Балаға үлгілі болуы және үлгі көрсетуші болуы керек



Дата09.01.2022
өлшемі11,55 Kb.
#110682
Байланысты:
Мұғалімнің бір ғана сыры


Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді.

Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.

Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.

Төртінші қыры – байқағыштық сезімі және көрегендігі.

Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.

Алтыншы қыры – жан-жақты дарындылығы.



Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.

Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі. Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан-қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: біріншіден, балаға үлгілі болуы және үлгі көрсетуші болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет