сияқты сұрақтар қойылды.[Қосымша Б].
Бұл анкетаның жәрдемімен негізінен оқушылардщің отансүйгіштік сезімдерін қалыптасқандығының бастапқы күйін өзіндік бағалай алу мүмкіндігіне ие болдық.
Эксперименттік жұмыс М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Педагогикалық мәдениет және өнер институты, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің тілдік емес мамандықтары оқушыларімен өткізілді. Кездейсоқ сұрыптау әдісінен пайдаланып әрбір аталған жоғары оқу орнында біреуден экспериментальдық және бақылау топтары таңдалды. Іріктемелер көлемі:
а) бақылау тобында-N=68 адам
б) эксперименттік топта-N=66 адам.
Бұл топтарда бақылау жұмыстары өткізіліп экспериментті өткізу үшін бірдей жағдайлар жасалынды. Эксперименттің басында оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің мотивациялық компоненттік қалыптасқандық деңгейлерін анықтау мақсатымен анкеталау өткізілді. Анкеталаудың нәтижелері бақылау және эжксперименттік топтарда оқушылардың қазақстандық патриотизм құндылықтарына оң қатынастары деңгейінде айтарлықтай жоқтығын көрсетеді (Кесте 7).

Кесте 7. Анықтау эксперименті бойынша отансүйгіштік сезімдерін мотивациялық компонентінің қалыптасқандық деңгейлеріне сай бақылау және эксперимент топтары оқушыларінің болынуы





Р\с

Деңгейлері

Бақылау тобы(N=68)

Эксперименттік тобы(N=66)

1

І (төменгі деңгей)

43(63,2%)

45(68,3%)

2

ІІ (орта деңгей)

20(29,4%)

17(25,7%)

3

ІІІ (жоғары деңгей)

5(7,3%)

4(6,0%)

Когнитивтік компонент бойынша оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің қалыптасқандығы деңгейін анықтау үшін эксперименттік және бақылау топтары студеттермен бақылау жұмыстары оқушылардың азаматтық-патриоттық білімдерінің болуын анықтауға мүмкіндік беретін мынандай сұрақтардан құрылған:
1.Қазақстандық патротизм дегенде нені түсінесіз?
2.Қазақстандық патриотизм қандай көрсеткіштермен анықталады?
3.Қазіргі ұғымда қазақстандық патриотизмнің міндеті, қызметі неде деп ойлайсыз?
4.Қазақ тілі қай дәрежеде меңгергенмін деп есептейсіз? Өзіндік деңгейінен қанағаттанасыз ба?
5.Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіз?
6.ҚР рәміздерінің мағынасын ашып көрсетіңіз?
7.Отандық әлеуметтік-саяси, экономиканың өркендеуі үшін өзіңізді қанша жауапкер сезінесіз?
8.Қазақстанда бәсекеге қабілетті, дамыған ел болуына қандай өзіндік үлес қоса аласыз? (Қосымша В).
оқушылардың азаматтық-патроттық білімдерін анықтау үшін сонымен қатар оқушылармен әңгімелесу, олардың қазақ тілін, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын, әдет-ғұрыптарын қай дәрежеде білуін анықтау үшін тестілеу әдісінен пайдаланылды. "Қазақ тілі", "Мәдениеттану", "Қазақстан тарихы" пәндерінен оқушылардың үлгерімі талданды.
Когнитивтік компонент бойынша оқушылардың отансүйгіштік сезімдерінің эксперимент басындағыы қалыптасқандық деңгейлері 8- кестеде көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет