Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы – Зерттеу жұмысымыздың нәтижелері жалпы орта мектептерде болашақ педагог мамандарды даярлауда оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу үрдісінде пайдаланылуы мүмкін.
Оқу үрдісінде оқушыларды отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға
қатысты ғылыми - әдістемелік ұсыныстар мен тұжырымдар педагогикалық пәндер ғана емес, басқа курстарды оқытуда да тәрбиелік міндеттерді іске асыруда қолданыс табуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: Зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылыми - әдістемелік негіздерге
сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, кешенді әдіс – тәсілдердің қолданылуымен, зерттеу жұмысының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен педагогикалық пәндерді оқытуда оқушыларды отансүйгіштік сезімдерін
қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен әдістемесі тиімділігінің эксперименттік - тәжірибе жүзінде тексеріліп, нәтижесінің жалпы орта мектептерде оқу – тәрбие үрдістеріне енгізілуімен қамтамасыз етіледі.