Әдебиеттік оқу пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



Дата24.10.2019
өлшемі53,17 Kb.
#50556
Байланысты:
2 сынып

«Әдебиеттік оқу» пәнінен

1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1-нұсқа



Тыңдалым және айтылым


  1. Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.


Қатқан нан

Сережаның әкесі наубайшы болып істейді. Ол он жыл бойы үздіксіз нан пісіріп келеді. Таңертең ерте, күн шықпастан тұрып жұмысына кетеді. Түс кезінде дүкендерге жаңа ғана пештен шыққан ыстық нан жеткізіледі. Мектеп асханасына да сондай нан әкелінеді.

Бүгін Сережаның әкесі ауырып қалды. Он жыл ішінде ол алғаш рет жұмысына барған жоқ. Оның төсегінің жанында шешесі отыр.


  • Сережа, оқушылар бүгін жаңа піскен нан жемейді... – деді анасы жай ғана.

Түсте балалар асханаға келді. Үстел үстінде кешеден қалған нан тіліктері қойылған.

  • Бүгін неге қатқан нан берілген? – деп сұрады балалар.

  • Менің әкем ауырып қалды, сондықтан бүгін қатқан нан жейміз, – деді Сережа.

Балалар қатқан нанның қиқымын еденге түсірмеуге тырысып, сақтықпен алып жеп отыр.





  1. Мәтінде нақты жауабы бар сұрақты анықта:

А) Сережаның шешесі қандай адам?

В) Жаңа піскен нанды асханаға кім әкеледі?

С) Сережаның әкесі неліктен ауырып қалды?

D) Сережаның әкесі кім болып жұмыс істейді?


  1. Мәтінге сәйкес ақпаратты тап:

А) Үстел үстіне ыстық нан қойылған.

В) Балалар қатқан нанды жемей отыр.

С) Бүгін Сережаның әкесі ауырып қалды.

D) Сережаның әкесі жұмыстан көп қалады.



  1. Жұптық жұмыс

Берілген жоспарға сүйеніп, жұптасыңа мәтіннің бір бөлігінің мазмұнын айтып бер.
Жоспар:

  1. Арманның әкесі

  2. Қатқан нан тіліктері

[5]




Оқылым
2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.


Ерік пен Серік ауылда тұрады. Екеуі ауыл шетіндегі тоғайға барып ойнайды. Тоғайда әнші торғайлар көп. Олар құстардың сайрағанын тыңдайды.

Бір жолы Серік шөп арасынан құстың жұмыртқасын көріп қалды. Оны тақиясына салып, үйіне әкелді. Әкесі:



  • Балам-ау, бұл бозторғайдың жұмыртқасы ғой. Оны неге әкелдің? Бозторғай – пайдалы құс. Олар егінге түскен зиянды құрттарды жейді, - деді.

Балалар өз қателігін түсінді. Жұмыртқаны орнына апарып қойды.

1) Мәтіннен сұрақтарға жауап беретін сөйлемді тауып, қоршап сыз.



  • Балалар қайда тұрады?

  • Тоғайда нелер көп?

  • Бозторғай қандай құс?

2) Мәтінге ат қой ___________________________________________________________
3) Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?

_____________________________________________________________________


[5]



Жазылым

  1. Берілген тірек сөздерді тиісті орнына қойып, өлеңді толықтырып жаз.



Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, ___________________________________________.
Бірге балық _______________________________________________,
Міне, біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа _________________________________________________ .

Тату-тәтті ________________________________________________ ,

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда _______________________________________________ !



Тірек сөздер: шығамыз, біргеміз, аулаймыз, жүреміз, күлеміз.

[5]







Балл қою кестесі

Тапсырма№

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

D)

1




С)

1




Білім алушының ықтимал жауабы:

Сережаның әкесі - наубайшы. Ол нан пісіреді. Ыстық нанды мектептің асханасына да әкеледі. Бүгін ол кісі ауырып қалды. Мектептің асханасына ыстық нан әкелінбеді. Түсте оқушылар асханаға келді. Олар үстелдегі қатып қалған нан тіліктерін көрді. Оның себебін сұрады.

