Ата-аналарға арналған тест
Балаңыз мектепке дайын ба?
1. Балаңыздың мектепке барғысы келе ме?
2. Балаңыздың жаңа нәрсені біліп, үйренуге қызығушылығы бар ма?
3. Балаңыз өз еркімен бір жұмыспен шұғылдана ма?
4. Балаңыз бөтен адамдар арасында ұялмай ма?
5. Балаңыз суретке қарап бес сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыра ала ма?
6. Балаңыз бірнеше тақпақты жатқа айта біле ме?
7. Балаңыз әріптерді танып, оқи біле ме?
8. Балаңыз 10-ға дейін және керісінше санай біле ме?
9. Балаңыз түстерді ажырата біле ме?
10. Сурет салуды және оны бояуды жақсы көре ме?
11.Ойыншықтарды құрастырып ойнай біле ме?
Ата-аналарға арналған сауалнама
1. Балаңыз хайуанаттар саябағына, мұражайға барып көрді ме?
2. Балаңызға кітапты және қызықты оқиғаны жиі оқып бере аласыз ба?
3. Балаңыз әр түрлі сұрақтарға жауапты қиналмай бере ала ма?
4.Балаңыз әр түрлі заттардың не үшін керектігін түсіндіріп бере ала ма?
(Шаңсорғыш, мұздатқыш, щетка)
5. Күнделікті балаңыз бір жағдайдан, екінші жағдайға тез ауыса ала ма?
6. Балаңыз өз бетімен жұмыс орындай ала ма, тапсырманы орындауда
басқа баламен жарыса ала ма?
7. Балаңыз біреудің сөзін бөлмей тыңдай ала ма?
8. Балаңыз белгілі бір уақытта тыныш отыра ала ма?
9. Балаңыз кітаптарға қызыға ма?
10. Балаңыз түсініксіз сөздер төңірегінде сұрақ қоя ма?
11. Балаңызбен бірге ертегі мен қызықты әңгімені талдайсыз ба?
Балаларға арналған сауалнама
1. Сенің есімің кім?
2. Жасың нешеде?
3. Кіммен бірге тұрасың? Отбасы мүшелерін атап айт?
4. Мамаңның аты кім? Қайда, кім болып жұмыс істейді?
5. Әкеңнің аты кім? Қайда, кім болып жұмыс істейді?
6. Қайда тұрасың? Мекен-жайыңды айтып бер.
7. Балабақшаға бардың ба?
8. Үйде қандай іс-әрекетпен айналысқанды жақсы көресің?
9. Сен қандай елде тұрасың?
10. Ең жақсы көретін ойыншығың қандай?
11. Қандай ертегілер білесің?
12. 2 жылдан соң нешеге толасың?
13. Қазақстанның қандай қалаларын білесің?
Достарыңызбен бөлісу: |