«Тіс тазалаймыз» Тұра ерте таңертең
Тазалаймын тісті мен
Тісім менің аппақ,
Айтамын мен тақпақ
Сипаттама: ауыз кең ашық, еріндер күлімсірейді,жалпақ тілдің ұшымен жоғарғы–төменгі тістерді сипау.
«Төменгі тістерді санау» Тістерін санап,
Орындақта отыр Самат,
Санға жетпей қалды кейін,
Санайтын еді, оңға дейін.
Сипаттама: күлімсіреу, ауызды ашу. Тілдің ұшын төменгі тістердің әр біреуіне тіреу. Жаттығуды орындау барысында төменгі жақтар қозғалмауы керек. Қажеттілік туындған кезде жоғарғы тістерді де санауға болады.
«Күлімсіреу» Күлемін жымия
Күлімсіреймін мен
Ғажап әлем,
Шаттықпен жүрген!
Сипаттама: еріндерді күлімсірген күйде ұстап тұру және тістердің көрінбеуі қажет.
«Маймыл -2» Хайуанатта маймыл
Жасады неше түрлі қимыл,
Аузы ашылып қалған,
Сәлем берді маған.
Сипаттама: жақ төмен түседі, тілмен иікке дейін жеткізу керек.
«Кесе» Кесе әдемі қандай,
Шәйі тәтті балдай,
Балдан да тәтті шәй қандай
Ішемін мен шөлге қанбай!
Сипаттама: ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.
«Тоқаш» Тоқаш тәтті нан
Дәмі кетпес ауыздан.
Сипаттама: еріндерді дөңгелектеу (сыбырлып «о» дыбысын дыбыстау) және алға қарай шығару. Күш салмай еріндермен ғана жаттығуды орындау. Ауыз ашық, тек төменгі жақ алға жылжымауы қажет.