- Менің әкем ауырып қалды, сондықтан бүгін қатқан нан жейміз, – деді Сережа.

Балалар қатқан нанды жерге түсіріп алмауға тырысып жеді.



1


Оқиғаның желісін сақтай отырып, мәтінді жоспарға сай жүйелі мазмұндайды.

1

Лексикалық нормаларды (сөздерді қайталамау, диалект сөздерді қолданбау, сөздерді мағынасына қарай қолдану) сақтайды.

1

Грамматикалық нормаларды (жалғаулар, сөйлемнің құрылымы) сақтайды.

Барлығы

5





Балл қою кестесі


Тапсырма_№__Жауап__Балл'>Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Ерік пен Серік ауылда тұрады

1

Білім алушының сөйлемнің астын сызғаны, дәптерге көшіріп жазғаны да қабылданады.

Тоғайда әнші торғайлар көп.

1

Бозторғай – пайдалы құс

1

Тоғайда/ Бозторғайдың жұмыртқасы/ Балалардың кателігі/ Құстардың пайдасы.

1

Мәтіннің мазмұнына қатысты баламалы дұрыс жауаптар қабылданады.

Табиғатты қорғау керек./ Құстардың ұясына, жұмыртқасына тимеу керек.

1

Барлығы

5









Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

Бірге ойнаймыз, (күлеміз)

1



Бірге балық (аулаймыз)

1

Саяхатқа (шығамыз)

1

Тату-тәтті (жүреміз)

1

Әрқашанда (біргеміз)

1




Барлығы

5





Әдебиеттік оқу» пәнінен

1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

2-нұсқа



Тапсырмаларды_орында.'>Тыңдалым және айтылым


  1. Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.




Тапсырма
Мәтінді оқы. «Адалдық» туралы айтылған сөйлемдерді қоршап сыз.
Адалдық
Қаншайым апайдың екi ұлы бар. Үлкенi – Алмас, жасы сегiзде. Кiшiсi – Алмат, оның жасы алтыда.

Бiрде олардың анасы базардан мандарин алып келдi. Екеуi қуанып, бiразын жедi.

Қалғанын ертең жемек болып келiстi.

Түнде Алмас iнiсiне бiлдiрмей, тағы да үш мандаринді жеп қойды.

Ертеңiне Алмас кiтап оқып отырған. Қасына Алмат келді. Қолында мандариндері

бар.


  • «Кешегi келiскенiмiздей бөлiп жейiк»,– деп мандаринді екеуіне үш-үштен тең бөлдi. Мандариннің бiреуi артық қалды. Оны көрген Алмат:

  • «Сен үлкенсiң ғой, мынаны сен же»,– деп артығын Алмасқа ұсынды.

Түндегi ұрлығы есiне түскен Алмас қатты ұялды. Оның мандаринге зауқы соқпады.

(Ж.Садықова)

Сұрақтарға жауап бер.
Мәтінде нақты жауабы бар сұрақты анықта:
А) Қаншайым апайдың ұлдары қандай?

В) Алмат қандай әрекет жасады?

С) Алмас Алматқа не ұсынды?

D) Алмас неліктен ұялды?


Мәтінге сәйкес ақпаратты тап:
А) Қаншайым апайдың үш ұлы бар.

В) Алматтың жасы сегізде.

С)Балалардың анасы базардан мандарин алып келді.

D) Мандариннің иекеуі артылып қалды.








  1. Жұптық жұмыс

Берілген жоспарға сүйеніп, жұптасыңа мәтіннің бір бөлігінің мазмұнын айтып бер.
Жоспар:

1.Апайдың мандарин алып келуі.

2.Алмастың қылығы.

[5]





Оқылым
2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Ертіс өңіріндегі көрікті әрі табиғаты бай өлке – Марқакөл көлінің аймағы. Марқакөл теңіз деңгейінен бір мың төрт жүз отыз төрт метр биіктікте орналасқан. Оның тереңдігі жиырма жеті метр. Басты байлығы – қызыл балық. Айналасындағы орманда аңдар мен құстардың көптеген түрлері бар.

Қазір ол жер Марқакөл қорығы болып есептеледі. Марқакөл қорығында балқарағай ағашы өседі. Балқарағай - ұзақ жасайтын қатты ағаш. Балқарағайды кеме жасауға пайдаланады. Өлкенің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорғауға алынған.
1) Мәтіннен сұрақтарға жауап беретін сөйлемді тауып, қоршап сыз.


  • Марқакөлдің тереңдігі қанша метр?

  • Қорықта қандай ағаш өседі?

  • Балқарағай қандай ағаш?

2) Мәтінге ат қой ___________________________________________________________
3) Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?

_____________________________________________________________________


[5]



Жазылым

  1. Берілген тірек сөздерді тиісті орнына қойып, өлеңді толықтырып жаз.


Тапсырма

1.Берілген сөздердің ұйқасын тауып, өлең шумақтарын толықтырып жаз.

тосылмай бос тоймаймыз қос

Бірге ойын ойнаймыз, До, до, дос,

Біз ойынға . Достар жүрмес .
Достар деген осындай До, до, дос

Ән шырқайық . Достарыңа достар .




2.Сөздерді қатесіз жаз.

[5]






Балл қою кестесі

Тапсырма№

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

D)

1




С)

1




Білім алушының ықтимал жауабы:

Қаншайым апайдың екi ұлы бар. Үлкенi – Алмас, жасы сегiзде. Кiшiсi – Алмат, оның жасы алтыда.

Бiрде олардың анасы базардан мандарин алып келдi. Екеуi қуанып, бiразын жедi.

Қалғанын ертең жемек болып келiстi.

Түнде Алмас iнiсiне бiлдiрмей, тағы да үш мандаринді жеп қойды.

Ертеңiне Алмас кiтап оқып отырған. Қасына Алмат келді. Қолында мандариндері

бар.

«Кешегi келiскенiмiздей бөлiп жейiк»,– деп мандаринді екеуіне үш-үштен тең бөлдi. Мандариннің бiреуi артық қалды. Оны көрген Алмат:



«Сен үлкенсiң ғой, мынаны сен же»,– деп артығын Алмасқа ұсынды.

Түндегi ұрлығы есiне түскен Алмас қатты ұялды. Оның мандаринге зауқы соқпады.




1


Оқиғаның желісін сақтай отырып, мәтінді жоспарға сай жүйелі мазмұндайды.

1

Лексикалық нормаларды (сөздерді қайталамау, диалект сөздерді қолданбау, сөздерді мағынасына қарай қолдану) сақтайды.

1

Грамматикалық нормаларды (жалғаулар, сөйлемнің құрылымы) сақтайды.

Барлығы

5





Балл қою кестесі


Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Оның тереңдігі жиырма жеті метр.

1

Білім алушының сөйлемнің астын сызғаны, дәптерге көшіріп жазғаны да қабылданады.

. Марқакөл қорығында балқарағай ағашы өседі.

1

Балқарағай - ұзақ жасайтын қатты ағаш.

1

Марқакөл/ Марқакөл қорығы/ Марқакөл байлығы/

1

Мәтіннің мазмұнына қатысты баламалы дұрыс жауаптар қабылданады.

Марқакөлдің байлығы/Туған жерге деген мақтаныш сезімін ояту.

1

Барлығы

5




Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

Біз ойынға (тоймаймыз)

1



Ән шырқайық (тосылмай)

1

Достар жүрмес(бос)

1

Достарыңа достар (қос)

1

Сөздерді қатесіз жазады.

1




Барлығы

5





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет