СТОРИС ТҮСІРУ БОЙЫНША ИДЕЯЛАР Ниша : Қол Өнер ( хрустальді сумка)
Идея ( ойын)
Алдымен ойын шартын түсіндіру.
Сумканың суретін Сториске салып , оның кез-келген жеріне 💜жүрек жасыру . Яғни оқырмандар жасырылған жүректі тауып , Оны дайректке жіберуі қажет.
ОҚЫРМАН АЛАТЫН ПАЙДА :
Әрбір жасырылған жүрек 1000 тг мен бағаланады.
Бірінші болып тапқан оқырмандар 1000 тг жеңілдікке ие болады , яғни 10 k сумканы 9k ға алады
Оқырмандар бізден әртүрлі ойындар ойнап , жеңілдіктер ала алатынын біледі .
Ойын арқылы сатылымға шақырамыз
2️) Идея Бір сумканы толықтай оқырмандардың таңдауымен жасау . Яғни сториске опрос тастау арқылы сумканың түсін , пішінін, өлшемін оқырмандар таңдайды . Және жұмыс соңында шыққан сумканы міндетті түрде көрсету . Және ол сумканы жасалуына өздерінің ат салысқанын оқырманға жеткізу керек .
НӘТИЖЕСІНДЕ :
• Бұл оқырмандарға қызық әрі жаңа рубрика болады
• Біздің клиенттің таңдауына сай жұмыс жасайтынымызға сенеді
• Актив көтеріледі
• Оқырмандармен жылы қарым-қатынас орнатуға әсер етеді .
3️).Идея Пайдалы Сторис жасау Көп қыздар хрустальді сумканы тек кештерге көйлекпен ғана киюге болады деп ойлайды . Сондықтан Стористің жалпы планы : түрлі образда хрустальді сумканың үйлесетінін көрсету .
Алдымен Бизнес иесі өзін қысқаша таныстырып өтеді. Сосын оқырмандардан өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарды қоюын өтінеді . Және әрбір қойылған сұраққа жауап береді .
НӘТИЖЕСІНДЕ :
• Оқырмандардың сеніміне ие боламыз
• Барлығы өз сұрақтарына шынайы жауап ала алады .
• Сұрақтар арқылы клиенттерді көбінесе не мазалайды , неліктен әлі күнге дейін біздің тауарды алуға екі ойлы болып жүргенін біле аламыз.