3. «Ойыншықтар әлемі»
1. Топтарында қандай ойыншықтар бар?
2. Саған өзіңе ұнайтын, ең әдемі ойыншықты кім сыйлайды?
3. Ойыншықтар неден жасалады? (ойыншық түрлерін алдарына қою, ағаштар, қағаздан, резинадан, пластмастан, матадан т.б.). осы ойыншықтарды ұстап көру арқылы сипаттап айтып беру.
4. Ойыншықтар туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар білесіңдер ме?
5. Менің сүйікті ойыншығым тақырыбына әңгіме құрастыру.
4. «Сөз – моншақтар»
Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында және аяғында қандай әріп естілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.
Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар
1. «Шапалақ»
Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақтауға тиісті.
2. «Балалар сендердің көңіл-күйлерің қалай?»
Сендер көңіл-күйіміз жақсы – дедіңдер, енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңіздерші.
1. Көңілді болғанда не істейміз?
2. Ренжігенде – бұртияды, қабақ түседі
3. Қорыққанда – көздерін жұмады
4. Қуанғанда, көңілденгенде – күледі
5. Таң қалғанда – көздері шарасынан шығады
Қол қимылдарына жаттығу
1. Биік - аласа
2. Анда – санда
3. Мен – сен
4. Жуан – жіңішке
5. Оң жақ – сол жақ
6. Алыс – жақын
7. Бас – аяқ
3. «Шапалақты тыңда!»
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар ләйлек (айст) сияқты бір аяғын көтеріп, қолдарын екі жаққа созып тұрады, екі рет соққанда бақа сияқты отырып секіреді, үш рет соқса жүруін жалғастырады.
4. «Қанша дыбыс естідіңдер?»
Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.
5. «Айна»
Балалар екі-екіден бөлінеді: біреуі – жүргізуші, екіншісі – бала. Жүргізуші белгілі бір қимыл қозғалыстарды көрсетіп және бет әлпет қозғалыстарын тура көргендей қайталап беруге тиісті. Содан соң екеуі орындармен ауысады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |