3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет71/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Ойын әдістері. Мектепке дейінгі балаларды оқытуда ойын әдістері мен тәсілдері үлкен орын алады. Бұлар балалардың оқыту мазмұнына көңілін аударып, танымдық іс-әрекет пен сәбилерге тән ойын арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Оларға дидактикалық ойындар, драмалық ойындар, қимыл ойындары, эпизодтық ойын тәсілдері (жұмбақтар, еліктеу жаттығулары, басқа тапсырманы орындау аралығындағы ойын қимылдары) жатады. Бұлардың рөлі сәбилер тобында ерекше үлкен.
Сәбилер өмірінде дидактикалық ойыншықтармен: мұнаралармен, қуыршақтармен, түрлі түсті шарлармен ойнайтын ойындар үлкен орын алады. Бұлардан балалар көлемді, түсті, форманы айыра білудің тәжірибесін үйренеді, осы қасиеттерді сөзбен атауды үйренеді.
Сәбилер тобында негізгі сағаттарының бөлігі дидактикалық ойын болуы мүмкін. Тұрмыс заттары туралы білімдерді нақтылау, нығайту үшін дидактикалық қуыршақтармен ойнау жүйесі өткізіледі. «Қуыршақты ұйқыға жатқызайық», «Қуыршақты серуендету үшін киіндірейік», «Қуыршақты тамақтандырайық», «Қуыршаққа бөлме жасайық» және т.б. Бұларда негізгі әдіс заттарды көрумен және балаларға сұрақтар берумен қатар жүретін дидактикалық ойындар болып табылады.
Естияр, ересек және дайындық топтарда дидактикалық ойындар әдетте оқытудың бір бөлігі болып табылады да, білімді нығайту және эмоциялық көңіл күй жасау мақсатымен өткізіледі. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жөніндегі ойындар тиісті оқу үстінде («нешінші қуыршақ жоқ болып кетті?», «Одан әрі сана», «Көршілерді аташы») кеңінен пайдаланылады, тіл дамыту оқуы үстінде сөздік қорды белсендіру, грамматикалық құрылысын қалыптастыру, дыбыс шығаруға жаттықтыру («Сипаттамасына қарап айыра біл», «Керісінше айт», «Сөйлемді аяқта») ойындары, табиғатпен танысу оқу сағаттарында – табиғат туралы білімді нығайту үшін («Сабақ пен тамыр», «Бұтақтағы балапандар» т.с.с.) ойындар өткізіледі.
Көркем әдебиетпен таныстыру, тіл дамыту жөніндегі жұмыста драмалық ойындардың алуан түрлері, қозғалысты дамыту үшін қимыл ойындары, музыкалық тәрбие беру үшін музыкалық-дидактикалық ойындар пайдаланылады. Ойындар оқытудың бір бөлігін құрайды, оны оқыту мақсатында да, күнделікті өмірде де пайдалануға болады.
Оқыту әдістері мен тәсілдерін іріктеп алу материалдың мазмұнына, балалардың жас шамасына, олардың даярлық дәрежесіне байланысты.
Егер тәрбиешінің алдына мектеп жасына дейінгі балаларды заттармен, жануарлармен, құстармен таныстыру міндеттері тұрса, оларды көру, бақылау немесе тиісті суреттерді, диафильмдерді пайдалану неғұрлым дұрыс әдістер болады. Егер балалар жануарларды бұрыннан білетін болып, бірақ ол туралы түсінігін нақтылай түсу керек болса да суреттерді пайдалану дұрыс, егер жануарлардың қылықтары туралы түсінікті кеңейту керек болса, көркем әдебиетті пайдаланған жөн.
Тәрбиеші балалардың жасына, дайындық дәрежесіне қарай оқытудың әр түрлі әдістері мен тәсілдерін қолданады: мысалы, сәбилер тобында әңгімелесуге үйрету үшін суреттер немесе ойыншықтар көрсетіледі, ортаңғы топта – шағын ертегілерді, әңгімелерді қайталап суреттер бойынша айтып беру, ересектер және мектепке дайындайтын топтарда жоспар, бастап беру, еске түсіру және т.б. бойынша творчестволық әңгіме өткізу.
Балалардың білу, жаттығу дәрежесіне қарай оқыту әдістері өзгеріп отырады, сурет салуды үйретуде ең әуелі үлгі беріледі, сәбилер оған еліктеуге тиіс, онан кейін балалар бейнелерді түрлендіре алуы үшін бірнеше үлгілер беріледі, ақырында, қажетті дағды мен іскерлік болған кезде ойдан сурет салу ұсынылады.
Әдеттегідей тәрбиеші әр сабақта түрлі тәсілдерді ұштастырып пайдаланады. Мысалы, «Қуыршаққа бөлме жасайық» тақырыбында оқу өткізгенде сәбилер тобында мынадай тәсілдер қолданылады: күтпеген ойын әдісі («біреу есікті қағып тұр»), заттар көрсету (әуелі, қуыршақ, сосын қуыршақ жиһазын), көрсетілген заттарға түсінік беру, балаларға сұрақ қою («Стол не үшін қажет? Орындық? Кереует?») және дидактикалық ойын, мұнда балалар қуыршақ бөлмесін жиһазбен жабдықтайды.
Ересек топта тәрбиеші «неден не істелген?» деген тақырыпта сабақ өткізуді жоспарлай отырып, заттар әр түрлі материалдардан жасалғаны туралы балалармен әңгіме өткізуді, заттарды көрсетуді, оған түсінік беруді, оңай тәжірибені бақылауды (суға не батады, не батпайды), заттарды жіктеу бойынша дидактикалық материалдармен ойын-жаттығулар, «Шыны, ағаш, металл заттарды кім көбірек атар екен?» - деген дидактикалық ойын өткізуді белгілейді.
Оқу сағаттарында және күнделікті өмірде балаларды оқытудың әдістері мен тәсілдерін мақсатты бағытта іріктеп ала отырып, педагог білім, іскерлік пен дағдының неғұрлым жоғары сапасын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет