3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет106/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Қар жамылған ағаштар


Сабақтың мақсаты: балалардың сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру, бояумен жұмыс істеуге жаттықтыру. Ағаштың бейнесін қағащ бетіне дұрыс бейнелей білу дағдыларын қалыптастыру. Табиғатты сүйе білуге, аялуға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: бояу, ақ қағаз, қылқалам, сүрткіш, су, тұғыр т.б. үлгілі суреттер.
Сөздік жұмыс: ағаштың діңі, ұшар басы, қар жамылған т.б.
Әдіс-тәсілдері: үлгі суреттерді талдау, ағаш құрылысының ерекшеліктеріне мән беру, (бұтақтарының орналасуы қалай).
Ағашты қалай салуға болады, көрсетіп түсіндіру. Қылқаламмен сызба жолдарын көрсету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: қысқы орманға саяхат, қар жамылған ағаштарды бақылату. Қыс көрнісін сурет бойынша әңгімелету.
Сабақтың барысы: тәрбиеші жыл мезгілінің ерекшеліктеріне назар аударып, табиғат өзгерістері жайлы сұрап, ауладағы қар жамылған ағаштарды терезелерден бақылау ұсынылады. Бүгін біз осындай қар жамылған ағаштардың суретін саламыз. Өздерің қандай ағаштардың түрлерін білесіңдер? – деп тәрбиеші сауал қояды.
Балалар: аққайың, шырша, алма ағашы т.б. атайды. Осы ағаштардың бұтақтары қалай орналасқанын қарап көрейік – деп үлгі бойынша көрсетіп тұрып, әңгімелейді. Мысалы: теректердің бұтақтары жоғарыға қарай діңіне көлбеу орналасады екен. Өздерің екі қолдарыңды алшақ ұстап, жоғары көтерсеңдер терек бұтағына ұқсас болады. Ал, аққайың бұтағы жоғарыдан төмен қарай бұтақтарының бастары иіліп тұрады, қарағайлар бұтағы дініне көлденең орналасқан, шырша бұтағы болса жоғарыдан төмен қарай көлбеу. Бір қыз баланы шығарып көйлегінің етегін екі шетінен би билегендегідей ұстаса, шырша бұтағы да соған ұқсас келеді. Тәрбиеші бұтақтардың ерекшелігін айтып түсіндірген соң:
- ағаш діңінің төменгі бөлігі жуан, ұшар басына қарай жіңішкеретінін;
- бұтақтарды діңіне қалай орналастыруға болатынын;
- барлық бұтақты салып болған соң ол қалай қар жамылып тұр, ақ бояуды бұтақ үстіне тигізе қар жамылдыра сызу жолдарын көрсетеді;
- жұмыс барысында балаларға жеке нұсқау беріліп, кейбір балаларға көмектеседі;
- дайын болған суреттерді іліп «Қысқы орман» көрінісі бейнеленеді, «қане, ормандағы ең әдемі ағаш қайсысы екен, таңдап көрейік», - деп еңбек нәтижесіне талдау жасалады.
Тыйым сөздер: Ағаш бұтағын сындырма, шөпті жұлма. Табиғатты аялау, қорғау, қамқорлық жасау, ағаштардың пайдасы жайында қысқаша әңгімелеп сабақты қорытындылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет