3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет102/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Әдемі қамзол


Сабақтың мақсаты: отбасы мүшелері жайындағы түсініктерін кеңейту. Ұлттық киім-кешек заттарымен таныстыру. Камзолдың суретін салуға жаттықтыру, сурет салу іскерлік-дағдыларын меңгерту, жұмыстың нәтижесінің әсемдігіне мән беру. Көркемдік талғамын арттыру. Ұлттық киімдер жайында әңгімелей отырып, балалардың сөздік қорын молайту, тілін дамыту. Математикалық түсініктермен байланыстыра еңбек нәтижесін талдау.
Көрнекілік: ұлттық киім киген қыздың суреті. Камзолдың суреті (үлгі), түрлі түсті бояу, қағаз, қылқалам, су.
Сөздік жұмыстар: ұлттық киім, камзол, ою-өрнек атаулары т.б.
Әдіс-тәсілдер: ұлттық киімді сипаттау. Ою-өрнек элементтерін ауада және қағаз бетіне орналастыру жолдарын көрсету.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: түрлі ұлттық киім-кешектердің суреттерімен таныстыру. Арнайы көрмеге саяхат ұйымдастыру. Әр түрлі ұлттық киімдердің әдемілігіне көңіл аударту.
Сабақтың барысы: тәрбиеші балалармен отбасы мүшелері жайында әңгімелеседі. Ұлттық киімдерге тоқталып әр түрлі сұрақтар қояды. Отбасы мүшелері киетін ұлттық киімдердің ерекшелігін әңгімелеп, оның әдемілігіне тоқталып, балалармен «Бұл қандай ою» атты дидактикалық ойын ойналады. Ұлттық киімдерге, камзол оюларына назар аударып отырғанда қонаққа кішкентай Әйгерім қыз кіріп, балалармен амандасып, не істеп жатқанын сұрайды, сабақта балалар ұлттық киімдердің әсемдігімен танысып жатқанын айтады. Әйгерім: - Менің өзімнің қуыршағыма әдемі камзол керек еді, балалар, сендер менің қуыршағыма әдемі камзол жасап беріңдерші – деп өтінеді. Тәрбиеші балаларға камзолдың жеке суретін көрсетіп, Әйгерімге балалармен бірге сипаттап шығады. Бәрі бірден үлгіге қарап, сурет салу әдіс-тәсілдерін естеріне түсіреді. Бояу түстерін таңдап, қағаз бетіндегі кеңістікті пайдалану, негізгі бөліктерін түсіру; қосымша бөліктермен толықтыру, бояу тәсілдерін тиімді қолдану (көлденең, тік, айналдырып, т.б.) камзолдың көлемін ұқсата білуге, ұқыпты жұмыс істеуге бағыт беріледі.
Дайын болған камзолдарды тақтаға қатар қойып салыстырады. Әйгерім жақсы салынғандарын мақтап, кейбір кемшілігін айтып, талдау жасайды. Іс-әрекет соңында Әйгерім балалармен «Дүкенші» ойынын ойнайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет