Жұрт жүрген баламын мақтап, Тақпақты аламын мен жаттап


II бөлім. Тақпақтармен бірге орындалатын артикуляциялық гимнастика іс-тәжірибеде



бет3/20
Дата07.02.2022
өлшемі5,44 Mb.
#82271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
жумыс!!!!!

II бөлім. Тақпақтармен бірге орындалатын артикуляциялық гимнастика іс-тәжірибеде.
Артикуляциялық жаттығуларды орындаудың ережелері:

  1. Артикуляциялық жаттығуларды таңдау барысында мүкістікті ескеру қажет. Дұрыс таңдалмаған жаттығу кері әсерін тигізуі мүмкін.

  2. Артикуляциялық жаттығу тіл мүкістігін алдын алу үшін екі жастан бастап орындауға болады.Күніне бірнеше рет айнаның алдында 3-5 минут орындау қажет. Жаттығудың орындау барысын балаға алдын ала түсіндіреді.

  3. Балаға бір рет 2-3 жаттығудан артық орындауға болмайды.

  4. Айнаның алдында әр жаттығыуды 5-10 рет қайталайды. Кейін жаттығуларды айнасыз да орындауға болады. Дыбыс мінсіз айтылуы үшін жаттығуларды қайталау ұлғая береді.

  5. Басында жаттығуларды ақырын, асықпай орындайды. Кейін жылдамырақ орындауға болады. Жаттығуларды санап немесе музыкамен орындайды.

  6. Жаттығуды балаға көрсетіп орындау керек. Ал ересек адам баланың орындау барысын қадағалап отырады.

  7. Артикуляциялық жаттығуды таңдау кезінде қарпайымнан бастап, күрделі жаттығуға өту керек. Жаттығулар рет-ретімен орындалады.

  8. Жасалып жатқан екі –үш артикуляциялық жаттығудың біреуі ғана жаңа болуы керек, қалған екінші-үшіншісі қайталау мен бекітуге арналады.

  9. Егер бала бір жаттығуды жақсы орындай алмаса, жаңа жаттығуды енгізудің қажеті жоқ, ескі жаттығуларды баланы жалақтырмас үшін, басқа ойын тәсілдермен орындаған дұрыс.

  10. Артикуляциялық жаттығуларды орындау бырысында артикуляциялық қимылдырдың сапасына назар аудару қажет. Жаттығуды орындаған кездегі қимылдардың қалпын,көлемін, тіл бұлшық етттерінің тонусын, жаттығулардын үйлесімін бақылаған дұрыс.

  11. Еріндерге арналған жаттығудан бастау қажет.

  12. Егер бала белгілі бір жаттығуды орындай алмаса, балаға шпательмен, шәй қасықпен немесе таза саусақпен көмектесуге болады.

  13. Статикалық жаттығуларды орындағанда артикуляциялық қалыпты 10-15 секунд ұстайды.

  14. Артикулциялық жаттығуды отырып орындайды. Баланың арқасы түзу, денесі, аяқ, қолдары еркін тұруы қажет. Бала өзінің және ересектің бетін көріп, жаттығулардын дұрыстығын кадағалап отыруы керек. Сондықтан жаттығуларды орындағанда, қабырға айнасының алдында отырған дұрыс. Сонымен қатар, 9x12 см қол айнасын пайдалануға болады, тек ересек адам қарама-қарсы отыруы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет