Тақырыбы: Жүз жыл жырлаған жүрек (әдеби кеш)
Мақсаты: Жыр алыбы –Жамбылдың ақындық талантын оқырмандар жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.
Барысы жүргізуші Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі кеш, өзге кештерден өзгеше, өйткені қазақ «сөз қадірін — өз қадірім» деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де кемеңгерлігі мен көсемдігін, сөзге сыйғызған. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ. Сондай даралық сөз тудырған, суырып салма ақынымыз Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толады. Ақын, абыз, жырау, жыршы, суырыпсалма айтыс өнерінің жүйрігі Жамбыл ақынның мерейтойына байланысты ұйымдастырылған іс-шарамызға қош келдіңіздер! жүргізуші