«Тышқанды ұстау»
Тышқан көріп мысықты
Өңі кетіп, састы,
Құйрығымен бір ұрып,
Ала құйындай қашты.
Сипаттама:ауызды кең ашу, еріндер күлімсірейді, «а-а-а» деп дыбыстап, жалпақ тілдің ұшын тістеу.(тышқанды құйрығынан ұстап алу.)
«Кеме»
Тартты теңізге кеме,
Жолаушылары аз деме,
Кипатаны оның мықты,
Желге қарсы шықты
Сипаттама: ауызды кең ашу, еріндер күлімсірейді, күшпен «ы-ы-ы» деп дыбыстау.
«Жаңғақ»
Жаңғақ жеу қиын,
Сонда да жеді тиын
Күш жинап алды,
Оған секіріп қуанды.
Сипаттама: ауызды кең ашу, тілдің ұшымен күш салып бетке тілді кезек-кезек тіреу, бетте «жаңғақтар» пайда болады.
«Терезе»
Ашып едім терезе ,
Жел соқты бір кезде,
Жауып еді жездем,
Күн шықты лезде.
Сипаттама:ауызды кең ашу «ыстық», ауызды жабу «суық»
«Нан илейміз»
Нан илеуді үйретті анам,
Жасағандай алғашқы қадам,
Бірнеше сыры бар екен илеудің,
Анама алғыс, көп нәрсені үйреттің!
Сипаттама: күлімсіреу, «пя-пя-пя» деперіндерді бір-біріне жақындату және тілдің ұшын бірнеше рет тістеу керек. Осы екі жаттығуды кезектесіп орындау қажет.
«Қиқар есек»
Жекті атам есек,
Мінезі оның бір кесек,
Жүр десең оңға,
Барады ол солға.
Сипаттама:ерін күлімсірейді,ауыз ашық. Күш салып «ие» деген буында қайталау. Тілдің ұшы астыңғы тістерге тіреледі.
Достарыңызбен бөлісу: |