Сыныптан тыс шара «Жыр алабы -жамбыл»



бет1/4
Дата28.04.2022
өлшемі22,13 Kb.
#141224
  1   2   3   4
Байланысты:
Жамбыл сыныптан тыс шара




Сыныптан тыс шара
«Жыр алабы -Жамбыл»
(Жамбыл Жабаевтың 176 жылдығына арналған «Жыр алабы -Жамбыл» атты әдеби кеш)


Мақсаты:
Жамбыл өлеңдерін шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге баулу; оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру; ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Бейнекөрсетілім «Халық менің шын атым»


1- жүргізуші: Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халық үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!




2- жүргізуші: Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
Заманына «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жүз жыл жырлаған - Жамбыл Жабаевтың 176 жылдығына арналған әдеби кешіне қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.


1-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 176 жасқа толып отыр.


2-жүргізуші: Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе-мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу-сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет