Сабақтың тақырыбы Түлік туралы сабақ Мектеп: №28 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп Күні



Дата07.02.2022
өлшемі49,52 Mb.
#95744
түріСабақ
Байланысты:
ӘДЕБ ОҚУ АШЫҚ САБАҚ


Сабақ: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы Түлік туралы сабақ
Мектеп: №28 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

Күні: 24.10.19ж

Мұғалімнің есімі:Тельгазиева Акбота Сарсенбаевна

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты
(мақсаттары)

Малды құрметтеу, түлік туралы жан-жақты мағлұмат беру,

Сабақ мақсаттары

Бapлық oқушылap opындaй aлaды: сәйкестендіре біледі

Oқушылapдың бacым бөлігі opындaй aлaды: постер жасай алады

Кeйбіp oқушылap opындaй aлaды: өлең құрастырады

Алдыңғы тақырып

Спорт-денсаулық кепілі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басы
11мин


Қызығушылықты ояту.


Мағынаны тану.

Психологиялық сәт
Қайырлы күн болсын,
Сабаққа жақсы қатысып,
Алғанымыз бестік болсын,
Мінгеніміз тұлпар болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Топтасу
1-топ:Жылқы
2-топ Қой
3-топ Сиыр
4-топ: Түйе


Жұмбақ
Кішкене ғана бойы бар, айналдарып киген тоны бар.(қой)
-Екі айнасы бар,екі найзасы бар. (сиыр)
-Басында таяғы бар,төрт аяғы бар
Екі құлағы бар,иегінде сақалы бар.(ешкі)
Қамыс құлақ
Тостаған тұқ.
Мінсең – қанат.
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.(Жылқы)


І-топ: Шопан ата,
2-топ: Сексеката
3-топ: Зеңгібаба
4-топ Қамбар ата
Жұмбақ жасыру

Видео ролик көрсету





Ортасы
20 мин

3.Топтық тапсырмалар:
1-топ:- «Кластер» әдісі
2-топ:- Свот талдау
3-топ:- Бэкраним әдісі
4-топ: - Сөз жұмбаақты шешу
Топты бағалау


Постер қорғау



Сергіту сәті
3 мин

«Заряд алу»



Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.

Аяқталуы
10мин



Тест
1. Төрт түлік малдарды табыңдар
а) түлкі, қасқыр, қоян, аю
ә) бұзау, құлын, бота, лақ
б) жылқы, сиыр, түйе, қой және ешкі
2.Қой атасы кім?
а) Қамбарата
ә) Шопаната
б) Ойсылқара
5.Сиырдың пайдасы қандай?
а) қымыз, ет
ә) сүт, ірімшік, құрт
б) шұбат, көлік
5. Мал баласын қалай сүйеді?
а) ақылдым, тәртіптім
ә) құлыным, боташым
б) сүйіктім, тәттім
Өзін-өзі бағалау

Кері байланыс
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма:
1-топ: Төрт түлік туралы мақал-мәтел жазу.
2-топ: Төрт түлік туралы жұмбақтар жазу.
3-топ: Төрт түлік туралы тыйым сөздер жазу.
4 топ: Төрт түлікке қатысты сурет салу.

Жеке жұмыс
1 – б
2 – ә
3 – ә
4 – ә
5 – ә



Сәйкестендір
түйе тобы келе
жылқы тобы үйір
сиыр тобы табын
қой тобы отар

Қой лақ


сиыр құлын
түйе бұзау
жылқы бота
ешкі қозы

сиыр, бұзау әукім-әукім


қой,қозы пұшайт-пұшайт
ешкі,лақ шөре-шөре
түйе, бота көс-көс
жылқы, құлын құрау-құрау
Дарынды оқушымен жұмыс
Өтірік өлең

Кішкене ғана бойы бар,айналдарып киген тоны бар.(қой)


-Екі айнасы бар,екі найзасы бар. (сиыр)
-Басында таяғы бар,төрт аяғы бар
Екі құлағы бар,иегінде сақалы бар.(ешкі)

Жылқы - Құлын
Жабағы (6 айдан 1 жасқа дейінгісі)
Тай (1 жастан асқаны)
Құнан (2 жастан асқаны)а
Дөнен (3 жастан асқаны)
Бесті (5 жастағысы)
Алты жасар

Түйе атаулары:
Нар ( жалғыз өркешті)
Нарбота ( жаңадан туған төлі)
Нартайлақ (1 жастан асқаны)
Түйе:
Айыр (қос өркешті)
Бота (жаңадан туған төлі)
Тайлақ (1 жастан асқаны)

Қой атаулары:
Қой, Қозы, Марқа, Кепе, Тоқты, Саулық, Бойдақ қой (ұрғашы), Құнан қой, Дөнен қой.
Ісек (еркегі), Қошқар
Ешкі атаулары:
Ешкі, Лақ, Марқа лақ, Теке, Серке (Меркеш), Шыбыш, Туша (ұрғашысы)
Сиыр атаулары:
Сиыр, Бұзау, Баспақ, Қашар.
Бұқа (еркегі), Тана, Бұқашық

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет