Жұрт жүрген баламын мақтап, Тақпақты аламын мен жаттап


Мақсаты: тақпақтармен бірге орындалатын артикуляциялық жаттығулар арқылы балалардың тіл мүкістігін түзеу. Міндеттері



бет2/20
Дата07.02.2022
өлшемі5,44 Mb.
#82271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
жумыс!!!!!

Мақсаты: тақпақтармен бірге орындалатын артикуляциялық жаттығулар арқылы балалардың тіл мүкістігін түзеу.
Міндеттері: тақпақтармен орындалатын артикуляциялық жаттығулар арқылы

  • артикуляциялық аппаратты дайындау,

  • сөздік қорын молайту,

  • есте сақтау қабілетін дамыту.

Жұмыстың жаңашылығы: әр артикуляциялық жаттығуға жаңадан тақпақтар жазылып, пайдалануға ұсынылады.
I бөлім.
Мектепке дейінгі жаста тілдің дамуына сипаттама
Мектепке дейінгі жаста балалардың қарым-қатынас шеңбері кеңи түседі. Балалар біраз есейе түскен соң шағын отбасылық байланыстан шығып, адамдардың аумақты тобымен, әсіресе қатар құрбылармен араласа бастайды. Сөйлесетін адамдардың көбеюі баладан ең бастысы тіл болып табылатын қарым-қатынас құралын толық меңгеруді талап етеді. Баланың күрделене түсетін әрекеті тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды. Тілдің дамуы әр түрлі бағытта жүреді, басқа адамдармен араласу кезінде оны іш жүзінде қолдану жетіле түседі, сонымен бірге тіл психикалық процестерді қайта қараудың негізі, ойлау құралы болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңнің соңына қарай тәрбиелеудің белгілі бір жағдайда сауаттылықты меңгеру үшін үлкен маңызы бар, тілді тек пайдаланып қана қоймай, оның құрылысын да ұғына бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде тілдің сөздік құрамы өсе түседі. Сәбилік кездегімен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры үш есе өседі. Мұнда сөз қорының өсуі тұрмыс және тәрбие жайларына тікелей байланысты, психикалық дамудың басқа да кез-келген салаларына қарағанда мұнда жеке түр өзгерістері басымырақ. Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есімдердің және шылау сөздердің есебінен де тез өседі. Егер бала грамматика заңдары бойынша сөйлеудегі сөздерді тіркестіре білумен қатар меңгермесе сөздік құрамының өз бетінше онша үлкен мәне болмаған болар еді. Мектепке дейінгі бала шақта ана тілінің морфологиялық жүйесі игеріледі. Бала іс-жүзінде жалпы сипатта септеу мен жіктеудің типтерін үйренеді. Мектепке дейінгі жаста балалар сөздерді айтарлықтай жеңіл құрады, әр түрлі жұрнақтар жалғау арқылы олардың мәнің өзгертеді. Тілді үйрену баланың өзінің тілге деген ерекше белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік баланың қолда бар үлгіден шығаратын сөз өзгертулерінен көрінеді. Мектепке дейінгі жас тіл құбылыстарына деген аса сергектіктің байқалатын кезі болып табылады.
Сөздің мәніне сөздердің көрсететін шыңдығына бағдар ұстаумен қатар мектеп жасына дейінгі балалар мәнінің қандай екендігіне қарамастан сөздің дыбыстық түріне үлкен ынта қоятыны байқалады. Олар көбіне сөздің түрін әдейі өзгертеді. Жаңа сөздер «ойлап табады», сөз ырғағын құрастыруға беріле жаттығады. Мысалы: бес жасар бала мынаған ұқсас ырғақтарды шаттана тізеді: «сабақ,қабақ,табақ,қала,сала,дала». Құрастырып отырған «тақпақтың» мазмұны баланың назарынан тыс қалады, өйткені ол үшін бастысы – өзінің бар ынтасы ауған ырғақ. Ырғақ құрастыруды ол ойынға айналдырып жібереді.
Сөздердің дыбыстық түріне бағдар ұстау тек өлең құрылысынан ғана білініп қоймайды. Мектепкке дейінгі кіші жастағылар сөздердің бастапқы түрлерін есекере отырып оларды өзгерте алады. Бала сөзді атау күйінде қалай айтуына байланысты қалған септіктерде де осы сөзді өзгертетін болады. Мысалы, бала «шарбақ» деген сөзді айта отырып, оны бірінші септеу бойынша өзгертеді, ал осы сөзді басқа бір түрге айтса онда ол оны екінші септеу бойынша өзертеді. Мектепке дейінгі ересек жастағылар да «қосар» септеу жағдайлары кездеспейді. Балалар сөздердің дыбыстық түріне бағдар ұстаудың пайда болуы ана тілінің морфологиялық жүйесін меңгеруіне себепші болады. Тілдің дыбыстық жағы өте ертеден-ақ балалар әрекетінің мазмұнына айналды.
Мектепке бару алдында грамматиканың өте күрделі жүйесін үйреніп алады. Бұл жүйеге тілде қолданып жүрген синтаксистік және морфологиялық тұрғыдағы ең нәзік заңдылықтар кіреді, міне, сондықтан баланың игеретін тілі ол үшін шыңы ана тілі болып табылады.
Тілдің мағыналық жағынан бағыт ұстау да, сондай-ақ тілдің дыбыстық жағына бағыт ұстауда сөздерді іс жүзінде қолдану мен өзгеру процесінде жүзеге асырылады және белігілі кезге дейін сөздің дыбыстары мен оның мәнінің арасындағы байланысты түсіндіуге жетелейтін сөйлемді ұғына білумен байланысты болмайды. Әйтседе бірітіндеп дами бастайтын тіл ерекешеліктерін айыра білу қабілетін және мұнымен байланысты келетін тілді ой елегінен өткізу сөзді ұғына білу әркеттеріне әкеп соғады. Бес жасқа толған балада сөздің мәнін саралап білу және шығу тегін түсіндіру әркеттері пайда болады. Бала бір сөзді оған дыбысталуы жағынан ұқсас сөзбен салыстыруға тырысады.Сөзді жетерліктей терең ұғына білу мектепке дейінгі балаларда тек арнаулы оқыту жағдайларында қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста табысты өтетін тілді іс-жүзінде меңгерумен салыстырғанда сөйлеу әрекетінің өзін ұғына білуден тілдің сөздік құрамын ұғына білу едәуір кейін қалады. Қарым-қатынас жасау нәтижесінде бала ұзақ уақыт бойы тілдің сөздік құрамына емес, ол үшін сөз түсінуді анықтайтын заттық жағдайға бағдар ұстайды. Бірақ сауаттылыққа үйрену арқылы тілдің сөдік құрамын ұғынуды үйренуі қажет. Балалар сөйлемге арнайы дайындықсыз тұтас жағдайды, нақты бір әрекетін немесе оқиғаны білдіретін бірінғай тұтас мығына, біріңғай сөз жиыны ретінде қарайды.
Тіл және қарым-қатынас жасау.
Мектепке дейінгі кезінде дамитын тілдің негізгі қызметтерінің бірі-қарым-қатынас жасау қызметі. Тіпті сәбілік шақтың өзінде бала тілді қарым-қатынас жасау құралы ретінде пайдаланады. Бұл жағдайдағы қарым-қатынас ересектер мен бала қатысатын нақтылы жағдайдың себебінен пайда болады. Қайсібір әрекеттер мен заттарға байланысты нақтылы жағдайдағы қарым-қатынас жасау ситуациялық сөйлеудің жәрдемі арқылы іске асырылады. Бұл сөйлеу әркетке байланысты пайда болған немесе жаңа заттармен, құбылыстармен танысқандағы сұраулар, сұрауға берілген жауаптар, немесе белгілі бір талаптар түрінде болады.
Ситуациялық сөйлеу әңгімелесушілерге толықтай анық, бірақ жағдайды білмейтін бөгде адамға әдетте түсініксіз болады. Бала сөйлеудегі ситуациялық әр түрлі формада болып келуі мүмкін. Сондай-ақ сөйлеуде үстеулер, ауызекі тіл шаблоны мол болады , алайда бұлар, сөйлеудің мазмұнын анықтай алмайды.Диалогты сөйлемде баланың әңгімелесуші серіктесі одан айқын, мәнерлі сөйлеуді,сөйлем құрауын жағдайға онша байланыстырмауды талап етеді.Бала төңірегіндегілердің ықпалымымен ситуациялық сөйлеуді тыңдаушысы түсінерліктей етіп құра бастайды. Бала біртіндеп шексіз қайталана беретін есімдіктердің орнына белгілі анық ойды беретін зат есімдерді енгізе бастайды. Мектепке дейінгі ересек жастағылар да кәдімгі сөйлеу құрылымы пайда болады,бала әуелі есімдіктерді «ол», «оларды» енгізеді, сосын барып баяндауының анық еместігін сезгеннен кейін есімдіктерді зат есімдіктер арқылы түрлендіре бастайды. Бұл бала тілінің дамуындағы елеулі кезең. Баяндаудың ситуациялық тәсілі тыңдаушысына бағдарланған түсіндірулермен бөлініп отырады. Әңгіменің мазмұны жайындағы сұраулар тіл дамуының бұл кезенде дәлірек және түсініктірек жауап беру ынтасын тудырады. Қарым-қатынас жасау ауқымының кеңейюіне, танымдық қызығуының өсуіне қарай балаға контексті сөйлеу тән. Контекст жағдайды жетікілікті түрде толық сипатттайды, бұл үшін осы жағдайды тікелей қабылдау шарт емес. Бала өзін-өзіне белгілі талаптар қоя бастайды және сөйлем құрауда соларды орындай білуге
тырысады. Бала сөйлеуінің ереке типіне түсіндірме сөйлеу жатады. Мектепке дейінгі ересек жаста балаға құрбысына тағы басқа көптеген нәрселерді түсіндіруге тура келеді. Түсіндірме сөйлеу әңгімеге қатысушының түсінуі үшін ситуациялық басты байланыстар мен қарым-қатынастарды бөлуді баяндаудың белгілі ретін талап етеді. Байланысты сөйлеудің түсіндірмелі типі балалардың ұжымдық қарым қатынастың қалыптасуы мен ақыл-ойдың дамуы үшін айтарлықтай мәні бар. Мектепке дейінгі жаста сөйлеудің бұл типі тек қана дами бастайды, сондықтан балаға үлкен адамның түсіндірулерін аяғына дейін тындау өте қиын. Бір баланың екінші баланы жаңа тарту кезіндегі қолданатын түсіндірме байланыстырушы мектеп жасына дейінгі балалар көбіне ситуациялық сөйлеумен алмастырады. Мектепке дейінгі бала бір нәрсені өзгеше емес тек осылайша істеу керектігін түсіндірерліктей сөйлеуді құрастыруға қиналады. Ол өзінің түсіндіруін ойынға тартқысы келген баланың орындаушылық әркетіне ғана бағыттайды. Мектепке дейінгі бала бір нәрсені өзгеше емес тек осылайша істеу керектігін түсіндірерліктей сөйлеуді құрастыруға қиналады. Ол өзінің түсіндіруін ойынға тартқысы келген баланың орындаушылық әрекетіне ғана бағыттайды. Мектепке дейінгі ересек жастағы баладан түсіндірменің мәнін ашуды талап ететін арнаулы жағдайды жасағанда бала баяндауын тыңдаушы реакциясына байланысты құрады, оның түсіндірмесінің мәнін ашуды талап ететін арнаулы жағдайды жасағанда бала баяндауын тыңдаушы реакциясына байланысты құрады, оның түсіндірмесінің мазмұнына өзге адамның толық түсіне білуіне тырысады. Сонымен баланың сөйлеу тілі сыртқы әлеммен байланыстыратын баспалдақ болып табылады. Бала түсіндіре сөйлей ме, әлде диалогты, не монологты пайдалана ма, сөйлеудің кез-келген жағдаятында бала барлық дыбыстарды дұрыс дыбыстыуы қажет. Әсіресе жоғарыда айтып кеткен, мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілінің сензетивті кезеңінде тілдің мүкістігінің болмауын қадағалау керек. Себебі, тіл мүкістігі баланың сөйлеу тілінің дамуына теріс әсерін тигізеді. Сондықтан, ата-аналарға, тәрбиешілерге тіл мүкістігін алдын алу қажет. Егер балалаларға тақпақтармен бірге орындалатын артикуляциялық жаттығуды жасатса, артикуляциялық аппаратты дұрыс жұмыс істеткізіп, дыбыстарды қоюмен қатар, сөздік қорын молайтып, тіл мүкістігін алдын алуға болады.
Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер, логопедтер, балалар! Сіздерді тақпақтар мен артикуляциялық жаттығулардың қызықты әлеміне шақырамын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет