«Түтікше арқылы үрлеу»
Анам маған түтікше берді,
Қызық ол үрленді.
Сипаттама: ауыз ашық, ерін күлімсіреген, тілді түтікше тәрізді бұрып, мұрыннын үстіне қойылған жіңішке қағазға үрлеу қажет. Көтерілген қағазды ұзақ үрлейді.
«Ұлпақарды үрлеу»
Ұлпақар жауды тамаша
Қуанбайсын қалайша
Қолға алып,үрлеп мен,
Ойнаймын балалармен.
Сипаттама: ауыз ашық, ерін күлімсіреген.Жлпақ тілді шығарып, тілдің ұшын төмен түсіреміз. Тілдің қыраларын жоғарғы тістерге басамыз. Мұрын ұшына қағазды қоямыз және үрлейміз. Бет үрленбеуі қажет және үрлеу кезінде [ф] , [х] дыбыстары шығу қажет.
Гармошка
Ойнаймын мен аспапта
Әндетіп берем апама,
Әуен шықты тамаша,
Апам қуанбайды қалайша!
Сипаттама: ауыз ашық, ерін күлімсіреген.Жалпақ тілді таңдайға тақап, таңдайдан тілді алмай ауызды ашып, жауып тұру қажет. Жаттығуды жасау барысында ауызды кең ашып, бастапқы қалыпты сақтап тұру керек.
Барабан
Көрдім дүкенде барабан
Әкілдім оны қаладан.
Тарсылдатып ойнадым
Көршілерді ояттым.
Сипаттама: ауыз ашық, ерін күлімсіреген.Тілдің ұшымен тістің ар жағынан таңдайға тарсылдатып [д], [д], [д] деген дыбыстар шығару қажет. Басында баяу айтып,соңында жылдым айту керек. Төменгі жақтың қимылдамуын, ауа ағысының сезіліуін қадағалау қажет.
«Күлімсіреу»
Күлемін жымия
Күлімсіреймін мен
Ғажап әлем,
Шаттықпен жүрген!
Сипаттама: еріндерді күлімсірген күйде ұстап тұру.
«Пілдің тұмсығы»
Ұқстатып пілдің тұмсығына тілімді,
Жасадым жаттығуды тиімді.
Сипаттама: еріндерді түтікше тәрізді алға қарай созады. Тістерді қабыстырып, осы қалыпты беске дейін санап ұстап тұру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |