Жұрт жүрген баламын мақтап, Тақпақты аламын мен жаттап



бет1/20
Дата07.02.2022
өлшемі5,44 Mb.
#82271
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
жумыс!!!!!




Кіріспе
Жұрт жүрген баламын мақтап,
Тақпақты аламын мен жаттап,
Таңдайым тақылдап, тақ, тақ,
Әйтпесе айтылмайды тақпақ.
Ж. Қашқанов
Қазіргі XXI ғасырда балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуі үлкен мәселелердің бірі. Осындай уақытта тілді меңгеру талабы жоғарлаған кезде, уақытылы дұрыс,таза сөйлеуді меңгеру-толыққанды тұлға ретінде қалыптасуда маңызды мәнге ие. Біздің қоғамымызда тілдік қабілеті жақсы дамыған адам қоғамдық қатынасқа жеңіл енеді, ол өзінің ойлары мен тілектерін, көкейдегі сұрағын түсінікті етіп жеткізе алады. Ал, керісінше түсініксіз сөйлеу –қоршаған ортамен өзара қатынасты барынша қиындатады және адам мінезіне өз әсерін қалдырады. Дұрыс, жақсы дамыған тіл –баланың мектепке сәтті даярлығын көрсететін негізгі көрсеткіштің бірі.Тілдегі мүкістік үлгірімсіздікке әкеледі,баланың өзіне деген сенімділігін жоғалтады, ал мұның арты теріс нәтижеге әкеп соғады.
Сөйлеу процесі адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психикалық қабілет. Сөйлеу процесі туа біткен қабілет емес, ол біртіндеп қалыптасады және оның даму барысы көптеген себептерге байланысты. Дыбыстай білудің қалыпты болуының негізгі шарты –артикуляциялық аппараттың толыққанды жұмысы. Сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі мүкістіктердің қандайын болмасын орнығып қиындап кетпей тұрғанда жойған дұрыс. Соның ішінде әсіресе дыбыстарды дұрыс дыбыстамау баланың сөйлеу тілінің дамуына кері әсерін тигезеді. Дыбыстарды түзеу төрт кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі, дыбысты қою кезеңі, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі, дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі. Ең күрделі кезеңнің бірі дайындық кезеңі, себебі үйдің іргетасы қаланғандай дыбысты қою үшін артикуляциялық аппаратты дайындау қажет. Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Яғни, артикуляциялық немесе логопедиялық жаттығу дегеніміз ерінге, бетке, жаққа,тілге, таңдайға, жалпы артикуляциялық аппарат бұлшық еттеріне арналған жаттығулар кешені. Артикуляциялық жаттығулардың негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимылдарын, қозғалыстарын толық жетілдіру. Артикуляциялық жаттығуларды орындау барысында, басында артикуляциялық аппарат мүшелерінің қосғалыс кезінде кернеулігі байқалады. Кейін біртіндеп кернеулік жоғалады, ал артикуляциялық аппарат мүшерлерінің қозғалыстары еркін және үйлесімді болады. Дыбыстардың дұрыс және нақты дыбысталуы артикуляциялық аппарат мүшелерінің қозғалысы мен дәлдігіне байланысты. Сондықтан дыбыстарды дұрыс дыбыстау үшін артикуляциялық жаттығулардың рөлі зор. Балаларға артикуляциялық жаттығуларды есте сақтау үшін, әр жаттығудың өзіндік атауы бар. Мысалы: «сағат», «ат шауып келеді», т.б. Қызықтыра әрі сөздік қорын байыта, есте сақтау қабілетін дамыта отыру үшін әр артикуляциялық жаттығуды тақпақпен бірге орындаған дұрыс. Қазақ халқы көркем өнерді, әсіресе, сөз өнерін, көне заманнан құрметтеген елдің бірі. Тақпақ дегеніміз - қазақ сөз өнерінде шешендік дәстүрге байланысты туындаған нақыл-ғибраттық, мәнерлеп айтуға лайықты сөз нұсқасы. Ауыз әдебиетінде көлемі шағын, айтуға жеңіл өлеңдер тақпақтар деп аталады. Қазіргі әдебиет тануда өлеңді жатқа, мәнерлеп , ырғағына келтіріп оқу тақпақтап айту делінеді. А. Байтұсынов «Әдебиет танытқышында» былай дейді: «Салт-санасына сәйкес пікірлерді келтесінен келтіріп, өлең түрінде ұйқастырып айту тақпақ болады». Міне, осынау ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан, тақпақтарды артикуляциялық жаттығулармен байланыстырдым. Сол кезде баланың артикуляциялық аппарат мүшелері қажет артикуляциялық қалыпқа келе отырып, тақпақ арқылы баланың ой-өрісі дамиды. Сонымен қатар, тақпақтар арқылы балалардың ойлау қабілеті артып, естің, зейіннің деңгейлері көтіріледі. Көркем сөз арқылы тіл байлығы молаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет