«С» мен «З» дыбыстарын қоюға арналған артикуляциялық жаттығулар кешенің үлгісі. «Бақа» Секіріп қалды бақа,
Алдындағы батпаққа,
Біздің жасыл бақа,
Айналды қара даққа.
Сипаттама: тістерді қабыстырып,көрсетіп күлімсіреу. Беске дейін санап осы қалыпты сақтап тұру. Төменгі жақ алға шығып қоғламауы керек.
«Пілдің тұмсығы» Ұқстып пілдің тұмсығына тілімді,
Жасадым жаттығуды тиімді.
Сипаттама: еріндерді түтікше тәрізді алға қарай созады. Тістерді қабыстырып, осы қалыпты беске дейін санап ұстап тұру қажет.
«Күрекше» Күрекше сатып алдым кеше,
Әкелдім мен бөпеме,
Қуанып қалды өзгеше
Ойнаймын деп көшеде .
Сипаттама: жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып 10-15секунд ұстап тұру керек. Тілді қимылдатпай ұстап тұруын қадағалау керек.
«Нан илейміз» Нан илеуді үйретті анам,
Жасағандай алғашқы қадам,
Бірнеше сыры бар екен илеудің,
Анама алғыс, көп нәрсені үйреттің
Сипаттама: күлімсіреу, «пя-пя-пя» деперіндерді бір-біріне жақындату және тілдің ұшын бірнеше рет тістеу керек. Осы екі жаттығуды кезектесіп орындау қажет.