3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет26/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
2.5. Екпін

Сөздің дұрыс айтылуы, мағынаның айқын, дұрыс берілуі екпінмен тығыз байланысты.


Екі немесе одан көп буынды сөздердің бірі буыны, басқа буындарға қарағанда көтеріңкі, айқынырақ ажыратылып айтылады.
Мұндағы екпін түскен буын екпінді буын делінеді. Сөзге екпін түсуіне орай барлық тілдер екі топқа бөлінеді: 1) лебізді-динамикалық, 2) музыкалық не техникалық. Қазақ тілі лебізді-динамикалық топқа жатады. Лебізді екпін фонациялық ауаның қарқыны (күші) буынның күшімен байланысты болады да, басқа буындардың ішінен бір буын айрықша көтеріңкі айтылуына негізделеді. Тоникалық немесе муызкалық екпінде басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының жоғары ырғағы арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығы дірілінің жиіленуіне негізделеді. Қазақ тілінде екпін, негізінен сөздің соңғы буынына түседі. Екпін сөздің айтылуына, сөз ішіндегі дыбыстардың сапасына әсерін тигізеді.
Сөз ішіндегі екпін түскен буын созылыңқы айтылады. бірақ қазақ тіліндегі дауыстылардың созыңқылығының фонематикалық мәні жоқ. «Тілімізде тек лебізді екпін бар деп қана қойсақ, қателескен болар едік. Кісінің ойын мәнерлеп, әсірелеп жеткізе алатын сөйлемдерде кей уақыт үнді екпінді де пайдалана аламыз». Сөйтіп қазақ тілінде екпінді өзгертумен байланысты дағдылы айтылу әуені де өзгереді, алайда мағына өзгермейді.
Дауыс екпіні (акцентуация) сөзбен сөздің шегін бөліп, жігін ажыратады. Тіліміздегі сөздердің барлығы сөз екпініне ие бола бермейді. Екпінге ие зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағай, еліктеу сөздер. Екпінге ие бола алмайтын сөз табы – шылау. Қазақ тілі екпіні оқулықтарда, оқу құралдарында үш түрге бөлініп жүр. 1. Сөз екпіні. 2. Тіркес екпіні, яғни фразалық екпін. 3. Сөйлем екпіні «логикалық екпін). Екпін ритмика-мелодикалық ерекшелікпен байланысты болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлемдегі сөздер бірінен соң бірі шұбыртылып айтыла бермейді. Олардың айтылуда белгілі бір толасы, кідірісі болады. Сөз арасында не сөйлем арасында болатын кідірісті пауза дейді. Сөйлеудегі ырғақ пен пауза (дауыстың бірде көтерілуі, бірде бәсеңдеуі) ритмика-мелодикалық ерекшелік делінеді. Мәтінді дұрыс мән-мәнерімен оқуға осы ритмика-мелодикалық ерекшеліктің атқаратын қызметі айрықша.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет