3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет39/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Тапсырмалар
Мына мәтіндерді кідірістер қойып оқыңдар.

1. ҚЫРАННЫҢ СЕРІГІ – СҰҢҚАР


Бір қыран өзіне сенімді серік іздеп, әлемге жар салыпты. Құс атаулы жиналып, қыранның алдына келіпті. Қыран:


-Кімнің бойында қандай қасиет бар? – деп сұрапты.
Қаз тұрып:

  • Мен суда да жүземін, жерде де жүремін, ұша да білемін, - депті.

Жапалақ болса:
- Менен басқа бірде-бір құс түнде ұшып көрген емес, - деп мақтанады.
Осылайша мақтанған құстар аз болмапты. Сонда Қыран анадай жерде тұрған Сұңқарға:
- Сен неге үндемейсің, қане, қасиетіңді айтшы, - депті.
Сұңқар:
- Сыпайылық сақтап тұрмын, тақсыр. Оның үстіне менде әр алуан қасиет те жоқ. Бір ғана қасиетім бар, ол - өзіңіз сияқты талмай самғау, - депті.
Қыран:
-Өз басыңа осы қасиет те, жетеді. Ендігі жерде сен ғана менің серігім боласың, - депті.
Осыдан былай нағыз шырқау биікте тек Қыран мен Сұңқар ғана қалықтайтын болыпты.
(Т.Қажыбаев)

2. МАҚТАҚЫЗ БЕН МЫСЫҚ


Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақтақыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: «Келмесең келме!» - деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:


- Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақтақыз айтпайды. Сонан соң мысық:
- Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
- Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді Мақтақыз. Мысық қатықты төгеді. Мақтақыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
- Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді мысық,
- Менің қатығымды төле! – дейді Мақтақыз. Мысық сиырға барады.
- Сиыр, сиыр, маған қатық берші? – дейді. Сиыр
– Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші, - дейді. Мысық ағашқа барып:

  • Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші? – дейді

  • Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, - дейді ағаш. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

  • Қыздар, қыздар, маған су беріңдерші, - дейді. Қыздар оған:

  • Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.

Мысық дүкенге барады.

  • Әй, дүкенші, маған сағыз берші? – дейді.

  • Маған жұмыртқа бер, – дейді дүкенші. Мысық тауыққа барады.

  • Тауық, тауық, жұмыртқа берші? – дейді.

  • Бізге жем әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, - дейді. Мысық: «Енді қайттім?» - деп бара жатса, ін қазып жатқан бір тышқанды көреді. Мысық тышқанға бас салады.

  • Жаныңның барында айт, үйіңде не бар? – дейді. Тышқан қорыққанан:

  • Үйімде бір табақ тарым бар, - дейді.

  • Маған бір уыс тары бер!- дейді мысық.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді. Мысық тарыны тауыққа апарып береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді, жапырақты сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты Мақтақызға береді, Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.
(Ыбырай Алтынсарин).

Өлең сөз кідірісі немесе ырғақ кідіріс


Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. Керек десеңіз, тіпті, ұйқассыз (ақ) өлеңнің өзін өлеңге айналдыратын бірден-бір күш, құрал осы – буын. «шығармада қолданылатын өлшемді, оның құрылыс кестесіне сәйкес туатын өлең ырғағын өлең сөздегі сан құбылып тұратын дауыс толқынының негізгі арқауы ғана деп қарау керек. Белгілі өлшеммен жазылған өлеңнің өзіндік ырғағы, әуендік сипаты болғанымен, олар дауыстың, үннің мазмұн-мағына, сезім, әсер байлығына сай түрленіп, еркін өзгеріп отырады.
Қай елдің поэзиясында болсын өлең деп ырғақты туғызатын - өлең сөздің қайталанып келіп отыратын мөлшерлі бөлшектері десек, қазақ поэзиясында ырғақ туғызатын - өлең сөздің буын саны тұрақты бөлшектері».
Ырғақ өлеңнің мазмұны, интонациялық құрылымымен астасып жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет